1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет94/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
паразит экзамен ответ 1

Романовский-Гимзе бойынша бояу

Күрделі бояу әдісіне жатады және мүшелерден алынған жұғын-препараттарды және қан препараттарын бояуға қолданады, сұйық фиксаторда бекіген соң. Бактериялық клетканың ядролық элементтерін және волютин дәндерін анықтау үшін қолдануға болады. Бояу үшін 1 мл суға бір тамшы алынады, рН – 7,2.


Бояу этаптары:


1.Петри ыдысына жұғын-препаратты төмен қаратын салу керек, және препарат шыныға жабыспау үшін астына зат қою керек;


2.Шетінен бастап бояуды құу керек, көпіршік шықпау керек (1-24 мин);


3.Сумен шайып тастау (рН 7,2) және фильтр қағазымен кептіру.


Жас клеткалардың протоплазмасы сия көк-фиолет түске боялады, ядролық элементтері -қызыл-фиолет түс алады. Енді аз уақыт қышқылмен өндегенде бояуды қабылдаған микробтық клеткалар түссізденбейді. Осылай қышқылға тұрақты бактерияларды тұрақсыз бактериялардан ажыратуға болады. Қышқылға тұрақты бактерияларды қосымша Циль-Нельсен әдісімен бояу қажет.




114. Протозойдтық ауруларға қарсы шаралар химиотерапевтік препараттар.
Ауыл шаруашылығы малдарының протозоидтық ауруларымен күресу үшін, оларға қарсы химиялық дәрілер қолданудың маңызы зор.
Химиялық дәрілер протозоидтық ауруларды емдеу үшін және профилактикалық мақсатпен қолданылады. Бірақ, бұл дәрілердің кейбіреуініңэмбриотоксикалық, тератогендік, мутагендік, аллергендік және концерегендік кері әсері болуы мүмкін. Әрбір дәрінің қосымша кері және терапиялық әсерін сараптай отырып, оларды қолдану ұзақтылығын да есептеген жөн. Мысалы, антикокцидиялық дәрілермен емдеу мерзіміөте ұзаққа созылады, ал пироплазмицидтік, трипаноцидтік дәрілерімен бір немесе екі рет қана емдейді.
Химиотерапиялық дәрілерді қолданбас бұрын олардың емдік және уландыру әсерінің ауыспалы дозасын білудің маңызы зор. Дәрінің әсері дегеніміз, ең төменгі әсерлік дозамен, емдік дозаның арасындағы диапазон. Ал, химиятерапиялық дәрінің улану дозасын жәй есептермен анықтауға болмайды. Оны клиникалық тәжірибеде сынап, мал организміне тигізер зияндылығын болжай отырып анықтайды.
Бүкіл мал басын химиялық дәрімен уландырып алмас үшін, биологиялық сынама жүргізу қажет. Ол үшін төменгі, орта және жоғарғы қоңдылықтағы 10-12 бас малды таңдап алып, қолдануға ұсынылған дәрінің емдік дозасымен, дәрінің қолдану ережесіне сәйкес емдейді. Онан соң емделген малды 3-4 күн клиникалық тексеруден өткізеді. Егер, емделген мал арасында клиникалық ауытқулар болмаса, қалған малды толығымен дәрілеуге болады.
Химиотерапиялық дәрілердің емдік әсерін басқа дәрілермен салыстыра отырып, аурудың клиникалық белгілері бар 5-10 бас малға тәжірибе жүргізу арқылы анықтайды. Ол үшін тәжірибеге таңдап алған малдан тәжірибелік және бақылау тобын құрады. Ондағы мал салмағы, жасы, керекті жағдайда жынысы, т.б. бірдей болуы керек. Зерттеудің бағытына қарай, тәжірибелік топ бірнеше болуы мүмкін. Мысалы, сыналатын жаңа химиялық дәрімен I топтағы малды, II топтағы малды бұрыннан қолданылып жүрген дәрімен емдейді, ал III топ мал бақылау тобын құрайды.
Химиялық дәрінің емдік әсерін анықтау үшін тәжірибедегі, бақылау тобындағы малды емдемес бұрын зерттеу қажет. Олардың дене температурасын, тамыр қағысын, дем алысын санап, анықтайды. Мүмкіндігінше паразиттің сандық көрсеткішін де есептейді. Гемотологиялық, иммунологиялық және биохимиялық зерттеулер жүргізу үшін барлық малдан қан алады. Малды емдеген соң, олардың күнделікті дене температурасын өлшейді, басқа да клиникалық, гемотологиялық паразитарлық, т.б. зерттеулерді қажетінше жүргізеді.
Малды емдеуден 10-15 күн өткен соң, барлық топтағы малдарды жоғарыда көрсетілген әдістермен қайта зерттейді. Тәжірибелік топтағыемделген малдардың клиникалық, гемотологиялық, паразитологиялық керекті жағдайда иммунологиялық және биохимиялық көрсеткіштерін, бақылау тобындағы малдардың көрсеткіштерімен салыстыра отырып, дәрінің емдік әсерін сараптайды, аурудан толық айыққан малдың пайызын есептеп шығарады. Аурудан айыққан малдың, жалпы барлық емделген малға шаққандағы пайыздық көрсеткіші дәрінің экстенстиімділігі деп, аталады.
Химиялық дәрілердің емдік белсенділігі, дозасы арнайы тәжірибеде анықталғаннан соң, шаруашылық жағдайында кеңейтілген өндірістіктәжірибе жүргізіледі. Мұнда да зерттеу жұмыстарын тәжірибеге және бақылауға алынған қой отарларына, ірі қара, жылқы табындарына жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет