1. Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау


Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы



бет3/15
Дата12.03.2023
өлшемі52.89 Kb.
#470659
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
АЛЕУМЕТ 1-РК

4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы.
Әлеуметтану тарихпен тығыз байланысты. Бірақ әлеуметтанушылар тарихшыларға қарағанда өз талдауының барысында нақты тарихи сюжеттерге емес, әлеуметтік құбылыстарға басты назар аударады. Яғни ,әлеуметтану тарихқа қарағанда алдымен стандартты нысандарды қарастыруға негізделген.
Әлеуметтану мен психология да бір-бірімен байланысты болып келеді . Бірақ ,психология- адамның ішкі әлеміне оның қабылдауына тоқталса ,ал әлеуметтану-адамды оның әлеуметтік байланыстары мен өзара қатынастарының призмасы арқылы зерттейді.
Сондай -ақ ,әлеуметтану мен экономиканың байланысын қарастыру міндеті тұр .Бұл ғылыми пән қоғамдық өмірдің өзінің пәні ретінде материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау мен тұтыну нәтижесінде бір-бірімен және әлеуметтік топтардың қатынастарынң жиынтығы болып табылады. Әлеуметтанудың экономикаға қызығушылығы әлеуметтік қатынастардың барлық қалған үдерістеріне олардың ықпалын зерттеуде жатыр.
Саясаттану мен әлеуметтанудың қызығушылық саласы болып адамдардың әлеуметтік топтардың қатынастарын зерттеу болып табылады ,саясаттанушылар оларды мемлекеттік билікті жаулап алу мен сақтап қалу үшін күресу жағдайында ғана айырмашылық бар . Сонымен ,саясаттану эукономика сияқты адамдар арасындығы өзара әрекетттесудің ерекше түрін зерттейді.
Әлеуметтанудың заң ғылымдарымен қатынасына ерекше тоқталып кету керек.Егер құқықтық қатынастарды зерттеу құқықтану пәні болып табылса, онда әлеуметтік ғалымдар деректі қоғамдық қатынастарды зерттейді.
5. Әлеуметтік институттар мен процестер
Әлеуметтік институт- қоғам мүшелерінің өмір сүруін ұйымдастырылуын реттеп отыруын тарихи қалыптасқан, тұрақты формалары.
Әлеуметтік институттар көмегімен адамдар арасындағы қарым- қатынастар белгілі бір тәртіппен стандартқа келтіріліп, олардың мінез- құлықтарымен іс- әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Әлеуметтік институттың 4 тобы болады:
1.экономикалық институт
2.саяси институт
3.рухани сана институты
4.отбасы институты
Қандай да бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған мәртебелердің ірі бірлестігі “әлеуметтік институттар” болып табылады. Арнайы институттармен ұйымдар құра отырып қоғам өзінің өмір сүруінің маңызды салаларымен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым қатынас түрлерін нақтылып бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді.
Экономикалық институт
Экономикалық тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырды. Экономикалық әлеуметтану қоғам өмірінің негізгі саласын зерттейді: экономикалық және әлеуметтану, қызметкердің өндірістік аядағы мінез құлқы, әлеуметтану мәдениеті мен экономикалық мінез құлық.
Негізгі қарастыру аясында әлеуметтік экономикалық реттеу механизмі, адамның еңбекке деген қарым қатынасы, еңбек ықшамдығы, еңбек нарығы, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық туралы.

Социология еңбекті адамға ғана тән шығармашылық қызмет ретінде қарастырады. Еңбектің субьектісі тек қана адам болады, еңбек барысында адам өзін жоғары жаратылыс екендігін көрсетеді.


Бізде кез келген адам еңбек еркіндігінде. Адамдар жұмысқа тұруға шешім қабылдаған кезде өзіне қолайлы орын табуға үміттенеді. Егер жұмыс іздеушінің үміті негізсіз жоғары болса, бұл жұмыссыздық деңгейінің өсуіне алып келеді.

Саяси институт


Қоғамды билеу және басқру қызметін жүзеге асырып отырады. Саясат пен заң тәсілі.
Саяси социология саясат пен саяси қарым қатынастарды зерттейтін социология саласы. Оның пәндік құрылымы және саясаттың социологиялық көрінісін ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель анықтап көрсетіп берген. Саяси социологтар мен политологтар саясатты заңсыз әлеуметтік институттар және әлеуметтік құрылым талдамасын құрастыруды ұсынған.

Отбасы институты


Отбасы әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологияның негізгі бағыттарының бірі. Негізгі мәселелері отбасының өз қызметтерін орындау, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және тағы басқа зерттеулер болып табылады.
Отбасы әлеуметтену институты есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.

Рухани сана институты


Ғылым мен білімнің өнердәі дамуына және қоғамдағы моральдік құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет