Алдын алу жəне күресу шаралары. Жаздың ыстық күндерінде ірі қараны оқырадан қорғау үшін күндіз малды қорада ұстап, түнде жайған жөн. Бөгелек ұшатын маусымда сауын сиырлардан басқа малды 1 % хлорофос ерітіндісімен немесе үшхлорметафос-3-тің 1% эмульсиясымен əрбір 20-25 тəулік сайын бүркіп отыру шарт. Ол үшін ДУК машинасын, ЛСД жəне бүріккіші бар машиналар қолданылады. Гиподерматоздың алдын алу жəне жою мақсатында ауру қоздырушысының биологиясын, эпизоотиялық ерекшеліктерін, жергілікгі табиғи климат жағдайын жəне шаруашылықты жүргізу технологиясын ескере отырып шаруашылық ұйымдастыру, ветеринариялық-санитария-лық жəне емдеу алдын алудың кешенді шараларын жүргізеді. Шаруашылық ұйымдастыру шараларына кіретіндері: жануарларды жем шөппен қамтамасыз ету, азықтандыру, суару жəне ұстау орындары зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек. Ветеринарнариялық санитариялық шараларға кіретіндері: қоралардан, жайылу алаңдарынан қиларды уақытылы тазалау, қораларды, жазғы загондарды, қоршауларды шараушылық жүргізу техиологиясын ескере отырып дезинфекциялау. Жайылымдарға оқалақ балаңқұрттарымен зақымданған малдар, сондай-ақ шаруашылыққа жаңа түскен малдар инсектицедтермен алдын ала дəріленбей жіберілмейді Оқалақ ұшу кезеңінде малдарды қораларда, лапас астында ұстайды, таңертең оқалақ ұшқанға дейін, кешке олардың ұшу кезеңі аяқталған мерзімде, жаяды. Гиподерматозбен күресудің кешенді іс шараларындағы негізгі əдісі болып, мал денесіндегі бөгелек балаңқұрттарының бірінші сатысына қарсы дəрілейді,күзде бөгелектердің ұшуы тоқтаған кезде домдайды. Гиподерматоздан таза емес аймақтарда барлық жануарлар химиотерапиядан өтеді. Ірі қара малдарын зерттеу жəне балаңқүрттардың 1 -2 сатысына қарсы химиотерапия жүргізуді республиканың оңтүстік аймағында ақпан-наурыз айларында, орталық жəне солтүстік бөліктерде сəуірмамыр айларында жүргізеді.
22.Жәндіктер коллекциясынан танау қуыс бөгелегін тауып, сипаттаңыз.
Қойдың танау бөгелектері балаңқұртын жою жолдары. Қой эстрозына қарсы 4 % хлорофос ертіндісін әсерлі заты бойынша дайындайды. Оны резина түтікшесі арқылы, ирригатор көмегімен әрқайсысын 20-25 мл мөлшермен танау қуысын шаяды.
Емдеу кезінде дәрігердің көмекшісі малдың басын сәл көтереңкі ұстап тұруы қажет. Ең оңай әрі тиімді әдіс - Қазақ ғылыми зерттеу малдәрігерлік институты ұсынған, малды топтастырып, аэрозольды жолмен емдеу тәсілі. Ол үшін 400-500 бас қойды жабық қораға қамап, есік-терезесін бітеп, қораны 4-5%-хлорофос дәрісін ДУК автомашинасымен немесе басқа автоматтандырылған қондырғылардың көмегімен бүркеді. Дәріні шашып болған соң, қойды қорада 1 сағат бойы ұстап, дәрі парымен демалдырады. Уақыт өткен соң, есік-терезені ашып, қораны желдетіп, малды ауладағы ашық қораға шығарады. Онан соң, қой түшкіріппысқырғанда түскен бөгелек балаңқұрттарын жинап, өртеп жібереді. Қой пысқырығына хлорофостан басқа да дәрілерді қолдануға болады. Мысалы, эстрозол дәрісінің емдік қасиеті одан да жоғары. Оның аэрозолды бір баллоны 400 м 3 қора көлеміне қамаған қойға жетеді.
Қуыс бөгелектері өте өсімтал жәндіктер. H. Bovis бөгелегінің ұрғашысы 800-дей жұмыртқа салады. Олар тері түгіне бірнеше жұмыртқадан, ал өңеш бөгелегі 5-20 жұмыртқадан әр шабуылында жапсырып кетеді. Қойдың танау бөгелегі Оestrus ovis - 600-ге жуық балаңқұрт табады. Қой танауына әр шабуылында 8-39 балаңқұрт шашады. Жылқы бөгелегі Rh. purpureus - 700-792, Rh. latifrons - 640-1074, Rh. usbecistanicus - 425- 560 балаңқұрт туады. Әр бөгелек әр шабуылында 8-40 балаңқұрт шашады. Жылқының қарын бөгелегі G. intestinalis 887-1052 жұмыртқа табады. Жалпы, 1 малдың түгіне жабысқан жұмыртқа саны 3000-5000 жетеді. Қолайлы жылылықта 7-16 күнде жұмыртқа ішінде балаңқұрт өсіп, дамиды. Олар 40-50 кейде 90 күн жұмыртқа ішінде тіршілігін сақтай алады. Бөгелектерден бөлінген жұмыртқалар, балаңқұрттар түгелімен мал денесіне енбейді. Қоршаған ортаның, ау-райы әсерінен олардың көпшілігі жойылады. Мал денесіне бөгелек балаңқұрттарының белгілі бір мөлшері енуге қабілетті.
Достарыңызбен бөлісу: |