1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны



бет22/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Дәрістер жинағы

Субэкваторлық белдеу климатына тән басты ерекшелік – ауа массаларының маусымдық өзгерісі, экваторға жалғас жатқан екі жарты шардың шамамен 50 және 200 ендіктер аралығын алып жатыр. Географиялық орнына байланысты температуралық режимі экваторлық белдеуден аса үлкен айырмашылық жасамайды. Температура жыл ішінде екі рет (көктем, күз) жоғарылап, екі рет (қыс пен жаз) салыстырмалы түрде төмендейді. Қыс пен жаздың температура айырмашылығы 50С-ға дейін жетеді. Әсіресе, бұл айырмашылық құрлық үстінде айқын байқалады. Ауа массаларының жыл ішінде алмасуына байланысты субэкваторлық белдеудің жазы экваторлық белдеуге, ал қысы тропиктік белдеуге ұқсас. Өйткені жазда экваторлық муссондар аса мол ылғал, ал қыста құрлық үстінен соғатын тропиктік муссон құрғақ ауа әкеледі. Сол себепті жазы ылғалды, қысы салыстырмалы құрғақ болады.
Осы ерекшеліктеріне байланысты субэкваторлық белдеу климатын экваторлық немесе тропиктік муссондық климат деп атайды. Жауын-шашынның жылдық мөлшері көбінесе 2000 мм-ден аспайды. Бірақ экваторлық муссондардың тау беткейлеріне тірелетін бөліктерінде жауын-шашын мөлшері күрт артады. Мәселен, Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекеніне Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең жоғары көрсеткіші тән, мұнда жылына 12 000 мм-ден астам жауын-шашын түседі. Мұнда экваторлық муссондардың енуіне байланысты жаздың 4 айында жылдық жауын-шашынның 90%-дан астамы түсіп үлгереді.
Тропиктік белдеу климаты – жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады және тропиктер үстіндегі орнына сәйкес, әрі бұлттылықтың төмен болуына байланысты, жер беті күн жылуын мол алады. Жылдық радиациялық баланс көрсеткіші 252.103 – 294.103 Дж/см2-қа дейін жетеді. Мұнда жазда ауа массаларының температурасы өте жоғары, ал қыста салқынырақ. Мұндай климаттық жағдай ішкі континеттік бөліктерге тән, ондағы орташа айлық температуралық амплитуда 200С шамасында, ал тәуліктік ауытқу 400-қа дейін жетеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жаз кезінде 30%-дан артпайды. Себебі, тропиктік ауа массалары әдетте, өте құрғақ болып келеді. Өйткені 10-12 км биіктіктің өзінде экватор аймағынан тропиктерге бағытталған ауа ылғалы едәуір азайған күйде келеді. Ауа төмендеген сайын қызып, бұрынғысынан да құрғақ бола түседі. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғары қысым, төмендеген ауа қозғалысы басым, жаңбыр құрлықтың жазық бөліктерінде ғана емес, ашық мұхит үстінде де өте сирек жауады.
Сондықтан тропиктік белдеулерде Жер шарындағы аса ірі континенттік шөлдер: Сахара, Арабия, Калахари, Виктория орналасқан. Белдеудің батыс жағалық бөліктерінде климаттық жағдай мүлде өзгеше, ауа температурасы төмен (18-200С), жылдық жауын-шашын мөлшері мардымсыз(100 мм аз), салыстырмалы ылғалдылық көрсеткіші жоғары (80-90%) болғанына қарамастан, өте төмен болып келеді. Оған мұхиттар үстіндегі субтропиктік жоғары қысым орталықтарынан соғатын желдер мен суық ағыстардың үстінен келетін, салқын, әрі ылғалды ауа массалары әсер етеді. Тұманды ауа райы өте жиі, бриз желдері тұрақты соғады. Мұндай климат тропиктік жағалық шөл климаты деп аталады.
Тропиктік белдеудің шығыс жағалауында климаттық жағдай біршама қолайлылығымен ерекшеленеді. Жағалау бойымен жылы ағыстардың өтуіне байланысты батыспен салыстырғанда температура біршама жоғары, жауын-шашын мол, тау беткейлеріне жылына 1500-2000 мм жауын-шашын түседі.
Субтропиктік белдеу климаты – екі жарты шардағы шамамен 25-400С ендіктер аралығында, кең алқапты алып жатыр, жазы тропиктік белдеуге өте ұқсас, антициклондық режим басым болады. Тропиктік белдеуге қарағанда, бұл белдеу күн жылуын 20%-дай аз алады, сондықтан климаттың маусымдық сипаты айқын байқалады. Жаз кезінде циклондық әрекеттер жиі қайталанады. Белдеу бойынша батыстан шығысқа қарай климаттың ішкі айырмашылықтары күшейеді. Батыс жағалық бөліктерге жазы құрғақ, қысы ылғалды болатын субтропиктік жерортатеңіздік климат тән. Құрлық ішіне енген сайын климат континентті сипат алады. Шығыс жағалауда климат муссондық сипатқа ауысады. Қыс салыстырмалы түрде суық, әрі құрғақ, ал жаз ыстық, ылғалды.
Субтропиктік белдеу климаты барлық жерде бірдей емес, бірнеше облысқа бөлінеді:
- жерорта теңіздік облыс – жазы құрғақ, ыстық, қысы жылы, ылғалды;
- континенттік облыс – ыстық, құрғақ жаз, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түсетін суық қыс тән;
- теңіздік облыс – ауа ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы төмен болып, мол ылғал тән;
- муссондық облыс – құрғақ, әрі суық қыс пен ыстық, ылғалды жаз тән.
Қоңыржай белдеу климаты екі жарты шардың 400С солтүстік және оңтүстік ендіктерінен поляр шеңберлері арасында орналасқан. Климаты негізінен қоңыржай ендік ауасы мен жиі енген арктикалық және тропиктік ауа массалары әрекетінен қалыптасады. Қасиеттері әртүрлі ауа массаларының бойлық бағыттағы тоғысуынан, циклондық әрекет жиі қайталанып, атмосфералық шептер орнайды. Тропиктік белдеумен салыстырғанда, едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Қоңыржай климаттық белдеу әсіресе, солтүстік жарты шарда өте көлемді аумақты алады, соған байланысты радиациялық баланс солтүстігінде 1260.102 Дж/см2-тан, оңтүстігінде 2100.102 Дж/см2-қа дейін жоғарылайды. Ауа температурасы климат белдеуі ішінде солтүстіктен, оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай өзгереді. Ауа температурасы мен жауын-шашынның қыс пен жаздағы мөлшері үлкен айырмашылық жасайды. Ауа температурасының жылдық амплитудасы материк үстінде 50-600С, мұхит үстінде 150С-қа дейін жетеді. Әсіресе, қысқы ауа температурасы құрлықтың ішкері аудандарында антициклондық режим әсерінен күрт төмендейді. Мұның әсерінен Еуразияда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орналасқан.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғанда біршама мол болғанымен, климат белдеуі ішінде әркелкі таралады. Материктердің батысында ылғал мол, бұл мұхиттан ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа қарай ауа бірте-бірте ылғалынан айрылып, континенттік сипат алады, жауын-шашын мөлшері күрт азаяды. Ал материктердің шығыс жағалауларында мұхит ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері артады. Оңтүстік жарты шарда мұхиттық климат. Солтүстік жарты шарда құрлықтың кең көлемге созылып жатуына байланысты, климат алуан түрлі. Қоңыржай климат белдеуінде батыстан шығысқа қарай климат сипаттары айқын ажыратылып, төмендегідей облыстарға бөлінеді:
- қоңыржай теңіздік климат – мұхиттан келетін батыс желдері әрекетінде болады. Соған байланысты ауа температурасының жылдық амплитудасы төмен. Жазы ұзақ, салқын, қысы жылы-жұмсақ. Қысқы салқын арктикалық ауа массасы әрекетінен туады. Ондай кездегі температура 00С-қа дейін төмендеп, қалың қар жауады.
- қоңыржай континенттік климатжазы ыстық, қысы суық. Ауа температурасының жылдық амплитудасы жоғары. Жауын-шашын мөлшері аз, негізінен жылдың жылы мезгілінде түседі. Қыста жер бетін тұрақты қар жамылғысы басады.
-қоңыржай муссондық климат – материктің шығыс жағалауларына тән.
Басты ерекшелігі – ауа массаларының қыста материктен мұхитқа, жазда керісінше, мұхиттан материкке қарай ауысуымен байланысты. Жазы салқын, жаңбырлы, қысы суық әрі құрғақ. Белдеу тайга, аралас және жалпақ жапырақты орман, орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналарына бөлінеді.
Субарктикалық және субантрактикалық белдеу климаты – екі жарты шардың поляр маңы аудандарын алып жатыр, қоңыржай белдеуден солтүстік шарты шарда солтүстікке, оңтүстік жарты шарда оңтүстікке қарай орналасқан. Жылдық радиациялық баланс 630.102 Дж/см2-тан 924.102 Дж/см2-қа дейін өзгереді. Ауа массаларының маусымдық әрекеті басым: жазда - қоңыржай ендік ауа массасы, қыста арктикалық (антрактикалық) ауа массалары үстемдік құрады. Материктік субарктикалық белдеу тек солтүстік жарты шар үстінде ғана қалыптасады. Жазы салыстырмалы түрде жылы болып, қысқа келеді. Қысы қатаң, ауа температурасының жылдық амплитудасы өте жоғары (600С-тан артық). Жылдық жауын-шашын мөлшері мардымсыз (жылына 200 мм шамасында). Солтүстік жарты шарды тундра зонасы алып жатыр.
Арктикалық және антарктикалық белдеу климаты – екі жарты шардың полюс маңын алып жатыр. Бұл белдеулерде радиациялық баланс 294.102Дж/см2 шамасында болып, альбедоның жоғары болуымен байланысты радиацияның кері шағылуы күшті, сондықтан поляр жазының өзінде радиациялық баланс төмен болады. Жоғары атмосфералық қысым жағдайындағы суық ауа массасы тән. Климатының басты ерекшелігі – ұзақтығы полюстерде алты айға дейін созылатын поляр күні мен поляр түнінің болуы. Жаз кезіндегі поляр күндерінде, күн сәулесі көкжиек сыртына батпағанымен, оның көлбеу түскен сәулесі, мол жылу бермейді.
Солтүстік полярлық облыстар климаты мұз басқан мұхит үстінде қалыптасатындықтан, мұхиттық полярлық климат тән. Қаңтар айының орташа температурасы Арктика орталығында -400С, жаз айларында орташа температура (альбедо мен жылудың қар мен мұзды ерітуге кетуіне байланысты) 00С-тан сирек жоғарылайды. Жаз кезінде бұлтты, бұлыңғыр ауа райы басым. Антициклондық режим жағдайында жауын-шашын аз, соған қарамастан оның мөлшері жылудың жетіспеуі әсерінен буланушылықтан жоғары болады. Полярлық белдеулердің ішінде, әсіресе, оңтүстік жарты шарда мұз құрсанған үлкен құрлық – Антарктиданың орналасуы антициклондық жағдайды күшейтеді. Сондықтан Шығыс Антарктидада Жер шарының суықтық полюсі орналасқан, мұндағы абсолюттік минимум температура – 89,20С шамасында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет