1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым


Мал пироплазмидоздарының химиопрофилактикасы



бет80/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   98
паразит экзамен ответ 1

92.Мал пироплазмидоздарының химиопрофилактикасы.
Ауру малды міндетті түрде арнайы дəрілермен емдеу шарт, емделмесе ауру өліммен аяқталады. Сондықтан пироплазмоз шыққан табында аурудың алдын алу үшін химиопрофилактика жасау үшін азидин немесе наганинмен аралас қолданады. Соңғы дəрі арнайы дəрілердің əсерін ұзартады. Егер мал бастапқы жайылымда қалатын болса, осы емді 10-14 күннен соң қайталау қажет.
Жануарлардың денесінде тасымалдаушы кенелер табылған кезде немесе аурудың жеке жағдайы байқалғанда табындағы барлық малды ерте химиопрофилактикалық дауалайды нұсқамада көрсетілген дозада жəне əр бір 15 күннен кейін мал басының жалпы ауруының тоқтауына дейін қайталайды. Жануарларды химиопрофилактика жүргізілгеннен екінші күннен кейін акарацидтік препаратармен кенелерге қарсы емдейді.
93. Иксодид кенелерін және олардың мүшелерін пироплазмидтерге тексеру әдістері.
94. Ірі қара тейлериозы.
Тейлериоз – пигментсіз эндоглобулярлы қан паразиттерімен шақырылатын жəне жіті түрде өтетін қанда паразитарлық тіршілік ететін мүйізді ірі қара малының ауруы. Қатты жүдеумен жəне жоғары өліммен сиппатталады. Тейлериоз қоздырушысының тасымалдаушысы жайылымдарда, мал қораларында жүретін кенелер болып табылады. Белгілі бір кезеңдерде кенелер малдардың үстінде паразиттік емір сүреді.
Ауруға шалдыққан малдың сөл бездері үлкейеді, қызба, қаназдық белгілері байқалып, жүрек-қан тамыр жүйесінің жəне асқазан жолдарынның қызметі бұзылуымен сипатталатын аса қауіпті ауру.
Қоздырғышы - Thеіlerіa аnnulata (Dshunkowsky et Luhs, 1904) малдың сөл бездерінде, талағында жəне эритроциттерде тіршілік ететін бір торшалы қарапайымдылар. Эритроциттер ішіндегі тейлериялар дөңгелек, сопақша, таяқша, үтір жəне нүкте тəрізді. Ұзындығы 0,5-1,6 мкм. Əрбір эритроцит ішінде 7-ге дейін, ал көбінесе 1-2 паразит тіршілік етеді. Ауру асқынған кезінде эритроциттердің 80- 95 % зақымдалады. (қараңыз: II, XVІІІ суреттер). Бұл паразиттерді гиаломма туысына жататын Hyaloma detrіtum, Hyaloma anatolіcum деген жайылым кенелері тасымалдайды. Кененің сілекейі арқылы мал денесіне енісімен олар сөл бездеріне жəне бауыр мен талаққа барып, өсіп-өніп тез арада шизагония əдісімен бөлшектеніп көбейе бастайды. Мұның нəтижесінде көп ядролы анар тəрізді (гранат) денелер пайда болып, олардың бір цитоплазмасында 40-50, кейде одан да көп ядро болады. Кейінірек бұл паразит бөлшектері ыдырап, қанның эритроциттеріне енеді. Осы уақыттан бастап, оларды тейлериялардың эритроцитарлық түрі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет