2. Argasidae (аргазид кенелері)
3. Gamasoidae (гамазоид кенелері)
2.Acariformes (акариформды кенелер)
Тұқымдасы: 1.Psoroptidae
2.Sarcoptidae
3.Demodecidae
4. Knemidocoptidae
Ixodes(жабысқақ кене)
Ixodes туысына жататын кенелердің тұмсығы ұзын, түбі төрт бұрышты.Көздері жоқ.Сондықтан олар бұтаның не шөптің басына шығып алып, алдыңғы аяқтарын созып отырады.Мұндай кенелерді мал жүретін соқпақтарда кездестіруге болады. Осындай кенелер соқпақпен өтіп бара жатқан жануарларға немесе адамға жабыса кетеді. Сондықтан да бұл кене туысын Іxodes жабысқақ деп атайды.
Жайылым кенелерінің ішінде бұл туысқа жататын кенелер аса көп тараған жоқ. Олар Іxodes rіcіnus жəне І.рersulcatus түрлеріне жатады. Бұл кенелер ірі қара мал бабезиозының қоздырғышы Babesіa bovіs, қой анаплазмозының қоздырғышы Anaplasma ovіs жəне ірі қара анаплазмозының қоздырғышы A. margіnale тасымалдайды.Сондай-ақ,І. рersulcatus адамның кейбір вирусты жəне бактериалды ауру қоздырғыштарын жұқтырады.
Іxodes rіcіnus кенесі Евразия аймағының солтүтік-батысында көп тараған, оның шығысқа қарай таралу шекарасы Волга өзеніне дейін келеді. Сондай-ақ Кавказ тауы мен тау етегінде де кенелер кездеседі. Ал Волга өзенінен шығысқа қарай орталық жəне Оңтүстік алқаптарды басып, Қиыр Шығысқа дейінгі таулы жəне ағашты жерлерде І. persulcatus кенелері кездеседі. Қазақстанның тау етектерінде жəне кішігірім тауларда қалың шөп жəне бұталар арасында кезедеседі.Кенелердің бұл түрі кекілік, ор қоян,жабайы аңдар жəне үй жануарларының эктопаразиттері. Іxodes кенелері суыққа өте төзімді.-200С суықтыққа шыдай береді.Қолайлы жағдайларда өсіп-жетілуіне 5-9 айдай уақыт керек,ал кейбір жылдары бұл кенелердің өніп-өсуі 2-3 жылға дейін созылады.І. persulcatus кенелері Қиыр Шығыста адамның энцефалит ауруының қоздырғышын тасымалдайтын жəне осы аурудың табиғи ошақтарын түзуге қатысатыны анықталды.Осы құбылыстарды зерттей отырып, академик Е.Н.Павловский (1939 жыл) өзінің трансмиссивті аурулардың табиғи ошақтары туралы ілімін негіздеді.
Күрес шаралары: Ірі қара бабезиозы кезінде күрес шарасы 2 бағытта жүргізіледі:
1.Тасымалдаушы кенелермен күрес.Кене тараған жайылымдарға мал жаюға болмайды. Мəдени жайылымдар малды кене талауынан қорғайды.Ауру кездесетін шаруашылықтарда кенелерді өз биотоптарында жоюмен қатар акарацидті препараттармен малды дəрілеу қажет.
Ірі қараны әр жеті сайын кенелерге қарсы бензофосфаттың 0,2%-тік эмульциясымен, циодриннің 0,5%-тік эмульциясымен, дурсбанның 0,15%-тік эмульциясымен, хлорофостың 3%-тік ерітіндісімен бүркіп, дәрілеуге болады. Иксодид кенелерін мал денесінен 37,5 ч/млн дозада бутокс ертіндісімен шомылдырып немесе 25 ч/млн дозада аэрозолды әдіспен бүркіп жоюға болады (ч/млн - 1 бөлім белсенді заттың 1000 л судағы ертіндісі). Неоцидолдың 600 ч/млн дозадағы ерітіндісін (600 к.э. 1: 1000) шошқадан басқа малға шашуға болады.
2.Химиялық-профилактика. Ауруды таратып алмау үшін, ауруға бейім жануарларға азидин, наганин немесе беренил қолданылады. Препаратты 12 күнде бір рет қолдануға болады. Жақсы нəтиже азидин мен наганинді алма-кезек қолданудан болатыны дəлелденген.
34. Hyalomma туысы кенелерінің зияндылығы, олармен күрес шаралар.
Достарыңызбен бөлісу: |