Дәрістің мақсаты: Бұлшық ет ұлпасына жалпы түсінік беру.
Негізгі сұрақтар:
-
Бұлшық ет ұлпасына жалпы сипаттамасы және классификациясы.
-
Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы. Біріңгай салалы бұлшық еттердің дамуы және регенерациясы.
-
Көдденең салалы бұлшык ет ұлпасы. Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасының құрылысы, талшығы, симпласт, базальді клетка, базальді мембрана, сарколемма. Еттің жиырылу және созылу механизмі. Ақ және қызыл ет талшықтары. Жүректің бұлшық ет ұлпасының құрылысы мен қызметінің жалпы сипаттамасы. Бүлшык ет ұлпасының регенерациясы. Гистогенезі.
-
ЕТ ТКАН I
Ет ткані организмдегі қозғалыс процестерді, (мысалы, қан тамырындағы, тағамның шектегі қозғалысын) организмнің немесе жеке мүшелердің кеңістіктегі орын алмастыруын жүзеге асырып отырады және механикалык жұмыстарды атқарады. Ет тканінің бұл қасиеттері оның жиырылғыштығының нәтижесі. Бұл жиырылғыштық тканьдегі жіңішке жіп тәрізді үзілістер миофибрилдерге байланысты. Миофибрилдер жуандап және жіңішкеріп, қысқарып және ұзарып тұруға қабілетті.
Ет тканін құрылысына, атқаратын қызметіне шығу тегіне қарай бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық ет деп екіге бөледі. Бірыңғай салалы бұлшық етте миофибрилдер біртекті, ал көлденең жолақты бұлшық етте олар өзінің физикалық және химиялық қасиеттері, дискілерінің орналасуы жөнінен әртүрлі болады. Дискілердің бір-біріне жақын орналасып, дұрыс реттелуі себепті бұлшық ет көлденең жолақты болып көрінеді.
Бірыңғай салалы бұлшық ет омыртқалыларда терінің және ішкі органдардың құрамына кіреді. Олар ішкі органдардан шекті (өңештің орта белімінен бастап), несеп шығару тутіктерін бездер мен тамыр жүйелерін (жүректен басқа) құрайды.
Көлденең жолақты бұлшық еттен қаңқаның мускулатурасы, тілдің, көздің, жұтқыншақтың, өңештің жогарғы бөлімінің, көмекейдің еттері құралады. Көлденец жолак-ты бұлшық ет бірыңғай салалы бүлшық етке қарағанда жылдамырақ, қуатты жиырылып, тез шаршайды. Жүрек бүлшық етінің құрылысымен қызметі ерекшелеу болады Жүрек боржасьш құрайтын миофибрилдер көлденең жо-лакты болатындыктап гана оларды көлденен жолакты бұлшық ет тобына жатқызады. Бірақ атқаратын қызмет ерекшеліктері құрылысы және шығу тегі жүрек етін ерекше топқа шығаруға негіз береді. Сөйтіп, бірыңғай салалы және келденең жолақты бұлшық еттермен қатар ерекшеленіп тұратын жүрек бұлшық етін ажыратамыз.
2.Бірынғай салалы бұлшық ет. Бірыңғай салалы бұлшық еттің құрамдық елементі — ұзын ұршық формалы бірыңғай салалы ет клеткасы болады. Тек кейбір органдарда мысалы, қуықтың қабырғасында бұл клеткалар тармақталып және тармақтары бір-бірімен қосылып синцитий түзеді.
27-сурет. Қөлденең жолақты еттің талшығы.
/ — лротоплазма, 2 — ядро.
Бірыңғай салалы еттің клеткалары онша үлкен емес, олардың ұзындығы 60 ми-кроннан 100 микронға дейін, диаметрі 2 микроннан 20 микронға дейін жетеді. Жүктілік кездегі жатын қабырғасында клетканың ұзындығы 500 микронға жетеді. Бірың-ғай салалы бүлшық еттің клеткасында ұршық тәрізді бір ядро болады. Клеткалар жиырылған кезде ядросы да иіліп, қысқарады. Тармақталған клеткалардын ядросы дөңгелек, овалды болып келеді. Протоплазмадағы ядро-ның айналасына клетка орталығы, хондриосом және ішкі торлы аппарат орналасады. (27-сурет). Бірыңғай салалы бұлшық еттің протоплазмасын клетканың ұзына бойы бағытында орналасатын миофибрилдер толтырып тұрады.
Бірыңғай салалы бұл-шық еттің жеке клеткалары өте сирек (кейбір қан тамырларының кабыргасында, теріде) кездеседі. Көптеген жагдайда ол клеткалар қалыңдығы әртүрлі шоғырлар түзеді. Шоғырдағы клеткалар біріншісінің кеңейген бөлімі екіншісінің жіңішкергең бөліміне тура келетіндей тәртіппен орналасады. Бірыңғай салалы бұлшық ет клеткасында ерекше қабық болмайды. Шоғырлар мен олардың аралығынан нәзік коллаген және эластикалық талшықтары бар дәнекер тканьді қабаттар өтеді. Эластикалық талшықтардың со-зылмалы — жиырмалы касиеттеріне байланысты созылған бұлшық ет қайтып қалпына келіп тұрады. Нервтер мен қан тамырлары ет тканіне дәнекер ткані арқылы ғана таралады.
Бірыңғай салалы бұлшық еттердің дамуы. Бірыңғай бұлшық ет мезенхимадан дамиды. Ет ткані калыптасатын жердегі мезенхималы синцитийден клеткалары күшті созылып, бір-біріне жақындай, өзара байланысын жоймастан бір бағытта орналасады. Ядролары да созылып, бірыңғай салалы еттің клеткасына тән таяқша формаға ауысады. Осы жақта синциталды бастамада ет клеткасына ауысатын ұршық тәрізді — миобластар. деп аталатын клеткалар және клеткааралық дәнекер тканді қабаттар дамитын бөлімдер айқын көрінеді. Миобластың протоплазмасындағы миофибрилдер ерекшеленіп, протоплазманы түгел толтырғанша көбейе береді. Қалыптасатын ет бастамасының көбеюі мезенхималды клеткалардың ерекшеленуі есебінен орындалады. Әртүрлі органдарда, тіпті бір органның әртүрлі мүшелерінде (мысалы, шектің сақиналы және ұзына бойғы еттері) бірыңғай салалы ет тканінің дамуы бір мезгілде өтпейді.
Зақымданған жағдайда бірыңғай салалы бұлшық ет қалпына келе алады. Қлеткалардың жаңадан түзілуі мезенхиманың туындысы — ерекшеленбеген дәнекер тканьнің элементтері есебінен жүзеге асады. Бірыңғай салалы ет клеткаларының жаңадан түзілетін қайнар көзі жөніндегі болжамдар эксперименталды деректер мен патологиялық-гистологиялық байқауларға негізделген.
Ішкі органдардың бірыңғай салалы ет ткані мен дәнекер тканінің аралығындағы туыстықты жатын ісінгендегі патологогистологиялық байқаулар дәлелдейді. Жатын ісігінен миоманың, яғни етті ісіктің дәнекер тканьді ісікке, яғни фибромаға дейінгі ауысатындығын байқауға мүмкіндік болды (Глазунов).
Осы айтылгандарға сүйене отырып, дәнекер тканьнің нашар ерекшеленген элементтері бар жердің бәрінде бірыңғай салалы ет тканінің клеткасының жанадан түзілуі мүмкін деуге болады.
Көлденең жолақты ет ткані. Қөлденең жолақты еттің құрылымдық элементі клетка емес, бұлшық еттерді құрайтын және сабақталып тез бөлектенетін ет талшығы болып табылады.
Талшықтың жиегі тегіс, ұштары дөңгелектенген, жалпы көрінісі цилиндр тәрізді. (28-сурет). Адамның мимикалық бұлшық еттері мен төменгі сатыдагы омыртқалылардың еттерінде ұш жағы шашақталып келетін талшықтар кездеседі. Талшықтар ұзынынан бірыңғай орналасып, бұлшық еттерді түзеді. Олардың ұзындығы әртүрлі болып, кейде 12,5 сантиметрге жетеді. Қысқа еттерде талшықтардың ұзындығы бұлшық етпен бірдей, ал ұзын еттерде талшықтар бұлшық еттің ұшына жетпей аяқталады. Талшықтардың жуандығы организмнің әр түрлі участогында түрліше болып келеді де, 9 микроннан 150 микронға дейінгі аралықта болады. Жаңа ғана бөлінген талшықтың бетінең әртүрлі мөлдір түсті сарколемма деп аталатың қабықты (sarcos — ет, lemma — қабық) оңай байқауға болады. Жай өңдеу әдістерінде талшық біртекті сияқты көрінгенмен арнаулы зерттеулерде талшықтың күрделі құрылысты екендігі байқалды.
28-сурет. Адам ұрыгының метатерзалді сүйегінің диафизіндегі энхондралді сүйектенудің басталуы. 1 — шеміршек; 2 — қан капиллярлы; 3 — остебластар; 4 — энхондралді сүйек; 5—шеміршектің негізгі затының қалдығы.
Сарколемма талшықтар арасындагы дәнекер тканінің қабатындағы фибрилдерге өтетін өте жұқа фибрилдерден тұрады. Ол фибрилдер талшықтар аралығындағы дәнекер тканьді қабаттың фибрилдеріне өтіп кетеді. Қабықтың фибриллярлы кұрылысының механикалық маңызы бар. Ол ет талшықтарын бір-бірімен байланыстыруга мүмкіндік жасайды.
Ет талшығы саркоплазма деген арнаулы протоплаз-адан және саны жүзге жететін және одан да көп болатын ядродан тұрады. Ядросы әдетте овал формалы, кейде сәл созылыңқы келеді. Бұл ядролар бір-бірінен тең қашықтықта орналасады. Сүткоректілер мен адамда ядро талшықтың бетіне жақын жатады. Ал, төменгі сатыдағы омыртқалылар мен омыртқасыздардың кейбіреулерінде ядролар талшықтың бүкіл қалыңдығы бойында, екінші біреулерінде тек орталық бөлімінде орналасады.
Органоидтардан ядроның маңайында орналасқан ішкі торлы аппарат жақсы байқалады. Ет талшықтарында саркосомалар деп аталынатын органоидтар болады. Олар майда дөңгелек түзілістер түрінде миофрилдердің аралықтарына біркелкі орналасады. Болжау бойынша саркосомалардың трофикалық тағамдық маңызы болуы мүмкін. Ет жиырылғанда зат алмасу мен энергияның қуатын күшейтетінде сарколеммалар болып шығуы ықтимал. Протоплазмада органоидтардан басқа әртүрлі қосындылар бар. Әсіресе еттің жиырылуына қажетті энергияның негізгі көзі болып табылатын — гликоген көп болады. Сондай-ақ майдар да кездеседі.
Қызметі жағынан алғанда ең маңызды құрылымдық элементке еттің жиырылғыштығы қамтамасыз ететін миофибрилдер жатады. Бірақ, көлденең жолақты ет тканінде миофрилдер бірыңғай салалы ет тканіндегідей біртекті болмайды. Олар сәулені әртүрлі сындыратын дискілерден тұрады. Көлденең жолақты ет тканіндегі миофибрилдер дискісінің бірі сәулені екі жақты, ал екіншісі бір жақты сындырады. Сәулені екі жақты сындыратын дискі анизотропты деп аталып, әрпімен белгіленеді, ал сәулені бір жақты сындыратыны изотропты деп аталып I әрпімен белгіленеді. Бұлардың біріншісі күңгірт, ал екіншісі ашық түсті болып көрінеді. Бұл дискілер бір-бірімен ретті кезектесіп орналасады. Әрбір дискі өте жұқа пластинка арқылы екіге бөлінеді. Q дискісінде бұл пластинка М, ал 1 дискасында күңгірт Z әрпі мен белгіленеді. Талшықтың барлық фибрилдерінде күңгірт дискалар бір деңгейде және жарық дискалар екіншісі бір деңгейде орналасады, Соның нәтижесінде талшық келденен жолақты болып көрінеді. (29-сурет).
М және Z пластинкалары Q және I дискалары сияқты миофибрилдердің кұрамды бөлігі болмайды. Олар талшықтың қабығы сарколемма деген ғана тутасқан болып, миофибрилдер ол пластинкаларды айқаса қиып өтеді. Пластинкаларды айқаса киып өтеді. Пластинкалар талшықтан көлденең өтіп, дискіні бір деңгейде ұстайды. Соған байланысты талшықтар жиырылғанда миофибрилдер бір-біріне ауысып кетпейді. Талшықтарда саркоплазма мен миофибрилдің ара қатынасы өзгермелі болады. Кейбір талшықтарда миофибрилдер аз және жеке шоғыр болып (ет бағаналары) орналасады. Ал, басқа біреулерінде миофибрилдер көп, саркоплазмалар аз болып келеді. Саркоплазма күңгірт түсті болатындықтан талшықтың түсі оның мөлшеріне байланысты. Саркоплазмасы көп талшык күңгірт боялып, қызыл талшыктар деп аталады. (30-сурет) Талшықтардың құрылысындағы айырмашылыққа байланысты олардың физиологиялық касиеті де бірдей болмайды. Миофибрилдерге бай ашық түсті талшыктар күкірт түстіден гөрі тез жиырылғыш келеді, бірақ, жылдам шаршайтын болады.
Қаңқа етінің құрылысы. Қаңқаның көлденең жолакты бұлшық еттері де тарамыстар сиякты курделі шоғырлы кұрылысты болып келеді. Ет талшығының топтары алғашында бірінші кейіннен екінші, үшінші реттік шоғырларға бірігеді. Бірінші реттік шоғырлардың аралығында оларды өзара тығыз байланыстыратын болбыр дәнекер ткань болады. Екінші және онан кейінгі шоғырлар бір-бірімен тығыз дәнекер тканьді қабаттармен бірігіп етті тұтас жауып тұратын кабыққа өтеді. Дәнекер ткані арқылы етті коректендіретін қан тамырлары және тітіркендіргіш нервтер өтеді. Сөйтіп ет талшықтардан және дәнекер тканьдердек кұралып, организмде органның міндетін атқарады Ересек адамдарда ақ және қызыл талшықтардың салыстырмалы түрдегі мөлшері әртүрлі еттерде өзгермейді, бірақ не ақ не қызыл талшыктардан тұратын ет жоқ. Ақ еттер көптеген кұстарда кездеседі. Көбінесе олар тез жиырылуды кажет ететін мүшелерде, күңгірт еттер жиырылуы ұзақка созылатын мүшелерде орналасады. Еттер каңқа сүйектеріне тарамыс арқылы байланысады. Ет дененің әртүрлі мүшелерін қозғалысқа келтірегіндіктен оның тарамыспен байланысының айырықша маңызы бар. Бұл байланыс мынадай жолмен өтеді. Ет талшықтары тарамысқа өтер жерінде доғал болып аяқталады. Тарамыстың шоғырлары бұл жерде ажырасып, тарамыстың жіңішке фибрилдерінің ұштарын сарколемманың құрамына өткізіп, ет талшыктарының ұшын каптайды (31-сурет). Сөйтіп ет талшыктарымен тарамыс берік болып байланысады.
59-сурет. Электронды ыикроскоп-
пен тусірген ет талшығының (1—
—2) әртүрлі жпырылу кезеніи-
дегі фибрилдердің көрінісі.
29 сурет. Электронды микроскоппен түсірген ет талшығының (1-2) әртүрлі жиырылу кезеңіндегі фибрилдердің көрінісі. 1 — жарық дискасы: Q — күңгірт диск; М — телофрагма; Z — мезофрагма
30-сурет. Көлденен жолақты еттің узына бойы кесіндісі.
1 — ізерв талшығы; 2 — ет талшығы.
Ет мөлшері ұдайы өзгеріп отырады, шынықтырса, ол жуандай түседі. Гистологиялық зерттеулер еттің мөлшері артқанда оның талшыктарының жалпы саны өзгермей талшыктардың жуандай түсетіндігін көрсетті. Егер ет жұмыс атқармаса, мысалы, еттердің сезімталдығын камтамасыз ететін нервтерді кесіп тастағанда, ол жіңішкеріп, зат алмасуы нашарлағандықтан семеді, атрофияға ұшырайды. Еттің жұмысы уақытша тоқталғанда да, ол сәт атрофияға ұшырауы мүмкін, бірак жұмыс қабілеті тез қалпына келеді.
3.Көлденең жолақты бұлшық еттердің дамуы. Барлық жануарларда көлденең жолақты еттердің шығу тегі миотом болғанымен олардың дамуы біртекті өтпейді. Қаңқа еттері көлденең жолақты бұлшық еттерден тұрады. Тек бастың, көздің, беттің кейбір еттері бірыңғай салалы еттер сияқты мезенхимадан түзіледі. Ет талшықтары миобластадағы клеткаларының ядросы күшті көбейіп, протоплазмасы бөлінбейтін тканьдерден калыптасады. Нәтижесінде көп ядролы талшық түзіліп, оның протоплазмасында миофибрилдер пайда бола бастайды. Алғаш олар жіп сиякты керініп, кейіннен ашық және күңғірт түсті дискілерге жіктелінеді. Миофибрилдер алғашында дамитын талшыктың шеткі бөлімшелерінде ғана таралады, содан соң көбейіп бүкіл талшықты толтырады. Алғашында орталыққа орналасатын ядро кейіннен шетке ауысады. Осылайша көлденең жолақты ет талшығы түзіледі. Дамитын талшықтардың арасындағы өсуші дәнекер ткань қабаттар аралығын түзеді.
Ересек организмдегі етте камбиалдық элементтер болмайды. Сондықтан жаңа
талшықтардың түзілуі бұзылушы талшықтардың қайтадан қалпына келу жолымен өтеді.
31-сурет. Тарамыстың ет талшықтары.мен жалғасуы. 1 — ет; 2 — тарамыс
Көлденең жолақты ет тканінің қайтадан қалпына келер кездерінде ет едәуір бұзылады. Закымданған жерде талшықтың барлық бөлімдері миофибрилдер, саркомплазма және ядро қайтадан қалпына келеді. Бұл екі жолмен мүмкін болады, яғни бүршік түзу немесе миобласт деп аталатын арнаулы ет элементінің ерекшеленуі жолымең ұшында саркоплазма мен ядродан зақымданған бүршік түзіледі. Бүршіктегі ядро саны көбейіп, бүршік ұлғаяды да, зақымданған аймақтағы дәнекер тканіне кіріп өседі. Бүршікте миофибрилдер біртіндеп ерекшелене бастайды, бірақ олар дұрыс орналаспағандықтан ет талшықтары тәртіпсіз өседі.
Екіншісінде бұзылмай қалған ет талшықтарығіан миобластар түзіледі. Миобластар ядросының бөлінуі арқылы көп ядролы, ерекшеленген түзіліске айналады. Сол түзілістерден ақырында фибрилдері ерекшелене бастаған және зақымданған орынды толтырып отыратын ет талшықтары түзілетін болады.
32-сурет. Адамның жүрек етінің ұзына бойы кесіндісі.
1 — дәнекер тканьнің ядролары; 2 —саркоплазма-; 3 — қосымша жолақтар; 4 — миофибрилдер.
Көлденең жолақты еттердің толық қайтадан қалпына келуі. (регенерациясы) тек төменгі сатыдағы омырткалы балықтар мен амфибилерде ғана өтеді. Сүтқоректілерде көлденең жолакды еттердің регенерациясы болғанымен, ол толық өтпейді. Осы уақытқа дейін сүткоректілерде бұл еттердің қалпына келуіненің әсерінен, ет талшықтарынын, өзінің калпына келуге қабілеттілігінен де, немесе қалпына келуі басқа жағдайға байланысты ма белгісіз.
Жүрек етінің құрылысы. Жүрек етінің талшықтары шоғыр түзбейді, тармақтанып, бір-бірімен тор тәрізді тұтас синцитий құрайды. Ет талшықтары бір орында бір-біріне тығыз жанасатын болса, екінші орында алшак орналасып дәнекер тканіне толатын аралыктар түзеді. Жүрек етінің құрылысының ерекшелігі сол, ет талшығын кесе көлденең кесіп өтетін сызабтар түзетіндігі. Бұл сызабтар миофибрилдер тобын әртүрлі деңгейде қиып өтеді. Сызабтардың кызметі әлі белгісіз. Ол ет талшығын клеткалық орындарға бөлетін болу керек деген жорамал ғана бар. Олар картайған сайын көбейе туседі. Жүрек етінің нәзік кұрылысының қаңканын бұлшық еттеріне көп ұқсастығы бар. Олар мыналар: ет талшықтарының саркоплазмасындағы ядроның ұқсас орналасуы және миофибрилдердің өтуі. Дегенмен жүрек етінде миофибрилдер талшықтың шетіне жакын орналасады, ал ядросы керісінше орталыққа орналасады. (32-сурет).
Бақылау сұрақтар:
-
Бұлшық ет ұлпасына жалпы сипаттамасы және классификациясы.
-
Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы. Біріңгай салалы бұлшық еттердің дамуы және регенерациясы.
-
Көдденең салалы бұлшык ет ұлпасы. Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасының құрылысы, талшығы, симпласт, базальді клетка, базальді мембрана, сарколемма. Еттің жиырылу және созылу механизмі. Ақ және қызыл ет талшықтары. Жүректің бұлшық ет ұлпасының құрылысы мен қызметінің жалпы сипаттамасы. Бүлшык ет ұлпасының регенерациясы. Гистогенезі.
Ұсынылған әдебиеттер:
-
Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. А-ата, Қайнар, 1969.
-
З.Қ. Тоқаев. Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған Гистология зертханалық сабақтарының оқулық-әдістемелік құралы. Семей, 2002.
-
А.А. Заварзин. Основы сравнительной гистологии. Л., ЛГУ, 1985.
-
О.В. Александровская, Т.Н. Радостина, Н.А. Козлов. Цитология, гистология и эмбриология. М., 1987.
-
Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина и др. Гистология, цитология и эмбриология. М., 1999.
№ 13-15 Дәріс. Нерв ұлпасы.
Дәрістің мақсаты: Нерв ұлпасына жалпы түсінік беру.
Негізгі сұрақтар:
-
Нерв ұлпасына жалпы сипаттамасы.
-
Онто және филогенезі. Нейрондардың морфологиялык және функционалдық классификациясы. Макрология. Классификациясы және функционалдык құрылысы. Микроглия.
-
Нерв талшыктарынын классификациясы, құрылысы және функциясы. Синапстар. Нейрофибрильдер. Тигроидты заттар. Нейрондардың өзара байланысы. Рефлекторлық доға. Нерв ұлпасының гистогенезі.
1.НЕР В ТКА Н I
Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы. Дененің өзара қатынасы мен әрбір органдардың байланысы нерв жүйесі аркылы жүзеге асырылады. Нерв ткані органдардың әрекеттерін реттеп, тұтас организмнің тіршілігін үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайына бейімдеп отырады. Сырткы ортаның тітіркендіргіштеріне жауап беру тірінің негізгі бір қасиеті екендігін жоғарыда білдік. Сырткы ортаның тітіркендіргіштеріне организмнің нерв жүйесі арқылы жауап беру реакциясын рефлекс деп атайды. Дененің ішкі және сырткы нерв ұштары тітіркенгенде қозу туады. Пайда болған козу сезімтал нерв аркылы орталық нерв жүйесіне өтеді.
Ал орталық нерв жүйесіндегі қозу қозғалтушы нерв арқылы органға жетіп, оған қызмет жүктейді. Қозу өтетін жолды рефлекс доғасы дейді. Рефлекс арқылы организм орта жағдайына бейімделеді.
Жануарлардың филогенездік дамуында нерв жүйесі ұзақ эволюциялық кезеңдерден өтті. Кұрылысы күрделенген сайын олардың сыртқы ортаның әсеріне жауап беру түрлері де күрделене түсті.
Алғашқы сезімтал клеткалар. Олар ішек қуыстарының эктодермасымен ерекшеленіп, диффузды нерв жүйесін құрайды. Қарапайым нерв жүйесінің күрделенуі де ненің бір шетіне нерв клеткаларын жинау бағытында өтті. Нәтижесінде нерв орталықтары түзілді. Карапайым жануарларда нерв жүйесі нерв клеткалары мен талшықтардан тұратын сала тәрізді болады. Нерв клеткалары кейінгі эволюцияда жинақталып, нерв түйіндерін (ганглияларды) түзеді. Олар көптеген омырткасыздарда тізбекті нерв жүйелері, ал омыртқалыларда түтікті орталык нерв жүйесі болып дамиды. Нерв клеткаларының жинақталуымен қатар олардың ерекшеленуі және мамандануы өтіп жатты. Нерв жүйесінің элементтері мен ет жүйесі арасындағы алғашқы күрделі қатынастар пайда болды. Адамның нерв жүйесі өзінің дамуында ең жоғары сатысына жеткен.
«...Жануарлар организмінің нерв жүйесі неғұрлым күрделі болса, ол солғүрлым жинақты келеді, оның ең жетілген бөлімі организмнің әрекетін реттеуші бола алады...»
Бұл ең жетілген бөлім денеден құрылыстардың барлығын өз қарамағында ұстайды». (Павлов И.П. Шығармаларының толық жинағы, 1-том, СССР Ғылым Академиясы, 1940 жыл, 410 бет).
Омырткалы жануарлар мен адамның анатомиясын зерттегенде нерв жүйесінің құрылысын жеңіл түсіну үшін оны орталық және шеткі жүйелерге бөледі. Омырткалылардың нерв жүйесі әртүрлі клеткалардан түратын орталық бөлімнен (бас және жұлын миы) және ұшты аппараттары бар нервтерден кұралатын шекті бөлімнен тұрады. Дененің әртүрлі бөлегінде орналасатын нерв түйіндеріндегі аздаған нерв клеткалары жиналып, арқалық ганглий деп аталынатын нерв жүйесінің шеткі бөлегіне енеді. Нерв жүйесі сонымен қатар симпатикалық және вегетативті, яғни автономдық бөлімдерге ажыратылады.
Симпатикалық бөлімге бас, жұлын, арқалық ганглилер және солардан тарайтын нерв талшыктары мен ұшты аппараттар кіреді. Ал вегетативтік бөліміне дененің ішкі органдары мен сыртында көп таралған ганглилер және бас пен жұлын миына жалғасатын нервтер кіреді. Соматикалық нерв жүйесі козғалтушы органдарды, ал вегетативті нерв жүйесі ішкі органдарды нервтермен қамтамасыз етеді. Нерв жүйесінін екі бөлімі де өз әрекетінде бір бірімен үздіксіз байланыста болып, біртұтас нерв жүйесін құрайды.
Нерв жүйесінің кұрылысы өте күрделі. Оның кұрамына сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдауға бейімделген және соларды организмге өткізетін ерекше маманданған тканьдік элементтер кіреді. Соған байланысты нерв клеткасы нерв жүйесінің негізгі элементі болады. Нерв клеткасы тармақталып, сол тармақтары арқылы органдарды өзара және орталық нерв жүйесімен байланыстырып тұрады. Сондықтан нерв жүйесімен танысу нервтің жеке тканьдік элементтерін білуден басталады. Нерв жүйесі сырткы орталык тітіркендіргіштерін қабылдайтын элементтерден және соларды организмге өткізетін талшыктардан тұрады. Соған байланысты нейрон деп аталатын нерв клеткасы қозуды өткізетін тармақты талшык-тардан және коректік пен тіректік қызмет атқаратын нейроглияда түрады.
2.Нейрон. Нейрон — тітіркендіргіштерді қабылдап, өңдеп, оларды дененің әртүрлі органдарына немесе нейрондарына өткізетін күрделі маманданған нерв клеткасы. Нейрондар нерв жүйесінің орталықтары мен талшыктарын және ұшты аппараттарын кұрайды. Орталықтар деп бір нейроннан екінші нейронға импульс өткізетін бөлімдерді атайды. Орталықтар ядролы және қабықты қабатты болады. Ядролы орталықтар тәртіпсіз жинақталған нейрондардан құралып, өзара байланыс жасайды. Қабыкты орталықтар бас миының белгілі бөлімдерінің үстіңгі қабатын құрап, тұтас кабатталып орналасады. Мұнда нейрондар бірнеше қатарлар түзеді.
Нейрон негізгі денеден және тармақтардан тұрады. Денесінде протоплазма, ядро- органоидтар және тек өзіне тән арнаулы түзілістер болады. Тамақтары — аксон немесе нейрит және дендриттерден құралады. (33-сурет). Аксон деп клетканың ұзын талқыштарын ал дендрит деп клетканың кысқа талшықтарын атайды. Аксон жіңішке, ұзындығы бірнеше сантиметрден 1 —1,5 метрге жететін қабырғалы талшықтары бар нерв клеткасының тармағы.
33-сурет. Нейроннық схемасы.
1 — клетканың денесі мен ядросы: 2 — дендриттер; 3 — аксон;
Қлетканың айналасындағы қыска тармактар дендридтер деп аталынады. Олар нейронның денесінің жалғасы болып, ұштары жіңішкеріп аяқталады.
Нейрондар өзінен тарайтын тармақтардың санына қарай көп тармақты-мультиполярлы (көп полюсті), екі тармақты биполярлы, (екі полюсті), бір тармақты-уни-полярлы (бір полюсті) типтерге бөлінеді. Мультиполярлы клеткалар көп бұрышты, униполярлы мен биполярлы клеткалар дөңгелек немесе овал тәрізді болады.
Мультиполярлы нейронның тармақтары жан-жаққа тарайды. Кейде дендриттер санының көптігі соншалықты, клетканын, бүкіл денесінің көлемінен олардың көлемі әлдеқайда зор болады. Мысал ретінде мультиполярлы клеткаға жұлын мыйының қозғалтқыш нейронын келтіруге болады. (34-сурет). Бұл нейронның дендриттері жұлын миының сұр затында күшті тармақталып, баска нейрондардың тармақтарымен жалғасып жатады.
34-сурет. Сиырдың ұрығындағы арқалық мидың мультиполярлы нейроны.
1 — аксон; 2 — дендрит; 3 — клетканың денесі мен ядросы; 4 — қабық; 5 — ұшты тармақтар; 6 — бүйір тармағы.
Биполярлы нейронның тармақтары екі жақка қарама-қарсы тарайды. Тармақтардың біреуі қозуды дендрит арқылы шеттен клеткаға, ал екінші тармағы аксон арқылы миға өткізеді. Мысалы биполярлы нейрондарға омырткалылардың иіс органдары мен көздің торлы қабаттарындағы және насекомдардын, терісіндегі сезімтал клеткалар жатады. (35-сурет).
Униполярлы нейронның тармағы біреу ғана. Оның екі саласы бар, біреуі шеткі органға, ал екіншісі орталық нерв жүйесіне карай бағытталып тарайды. Мұндай нейронның алғашқы дамуында екі тармақ калыптасып, кейін олар бір-бірімен қосылғандықтан униполярлы нейронға айналады. Мысалы жоғарғы омыртқалардын арқалық ганглийлері униполярлы нейронға жатады. Нейронның ядросы әрдайым ортасына орналасып, дөнгелек немесе оваль тәрізді болады.
35-сурет. Инеліктің личинкасының терісіндегі А — биполярлы, Б—униполярлы нейрон.
1 — клетканың денесі; 2 — дендрит; 3 — аксон; 4 — ядро.
Ядроның хроматині аз болғандықтан құрылысы жақсы көрінеді. Ядрышкосы ірі келеді жеңіл ажыратылады. Органоидтың құрамына кіретін ішкі торлы аппарат жақсы дамыған болады. Кейбір клеткаларда ішкі торлы аппарат ядроның айналасына орналасқан торларға ұқсас болады.
Нейронның протоплазмасында хондриосомдар және клетка орталығы да болады. Қорлы коректік заттардың гликоген, липойдтар мен пигменттер жиі кездеседі.
Нерв клеткасының ерекше түзілістеріне нейрофибрилдер мен тигроидты заттар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |