1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны



бет15/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Дәрістер жинағы

10-сурет. Циклон мен антициклон


Тропиктік циклондар. Циклондар негізінен қоңыржай ендіктерге тән. Бірақ кей жағдайларда, олар ыстық белдеулерде де пайда болып, пайда болу орнына байланысты, тропиктік циклондар деп аталады. Тропиктік циклондардың қоңыржай ендік циклондарынан айырмашылығы – көлемі шағын (диаметрі 250 км) болып, желдің жылдамдығы күшті және ылғалы мол болады. Ал, оның ортасы шамамен 20 км диаметрмен ашық, тымық болып келеді.
Тропиктік циклондардың жер шарының әр жерлерінде, өзіне тән, жергілікті атаулары бар. Мысалы, Орталық Америкада – ураган, Солтүстік Америкада – торнадо, оңтүстік-шығыс Азия жағалауларында – тайфун деп аталады.
Атмосфера жалпы циркуляциясының желдері. Оған: экваторлық белдеу желдері, пассаттар, қоңыржай белдеудің басым желдері мен полярлық облыстар желдері жатады (11-сурет).



11-сурет. Қысым белдеулері мен басым желдер


Экваторлық белдеу желдері. Экватор аймағында бүкіл жыл бойы атмосфералық қысым айырмашылығы төмен болады да, жел байқалмайды. Сондықтан экваторлық тымық зона деп атайды. Күн сәулесінің жыл ішіндегі түсу орнының, екі жарты шарға ауысуына байланысты, жел бағыты да жылына екі бағытқа ауысады.
Пассаттар. Жер шарының экваторлық тымық зонадан, 300с. және о. ендіктер аралығы пассаттар зонасы деп аталады.
Экваторлық тымық зонаға, күн сәулесінің жыл бойы тік түсуіне байланысты, жер беті қатты қызады. Қызған жер бетімен қоса, оған жанасқан ауа да жылынып, кеңейеді, жеңілдеп, ауаның жоғары бағытталған ағыны байқалады. Экватор бойынан көтерілген ауа, екі жарты шарға қарай бағытталады да, жердің өз білігінен айналуының салдарынан, солтүстік жарты шарда оңға, оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқиды.
Атмосфераның жоғарғы қабатында, кері бағытта соғатын желдер антипассаттар деп аталады. Антипассат желдері екі жарты шардағы 20-300 және 00ендіктер маңында, жердің өз білігінен айналуы нәтижесінде, батыстан шығысқа қарай соғады да, аталған ендіктерге экватордан бағытталған ауаның үздіксіз ағыны жүріп, жоғары атмосфералық қысым аймағы қалыптасады. Бұл қалыптасқан жоғарғы қысым аймағынан, екі бағытта ауа ағыны, бірі экватор бағытына, екіншісі полюс бағытына пайда болады. Экватор бағытына соққан желдер, жердің өз білігінен айналуы салдарынан, солтүстік жарты шарда оңға, яғни батысқа, оңтүстік жарты шарда солға, яғни шығысқа қарай ауытқиды. Бұл желдер пассат желдері деп аталады. Қоңыржай белдеудің басым желдері. Екі жарты шардың қоңыржай ендіктерінде, түрлі бағытқа соққан желдер байқалады. Әсіресе, басым бөлігін құрлық алып жатқан солтүстік жарты шарда анық байқалады. Желдердің басым бағыты солтүстік жарты шарда батыс, солтүстік-батыс, ал оңтүстік жарты шарда да батыс, оңтүстік-батыс бағытқа бағытталған. Бұл желдер жылдамдығы, пассат желдеріне қарағанда, әлсіз болып келеді. Сондай-ақ, қоңыржай белдеуге циклон мен антициклон желдері тән.
Полярлық облыс желдері. Поляр облыстарында полюстерге қарай атмосфералық қысым жоғарылайды. Соған байланысты, полюстен экваторға қарай бағытталған, жел тұрады. Ол желдер бағыты, жердің өз білігінен айналуына байланысты, әр жарты шарда тиісті бағытқа (солтүстік жарты шарда оңға, оңтүстік жарты шарда солға) ауытқиды.
Ауа ағындары. Тропик маңындағы жоғары қысымды облыстан, тропосфераның төменгі қабаты арқылы, полюстерге қарай бағытталып, қоңыржай белдеудің басым желдерін қалыптастырады. Қоңыржай белдеудің жылы ауа массасы, полярлық облыстың суық ауа массасымен түйіскенде, жылы ауа жоғары көтеріледі. Атмосфераның жоғарғы қабатындағы ауа ағындары арқылы, бұл ауа қайтадан, тропик маңындағы жоғарғы қысымды белдеуге қайта оралып, ауа ағынының екінші тұйық шеңберін құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет