1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет2/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Құмытылар (Мокрецы)- Ceratopogonidae тұқымдасына жататын
құмытылардың 4000 түрі айқындалған, бірақ арасында мыңға жуығы ғана
қан сорғыштар. Біздің елімізде 50 түрі кездеседі. Құмытылардың 20 туысы
бар.
Туыстары: Culicoides (қанаттарында дақтары бар),
Leptoconops,
Forcipomyia
Даму айналымы: Жұмыртқы- балаң- қуыршақ- ересек
Ересек сатысы - имаго. Дене тұрқы 0,8-2,5-3 мм, көбінесе 1 мм
шамасында.
2. Жұмыртқалары сопақ, 0,12-0,4 мм, жылтыр, басында ақшыл,
сосын қоңыр болып қалады.
3. Балаңдар құрт тәріздес, ұзындығы 5-15 мм-ге дейін жетеді.
4. Қуыршағы қоңыр 5 мм (43-сурет).
Даму айналымы: Толық метаморфозды. 14-25-30 күнде бітеді, жылда
3-5-6 ұрпақ береді. Шағылысу ауада өтеді.
Даму айналымы 14-25-30 күнде бітеді, жылына 3-5-6 ұрпақ береді.
Экологиясы мен фенологиясы: Қалың ормандарда ылғалдылығы мол
жерлерде кездеседі. Олар желсіз, ауаның температурасы 14°С жоғары
деңгейде ұшады. Өрісте жайылып жүрген малды, қорада байлаулы тұрған
малды да шағады.
(Вет.маңызы)Келтіретін зияны: Сыртқы тоғышар ретінде өте мазасыз жәндіктер.
Оларға таланған мал азығын жей алмастан, шыбындардан қорғанып жұмыс
қабілетін және өнімділігін төмендетеді. Мысалы, әр сиырдан 30 күннің
ішінде 9 кг дейін сүт, әр бас малдан 5 кг дейін тірі салмақ жоғалтады:
Сілекейлерінде улы заттар болған соң малда қышыма, аллериялық ошақты
дерматит, тері астындағы дәнекер ұлпаның ісінуі пайда болады. Түгі түсіп
қалады. Тасымалдаушы ретінде көптеген індет аурулардың қоздырғыштарын
таратады. Мысалы, адамның жапон энцефалиттің, тулеремияны, африкалық
оба. Мал мен адамда кездесетін онхоцерк деген жұмыр құрттың аралық иесі
және тасымалдаушысы болып табылады.
Дауа шаралары. Мелиорация жұмыстары арқылы құмыты шығатын жерлерді құрғату. Малды дымқыл жерлерден аулақ бағу. Сондай-ақ, масаларға қарсы жүргізілетін шаралар, құмытыларға да қарсы қолданылады.
Балығы жоқ су қоймаларына 10 мл м2 мөлшерінде 1 % хлорофос ерітінідісі шашылады.
Отызыншы жылдары құмытымен күрес үшін биологиялық əдіс те қолданылған. Ол үшін 1924 жылдан бастап Италиядан гамбузия балықтары əкелініп, су қоймаларына жіберіліп өсіп-өндірілген. Бұл балықтар негізінен масалардың балаң құрттарымен қоректеніп, оларды тез арада жойып жібереді.
Соңғы жылдары қансорғыш “беймаза” жəндіктермен күресте экологиялық əдіс кеңінен қолданылып жүр. Ол үшін малтұрақтары мен уақытша жаздық шарбақтарын дөңдеу жерге, жел өтіне жəне маса биотоптары болатын шалшықты жерлерден аулақ (4-5 км) жерлерге қоныстандыру; сондай-ақ, жайылымдарға жеңіл құрылыстар ретінде көлеңкелі жəне жақсы желденіп тұратын лапас тəріздес уақытша тұрақтарды салу жақсы нəтиже береді.
Күндізгі уақытта осы уақытша тұрақтағы малды жасыл желеңмен, салқын сумен үзбей қамтамасыз етудің де масалармен күресте маңызы өте зор.
10. Бөгелектер қоздыратын аурулардың қысқаша мінездемесі және жіктелуі.
Бөгелектер – бұл Diptera тегіне жататын қос қанатты шыбындардың биологиялық тобы. Олар балаң құрттарының мекен – жайына қарай әртүрлі ауруларды қоздырады. Әртүрлі ағзаларды зақымдайды да үш үлкен топқа, тұқымдасқа бөлінеді.
1.Hypodermatidae тұқымдасына жататын бөгелектер, олардың балаңдары терінің астында мекендейді, мынандай ауруларды қоздырады.
а) H bovis, H linetum – ірі қара гиподерматозы
б) Oedemagena tarundi – бұғылар эдамагенозы
в) Crivellia silenus – ешкілердің кривелиозы 11 туысы, 33 түрі бар.
2.Oestridae тұқымдасына жататын бөгелектер. Олардың балаңдары кеңсірік танауында, маңдай қуысында мекендеп, осындай ауруларды қоздырады.
а) Oestrus ovis – эстроз (қой пысқырығы)
б) Rh.purpureus, Rh. Lаtitrons, Rh.usbekistieus – жылқылар ринэстрозы
в) Cephaloрina titillator – түйелердің цефалопинозы (құмыр)
г) Cephenomyia trompe – бұғылар цефенолиозы 9 туысы,35 түрі белгілі.
3.Gastrophyllidae тұқымдасына кіретін бөгелектердің балаң кұрттары жылқылардың т.б тақ тұяқтылардың асқорыту жүйесін зақымдап, мал гастрофилез деген ауруға шалдығады. Екі туысы, 11 түрі бар. Олар: Gastrophylus intestinalis, G. haemorrhoidalis, G. pecorum, G. veterinus, G. inermis, G. nigricornis.
БӨГЕЛЕК БАЛАҢ-ҚҰРТТАРЫ ҚОЗДЫРАТЫН АУРУЛАР - тобына ірі қара гиподерматозы, яғни оқыра, жылқы-гастрофилезі (қарын бөгелегі), ринэстрозы (пысқырық бөгелегі), қой эстрозы (кеңсірік бөгелегі) және түйе цефалопинозы (құмыр) жатады. Бұл аурулар еліміздің барлық түкпірлерінде кездеседі, сол себептен де мал шаруашылығына орасан зиян келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет