1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым


Мастигофороздарға диагноз қою әдістері (трипаносомоздар, трихомоноздар, лейшманиоз және гистомоноз)



бет97/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
паразит экзамен ответ 1

119. Мастигофороздарға диагноз қою әдістері (трипаносомоздар, трихомоноздар, лейшманиоз және гистомоноз) .

Трипаносомозды Диагнозы. Ауруды анықтау үшін эпизоотологиялық деректерді, клиникалық белгілерін еске ала отырып, микроскопиялық жəне серологиялық (КБР, иммунофлуоресценция) зерттеулер жүргізеді. Микроскопиялық зерттеу жүргізу үшін, ауырған биенің қынабынан,айғырдың уретрасынан қырынды алып, пəн шынысына бір тамшысын тамызып, жапқыш əйнекпен қысып көруге болады. Кейбір ауырған малдардан паразит табылмауы мүмкін. Сол себептен де қосымша қан сарысуын серологиялық реакциямен тексереді. Киеңкі шыққан жылқы табыны арасында клиникалық, микроскопиялық жəне КБР əдістерімен зерттеулер жүргізіп, оның нəтижесін ескере келіп, оларды 4 топқа бөледі.
1)Аурулар тобы: КБР əдісімен 1 рет болса да оң реакция (титрі 1:10 жəне жоғары) берген немесе жыныс мүшелерінен трипанасома табылған жылқы;
2)КБР əдісімен 2-3 рет күдікті нəтиже берген жылқы;
3)Денесінде шығырық пішінді ісіктері, салдану жəне жартылай салдану белгілері бар жылқы;
4) КБР əдісімен теріс реакция берген, бірақ ауруға тəн клиникалық белгілері бар жылқы;
ІІ. Ауруға күдіктілер тобына мыналар жатады:

    1. Үш рет КБР əдісімен теріс реакция берген, бірақ аурудың көмескі Болса да белгісі бар жылқы;

    2. 3 рет КБР əдісімен зерттегенде, 1 рет күдікті реакция берген, бірақ

Ауру белгілері жоқ жылқы;

    1. Аурудан сау емес топтағы көтерем жылқы.

ІІІ. Күдіктілер тобына аурудан сау емес үйірде шағылыста болған
Жылқы жатады.
Трихомонозды анықтағанда эпизоотологиялық, клиниКалық деректерді ескере отырып, лабораториялық зерттеулер Жүргізіледі. Сиырлардың іш тастауы, күйлей беруі, қынаптан ірің ағуы, Жатыр қабынуы, қысыр қалуы – трихомонозға күдік тудырады. Зертханалық тексеру жүргізу үшін трихомонадаларды жасанды Қоректік ортаға себу қолданылады. Ол үшін 1 % мальтозға қосылған Бауыр сорпасы керек. Əрбір түтікке 10 мл сорпа жəне оның үстіне Вазелин майы құйылған соң осы түтіктерді 10 минутқа автоклавқа Салып, 110-1200С-та зарарсыздандырады. Трихомонадаларды себер Алдында жасанды ортаның əр 1 мл-не 500 өлшем пенициллин, 800 Өлшем стрептомицин физиологиялық ертіндіге езіліп қосылады жəне 10 % жылқы қанының сарысуы қосылады. Себіндіні 3 күн термостатта 300-та ұстағанда, трихомонадалар бар болса, жасанды қорек лайланып Түтік түбінде шөгінді пайда болады. Микроскоп арқылы трихомонадаларды табу үшін түтік ішінен бір Тамшы алынып, орташа үлкейтетін объектив арқылы қаралады. Микрокопиялық əдіспен зерттеп қарау үшін қынап пен жатырдан Аққан жалқаяқ, қағанақ суы жəне одан алынған қырынды, бұқаның Қосалқы жыныс бездерінен алынған шырыш, ұрығы жəне күпек Шайындысы зерттеледі. Бір тамшы шайындыны төсеніш шыныға Тамызып, үстіне жапқыш шыны салады. Микроскоппен қарағанда Ішінде қозғалып жүрген трихомонадаларды көреміз. Əр малдан 4-5 Тамшы зерттеледі. Шайынды қою болса, оған физиологиялық ерітінді Құйып сұйытылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет