1. Біриелі кенелер – кенелердің барлық сатысы бір иенің ғана қанын сорады (Boophylus, Hyalommascupense тусы).
2. Екіиелі кенелер – балаңкене мен нимфа бір түрлі малдың, ал имаго екінші түрлі малдың (Rhipicephalusbursa, HyalommaplumbeumH. detifum).
3. Үшиелі кенелер – әр түрлі малдың қанын сорады (Hyalomma аnatolicum, Rhipicephalusturanicus, Dermacentor, род Ixodes).
Иксодид кенелер инфекциялық және инвазиялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар болып табылады, олар механикалық және биологиялық тасымалдаушылар болуы мүмкін.
Механикалық тасымалдаушлар – тасымалдаушының организмінде қоздырғыш өзгермейді, сол күйінде сау малға жұғады. М: трипаносомоз (Trypanosomaevansi).
Биологиялық тасымалдаушылар – тасымалдаушының организмінде қоздырғыш бір сатыдан екіншісіне ауысады. Мысалы - пироплазмоз, бабезиоз, тейлериоз, нутталиоз қоздырғыштары иксодид кене денесінде-тасымалдаушыда жынысты жолмен дамиды.
Иксодид кенелері ауру қоздырғышын 2-жолмен таратады: трансфазды және трансовариалды.
Аргазида кенелері
Аргазида кенелері Parasіtіformes тегіне жататын, жай көзбен жақсы көрінетін ірі кенелер. Олар Argasіdae тұқымдасына жатады. Оның ішінде Argas және Alveonasus туыстарының ветеринариялық маңызы бар. Аргазида кенелері еліміздің Оңтүстігінде таралған, олар мал мен құс денесінде кездеседі. Әсіресе Argas persіcus немесе парсы құс кенесі, Alveonasus lahorensіs - қашар кенесі мал, құс қораларында жиі кездеседі.
Argas persіcus кенесі құс қораларында өмір сүреді. Бұл кенелердің барлық сатылары құс баррелиозы, құс туберкулезі, құс сүзегі және үйрек қылауы қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл кенелер құс эктопаразиті ретінде құсты арықтатады, көптеп жабылғанда құс балапандары өліп қалуы мүмкін. Парсы кенелерінің дене тұрқы 4,5-9 мм, ал ені 3-6 мм. Пішіні жұмыртқа тәрізді, денесі жалпақ, аш кененің түсі сұр. Қанға тойынған кенелер түйебұршақ тәрізденеді. Бұл кенелердің көздері жоқ, тұмсығы денесінің астыңғы жағында, тритремалары орақ тәрізді. Кене Қазақстанның Оңтүстік облыстарында және Орта Азия республикала-рында таралған.
Alveonasus lahorensіs - қора кенелері. Қой денесіне бұл кенелер көптеп жабысып, қанын сорғанда мал арықтайды, кейде салданады.
Достарыңызбен бөлісу: |