1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны



бет19/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Дәрістер жинағы

13-сурет. Найзағай ойнауы
Найзағай – бұлттың оң және теріс зарядтары немесе бұлт пен жер арасындағы электр зарядтары арасында пайда болып, отша жарқылдап, ерекше дыбыс шығарып, ойнауы, оған қоса, күн күркіреу құбылысы. Найзағай ойнауы бірнеше сағатқа созылады. Жалпы жер бетінде, сағат сайын 2 000-ға жуық найзағай ойнауы болып тұрады.
Найзағай ойнауы үшін қолайлы жағдай– жер бетіндегі қарқынды конвекция мен бұлттың мол сулы болуы. Жер бетіндегі найзағай ойнауы негізінен, тропиктік ендіктерге (жылына 150 күнге дейін найзағай ойнайды) тән құбылыс болып саналса, қоңыржай ендіктердің құрлық бетінде жылына 10–30 күн, теңіз үстінде 5–10 күн шамасында найзағай жарқылдайды. Полярлық аудандарда найзағай ойнауы өте сирек.
Атмосферадағы жарық құбылыстары. Атмосфералық ауа құрамында түрлі аэрозольды бөлшектер (шаң-тозаң, теңіз суының тұз кристалдары мен су тамшылары және мұз кристалдары) көптеп кездеседі. Олардың мөлшері ауа құрамындағы газ молекулаларының мөлшерінен әлдеқайда көп және жарық толқындарының ұзындығымен шамалас, кейде тіпті артық та болады. Сондықтан, жарық толқындарының мұндай бөлшектерден шашырауы әлдеқайда күрделі болып келеді. Аэрозольдың ірі бөлшектері күн сәулесін жан-жаққа біркелкі шашыратады. Су тамшыларынан түзілген бұлттың түсі көгілдір болмай, ақ немесе сұр түсті болуы, аспанның кейде ақшыл түсті болуы да, аэрозоль бөлшектерінің қасиетіне байланысты. Ауадағы су тамшыларының мөлшері температура мен ылғалдылыққа тәуелді болғандықтан, аспанның түсі де температураға байланысты құбылмалы болады. Бұл құбылысты таңсәрі мен күн батар кездері байқауға болады. Күн батар сәтте атмосфераның жарық құбылыстары ауа-райымен тығыз байланысты болатындығы ертеден белгілі болған. Жер бетіне жақындаған сайын ауа тығыздығы артатын болғандықтан, жарық сәуленің бастапқы таралу бағытынан ауытқуы себепті, аспан шырақтары мен жер бетіндегі заттардың көріну қалпының ауытқып, өзгеріп, байқалу құбылысы рефракция деп аталады. Көкжиекке жақындаған сайын (шамамен 35º бұрыш) бұл көрініс барынша үлкен өзгеріске ұшырайды. Атмосфералық рефракция салдарынан аспан шырақтары көкжиектен біршама «көтеріліп» көрінетін болады. Күн мен Айдың да дискілері күн батар және шығар кездері екі бүйірі томпая шығып, (созылыңқы) сығылған бейне сипатында болады.
Атмосферада жарық сәулелерінің бұлттың ұсақ су тамшылары мен майда мұз кристалдарына шағылыса, араларындағы тар саңылауды орап өтіп, сынуы нәтижесінде күннің қоралануы (Halo) мен күн тәжі және кемпірқосақ пайда болады.
Күннің қоралануы – Күн мен Айдың айналасын орай, сақина немесе алқа пішіндес айқын көрінетін доға, жарық жолағы. Ол жарықтың жоғарғы ярусты мұз бұлттары кристалдарына шағылысып, сынуы нәтижесінде пайда болатын атмосфераның оптикалық құбылысы, көбінесе, шарбы-қабат бұлттарда пайда болатын, алуан түске боялған немесе түссіз шеңбер-доғалар.
Күн тәжі – жұқа су бұлтынан көрінетін, Күн немесе Айды айнала, шеңбер тәрізді қоршаған, сәл боялған, жарық сақина. Күн тәжі аспан денесіне тиіп тұрған бір (жарық көмкерме) немесе аралары бөлек-бөлек, бірнеше «қосымша сақиналар» түрінде көрінуі мүмкін. Тәжінің аспанға қараған ішкі жағы көгілдір, сырт жағы – қызыл түсті болып келеді. Тәжінің көріну себебі – жарықтың бұлтты құраушы су тамшылары мен мұз кристалдары арасынан өткенде дифракцияға ұшырауы. Тәжінің мөлшері су тамшылары мен мұз кристалдарының көлеміне байланысты: тамшылар (кристалдар) көлемі неғұрлым ірі болған сайын, соғұрлым тәжі де кіші және керісінше болады. Егер бұлт элементтері іріленсе, тәжі радиусы көлемі бірте-бірте қысқарады, бұлт элементтерінің мөлшері кішірейгенде – тәжі радиусы көлемі кеңейеді.
Кемпірқосақ – жаңбырлы күні аспанның бір жағын торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы бетінде жарқырап, күн шығып тұрғанда байқалатын құбылыс. Күн сәулесінің су тамшылары тамып тұрған бұлтқа түскенде, бұлттың су тамшыларына шағылысуы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақ – күн сәулесі ұсақ су тамшыларында сынып, шағылысқанда, бұлтты жақтан көрінетін түрлі түсті доға. Тамшыларға түскен сәулелер оған шағылысып, шашыраған сияқты, түрлі түсті күйде шығады. Доғаның сыртқы шеті қызыл, іші сия көк түсті болып көрінеді.
Сәулелер жаңбыр тамшысында екі рет сынғанда, екінші кемпірқосақ пайда болады. Кемпірқосақ бояуының түсі мен ені, екінші доғалар түсі, су тамшыларының көлеміне байланысты: ірі тамшылар жіңішке, бірақ, бояуы қанығырақ кемпірқосақ берсе, тамшылар көлемі кішірейген сайын кемпірқосақ түсі солғынданып, көлемі жалпая түседі. Су тамшылары өте ұсақ болғанда, ол бозғылт рең алады.
Атмосфералық жауын-шашын. Атмосферадан жер бетіне сұйық немесе қатты күйде келіп түскен ылғалдың барлық түрлері атмосфералық жауын-шашын деп аталады. Атмосфералық жауын-шашын түрлеріне қарай: жаңбыр, қар, қиыршық, бұршақ болып бөлінеді, кейде шық, қырау, мұздақ, көктайғақ та жатады.
Атмосфералық жауын-шашын жауу үшін тек бұлттың болуы жеткіліксіз, әдетте, бұлтты құраушы су тамшылары мен мұз кристалдары өте ұсақ болып, олардың ауадағы төмен қарай құлау жылдамдығы баяу болады.
Атмосфералық жауын-шашын жауу үшін бұлтты құраушы су тамшылары мен мұз кристалдарының іріленуі қажет және іріленген тамшылардың құлау жылдамдығы ауаның жер бетінен жоғары бағытталған ағынынан күшті болуы шарт.
Бұлт элементтерінің іріленуі екі түрлі жолмен жүреді:
а) су тамшыларының бір-бірімен қосылуы немесе кристалдардың бір-біріне жабысуы;
ә) бұлт элементтері бірінің булануынан пайда болған су буларының екіншілеріне конденсацияланып, “жамылуынан” жүреді.
Бұлттың барлық түрлерінен жауын-шашын жаумайды, кейбір түрлерінен мүлде қар да, жаңбыр да жаумайды. Олар: жоғары қабат бұлттары мен тек бірыңғай су тамшыларынан немесе тек мұз кристалдарынан тұратын бұлттар.
Әдетте, атмосфералық жауын-шашын су тамшылары мен мұз кристалдары араласып келетін бұлттардан жауады. Мұндай бұлттардың жоғарғы жағы мұз кристалдарынан, төменгі жағы - су тамшыларынан тұрады да, аралық қабаты салқындаған су тамшылары мен мұз кристалдарынан тұрады.
Жоғары қабаттағы қиыршықтар мөлшері іріленгеннен кейін, төмен қарай құлайды. Төменгі қабатта оларға су тамшылары қосылып, іріленеді. Қиыршықтар құлдилай құлап келе жатқанда, бір-бірімен соқтығысып, қардың ірі қиыршықтарына айналады. Онан әрі төмен құлау жолында, ауаның жылуынан қар қиыршықтары еріп, жерге жаңбыр тамшылары түрінде жауады.
Сонымен, атмосферада ең алдымен қар пайда болып, кейіннен қар қиыршықтары еріп, жаңбырға айналады. Ал, жылдың суық кезінде бұлт, тек салқындаған тамшылар мен мұз кристалдарынан тұрады да, жауын-шашын тек қар түрінде жауады.
Атмосфералық жауын-шашын шығу тегіне қарай:
- конвекциялық;
- шептік (фронттық);
- орографиялық болып үш типке бөлінеді (14-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет