1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет82/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Диагноз қою тəсілдері. Тейлериоздың эпизоотологиялық деректерін есепке ала отрып, микроскопиялық зерттеу жүргізу шарт. Ол үшін аурудың алғашқы сатысында шошынған бездерінен шприцпен шырынды сұйық сорып алып, таза шыныға жағады да Романовский-Гимза əдісімен бояйды. Сонан соң микроскоппен қарап, лимфоциттер ішін жайлаған көп ядролы торшаларды табу қажет. Көп ядролы паразиттер, тейлериялардың шизогония əдісімен көбейіп, олардың ядросының көпке бөлшектенуінен пайда болады. Арудың екінші сатысында, яғни ауру басталғаннан 3-4 күннен кейін, тейлериозға шалдыққан малдың қаны зерттеледі. Құлақ тамырларынан алынған бір тамшы қан шыныға жағылып, Романовский?Гимза əдісімен боялады. Эритроцит ішіндегі тейлериялар нүкте, үтір, дөңгелек жəне таяқша тəрізденіп жатады. Олардың ядросы қызыл, ал цитоплазмасы көкшіл болып боялады. Тейлериоз ауруын анықтау барысында өлекседегі осы ауруға тəн өзгерістерге де көңіл бөлінеді. Ертерек анықтау мақсатында серологиялық əдістемелер қолданылады – КБР, КҰБР жəне РИФ. Көбінше тейлериоз ауруы басқа да аурулар мен аралас өтеді, атап айтқанда анаплазмоз, пироплазмоз жəне франсаиеллез. Бұл ауру аралас өткен жағдайда басқа аурулардан айыра білу керек (дифференциалдау).
Өлекседегі өзгерістер. Тейлериоздан өлген мал өлексесі өте арық келеді. Кілегей қабықтары бозарыңқы жəне сарғыш тартқан, қанталаған. Сыртқы бездері ісініп қабынған, қанталаған, көкірек қуысына қызғылт сұйық зат жиналған. Жүрек ұлғайған, оның ішкі жəне сыртқы жағы нүкте тəрізденіп қанталаған. Жүрек қабы сарғыш түсті экссудатқа толы. Бауыры ұлғайған, оның түсі сары топырақ тəрізді. Талақ 1,5-2 есе ұлғайған, пышақпен тілгенде тіліктің беті қызыл-қоңыр түстес, ұлпасы жұмсақ, сірі қабығы асты қанталағандығы байқалады. Ұлтабардың іші қызарып, қанталайды, кейбір жерлері ойылып, уытты жараға айналады. Бұл өзгеріс тек тейлериозға ғана тəн құбылыс. Ащы ішектің ішкі қабаты да қабынады, əр жері нүкте тəрізденіп қанталайды. Тоқ ішектегі өзгерістер де осындай, бірақ ащы ішектегіден көмескілеу. Токсиндердің əсерінен жүйке торшаларында, жүйке талшықтарында, сонымен бірге мидың қабықта-рында, қантамырларында морфологиялық өзгерістер пайда болады – склероз, кариоцитолиз.
Емі. Ауру қоздырғышына қарсы бағытталған жəне ауру белгілеріне қарай симптоматикалық ем қолданылады. Малды тыныш қораға немесе көлеңкеге байлап, балғын көк шөп, бақша дақылдарының сабағынан кесілген тамыр-түйінді өсімдіктерді, күніне 3 реттен 2-3 л сүт немесе тартылған сүт жəне айран беріледі. Тейлерияларға қарсы 3,5 мг кг мөлшерінде 7 % азидин бұлшық ет аралығына егіледі, 4-6 сағат өткеннен кейін күре тамыр арқылы 0,5 мл/кг мөлшерінде 10 % хлорлы натрий жəне əр мал басына 1-2 г 1-2 % аскорбин қышқылы жіберіледі. Екінші күні күре тамыр арқылы 0,015 г/кг 5 % террамицин немесе бұлшық етке 2000-5000 өлшем/кг окситетрациклин егіледі. Кешке малдың тірілей салмағының əрбір 100 кг 100 мл-ден кальций глюконаты бұлшық етке жіберіледі. Үшінші күні кофеин жəне 0,01-0,005 г/кг мөлшерінде 10 % сульфадемезин бұлшық етке егіледі. Емнің тағы бір түрі: күніне 1 реттен 3 күн ұдайы 1 мг/кг мөлшерінде хиноцид, ал төртінші жəне бесінші күндері 12,5 мг/кг бигумаль 1 % ерітінді түрінде ауыз арқылы ішкізіледі. Ауру қайталаған жағдайда, малдың ыстығы қайтқанша жəне одан кейін 2 күн ұдайы осы екі дəріні қоса қолдануға болады. Симптоматикалық ем: ауыз арқылы ішке 3,0-5,0 г кофеин, 10,0 г фталазол, 50 мг хлорлы кобальт, 500 мг тотияйын күніне 1 рет жəне күніне 1 реттен 2-3 күн ұдайы 300-500 мг-нан В12 витамині бұлшық етке егіледі. Соңғы кездерде тейлериозға қарсы құрамында 5% -ті бупарваквоннан тұратын дəрілер (Бупакон, Фармакон, Бутолекс т.б. ) қолданылады: 1мл/20кг тірі салмаққа бұлшық етке 1 рет, асқынған жағдайда 24 сағаттан соң қайта егіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет