4. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерін сипаттаңыз. 1.Қазакстан Республикасының Конституциясы (28,29,30-баптары);
2.Халықаралық құқыктық актілер - халықаралық конвенциялар, декларациялар, ТМД елдерінің арасындағы келісімдер;
3. Қазақстан Республикасының заңдары:
- ҚР Еңбек Кодексі;
-ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы;
- ҚР «Мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек туралы» заңы;
- ҚР «Өмір сүру деңгейінің төменгі мөлшері туралы» заңы;
- ҚР «ҚР-дағы арнайы мемлекеттік жəрдемақылар туралы» заңы;
- ҚР «Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектерді əлеуметтік қорғау жəне жеңілдіктер туралы» заңы;
- ҚР «Семей ядролық сынак полигонындағы ядролық полигондардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды əлеуметтік қорғау туралы» заңы;
- ҚР «Арал теңізіндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды əлеуметтік қорғау туралы» заңы жəне т.б.
4. заңға сəйкес актілер (ҚР Президентінің жарлықтары жəне ҚР Үкіметінің қаулылары);
5. ведомстволық актілер (ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің актілері жəне т.б.);
6. жергілікті өзін-өзі баскару органдарының актілері (мысалы, Алматы қаласының);
7.локальдык актілер (келісімдер, ұжымдык шарттар).
5. Қазақстан Республикасының Конституциясын әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көзі ретінде сипаттаңыз. Конституцияға сəйкес Қазакстан Республикасы саясаты адамның жақсы өмірі мен еркін дамуын камтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған саясатқа ие əлеуметтік мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасында адамдардың еңбегі мен денсаулығы қорғалады, отбасын, балаларды жəне аналарды, мүгедектерді жəне қарт адамдарды мемлекеттік қолдау қамтамасыз етіледі, əлеуметтік қамсыз-дандыру жүйесі дамып жатыр, мемлекеттік зейнетақылар, жəрдемақылар жəне əлеуметтік қорғаудың өзге де кепілдіктері белгіленеді. Соған қоса, азаматтардың əлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтары ҚР Конституциясының жекелеген баптарында белгіленген (28, 29, 30-баптары).
Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция заңдар мен заңға сəйкес актілерге қарағанда артықшылық рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сəйкес актілерді қабылдау тəртібін белгілейді.
Басқаша айтар болсақ, конституциялық нормалар заңдар мен өзге де нормативтік құқықгық актілерді қабылдау үшін қайнар көз болып табылады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы ағымдағы заңнама үшін негізгі база, құқықтың басты қайнар көзі болып табылады.