1-дәріс. Кіріспе. Климатология гидрология негіздерімен пәнінің география ғылымдары жүйесіндегі орны


Мұхит түбі бедері. Дүниежүзілік мұхит түбінің жер бедері, жер беті сипаты тәрізді, өте күрделі болып келеді (23-сурет)



бет25/38
Дата14.03.2024
өлшемі2.52 Mb.
#495515
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Дәрістер жинағы

Мұхит түбі бедері. Дүниежүзілік мұхит түбінің жер бедері, жер беті сипаты тәрізді, өте күрделі болып келеді (23-сурет).







23-сурет. Дүниежүзілік мұхит түбінің бедері. 1-материктік қайраң (шельф), 2-материктік беткей, 3-мұхит табаны, 4-мұхит шұңғымалары.


Дүниежүзілік мұхит түбінің құрлықты жиектеп жатқан, тереңдігі 200 м (кей жағдайларда 500-600 м дейін) аспайтын, шеткі тайыз бөлігін материктік қайраң (шельф) деп атайды. Материктік қайраң дүниежүзілік мұхит ауданының 8% алып жатыр. Әдетте, материктік қайраң қатты еңіс болмай, жиектесіп жатқан құрлық бедерімен байланысты болып келеді де, ені түрлі көлемді қамтиды. Кейбір аймақтарда кеңейіп, бірнеше жүздеген шақырымға дейін созылады, мысалы, Еуропаның батыс жағалауларында. Материктік қайраңның ең енді бөлігі, Солтүстік Америка жағалауларында, 1400 км дейін қашықтыққа таралған.


Қазіргі кезде жер шарының жекелеген аймақтарында, материктік қайраңдардан мұнай мен газдың мол қоры табылып, игерілуде. Мысалы, Солтүстік теңізде.
Материктік қайраңнан әрі 2500м тереңдікке дейін материктік беткей созылып жатыр, ол біршама тік беткейлі болып келеді. Материктік беткей дүниежүзілік мұхит ауданының 12%-ын алып жатыр. Материктік біткей бірте-бірте дүниежүзілік мұхит табанына айналады. Ол 2500 м-ден 6000 м тереңдікке дейін созылып, дүниежүзілік мұхит ауданының 80%-дан астамын алады.
Мұхит табаны тегіс, жазық емес, құрлық беті сияқты, бір жерлерде жазық болып, екінші бір жерлерде тауға ұқсас, көтеріңкі су асты жоталарынан тұрады. Жекелеген су асты жоталары арал түрінде су бетіне шығып жатады.
Дүниежүзілік мұхит түбінің 6000 м-ден тереңдікте шұңғымалар кетеді. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең шұңғымаларына – Мариан (11 022м), Тонга (10 882м), Курил-Камчатка (10 542м), Филиппин (10 497м), Кермадек (10 047м) атауға болады, аталған шұңғымалардың барлығы Тынық мұхитында орналасқан.
Барлық мұхиттар түбіне тән ортақ ерекшелік: әдетте, орталық бөліктеріне құрлықтағы жоталар тәрізді, су асты көтеріңкі тау жоталары тән болса, ең терең жерлері құрлықтар мен архипелаттарға жақын орналасқан.
Табиғаттағы су айналымы. Гидросфера – біртұтас қабық, сондықтан жердегі барлық су түрлері бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болып, үздіксіз қозғалыста болады.
Табиғаттағы су айналымының негізгі қозғаушы күші – күн радиациясы, яғни күн сәулесінің жылуы. Күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен су буланып, көтеріледі. Егер мұхиттар мен теңіздер бетінен буланған ылғал атмосфераға барып, конденсацияға ұшырап, құрлыққа тасымалданбай, мұхит пен теңіз бетіне, ауырлық күші нәтижесінде атмосфералық жауын-шашын түрінде қайта оралса, бұл құбылыс табиғаттағы кіші су айналымы деп аталады.
Мұхит үстінен көтерілген ылғал құрлыққа ауысқанда, су айналымы күрделене түседі. Ауа ағындарымен құрлық үстіне барған су буы, конденсацияланып, бұлтқа айналып, атмосфералық жауын-шашын болып жауады. Құрлық бетіне түскен жауын-шашынның біраз бөлігі, көлбеу жазықпен ағып, өзен-көлдер мен су қоймаларына құйып, соңында дүниежүзілік мұхитқа қосылады, екінші бөлігі, құрлық бетінен буланып, қайтадан атмосфераға барады, қалғаны топыраққа сіңіп, жер асты суын құрайды. Жер асты суының біраз бөлігі мұхитқа құяды.
Сонымен, мұхит бетінен буланып, ауа ағындарымен құрлыққа тасымалданған су буы, ең ақырында, жер беті және жер асты суы түрінде мұхитқа қайтадан қосылады. Бұл құбылыс табиғаттағы үлкен су айналымы деп аталады.
Табиғаттағы су айналымы деп – судың мұхит пен теңіз бетінен бу түрінде көтеріліп, қайтадан су қалпында оралу үрдісін айтамыз. Жыл сайын жер бетінен 577 мың км3 шамасында су буланса, оның көбі (505 мың км3), мұхиттар бетінен, аздаған бөлігі (72 мың км3), құрлық бетінен буланады. Су айналымына қатынасатын судың біраз бөлігі (7,7 мың км3), ағыссыз облыстарда айналым жасайды. Ағыссыз облыстардағы су айналымы өз бетінше, дербес ерекше жүргенімен, жер шарындағы жалпы су айналымымен байланыста болады.
Ағыссыз облыстардағы су айналымының ерекшелігі – құрлықтағы су мұхитқа тікелей ағып барып қосылмайды, су буы түрінде көтеріліп, ауа ағындарымен барып қосылады.
Сонымен, жер беті мен жер астындағы және атмосферадағы ылғал үнемі айналымда, қозғалыста болады. Ғалымдардың есебі бойынша, бұл айналым жылына орташа есеппен қырық рет қайталанады. Табиғаттағы су айналымы нәтижесінде жердегі су мөлшері ешқашан азаймайды, қайта үнемі тазаланып, жаңарып отырады.
Судың толық жаңаруы түрліше жүреді: мұздықтар суы 8 мың жылда, жер асты сулары 5 мың жылда, дүниежүзілік мұхит суы 3 мың жылда, өзен суы 80 күнде, атмосферадағы ылғал 10 күнде бір жаңарып отырады. Табиғаттағы су айналымының маңызы орасан зор (24-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет