58) Әлеуметтік қызмет көрсету ерекшелігі мен қағидаларын атап көрсетіңіз
Әлеуметтік қызмет — әлеуметтік жұмысты жүзеге асырушы және өз құрамында әлеуметтік қызметті көрсетуге арналған арнайы мекемелер мен басқару органдары бар мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар жүйесі.
Әлеуметтік сала — экономикалық, саяси, рухани салалармен қатар және олармен өзара әрекеттесу арқылы тіршілік ететін қоғамдық өмірдің ерекше саласы. Әлеуметтік топтар, сыныптар, халықтың кәсіби және әлеуметтік-демографиялық санаттарының, сондай-ақ тіршілік жасауының әлеуметтік жағдалары бойынша ұлттық қауымдастықтардың қоғамдағы өзара қарым қатынастары.
Әлеуметтік терапия — әлеуметтік қызметкер мен клиенттің өзара әрекеттесуі, мақсаты – клиентке әлеуметтік жанжалдар мен проблемаларын шешуде көмек көрсету, қоршауындағы адамдар тарапынан қолдауды ұйымдастыру бойынша нақты қызмет көрсету.
Әлеуметтік қамсыздандыру — еңбекке қабілетсіздерді материалдық қамсыздандыру бойынша, балалық пен ата-аналықты жан-жақты қамсыздандыру бойынша әлеуметтік-экономикалық шаралар жүйесі, оның ішінде әлеуметтік зейнетақылар (мүгедектігі бойынша, еңбек өтілі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты және т.б.), жәрдемақылар (жүктілігі мен бала тууы бойынша, балалары бар азаматтарға және т.б.) орнын толтырушы төлемақылар (еңбекке қабілетсіз ададмдарға күтім жасап отырған жұмыссыз еңбекке қабілетті тұлғаларға, және т.б.), шәкіртақылар және т.б.
Әлеуметтік қызмет көрсету — әлеуметтік қолдау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психолого-педагогикалық, әлеуметтік құқықтық қызметтерді көрсету бойынша, қиын өмірлік жағдайдағы азаматтарды әлеуметтік бейімделуі мен оңалтуын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік қызметтер мен жеке мамандардың іс әрекеті.
Әлеуметтік сақтандыру — еңбек етушілердің еңбекке қабілеттілігінен айырылған, ауыруы, жас ерекшелігіне байланысты және т.б. жағдайларда материалдық қамсыздандыру жүйесі, түрлі типтегі әлеуметтік және кәсіби тәуекелдердің кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік сақтандырудың маңызды қайнары – еңбек ақысынан сақтандыру салымдарын міндетті түрде ұстап қалу және жүмыс ұсынушылардың қосымша салымдарымен толықтырылады.
Әлеуметтік қызметтер — іс әрекеті адамның дамуын қолдауға және игілігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдар.
Достарыңызбен бөлісу: |