5. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысындағы өзін- өзі басқаруды ұйымдастыру.
Өзін -өзі басқару жүйесі — оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының негізі. Өзіне бе-рілген тапсырмаларды орындау кезінде оқушы өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге кең мүмкіндік алады. Сонымен қатар бұл жұмыс түрінің оқушының білім деңгейін көтеруге де септігі мол.Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие тұжырымдамасында да негізгі орын алады. Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз үрдіс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, есі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балаларды білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу — мектеп алдындағы міндеттердің бірі.Мектептің бүгінгі міндеті – қоғамда өз орнын таба алатын саналы да салауатты азамат тәрбиелеу. Қазіргі кезде тәрбие жұмыстарын басқаруда түрлі әдіс – тәсілдерді сұрыптай келе қолданған тиімді.Соңғы кезде көп қолданылып жүрген өзін -өзі басқару жүйесі өз жемісін беріп келеді.Өзін — өзі басқару жүйесі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Олай дейтінім, өзіне берілген тапсырма, жүктеме бойынша бала өз бойындағы біз біле бермейтін шығармашылық қабілеттерге ие болып, оны кең көрсете алады. Және де жауапкершілік, ұйымшылдық, қамқорлық сияқты асыл қасиеттер бой көрсете бастайды. Сонымен қатар бұл жұмыс түрі тек тәрбие ісінде ғана емес, білім деңгейін көтеруге де септігін тигізеді.
6.Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық топтық іс- әрекет.
Ұжымда бір адамның жан-жақты дамып жетілуіне үлкен жағдайлар жасалады. Топтасқан ұжым мына белгілерімен ерекшеленеді:
- идеялық-нысаналық;
- оның жұмысын тиянақты орындау;
- оқушының бір бірімен араласуы;
- ұйым мүшелеріне әр түрлі талап қою.
Бұндай балалар ұжымы бірыңғай қалыптасуы үшін:
- ата салт;
- перспектива қою;
- жақсы көңіл-күй;
- қатаң тәртіп ұстану;
- сыни көзқарасты дамыту керек.
Бұндағы мұғалімнің жұмысы – балалардың өзара араласуын
ұйымдастыру, олардың бір бірімен дұрыс қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
Ұжымда өз-өзінен шағын топтар (микроұжымдар) туындап қалатыны баршылық. Бұнда ол кішкене топтардың еңбегін ортақ мақсатқа бағыттау қажет. Мына топтағы балалардың жалпы топтық, жалпы мектеп ішілік жұмыстардан тыс қалмауын ескеру қажет. Ұжымның көркеюі мен даму кезеңінде ұжым мен мектеп өмірінің күрделі мәселелері туралы болмаса оқушылардың жұмысын бағалауда қоғамдық пікір пайда болады.
Топтасқан ұжым қоғам пікірінің ұшы мен әр оқушыға оның мінезі мен тәртібі үлкен әсер туғызады. Оқушылар достарының ойын бағалайды, олардың айтқан ақылдарына құлақ асады. Шыныменде, қоршаған ортаның ойының барлығы үлкен рөл атқармайды. Қарастыратын болсақ, кейбір топ заңсыздық жасағандарды жасырады. Ұжым өз ішінде байсал сын, өзара сын оның мүшелерінің теріс қылықтары ұжым болып кінәләу бар жағдайда ғана тәрбие берудің қуатты құралына айналады. (50% плагиат)
Достарыңызбен бөлісу: |