1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті



бет4/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

Түркі өркениеті және қазақ мәдениеті. Еуразиялық сахарадағы көшпелілер Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы болды. Көшпелі өмір адам мен табиғаттың қадірін білуге дағдыландырды. Даланың өзіндік этикасы мен менталитеті қалыптасты. Түркі әлемінің мемлекеттік жүйесі түркі өркениетін, дәлел. А.П.Деревянко есімді зерттеушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының 1998 жылы өткен сессиясында жасаған "Казахстан – колыбель древнейшей цивилизации” атты баяндамасында қазіргі қазақтардың арғы ата-бабалары Қазақстанда 1 млн жылдан бері өмір сүріп келетіндігін жазды. Д.Ш.Рессерат пен В.А.Рано Орта Азияда тас дәуірінде (850000 жылдары) жергілікті тіршілік иелерінің өмір сүргендігі жөнінде айтқан еді.
Байсын тауының Тешік-Таш, Әмір Темір және Мачай үңгірлерінен неандертальдықтардың мекен-жайы, ал Самарқант қаласының жанынан олар тұтынған тас құралдар табылды. Ондағы 8-9 жасар баланың склеті жақсы сақталынған. Бала арнайы қазылған шұңқырға жатқызылып қабірдің айналасына тау ешкісінің мүйіздері тізіліп қойылыпты "Қошқар мүйіз” алтайлық орнаменттен орын алып, сақ-скиф дәуірінен бері кең тараған мотив, Тау ешкісінің стильдік бейнеленуі Орталық Азияның көптеген көшпелі халықтарының ою-өрнектерінен орын алған белгі - нышан. Зерттеушілер Жер-Су рухымен тікелей байланыстыра қарастыруда. А.В.Эдоков деген автор қазіргі алтайлықтардың көркем мәдениетінен мықтап тұрып орын алған ою-өрнектің түп-тамырларының өте тереңге кететіндігі, тіпті палеолиттен бастау алатындығы жөнінде жазған. Гразнов және басқалары ою-өрнекті бүкіл исі түркілерге тән болған өнердің негізі деп санады. Ю.Худяков тамға белгілерінің тау ешкісі өрнегінде берілуі көнетүркілерге тән болған жәйт деп кесіп айтады. Көнетүркілік петроглифтер мен тамғалар, – деп жазады новосибирлік ғалым, – Қола дәуірінің ортаазиялық мәдени дәстүрінен орын алған.
7. Ежелгі түркілердің дүниетанымдық түсініктері және олардың рухани негіздері.
Жауабы:Түріктердің дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі – табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі» деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл үрдіс қазірге дейін осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген халықтардың салт-дәстүрінде орын алған. Атап айтқанда:

  • Қазіргі моңғол, қазақ, қырғыз т.б. халықтардың дәстүріндегі қыстау, күзеу, жайлау ұғымдарының болуы;

  • Ағын суға кір жумауы, суды ұлықтауы;

  • «Көк шөп жұлма», «Бастау басына ақтық байлау» сияқты ұғымдары;

  • Аңның, малдың пірінің болуы (Көк бөрі, түйе атасы – Ойсыл қара, жылқы атасы-Қамбар Ата, Шопан Ата,…);

Осындай түсініктермен тәңірінің жаратқан әрбір жаратылысына өзінше баға беріп құрметпен қараған.Ежелгі және байырғы түріктердің діні әлі де толық зерттеле қойған жоқ. Сақ, хунну, көк түріктердің дінін ол дәуірде қалай атаған, оның жүйесі қандай, дін бе әлде наным-сенім бе дегенге к үні бүгінге дейін толық жауап берілмей келеді. Байырғы түріктердің наным – сеніміне арнайы қалам тартқан ғалымдар саусақпен санарлықтай ғана. Бұл мәселеге ең алғаш арнайы назар қойып зерттеген ғалымдар француз Жан Пьер Ру, ресейлік И. В. Стеблева, С. Г. Кляшторныйлар болды. Орта және Орталық Азия халықтарының ХХ-ХХІ ғасырға дейін сақталып келген шаманизмнің тарамдары олардың байырғы түрік оңғындарымен тікілей сабақтасытығын Л.П.Потопов, Анохин, С. Д. Майнагашев, Ш.Ш.Уәлиханов, Н. Ы. Дыренкова, Г. Д. Санжаев, Н. А. Алексеев, О. Пүрэв, А. Т. Төлеубаев, С. М. Абромзон, П. Пельо, Г. П. Снесарев секілді ондаған ғалымдар ғылыми еңбектерінің зерттеу объектісіне айналдырып келді
Жалпы, осындай көптеген ғалымдардың еңбектерінен мен байырғы түріктердің дінін ғылыми тұрғыда арнайы қарастырған екі ғалымның тұжырымын қолдаймын. Немістің атақты ғалымы Г. Дёрфер мен белгілі түркітанушы Қ. Сартқожаұлы зерттей келе, байырғы түріктердің діні, дін дәрежесіне көтерілгенін баса айтып, бұл дін бір құдайлыққа жақын деген тұжырым жасаған және байырғы түріктердің дінін «тәңірлік» (тенгризм) деп атай отырып: «… бұл дін даму тарихында үш кезеңді басынан өткізген болуы әбден мүмкін. Олар: тотемдік, шамандық және тәңіршілдік»-деген қорытындыға келген. Олай болса байырғы түріктердің дінін осы ғалымдардың айтуынша саралап көрейік:

  1. Байырғы түріктердің түсінігі бойынша Тәңір (teŋri) жерде емес көкте ол көзге көрінбейді. М: Űze kök teŋri (Жоғарыда көкте Тәңірі);

  2. Тәңір жалғыз жаратушы. Ол жаралмайды, тумайды;

  3. Бұл дүние тіршілік-тірлік. Ол дүниеге адамның жаны ұшып кетеді. Жан жоғалмайды. М: Kűl-tegin qoj jylqa [toquzynčy aj] jiti jigirmike učdy (Күлтегін қой жылы тоғызыншы айдың он жетісі күні ұшты). Бұл сөйлемде Күлтегіннің жаны ұшып кеткенін сөз етіп отыр. Ал, сүйек жерде қалады.

  4. Ұшқан жан жоғалмайды. Ол дүниеде не жақсылық, не қиыншылық көреді. Олай болса тозақ, пейіш мәселесін мұнда қабат сөз ете білген.

  5. Тәңір мен жер киесіне ұшырағанда ақыр заман болады. Адамзат, ағайын туыс өз ара арпалысады. М: Teŋri jer bulγaqyn űcűn (Тәңір мен жер киесіне ұшырағаны үшін) деген сөйлемдер бұған дәлел бола алады.

  6. Байырғы түрік мәтіндерінде жаратушы-бір Тәңірдің көрсетуімен әр бір жанды, жансыз болмыс өмір сүреді деген түсінікте болған. Оны екі негіз үш дәуір (екі jyltyz űč öd) деп атаған. Бұл байырғы түріктердің дүниетанымының негізгі философиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет