96. Қой анаплазмозы.
Анаплазмоз-Anaplasma туысына жататын рикетсия тобындағы ұсақ қан паразиттері қоздыратын, анемиямен сипатталатын созылмалы ауру.
Қоздырғышы-мүйізді ірі қарада - Anaplasma margіnale жəне A.rossіcum, мүйізді ұсақ малда A.ovіs. Бұл қан паразиттерін ірі қарадан ең алғаш 1893 ж. Т.Смит жəне Ф.Э.Килборн (АҚШ) тапқан. Қазіргі кезде бұл ауру Қазақстанның Оңтүстік аудандарында кездеседі. Малдың əр түлігінде анаплазмоз ауруын қоздыратын анаплазма түрлері өздерінің құрылымы жағынан бір-біріне өте ұқсас. Олар ауру мал қаны қызыл түйіршіктерінің ішінде өмір сүреді. Романовский-Гимза əдісімен боялған қан жұғындысында анаплазмалар эритроцит ішіне орналасқан дөңгелек пішінді немесе нүкте тəріздес өте ұсақ микроорганизмдер. Олар қарақошқыл немесе қызыл түске боялады, дене тұрқы 0,2-1,2 мкм. Көпшілігінің пішіні нүкте тəрізді болады, ал кейде құйрықтылары да кездеседі. Бір эритроцит ішінде 1-8 данасы болуы мүмкін.
Өсіп-өнуі. Эритроцит ішіне орналасқан анаплазмалар жыныссыз түрмен көбейіп екіге бөлінеді. Сондай-ақ, кейбір жағдайларда бүршіктеніп те көбейеді. Алғашқыда өсіп-өну баяу басталып, кейінірек бұл құбылыс жылдамдайды да паразитемия 80 % -ке, тіпті одан да жоғары көтеріледі.
Эпизоотологиялық деректер. Анаплазмоз Тəуелсіз Мемлекеттер Достас-тығының ортаңғы жəне оңтүстік аудандарында тіркеледі. Солтүстік жəне ортаңғы кеңістіктерде сирек кездеседі. Орта Азия республикаларында жəне Қазақстанда анаплазмоз май айынан бастап пайда болады, ал ауру малдар барлық жаз бойы бөлінеді. Анаплазмоздың қоздырғышы иксодалық кенелермен, жəне шіркейлермен, масалармен, ұсақ масалармен, шағатын шыбындармен таралады. Анаплаз-моздың бір малдардан басқа малдарға, механикалық жолмен хирургиялық саймандар арқылы, стерильденбеген иньекция кезінде жұғуы мүмкін. Аурудың негізгі жұғу жолы трансмиссивтік болып табылады. Анаплазмоз жазғы жəне күзгі маусымдарда, əдетте басқа қан паразит ауруларымен араласып кездеседі. Жергілікті мал ауруға төзімді, ал басқа жерден əкелінген мал бейім келеді. Аурудың таратушы иксодид (жайылым) кенелері, сона, шақпа шыбын жəне маса. Қанға енген паразит эритроциттер ішінде өсіп-өніп көбейіп, қан түйіршіктерінің ыдырауына себеп болады. Оның салдарынан организмде зат алмасуы бұзылады. Анаплазмозда иммунитет стерильді емес, ауырып сауыққан ірі қара қанында 14 жыл, қой қанында 4,5 жылға дейін анаплазмалар сақталады.
Ауру белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 3-6 апта, кейде 3 айға дейін. Ауру малдың ыстығы 1-1,50С көтеріледі. Аурудың ең негізгі белгісі анемияның үдей түсуі. Кілегей қабықтары алғашқыда сарғыштанып, кейіннен бозарып, тіпті фарфор тəрізденіп кетеді. Бездері шошынады, малдың мойнында, əукесінде ісік пайда болады. Жүрек қызметі күшейеді, тыныс алысы айтарлықтай өзгермейді, ішек-қарын қозғалысы тоқталады. Қандағы эритроциттер саны 1 млн дейін азаяды, гемоглобин мөлшері де 4-5 рет кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: |