1-дәріс. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты



бет14/24
Дата21.10.2023
өлшемі130.7 Kb.
#481356
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
әдеби тіл лекция тезистер

Әдебиеттер:
1. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А., 1993
2. Қазіргі қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылы­мы. — Алматы, 1983.
3. Өмірәлиев Қ. ХҮ-ХҮІІ ғ. Қазақ поэзиясының тілі. А., 1976
4. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. Жинақ. А., 1981
5. Қазақ әдеби тілі тарихының проблемалары. А., 1987
6. Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры және стилі. — Алматы: Ғылым, 1983.
9. Дәріс
ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілінің грамматикалық сипаты
1. ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдеби тілдің грамматикалық сипаты
2. Белсенді қолданылған грамматикалық формалар

Тірек сөздер: ақындар мектебі, нақтылы тақырып, жаугершілік лексика, көне сөздер, шоғыр (тирада), перифрастикалық тіркестер.

ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілінің -лық жұрнағы зат есім тудырушы ең өнімді жұрнақ болған. Бекзаттық, құмарлық,қайырымсыздық, теңдік, күндестік, міндестік, қулық, сұмдық сөздері –лық арқылы жасалған абстрактілі мағыналы зат есімдер. (Құмарлық – тасқын, мақтан – жел; Күндестік те еліңнен, Міндестік те еліңнен; Момынға жапса жаланы, Қулық, сұмдық табады; Бекзаттық, сұлулық түгіл, Айырмайсың туысым, Әуелі ақ пен қараны).


-Қор жұрнағы арқылы парақор, саудагер, жемқор, бозақор, даугер сөздері жасалған (Жемқор семіз малмен тең; Бозақор ойсыз жастар).
-Шы,-гіш,-сыз жұрнақтары да Дулат тілінде қолданыс аясын тапқан (Биеші, қызылшы,түгендеусіз).
-Дай,-дей арқылы жасалған аштардай, бұлақтай сын есімдері туындаған.
Етістіктің болымсыз түрінің есімшелі формасы өте жиі қолданылады: бермес, таламас, қарамас, күлмес, серпілмес, болмас, татымас, т.б. Бұл форманың ұйқас құраудағы қызметі айрықша: Тіл біткеннің шешені, Топта бермес есені; жаман ит жұлып жей берер Алды-артына қарамас; Жақсы иттің белгісі – Жұлмақ түгіл жаламас; Істемей қолмен іс болмас, Құры сөзден күш болмас, т.б.
Етістіктің шартты және қалау райының қолданысы норма дәрежесіне жеткен: Батыр деме батырды Шеп құрған жауға шаппаса; Төре деме төрені Ел тілегін таппаса. «Сүлейменге» деп аталатын бір ғана өлеңінде шартты рай формасымен келген 14 етістік бар.
-Мақ жұрнақты тұлға Дулатта шақтық, жақтық мәнді білдіріп, мақсатты келер шақ тұлғасында қолданылған: Өзіңде, Ишан, иман жоқ, Елге имагн бермексің. Қиямет-қайым болғанда, Әуелі өзің көрмексің.
Септеулік шылаулар мен демеулік шылаулардың сөз бен сөзді байланыстырудағы, ұйқас құраудағы орны да айрықша: Маңдайың күнге тиген соң, табаның жерге тиген соң, т.б.
Сол сияқты соң, секілді, сынды шылаулары дәріптеуде (Сүлеймен сынды), бағалауда пайдаланылады: Қаңсып қалған сықылды, Тістеуік айғыр секілді, т.б. Сонымен қатар дәріптеу қой/ғой шылауы арқылы да жасалады (Несібе, ырыс тегіс қой, Сай-салаң толған жеміс қой).
Сан есімдер субстантивтеніп қолданысқа түсірілген: Жиырма бес бар ма маңайда, Қырық бес, шықтың кезеңге, Сексеннен алған хабардың, т.б.
Дулаттағы метафоралардың көбі ақынның өмірден түйгені, субъективті баға, өзі жасаған тұжырым болып жұмсалады: Ауыл-аймақ көршіңе Алтынның айшық буысың; Адалдығың – аңқылдақ Сыбызғының күйісің; Мынау азған зөманда Қарасы - антқор, ханы – арам; Бозбаласы – бошалаң, т.б. Метафоралардың көбі зат есімді тірек етіп алып жасалған. Адамның дене мүшелері, жануарлар атауы да Дулат тілінде метафор жасауға қатысады: Бадана көз, тоғыз тор; Қабырғаны сөгілтіп; Мұрнын жырып, Өгізі болдың жегілген; Дүние – жемтік, мен – төбет, т.б.
Әрине, тек екі ақын шығармасы сол тұстағы әдебиеттің толық сипатын жеткізе алмайтыны рас, бірақ сөзсіз бірегей әрі көрнекті өкілдері екенінде дау жоқ.
Бұл дәуірлердегі (ХҮ-ХҮІІІ ғғ.) ақын-жыраулардың ішінде ел мүддесін ерекше екпінмен жырлаған Махамбетті жыраулар мектебінің дәстүрін жалғастырушы әрі ақындық мектептің іргесін қалаушы ретінде танимыз. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, шығарма мазмұнының белгілі бір үлгіге құрылуы, ол үлгінің негізгі шарттарын сақтау дәстүрінің өмір сүруі бес ғасырға жуық уақыт аралығындағы тілдік құрылымның ұқсастығына ұласқан. Ұқсастық суреттеу құралдарындағы сәйкестіктің, шаблондардың бір жырдан екінші жырға көшіп отыруының себебін түсіндіреді.
Махамбет - батыс өңірден шыққан жыраулар дәстүрін жалғастырушы, бірақ басқалар секілді айналасы мен маңайындағы құбылыстарды жай ғана бақылаушы емес, ол - әрекет иесі, әрекет-оқиғаның ішінде өзі жүреді. Ақынға тән осы белсенділікті Р.Сыздықова дәл көрсетеді. Махамбеттің қимылды жырларының ерешеліктерін М.Әуезов былайша келтіреді: «Жалпы Махамбет шығармаларының туысы, кезі әрдайым осыған ұқсас. Екпінді, келте, кесек бір қимылдың жыры да өзіне ұқсап: зымырап, шарқ ұрып, от шашып, іші-тысы бірдей тұп-тұтас боп тұрады» (М.Әуезов. Махамбет //Махамбет батыр. – Алматы: Арыс, 2004, 120-б.).
Лингвистикада Махамбет өлеңдерінің тілін арнайы зертте­ген еңбектер жоқтың қасы. Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықованың еңбектерінде ақын өлендерінің тілдік сипаты ішінара сөз болады. Қ.Өмірәлиевтің ”Қазақ поэзиясының жанры және стилі” (Алматы, 1983) атты XІX ғасырдың бірінші жартысын­дағы қазақ поэзиясының жанры мен стилін саралауға арналған еңбегінде әдебиеттану мен тіл білімінің ортақ проблемалары тоғыстырылғанымен, әдебиеттік аспектілерге көбірек көңіл бөлінгенін айта кету орынды. Махамбет өлеңдерін лингвотекстологиялық жақтан мейлінше толық саралаған Ғ.Әнес әр жылғы басылымдарын салыстыра отырып, әр басылымдардағы жекелеген сөздер мен сөз тіркестерін бойынша ауытқуларға тоқталады, нормадан мақсатты, мақсатсыз ауытқулардың себебін ашып көрсетеді, дұрыс оқылуына нұқайды. Мағынасы көмескіленген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашу үшін ізденген Ғ.Әнес 1925 жылғы жарық көрген Махамбет шығармаларын факсимилие ретінде негізге ала отырып, қазақ әдеби тілінің тарихында ауызша-жазбаша мәтін ұғымын ұсынды. Бұл қазақ әдеби тілі тарихына тән феномен құбылысқа берілген (бірнеше ғасыр ауызша түрде тарала отырып, осыдан бірнеше ғасыр бұрын жазуға түсірілген кез келген мұраның тіліне байланысты қолдануға болатын термин – Б.М.) ұтымды қолданыс болды. Ал ақынның жырлары әдебиетші ғалымдардың тарапынан өз бағасын толық алған. Бұл әсіресе академик Қ.Жұмалиевтің есімімен байланыстырылады.
Махамбет туралы ғалым Р.Сыздықова: “Махамбет тарих­та жырау емес, ақын деген атпен танылды, бірақ әдебиет пен тілдегі орны жыраулық пен ақындықтың түйіскен жерінде. Ол — жыраулар мектебінің нәрі мен барын алып, оны ақындық дәстүрге қиюластырған қаламгер”, — дейді (Қазақ әдеби тілінің тарихы. 181-б.). Сондықтан Махамбет өлеңдерінде сонау ХУ ғасырдан бері тілімізде қалыптасып кеткен клишелердің, атап айтқанда, қырқарланып өткен ер, қабырғасын сөксе де, қанын судай төксе де, сұр жебелі оқ, күшіген жүнді оқ, атқанын қардай боратқан, адырнасын ала өгіздей мөңіреткен, т.б. кездесуімен қатар, жыраулық дәстүрдің жалғастырушысы екенінің белгісі қайталаулардың (мұнар да мұнар мұнар күн), т.б. бо­луы анық байқатады. Ал ақын тілінде ер, батырды, елдің жайын суреттеу үшін қолданған соны образдар жеткілікті.
Махамбет стиліне, батыс өңірі жырауларының тіліне тән бірен-саран сөздерді, сөз тіркестерін Шәкәрімнің, Дулаттың да қолданғанын байқауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет