1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны



бет12/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Дәрістер жинағы

6-дәріс. Атмосфералық қысым
Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – атмосфералық қысым болып табылады. Жерді қоршаған ауа, жер беті мен ондағы заттарға салмақ түсіреді. Атмосфералық ауаның салмағы бар екенін, тұңғыш рет XVІІІ ғасырдың басында италия ғалымы Г. Галилей дәлелдеген. Ол өз тәжирибесіне бос шөлмекті пайдаланған. Бос шөлмекті қалыпты жағдайда және оны қыздырып барып, өлшеген кезде, екінші жағдайда шөлмек салмағы алғашқысынан жеңілдеген. Ғалым бұл құбылысты, атмосфералық ауа барлық денелер тәрізді, қызған кезде кеңейіп, жеңілдейді деп түсіндіреді. Ауаның салмағы болғандықтан, ол өзі жанасатын бетке және ондағы барлық денелерге қысым түсіреді.
Ауаның жер бетіне және ондағы барлық заттарға түсіретін салмағы атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфералық ауаның теңіз деңгейіндегі, жер бетінің әр шаршы сантиметріне түсіретін қысымы 1033,3 мб-ға тең. Бұл ауа температурасы 00С жағдайында, 450С ендіктегі теңіз деңгейінде 1 см2 ауаның атмосфералық қысымы 760 мм. сынап бағанасы биіктігіне теңеседі. 760 мм. сынап бағанасына тең қысым, қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфералық қысым басқа да метеорологиялық көрсеткіштер сияқты үнемі өзгеріп тұрады.
Атмосфералық қысым биіктік артқан сайын, ауа қабаты қалыңдығының кемуіне байланысты төмендейді (6-сурет).





6-сурет. Қысымның биіктік артқан сайын өзгеруі

Атмосфералық қысымның, биіктік артқан сайын өзгеруі нәтижесінде, барометр көмегімен жергілікті жердің абсолют және салыстырма биіктігін анықтауға болады. Сондай-ақ, қысым биіктікке қарай емес, ауа температурасына байланысты да өзгереді. Ауа температурасы жоғарлағанда ауа кеңейіп, қысымы төмендейді, ал температура төмендегенде керісінше, қысым жоғарлайды.


Атмосфералық қысым тәулік ішінде екі рет жоғарылап, екі рет төмендейді. Бұл ауытқулар әсіресе, экваторлық және тропиктік аймақтарда айқын байқалады. Атмосфералық қысымның абсолют максимум көрсеткіші жергілікті уақытпен, таңғы және кешкі сағат 9-10, ал абсолют минимум көрсеткіші түстен кейінгі және түн ортасында, сағат 3-4-те байқалады. Тропиктік ендіктердегі тәуліктік аплитуда шамасы 2-3 мм. Полюстерге қарай тәуліктік амплитуда төмендейді.
Атмосфералық қысымның жылдық өзгерісінде бір абсолют максимум және бір абсолют минимум көрсеткіштері байқалады. Материктерде қысымның абсолют максимум көрсеткіші қыс айларында, абсолют минимум көрсеткіші жаз айларында байқалады. Атмосфералық қысымның жылдық өзгерісі жоғарғы ендіктерде айқын көрініп, төменгі ендіктерде, әсіресе экваторда әлсіз. Бұл өзгерістер тікелей ауа температурасымен байланысты.
Атмосфера төменгі қабатының қыстағы қатты салқындауы қысымның жоғарылауын, жаздағы қатты қызуы керісінше құбылыс туғызады.
Атмосфералық қысым облыстары пайда болу ерекшеліктеріне қарай: тұрақты, маусымдық және қайталамалы болып үш типке бөлінеді. Тұрақты қысым облысы жыл бойы өзгермейді, мысалы, экваторлық төмен қысым мен субтропиктік жоғары қысым облыстары. Маусымдық облыс жылдың белгілі бір мезгілінде ғана орнайды, мысалы, Исландия минимумы жылдың суық кезеңінде орнайды. Қайталамалы облыс жаздағы төмен қысым орнын, қыста жоғары қысым алмастырады. Мысалы, Азияның ішкі орталықтарындағы (Шығыс Сібір) қысым облыстары.
Атмосфералық қысымның жер беті бойынша таралуы климат карталарында изобар сызықтары арқылы кескінделеді.
Изобар (гр. іsos - бірдей, baros -салмақ)–климат карталарында жер бетіндегі атмосфералық қысым мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызық.
Жел. Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – жел. Ауаның көлденең бағыттағы қозғалысы жел деп аталады. Желдің пайда болуы, жер бетіндегі түрлі атмосфералық қысымға байланысты. Ал, жер бетінде түрлі қысым орталықтарының қалыптасуы, тікелей ауа температурасына байланысты. Жел жылдамдығы қысым градиентіне байланысты. Қысымның кему бағыты қысым градиенті деп аталады.
Егер жер беті тегіс болса, жел бірқалыпты үдемелі жылдамдықпен соғар еді. Жел жылдамдығы түрлі үйкелістер әсерінен, атап айтқанда, жер бетіне және ауаның өз ішіндегі үйкелісі әсерінен, баяулайды. Жер бетіне үйкеліс, жер беті сипатына байланысты. Жазық жер мен су беті, аз үйкеліс жасайды, ондай жерлерде жел күшті, екпінді, жылдамдықпен соғады. Ойлы-қырлы жер бедері, көп үйкеліс туғызады. Сондай-ақ, жел үйкелісі үлкен қалалар мен орман іштерінде де күшті.
Ауаның бір қабаты мен екінші қабаты арасындағы үйкелісі нәтижесінде, ауаның өз ішіндегі үйкелісі пайда болады.
Ауаның төменгі қабатының жер бетіне үйкелуі әсерінен, желдің төменгі қабатының жылдамдығы баяулайды. Ал, жоғарғы қабат жылдамдығы, төменгі қабатқа үйкеліс нәтижесінде, баяулайды да, жел жылдамдығы, жер бетінен жоғарылаған сайын, арта береді.
Желдің соғу бағыты көкжиек тұстарымен анықталады. Жел жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде м/сек, кей жағдайларда км/сек алынады. Сондай-ақ, жел жылдамдығы Бофорт шкаласы (0-12 балл) арқылы да анықталынады.
Жел бағытын дәл анықтау үшін көкжиек тұстары румбаға (7-сурет) бөлінеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет