Мүгедек - балаларды үйде тәрбиелеу үшін берілетін арнайы жәрдемақыны түсіндіріңіз
Егер осындай мүгедек-балаларды қалада жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және оқу орындарында тәрбиелеу және оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік жоқ болса, сондай-ақ ата-аналардың, қамқоршылардың (қорғаншылардың) тілегі мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, атаулы әлеуметтік жәрдемақы алу құқығына үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалардың ата-аналарының біреуі не оның орнындағы тұлға иеленеді.
2. Мүгедек-балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы бала жасынан 18 жасқа дейін тоқсанда бір рет Саран қалалық бюджет қаражатынан төленеді.
3. Атаулы әлеуметтік жәрдемақы мүгедек-балаларға әлеуметтік көмектердің басқа түрлерінен немесе алименттен тәуелсіз тағайындалады.
Билет3
Жетім балалар және ата - ана қарауынсыз қалған балалардың құқықтық жағдайын түсіндіріңіз
Заңда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды толық мемлекеттік қамтамасыз ету келесі түрде бекітілген: - оларға тиісті мемлекеттік және муниципалды мекемеде, қамқоршының, патронат ата - ананың отбасында тегін тамақтану, киім мен аяқ киімнің тегін жиынтығы, тегін жатақхана және тегін медициналық қызмет көрсету немесе олардың толық құнын өтеу;-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 18 жастан асқан, бірақ 23 жастан аспайтын балалар қатарынан орта және жоғары кәсіптік білім беру
31 Ата-ананың өз міндеттерін орындаудан бас тартқан жағдайдағы құқықтық салдарын түсіндіріңіз.
Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың білім беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар.
32.Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыруын түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
33. Мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жағдайын түсіндіріңіз.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қажетті өтілі мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға беріледі.Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |