1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні


№2 Дәріс тақырыбы. Саптық жаттығулар



Pdf көрінісі
бет5/56
Дата13.06.2023
өлшемі1.55 Mb.
#474996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
2501e483bbc50a8874f0ae6e4a0e9dbc (1)

 
№2 Дәріс тақырыбы. Саптық жаттығулар  
1. Саптық жаттығулардың мақсаты. 
2. Саптық түсініктемелер мен жаттығулар. 
3. Сапқа тұру және қайта сап құру түрлері 
4. Жүру әдістері. 
5. Мәнерлеп жүру түрлері 
6. Саптық жаттығуларын өткізу әдістемесі 
1.Саптық жаттығулардың мақсаты. 
Саптық жаттығулар дене шынықтыру сабақтарында дайындау бөлімін, 
саптық шеру, парадтар, саптық әндерді орындағанда және басқа да іс-
шаралар ұйымдастырылған кезінде қолданылады.
Олар тәртіп, дұрыс, әдемі қалыпта ұйымдастыру және қалыптастыру, 
ұжымдық іс-ырғағы мен қозғалыс қарқынын сезімін дамыту, уақыт пен 
кеңістік, оларды реттеу қабілетін айналысатын білім беру құралы болып 
табылады. 
Саптық жаттығуларын гимнаситка залында, спорт залда, спорт алаңында 
ыңғайлы өткізу үшын ңұктелер белгінеледі: зал ортасы, төрт жақ орталар 
және бұрыштар. 


Сабақтың алдында, сап тұрған жерді - жоғарғы, қарамағарсы жақты 
темен жақ беп атайды. Бағыттаушы тұрған жақты оң жақ , аяқтаушы тұрған 
жерді солжақ деп атайды. 
Осыға қарап, бұрыштарда аталады. Бағаттаушы тұрған бұрыш оң жақ 
жоғарғы бұрыш, аяқтаушы тұрған бұрыш сол жақ жоғарғы бұрыш деп 
аталады. Бағыттаушыға қарамарсы бұрыш оң жақ төменгі бұрыш, 
аяқтаушыға қарамағарсы бұрыш сол жақ төменгі бұрыш деп аталады 
1. Сур. 
2. Саптық түсініктемелер мен жаттығулар. 
Саптық жаттығуларды қолдану үшін сап туралы негізгі ұғымдар енгізілді. 
Сап бірлескен іс-қимыл үшін оқушыларды белгіленген орналастыру. 
Фланг - саптың оң және сол жақ шеті. Сапты бұрған кезде флангтердің 
атауы өзгермейді. 
Фронт оқушылар бет алған сап жағы. 
Интервал - фронт бойынша оқушылар арасындағы қашықтық. 
Тұйықталған сап үшін ол жанында тұрған оқушылардың шынтақтары 
арасындағы алақанның еніне тең. 
Қашықтық - колоннада тұрған оқушылар арасындағы тереңдікте 
қашықтық. Тұйықталған құрылыс үшін алға созылған қолдың арақашықтығы 
норма болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет