1-дәріс. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты



бет2/24
Дата21.10.2023
өлшемі130.7 Kb.
#481356
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
әдеби тіл лекция тезистер

Әдебиеттер:

  1. Әуезов М. Қазақ әдеби тілі туралы// Әдебиет және искусство журналы А., 1951 №4.

  2. Сауранбаев Н.Т. Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы// Қазақ тіл білімінің проблемалары таңдамалы еңбектерінің жинағы. А., 1982. 112-124 б.

  3. Кеңесбаев І. Әдеби тіл туралы// Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер А., 1987.

  4. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1996. 6-74 б.



2. Дәрістің тақырыбы мен сұрақтары:


Қазақ әдеби тілін айқындаудың негізгі ұстанмдары
1. Әдеби тілдің қызметі, жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
2. Қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері


Тірек сөздер: әдеби тіл, ауызша әдеби тіл, жазба тіл, жалпыхалықтық тіл, әдеби тіл нормасы, ауызекі сөйлеу тілі, стильдер жүйесі.
Әдеби тіл мен халық тілінің ара қатынасы жайлы түрлі ғылыми көзқарастар мен пікірлерге тіл тарихында ерекше көңіл бөлінді. Бұл екі ұғым туралы белгілі бір пікір айту үшін алдымен жалпыхалық тіл мен әдеби тіл дегеніміздің өзі не, олар қандай категориялар, олардың табиғаты қандай, қандай ерекше белгілері бар, қызмет аясы қандай деген сандаған сұрақтардың жауабын табу керек. Әдеби тіл бір құрамдас бөлігі болып табылатын жалпыхалықтық тілдің және оның ярустарының тарихын жасау аса күрделі.
Әлемдік лингвистикада тіл, тіл табиғаты туралы өзіндік ойларымен ерекшеленетін Ф. де Соссюр әдеби тілге қатысты айтылған бір пікірінде: “Высокий уровень культуры благоприятствует развитию некоторых специальных языков (юридический язык, научная терминология и т.д.). Это приводит нас к третьему пункту: к отношению между языком и такими установлениями, как церковь, школа и т.п., которые в свою очередь тесно связаны с литературным развитием языка, явление тем более общее, что оно само неотделимо от политической истории. Литературный язык во всех направлениях переступает границы, казалось бы поставленные ему литературой: достаточно вспомнить о влиянии на язык салонов, двора, академий. С другой стороны, вполне обычно острая коллизия между литературным и местными диалектами. Лингвист должен также рассматривать взаимоотношение книжного языка и обиходного языка, ибо развитие всякого литературного языка, продукта культуры, приводит к размежеванию его сферы со сферой естественной, то есть со сферой разговорного языка”, - дейді (Ф.де Соссюр. Курсы общей лингвистики.-Москва, 1978, 60-б). Яғни әдеби тіл өзінің табиғаты тұрғысынан тілдің өзге құрамдас бөліктеріне қара­ғанда айрықшаланып тұратын, табиғи ауызекі сөйлеу тіліндей органикалық сипатты емес, көбінесе сыртқы әсердің ықпалымен жасалатын тіл болып табылады. Бұл сипатты белгілер қазақ әдеби тіліне де тән.
Қазақ әдеби тілі жалпыхалықтық тіл негізінде пайда болды, соның негізінде дамыды, қалыптасты. Соған қарамастан екеуі екі бөлек ұғымды білдіреді, бұлар тілдегі екі үлкен категория. Кей жағдайда олардың ара-жігін ажырату оңайға түспейді. Бірінің бірі өмір сүруіне себеп болып отырған екі категорияны бір-бірінен ажыратып алу қажеттілігі ең алдымен әлеуметтік фактордан туындайды. Ф. де Соссюр бұл турасында былай деп сауал тастайды: “Разве можно отличить естественное, органическое развитие некоторого языка от его искусственных форм, таких, как литературный язык, то есть форм обусловленных факторами внешними и, следовательно, неорганическими?” (Ф.де Соссюр. Көрсетілген еңбек).
Екі ұғымды бір-бірінен ажырататын бұдан басқа тарихи, әлеуметтік, қызметтік, қолданыс аясы, т.б. жөніндегі факторлар бар. Осы факторлардың негізінде олардың өздеріне ғана тән айрықша белгілері қалыптасқан.
Әдеби тіл - өңделген, сұрыпталған, нормаланған, қоғамның қолдану практикасында сыннан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгіге ортақ болып келетін, сонымен қатар халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, рухани, мәдениет өндірісінің құралы бола алатын, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізетін тіл.
Әдеби тіл – белгілі нормалары бар жүйелі тіл. Әдеби тіл нормалары орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық әрқайсысының өзіндік жүйесі бар.
Әдеби тілдің, әсіресе, оның жазба түрінің жетілген шағында қоғамдық қызметі артып, жұмсалу аясы кеңейе түседі, әдеби тілдегі бұрыннан бар стильдік тармақтар айқындалып, саралана түседі. Стиль дегеніміз - өмірдің белгілі саласында қолдануда танылып тарихи қалыптасқан тілдік тәсілдер жүйесі. Қазақтың жалпыхалықтық тілінің стильдері ауызекі сөйлеу стильі және кітаби стиль болып екіге бөлінеді, ал кітаби стильдің ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль, көркем әдебиет стилі деген тармақтары бар.
Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі – адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Әдеби тілдің коммунакативтік қызметінің өзіндік ерекшелігі - әдеби тіл нормаларының тұрақтылығымен, жүйелігімен, сөйлем құрамындағы сөздердің лексика-семантикалық байланысу ерекшелігімен байланысты. Әдеби тілдің екінші қызметі – экспрессивті-эстетикалық қызмет, ол көркем шығарма тілінен анық байқалып, оқушы сезіміне әсер ететін, образды ой білдірумен астасып жатады.
Жалпыхалықтық тіл - өзі қызмет ететін халық өкілдерінің арасындағы қатынас құралы болуды барлық салада жүзеге асырады, ал әдеби тіл оның ең жоғарғы формасы, өңделіп, сұрыпталған мәдени өрлеудің, экономиканың, саясаттың, ғылымның, баспасөздің оқу-ағарту жұмыстарының құралы.
Қазақ әдеби тілінің қайнаркөздері, шығу тегі, басталар тұсы, жалпыхалықтық тілден айырмашылығы, диалектілік айырмашылықтардан өзгешелігі, ауызекі сөйлеу тілінен табиғатының бөлектігі, жазумен арақатынасы, белгілі бір қалыпқа түсіп қолданылуы, тұрақтылығы, аутенттілігі, т.б. мәселелерді анықтап алу қажеттілігі қазақ тілші-ғалымдарын көп ізденістерге жетелеген.
Қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері туралы төрт түрлі көзқарас бар:

    1. Қазақ әдеби тілінің тарихы V ғасырдан басталады (Ғ.Мұсабаев, Б.Кенжебаев).

    2. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы Абай, Ыбырай творчествосымен байланысты, демек әдеби тіліміздің тарихы XIXғ. I жартысынан басталады (С.Аманжолов).

    3. Әдеби тілдің тарихы жазба әдебиеттің пайда болуымен байланысты. XVIIIғ. Екінші жартысынан басталады (М.Балақаев, Х.Жұмалиев, Е.Жанпейісов).

    4. Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы басталды (Т.Қордабаев).

    5. Қазақ әдеби тілі қазақ халқының жеке ел болып, хандық құрған кезінен, яғни XV-XVIғасырдан басталады (Р.Сыздықова, С.Исаев т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет