1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»



бет34/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75
Фил емтихан

Экономикалық ғылымдар – қоғамныңэкономикалық жай-күйі мен дамуының объективті заңдылықтарын зерделеумен‚ шаруашылық өмір құбылыстарын статистикалық өңдеумен және теориялық жүйелеумен‚ материалдық игіліктерді өндіру‚ бөлу‚ тұтыну және оларды айырбастау саласында тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеумен айналысатын ғылымдар жүйесі. 
Олар бірқатар белгілер бойынша сыныпталады‚ олардың негізгілері – зерттеу объектісінің ортақтығы және іс жүзінде қолданылуы. Зерттеу объектісінің ортақтығы дәрежесіне қарай жалпы және нақты (жеке) экономикалық ғылымдар түрлеріне бөлінеді.
Жалпы жкономикалық ғылымдарға саяси экономика (экономикалық теория)‚ қоғамдық өндірісті басқару теориясы‚ т.б. жатады. Экономикалық статистика‚ бухгалтерлік есеп‚ шаруашылық қызметті талдау‚ экономикада математикалық әдістерді қолдану‚ т.б. ерекше орын алады.
Нақты экономикалық ғылымдар сала аралық (атқарымдық) белгі бойынша – қаржы‚ несие‚ ақша айналысы‚ баға белгілеу‚ еңбек экономикасы‚ т.б.; салалық белгі бойынша – өнеркәсіп‚ ауыл шаруашылығы‚ көлік‚ байланыс экономикасы‚ т.б.‚ сондай-ақ өнеркәсіп пен өндірістердің жекелеген салаларының экономикалық мәселелерін зерделейтін пәндер; аумақтық (аймақтық‚ ел танушылық) белгі бойынша – жекелеген елдердің‚ аймақтардың экономикасын зерделеу бойынша ажыратылады. Бұлайша ажырату шартты сипатта болады. Зерттеу нәтижелерінің іс жүзінде қолданылуына қарай экономикалық ғылымдар іргелі және қолданбалы Экономикалық ғылымдар түрлеріне бөлінеді. Іргелі талдамалар қолданбалы талдамалардың негізін құрайды‚ бұларды экономикалық зерттеулерде оңтайлы түрде ұштастыру жекелеген бірлестіктерді (фирмаларды‚ кәсіпорындарды)‚ өнеркәсіпсалаларын‚ жалпы халық шаруашылығын дамытудың тиімділігін қамтамасыз етеді.

15 емтихан билеті





  1. Ғылыми танымның ерекшеліктері: ғылым және дін, ғылым және дәстүрлі таным.

Ғылыми танымның маңызды ерекшелігі – оның өзіне бағытталғандығы немесе ішкі ғылыми рефлексия ретінде калыптасуы; яғни, ол тек таным процесінің өзін, оның пішімдері мен әдіс-тәсілдерін, ұғымдар жүйесін зерттейді;[1]Ғылым және діннің арақатынасы – қарама-қайшы көзқарастарға толы күрделі тақырыптардың бірі. Бір топ ғалымдар олардың арасында ешқандай қайшылық жоқ деп дәлелдесе, тағы бір топ зерттеушілер бұл екі ұғымның қашан да қақтығысып келген деп сендіруге тырысты. Дін мен ғылымды еш уақытта бітіспейтін мүлдем қарсылықты дүниелер ретінде көрсету XVIII ғасырда кең жайыла бастағаны мәлім. Ал ол үрдіс әлемде коммунистік режим дүрілдеп тұрған XX ғасырдың орта шенінде нағыз шарықтау шыңына жетті. Тіпті, қаншама зерттеушілер расында солай екен деп ғылым мен дінді бір-бірінен бөліп қарауды қағида қып ұстанды. Ал енді бүгін ақиқат көзімен тарихи мәліметтерге үңілсек, дін мен ғылымның бір-бірімен ұдайы үйлесімділікте болғанын көреміз. М.Борн, М.Планк, В.Гейзенберг, К.Ф. фон-Вейцзекер, П.Иордан және басқа да әйгілі физиктер осы шындықты тілге тиек еткен. Тіпті «ғылыми» атеизмнің ең ірі өкілдерінің бірі Шахнович өзінің шығармасында бұған таңырқағаны да белгілі[1]. Біздіңше, дін менғылымды бір-біріне қайшы етіп көрсету олардың арасындағы қайшылыққа емес, саяси билік пен тарихи-қоғамдық қозғалысқа әсер ету күшіне байланысты. Мәселен, орта ғасырларда христиан діні патшалық мемлекеттің мүддесін қорғаған идеологияға айналды. Сондықтан дін танымның өзге салаларының барлығын өз құрсауында ұстап, басқа көзқарастардың жұртқа тарамауын ерекше қадағалады[2]. Ал тарихта ғылым мен діннің қақтығысын дәлелдеген ғалымдар ретінде көрсетіліп келген Коперник, Галилей, Дж. Брунолардың ешқайсысы дінсіз болған емес. Қайта керісінше олар діндар еді. Бірақ Рим католик шіркеуі Інжілді түсіндіру тізгінін өз қолында ұстағандықтан, басқаша көзқарастардың өмір сүруіне жол бермеді. Мәселен батыста Декарт, Бойль, Гассенди, Ньютон секілді ғалымдар дін кітабы мен дүние кітабын қатар оқығанда ғана ақиқатты тереңірек тануға болатындығын айтқан-ды. Орта ғасырларда ғалымдардың көбінің дін қызметкері болуы қайшылықтың ғылым мен дінде емес, түсініктің жаңсақтығында екенін айқын көрсетеді.


Дəстүр ғылымда шығармашылық процесті бақылау мен меңгеруді өткізетін ережелерді сақтауға арналған консерватизм позициясын тұрақтандырады. Консерватизм сол себепте дилетантизм мен білімсіздікке жол жабады. Осылар арқылы «нормалы ғылым» өзінің өмірін атқарады, - дейді Томас Кун. Бірақ, дəстүр əрқашанда жаңалыққа да жол қалдыру керек. Себебі, ғылымның жаңалығы таза ақ қағаздан басталмайды, оның қалыптасқан негізі бар; яғни, жиналған білім, əдет пен икем қайта өндірілу керек [1].
Томас Кунның "ғылыми революциялардың құрылымы" кітабы жарық көргеннен кейін ғылыми революциялар тақырыбы ғылыми әдебиеттерде ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды және белгілі бір дәрежеде бәрін әрдайым түсіндіре бермейтін, тіпті кейде проблеманың өзін түсінуді шатастыратын белгілі бір метафораға айналды.
Ішінара, біздің ойымызша, автордың өзі бұған кінәлі, ол ғылымдағы мұндай революциялардың уақыт шекаралары мен мағыналық мағынасын нақты анықтамаған. Осы кезде, атап айтқанда, и.Коэн өзінің "ғылымдағы Революция" (1984) атты іргелі монографиясында назар аударды. Ол дұрыс атап өткендей, елестету қиын, мысалы, бір жарым ғасырға жуық ұзақ кезеңді (XVI - XVII ғасырлар) ғылымдағы революция деп атауға болады.. Оның пікірінше, бұл ғылымды күрделі және көпжақты реформалаудың ұзақ процесі. Егер сіз т.Кунның логикасын сөзбе-сөз ұстанатын болсаңыз, онда бұл тек ғылыми революцияны ғана емес, сонымен бірге одан кейінгі қалыпты ғылым кезеңін де қамтитын кезең.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет