1-деңгей Бастауыш сыныптағы тәрбие процесі және оның сипаттамасы


Тәрбие ұжымы, оның мәні, белгілері



бет21/63
Дата20.10.2023
өлшемі124.07 Kb.
#481226
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
Сессия Теория Айнура

3.Тәрбие ұжымы, оның мәні, белгілері.
Ұжым(collectives –лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым – ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы.
Оқушылар ұжымы - тәрбиенін шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады.
Сонымен ұжым-бұл көзделген мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастын даму процесі, В.А.Сухомлинский қарым-катынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.
Адамгершілік нормалары мен ережелерін игеру дегеніміз- тұтастай алғанда адамгершілік ойлау қабілетін қалыптастырудың басты шарттарының бірі болып табылады. Тәрбие ұжымы — ортақ мақсат және қоғамдық іс- әрекет арқылы біріккен тұрақты бірлестік. Жақсы ұйымдасқан оқушылар ұжымының белгісі- дұрыс қоғамдық пікір, жоғарғы жауапкершілік, өзара сенім. Жақсы ұйымдастық ұжым ғана саяси, адамгершілік, мәдени жағынан өседі, ұйымдастырушылық дағдыға ие болады. Ұжымда шығармашылық, белсенділік, достық, жолдастық байланыс нығаяды. Сондықтан тату, мақсатшыл оқушылар ұжымы тәрбиені ұйымдастырудың негізі болып табылады. Бала ұжымда жеке тұлға ретінде қалыптасады. От басы балабақша, мектеп, класс, спорт секциясы, көркемөнер студиясы т.б. ұжымдар. Бұлардың да барлығында да балалардың әлеметтенуі, қоғамға бейімделуі жүреді. Ұжымда өмір сүре білу, қоршаған ортамен санаса білу -адамның әлеуметтік дамуынын жоғарғы сатысы. Тәжірибелі ұстаздар ұжымда тәрбиелеумен жеке оқушыны тәрбиелеуді табиғи түрде үйлестіреді. Себебі сыныпта да ерекше назар аударатын, жекелеп тәрбиелейтін оқушылар болады. Бұл тәрбиеші жұмысындағы әртүрлі желі емес, тұтас процестің екі жағы.
Тәрбие тәжірибесі тек ұжымда ғана, мектеп оқушыларының бойында жауапкершілік, ұжымшылдық, достық, жолдастық, өзара көмек сияқты бағалы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға болатындығын дәлелдеп отыр. Педагогтың басты міндеті — ұжымда әр оқушының қабілетін танып, өз орнын табуына жағдай жасау, әрбір баланы дара тұлға болуға, өзін өзі басқара білуге тәрбиелеу. Өз мәселесін шеше алатын адам ғана жоғары мемлекеттік мәселелерді шеше алатындығына оқушыны сендіру.
Ұжымда адамға сыйластық сезімін қалыптастыру-педагогтың басты міндеттерінің бірі. Алайда, ешқандай педагог кластағы жолдасын күшпен сыйлата алмайды, әр түрлі шараларды ұйымдастыру арқылы бір ұжымға біріктіреді. Оқушылар ұжымы педагогикалық басшылықты қажет етеді. Бірақ әкімшілік билеп төстеуге жол беруге де болмайды. Оқушылардың дербес шығармашылығын, белсенділігін шебер бағыттап отыру керек.
Ұжымның мәні мен оның негізгі белгілерін аша келіп, А.С.Макаренко: «Ұжымның — әлеуметтік жандық тұлға болатын себебі мынадай : оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі ұйымдардың ара қатынасы өзара тәуелсіздігі бар егер ондайлардың ешқайсысы болмаса онда ол ұжым болмайды, жай ғана топ немесе жиынтық болады», -деді.
Балалар ұжымын құрумен топтастыру-мұғалімдердің және ең алдымен класс жетекшілердің міндеті. Егер мұндай ұжым құрылса, кез-келген тәрбие міндеттерін шешу әлдеқайда жеңіл болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет