1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны


-сурет. Ауа температурасы жылдық өзгерісінің типтері



бет11/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Дәрістер жинағы

5-сурет. Ауа температурасы жылдық өзгерісінің типтері
1- экваторлық, 2-тропиктік, 3-қоңыржай, 4-полярлық; тұтас сызық- ауа температурасы (00С) оң, үзік – теріс.
Экваторлық тип. Ауа температурасының жылдық амплитудасы мөлшері төмен. Ауа температурасы жыл бойы оң болып, жылдық амплитуда мұхит үстінде 10С шамасында болса, құрлық үстінде 100С-қа дейін жетеді. Бұл типке жыл ішінде бір-бірінен өте аз айырма жасайтын, екі жылы, екі салқын кезең тән. Бірінші кезең - күн сәулесінің экваторға тік түсетін көктемгі және күзгі күн теңелуіне, екінші кезең - жазғы және қысқы күн тоқырау кезеңіне сай келеді.
Тропиктік тип (солтүстік және оңтүстік). Жыл ішінде күн сәулесі жазғы күн тоқырау кезінде тік, қысқы күн тоқырауы кезінде көлбеу түседі (оңтүстік жарты шарда керісінше). Ауа температурасы жыл ішінде оң болып, жылына бірінші кезеңде абсолют максимум, екінші кезеңде абсолют минимум температура байқалады. Амплитуда мұхит үстінде 50С, құрлықта 200С-қа дейін жетеді.
Қоңыржай тип (солтүстік және оңтүстік). Жылына бір абсолют минимум және абсолют максимум температура анық байқалады. Солтүстік жарты шарда абсолют максимум температура шілде, абсолют минимум температура қаңтар айында байқалады (оңтүстік жарты шарда керісінше). Қыс пен жаздан басқа, жыл мезгілінің екі өтпелі кезеңі: көктем мен күз ажыратылады.
Ауа температурасының жылдық амплитудасы, географиялық ендікке және мұхиттан қашықтыққа байланысты өзгереді. Ауа температурасының жылдық амплитудасы мөлшері, теңіз жағалауларында 100С-тан, құрлықтың ішкері аймақтарында 600С-қа дейін жетеді. Ауа температурасы жылдың суық кезінде теріс мәнге ие болады.
Полярлық тип (солтүстік және оңтүстік). Бұл типке ұзақ, әрі қатаң қыс пен қысқа, салқын жаз тән. Жылдық амплитуда мөлшері теңіз жағалауларында –20-250С, материктің ішкі аймақтарында 600С-қа тең.
Ауа температурасының жылдық өзгерісінің төрт типіне қарай отырып, теңіз жағалаулары мен құрлықтың ішкері аймақтарында, температуралық айырмашылық анық байқалады. Бұл айырмашылық климаттың теңіздік және континенттік типтерін ажыратады.
Теңіздік климат – теңіздік ауа массаларының әсерінен қалыптасады. Жазы қоңыр салқын, қысы жылы, жұмсақ болып, қыс пен жаз айлары арасындағы ауа температурасында күрт айырмашылық болмайды. Бұлтты күндері басым, жауын-шашын мол.
Континенттік климат – теңізден қашық аймақтарға тән. Жазы аптап ыстық, қысы суық аязды болып, соған сай, ауа температурасының жылдық амплитудасы жоғары болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері мардымсыз.
Ауа температурасының жер беті бойынша таралуы, климат карталарында изотерма сызықтары арқылы көрсетіледі.
Изотерма (гр. іsos – бірдей, therme – жылылық) – климат карталарында, жер бетіндегі ауа температурасының мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызық. Климат картасы бетінде ауа температурасының, ең суық және ең ыстық айларының (қаңтар, шілде), орташа айлық изотерма сызықтарымен қоса, жекелеген қалалардың жылдық абсолют минимум және максимум көрсеткіштері де беріледі.
Жер бетіндегі ең жоғары температура Триполи (+58,10С) Африкада, ең төмен температура Восток станциясы (–88,30С) Антарктидада тіркелген.
Температуралық инверсия. Атмосферада ауа температурасы әдетте, жер бетінен жоғарылаған сайын төмендей береді. Кей жағдайларда атмосферада, керісінше құбылыс байқалады, яғни ауа температурасы, жер бетімен жанасқан төменгі қабатына қарағанда, жоғарғы қабатында жоғары болады. Бұл құбылыс температуралық инверсия (лат. іnversіo - орын ауыстыру) деп аталады. Температуралық инверсия жылдың суық мезгілінде, желсіз күндері байқалады. Мысалы, Верхоян, Оймякон қазан шұңқырларында, қыста ауа температурасы -60-700С болғанда, тау беткейлерінде, температура оған қарағанда жоғары болады. Температуралық инверсия жағдайы атмосферада да, жер бетінде де байқалады. Пайда болу жолдарына қарай:
Радиациялық инверсия – жер бетінің жылуды өзінен көп шашуы нәтижесінде пайда болады. Ол екіге бөлінеді:
а) түнгі инверсия – ауа райы бұлтсыз ашық, желсіз, тымық болған жағдайда пайда болып, қалыңдығы ондаған метрге дейін жетеді.
ә) қысқы инверсия - қыста бірнеше күн ашық ауа райы жағдайында, жер бетінің жылу шашуы күшті жүрген жағдайда пайда болады. Қалыңдығы ондаған метрден, кейде 1-2 км дейін жетеді. Радиациялық инверсия атмосферада, бұлт үстінде де пайда болады. Бұлттың үстіңгі қабаты, күн радиациясын күшті шағылыстырады да, инверсияға қолайлы жағдай туғызады.
Шептік инверсия – ауаның температуралық жағдайы екі түрлі ауа массасының шекаралық өңірі атмосфералық шеп деп аталады. Атмосфералық шепте, ауа температурасы төмен салқын ауа, жылы ауаның астына енеді де, инверсияға қолайлы жағдай туғызады.
Көктемгі немесе қар инверсиясы – көктемде оңтүстік өңірлерде қар ерте ериді, қардан босаған жер беті, күн сәулесі әсерінен қызады да, ауа температурасын жоғарылатады. Бұл кезде, солтүстік аудандардағы жер бетінде әлі қар жатады. Егер осы кезде, оңтүстіктен солтүстікке қарай жел соқса, жылы ауа массалары, салқын қар жамылғысының үстімен жанасып өтеді. Жылы ауаның салқын қар жамылғысымен жанасқан, төменгі қабатында температура 000С -қа дейін төмендейді де, үстіңгі қабатында, ауа температурасы жоғары күйінде қалады, температуралық инверсияға қолайлы жағдай орнайды.
Үсік – ауа температурасының орташа тәуліктік көрсеткіші тұрақты, оң жағдайында, кенеттен ауаның салқындап, температураның 00С-тан төмендеп кету құбылысы. Үсік жылдың өтпелі кезеңдерінде (көктем мен күз) жиі байқалады. Үсік шығу тегіне қарай екіге:
Радиациялық үсік – ауа желсіз, тымық жағдайда, жердің түнде жылуды мол шашуынан, бұлтсыз, ашық түндерде пайда болады. Қырат беткейімен температурасы төмен ауаның етегіне қарай құлауымен де пайда болады.
Адвекциялық үсік – салқын (арктикалық) ауа массаларының келуімен байланысты жүреді. Мұндай жағдайда үсік ұзақ уақытқа созылады және тұрақты болады.
Үсік ауыл шаруашылығына, әсіресе, көктемде жеміс ағаштары бүршік атып, жеміс түйінін тастаған кез бен күзгі жиын-терін кездерінде үлкен зиян келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет