1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабы және ондағы тарихи-философиялық ойлардың мазмұны мен сипаты



бет29/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

35. М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабы және ондағы тарихи-философиялық ойлардың мазмұны мен сипаты.
Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулати (1499 жыл – 1551 жыл) — әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Мырза Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулати. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау, «дулат» – шыққан тайпасының аты.
«Тарих – и Рашиди» – Хайдар Дулатидің есімін əлемге мəшһүр еткен ең басты шығармасы
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих–и Рашиди» («Рашидтің тарихы») атты еңбегі екі дəптерден тұрады.-Бірінші дəптерде (кітапта) Моғолстанды жəне Қашқар елін билеген Шағатай ұрпақтарының əулеті тарихы баяндалады. Мұнда автор Тоғлық — Темір билік жүргізген кезден (1347–1348) бастап хан тағына Əбу ар-Рашид (Əбдірашид хан) отырған кезеңге дейінгі тарихи мерзімді қамтыған.
-Екінші дəптердің (кітаптың) көлемі, біріншісіне қарағанда, төрт еседей көп. Бұл дəптер көбінесе дерлік ақынның өз көзімен көрген оқиғалар бойынша жазылған. Екінші дəптерді ғұмырнамалық шығарма деуге болады.Екінші дəптер мемуарлық сипат ұстағанмен, онда сұлтан Саид ханның Моғолстандағы өкімет үшін күресі, оның 1514 жылы Дулат əмірлерінен жаулап алып, Моғолстан мемлекетін құрғаны, Шағатай əулетінің Моғолстанның бұрынғы аймағы — Жетісу мен Тянь — Шаньдағы өкімет билігін өз қолдарына алмақ болған əрекеттері, моғол хандарының Шайбани əулетімен жəне қазақ хандарының қарым-қатынастары əңгімеленеді.
36. М.Х.Дулатидың еңбегіндегі сопылық ілімнің рухани-дүниетанымдық маңызы.
М.Х.Дулатидің философиялық көзқарастарының қалыптасуына орта ғасырдағы көшпелі түркілердің дүниетанымы және ислам діні мен сопылық бағдардың әсері зор болды. Ұлы кемеңгер адамзатқа тән барлық ізгі қасиеттер мен қоғамның әлеуметтік-саяси, идеялық-мәдени құрылымдарын қалыптастыруда ислам дінін басты қозғаушы күш ретінде жеткізеді. Түрік халықтарының арасында ислам дінінің таралуына ықпал еткен Тоғлық Темір ханның өмірге келген сәтінен бастап баяндап, терең адамгершілік қасиеттерін ерекше жырлайды. Еңбегінде баяндалған әрбір оқиғаны ойшыл пайғамбар хадистерімен түйіндеп, адамгершілік, достық, махаббат сияқты аса қадірлі ұғымдарды жан-жақты түсіндіруге қадамдар жасайды.
М.Х.Дулати философиясының аса маңызды тірегі – әділеттілік. Өзінің еңбегінде әділеттілікті билікпен байланыстырып, басшылардың әділ болуын талап етуді өзінің философиялық қағидаларының біріне айналдырады. Басшылардың әділдігін Жаратушының разылығымен байланыстыруы ислам дүниетанымының ықпалын айқын көрсетеді. Еңбегінде әрқашан «билік – Құдайдан» деген идеяны насихаттап, әділ билеушілерді үлгі тұтады.
Мұхаммед Хайдар Дулати - мұсылман дінін берік ұстанып, философия іліміне терең ой-тұжырымдарын қалдырған данышпан ғалым. М.Х.Дулатидің шығармаларынан заман өзгерсе де, адамгершілік, ар, ұят, мейірімділік, шынайылық және жан тазалығы сияқты ізгі қасиеттердің өзгермейтіндігін көреміз. М.Дулатидің шығармашылық мұрасы - қазақ халқының өз шаңырағын құрып жатқан уақыттағы тарихи оқиғаларды баяндап қана қоймай, ата-бабамыздың өмір тіршілігі, болмысы мен танымы туралы сыр шертетін аса қымбат рухани құндылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет