І. Кенелерді биотоптарда жою.
Тың жерлерді жыртып, оның орнына жасанды жайылымдарды игеру.
Жайылымды ауыстыру.
Кенелер көбейген кезде малды таудағы шұрайлы кең жайылымдарға ауыстыру.
Қораларда дезакаринизацияны жасау. Бұл шараларды жылына екі рет өткізеді.
көктемде ересек кенелер шықпай тұрғанда;
шілде – тамыз айларында майда ұрықшалар мен нимфаларға қарсы.
Қолданылатын акарицидтер:
Аэрол – 2 (хлорофос + ДДИФ 9:1) – 20 мл/м3 ;
Глак – ц 50 мл/м3 ;
1,5%-тік хлорофос ертіндісі - 200 мл/м3 ;
0,2%-тік бензофосфат эмалі 200 – 400 мл/м3 ;
Қораны дәрілеген соң малды кіргізер алдында 3-4 сағатқа есік – терезесін ашып, еденді, науаларды ыстық сумен шайып, жуып препараттардың қалдықтарын жояды.
ІІ. Кенелерді мал денесінде жою:
Малды ванналарда тоғытады немесе бүрку әдісімен дәрілейді.
Ірі қара: 0,2%-тік бензофосфат эмалі; 0,5%-тік циодрин эмалі; 0,15%-тік дурсбан эмалі. Бұл үшеуін 1-3 литрден малдың бір басына жеті күнде бір реттен бүрку әдісімен емдейді.
Қой: 0,2%-тік бензофосфат эмалі; 0,05%-тік неоцидол эмалі; 0,1%-тік дурсбан эмалі бұларды 9 – 10 күнде бір рет ваннадан өткізеді. Қыста 7%-тік севин дустын, малдың бір басына 300 – 400 гр. мөлшерінде қолданады.
33. Ixodes туысы кенелерінің зияндылығы, олармен күрес шаралар.
Патшалығы: Animalia(жануарлар)
Топтамасы: Arthropoda (буынаяқтылар)
Тап: Arachnoidae (өрмекшітәрізділер)
Өрмекшітәрізділер бірнеше текке бөлінеді, олардың ішінде ветеринариялық және медициналық маңызы бар – 2 тегі:
Тегі: 1. Parasitiformes (паразитиформды кенелер):
Тұқымдасы: 1. Ixodidae (жайылым кенелері):
Туыстары: 1.Hyalomma (шыны көзді кене)
2.Ixodes(жабысқақ кене)
3.Dermacentor (тері кескіш кене)
4.Haemaphysalis (қан сүйгіш кене)
5.Rhipicephalus (желпеуіш басты кене)
6.Boophylys (ірі қара кенесі)
Достарыңызбен бөлісу: |