1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Әл-Фарабидың ақыл-ойдың (интеллекттің) түрлері жайлы ойлары



бет18/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

24. Әл-Фарабидың ақыл-ойдың (интеллекттің) түрлері жайлы ойлары.
Әл-Фарабидің эманациялық теориясы мұсылман философиясының бүкіл тарихымен екі жақты байланысты: ол теологиялық және философиялық ойдың алдыңғы бағыттарында орын алған ілімдерді өзінде біріктіреді, және өз кезегінде Әбу Насырдың соңынан ерген көптеген ғалымдар үшін теориялық түзілімдердің бастауы қызметін өзі атқарады. Өз ілімінде Әл-Фараби аспан мен ай асты мәселелерін біртұтас етіп біріктіреді. Негізінен ақылмен танылатын және өзгермейтін болмыстармен айналыса отырып, ол, сондай-ақ, денелік және өзгермелі болмыстарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Философ мәңгілік әлемді өзгермелі әлемнен бөліп қарайды, дегенмен Бүтін және көптік арасына байланыс орнатады. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. Өзінің “Ақыл (деген сөздің) мағынасы жайындағы пайымдама” деп аталатын шығармасында Әл-Фараби интеллект деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады. Бірінші - қарапайым сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші – мутакаллимдердің түсінігінде, парасат теріске шығарылған кезде айтылады. Үшінші – Аристотельдің “Екінші Аналитика” атты шығармасында берілген мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. Төртінші мағынасы – тағы да Аристотельдің “Этика” деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған.
Ақылмен пайымдауға болатын парықтарды – “интеллекция объектілерін” пайымдау, оларды потенциалдылықтан нақтылыққа айналдыру арқылы потенциалды интеллект актуалды интеллектке, яғни шын интеллектке айналады. Егер субстанциядан абстракцияланған интеллекцияның пайымдағыш объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілері интеллекцияның актуальды объектілеріне айналады.
Әл-Фараби философиясында онтология мен гносеология өзара байланысты, олардың тамыры бір, олар Мән туралы бірегей іліммен біріктірілген. Аристотельдің ізімен Әл-Фараби бастапқы бастаулар туралы мәселе қояды, бірақ ай асты әлемінің табиғатын қарастырумен шектеліп қоймайды, нақтылықты табиғи жолмен Бастапқы Мәнмен байланыстырып тұрған ғарыш қабатына көз тігеді. Бастапқы Мән Әл-Фараби үшін Аристотельдің әрекетсіз алғашқы қозғаушысынан айтарлықтай ерекшеленеді. Ол барлық болмыс пен ойлаудың жанды бастауы болып табылады. Әл-Фараби денелер болмысы мен акциденциялардың шарты болып табылатын бастаулардың алты үлкен сатыларын көрсетеді: бірінші сатыда – бірінші себеп, екіншісінде – екінші себеп, үшіншісінде – харакетшіл ақыл, төртіншісі – жан, бесіншісі – форма, алтыншы – материя. Алғашқы үш себеп денелер болып табылмайды және денелерден тұрмайды. Соңғы үш себеп денелерде орналасқан, бірақ денелер болып табылмайды. Әл-Фараби денелердің алты тегін бөліп көрсетеді:аспан денелері;ақылды тіршілік иелері;ақылсыз тіршілік иелері;өсімдіктер;минералдар;төрт элемент (от, ауа, су, топырақ).
Ақыл туралы ілімі Әл-Фарабиде болмыс туралы ілімі тәрізді, бір негізге ие. Даналық, Әл-Фарабидің түсінігінде, әлем иерархиясының барлық сатысын және осы сатылар арасындағы байланыстың сипатын білу дегенді білдіреді. “Ғылымдар классификациясы туралы” трактатында Әл-Фараби өз заманында белгілі болған ғылымдардың бәріне шолу жасайды. Бұл – лингвистика немесе тіл туралы ғылым, логика, математика, физика, метафизика, азаматтық ғылым, юриспруденция және дін ілімі. Әл-Фарабидің саяси космологиясы айқын исламдық сипатқа ие. “Бақытқа жету” туралы трактатында философия мен дін ілімі арасындағы айырмашылық туралы өз түсінігін береді. Бұл екеуі де заттардың соңғы принциптері мен олардың тіршілігінің бастауы туралы түсінік береді, адам тіршілігінің соңғы мақсаты жоғарғы бақытқа қол жеткізу екенін түсіндіреді. Бірақ философия анық дәлелдемелер береді, ал дін сенім береді. Философия діннен бұрын пайда болған деп санайды Әл-Фараби. Оның ойынша, билік етуші адам философияны меңгеруі тиіс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет