1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым


Жылқы ринэстрозы Ринэстроз- Oestrіdae тұқымдасына



бет20/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Жылқы ринэстрозы Ринэстроз- Oestrіdae тұқымдасына, Rhіnoestrus туысына жататын кеңсірік-көмей бөгелектерінің балаң құрттары қоздыратын жылқының энтомоз ауруы. Ауруға шалдыққан жылқының кеңсірік, маңдай қуыстары кілегей қабықтары қабынады, алқым жəне шықшыт бездері ісінеді, жылқы арықтайды жəне жұмыс қабілеті төмендейді, ал кейде өлім-жітімге шалдығады.
Қоздырғышы. Қазақстанда жылқының ринэстроз ауруын танау бөгелектерінің екі түрі қоздырады: Rhіnoestrus purpureus жəне Rh. latіfrons.
Rh. Purpureus - ақбас, қоңыр, орыс бөгелегі деп аталады. Имаго кезеңінде дене тұрқы 8-12 мм, жылтыр қоңыр түсті, денесінде түгі аз, арқа жағында біренсаран сүйелдері бар. Басы үлкен жəне жылтыр. Күрделі көздері ұрғашыларында бір-бірінен алшақ, ал еркегінде жақындау орналасқан. Мұртшалары қысқа, арнайы шұңғылдардан таралған. Ауыз мүшелері жетілмеген. Кеуде бөлімінің арқа буылтықтарға бөлінген төрт қара жолақтары бар. Құрсақ жағы сопақ-жұмыртқа тəрізді, сыртын жылтыр қара сүйелдер қаптаған. Құрсағының асты ақ түсті, қанаттары мөлдір, түп жағында үш қара нүктесі бар. Аяқтары қысқа.
І сатыдағы балаң құрттардың дене тұрқы 1-3,5 мм, денесі арқадан құрсаққа қарай жалпиған. Тікендері негізінен құрсақ жағында. Бастапқы буылтығында ауыз ілгектері орналасқан. Олар ұзын, имектелген ұштары өткір, ашық-қоңыр түсті, екеуінің түп жағы жақындасып келіп қайта тарқайды. Осы құрылысына орай ілгектер иесінің ұлпасына терең еніп, онда жақсы бекінеді. Ілгектер арасына балапан-құрттардың аузы орналасқан. Əр буылтықта 2-3 қатар тікендері, ал бүйір жақтарында 4-5 ұзын түктері бар.
ІІ сатысындағы балапан-құрттар құрылысы жағынан ІІІ сатыдағы балапан-құрттарға ұқсас, бірақ олардан кішірек.
ІІІ сатыдағы балапан-құрттардың дене тұрқы 200 мм. Денесінің арқа жағы шығыңқы, құрсақ жағы тегіс. Бас жағында сезгіш екі төмпешігі жəне ауыз ілгектері бар. Буылтықтардың астыңғы жағы тікендермен қаруланған. Арт жағында екі тыныс тесігі бар, олардан кеңірдектер басталады. Rh. latіfrons- келте бөгелек, имаго кезеңінде дене тұрқы 11-13 мм. Дене құрылысы жағынан ақбас, яғни қоңыр бөгелекке ұқсас. Денедегі жолақтары қызылқоңыр түсті. ІІІ сатыдағы балапан-құрттардың денесі жалпақ. (қараңыз: XII - сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет