1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет38/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   98
паразит экзамен ответ 1

І. Кенелерді биотоптарда жою.

  1. Тың жерлерді жыртып, оның орнына жасанды жайылымдарды игеру.

  2. Жайылымды ауыстыру.

  3. Кенелер көбейген кезде малды таудағы шұрайлы кең жайылымдарға ауыстыру.

  4. Қораларда дезакаринизацияны жасау. Бұл шараларды жылына екі рет өткізеді.

  1. көктемде ересек кенелер шықпай тұрғанда;

  2. шілде – тамыз айларында майда ұрықшалар мен нимфаларға қарсы.

Қолданылатын акарицидтер:

  1. Аэрол – 2 (хлорофос + ДДИФ 9:1) – 20 мл/м3 ;

  2. Глак – ц 50 мл/м3 ;

  3. 1,5%-тік хлорофос ертіндісі - 200 мл/м3 ;

  4. 0,2%-тік бензофосфат эмалі 200 – 400 мл/м3 ;

Қораны дәрілеген соң малды кіргізер алдында 3-4 сағатқа есік – терезесін ашып, еденді, науаларды ыстық сумен шайып, жуып препараттардың қалдықтарын жояды.
ІІ. Кенелерді мал денесінде жою:
Малды ванналарда тоғытады немесе бүрку әдісімен дәрілейді.
Ірі қара: 0,2%-тік бензофосфат эмалі; 0,5%-тік циодрин эмалі; 0,15%-тік дурсбан эмалі. Бұл үшеуін 1-3 литрден малдың бір басына жеті күнде бір реттен бүрку әдісімен емдейді.
Қой: 0,2%-тік бензофосфат эмалі; 0,05%-тік неоцидол эмалі; 0,1%-тік дурсбан эмалі бұларды 9 – 10 күнде бір рет ваннадан өткізеді. Қыста 7%-тік севин дустын, малдың бір басына 300 – 400 гр. мөлшерінде қолданады.



  1. Boophylis туысы кенелерінің зияндылығы, олармен күрес шаралар.

Boophilus туысына жататын біздің елімізде бір ғана кене түрі - ол B.calcaratus. Бұл кенелер жайылым кенелерінің ішіндегі ұсағы, қоңыр түсті. Тұмсығы қысқа, тұмсық түбі алты бұрышты, көздері бар. B.calcaratus кенелері ірі қара пиролазмозын, франсаиеллезін тасымалдайды. қоздырғыштары кененің жұмыртқасы арқылы немесе трансовариалды жолмен келесі ұрпаққа көшіп отырады. B.calcaratus кенелері Қазақстанның оңтүстігінде, Орта республикаларында кездеседі. Бұл кене бір иелі. Малға жабысқан кене 25-30 күнде қанға тойынып, тасалау жерге 2-3 күннен жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапан-кенелер жануарларға жабысып, тойған соң күн ішінде нимфаға айналады. Олар иесінің денесінен түспей 5-10 күннен соң имаго (еркек немесе ұрғашы) фазасына дейін өсіп-өнеді. Толық өсіп жетілуіне 2 айдай уақыт керек. Жылдың жылы уақытында B.calcaratus кенелері үш ұрпақ береді. Балапан кенелері 6-7 айдай ашығуды көтереді. Тың жерлерді игеруге байланысты B. calcaratus кенелерінің саны жылдан жылға азайып келеді. Бұл кенелердің биотоптары ағашты-бұталы тау етегінде өмір сүруге қолайлы жағдайлар жерлерде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет