Өлекседегі өзгерістер. Өлген малдың өлексесі өте арық. Кілегей қабықтары, бұлшық еттері бозарыңқы, кейде сарғылт түсті. Жұтқыншағы, мойны жəне əукесі ісінген. Қаны сұйық боз-қызыл түсті. Жүрегі қанталаған, талағы шұбар түсті, бездері шошынған.
Диагноз.Анаплазмозға диагноз эпизоотологиялық мəліметтерге, клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістерге жəне зертха-налық зерттеулердің негіздеріне сүйене отырып қойылады. Анаплазмозға ерте диагноз қою үшін сөрологиялық реакциялар қолданылады: компле-ментті байлау реакциясы жəне антиденелердің тура емес иммунофлeо-ресценция реакциясы. Анаплазмозға ақырғы диагноз Романовский-Гимза бойынша боялған шеткі қанның жағындыларын жəне лимфа түйіндерінің, көк бауырдың немесе бауырдың пунктаттарын зерттеу кезінде арқылы қойылады.
Емі. Ірі қараға террамицин 10-15 мг кг (физиологиялық ерітіндіде жасаған 8 % ерітіндісі етке немесе 40 % глюкозадағы ерітіндісі) қанға егіледі. Бұл дəрі 3 рет (8-12 сағаттан кейін) қолданылады. Қойға террамицин немесе тетрациклиннің 5-10 мг/кг мөлшерінде 1 % новокаинде жасалған 8-10 % ерітіндісі етке егіледі. Ем 4-5 күн ұдайы қолданылады.
Алдын алу жəне күресу шаралары. Малдардың құнарлы азықтандыруын ұйымдастырады. Жас малдар ересек малдардың топтарынан бөлек ұсталынады. Малдарды жəне азық-жемді тек аурудан таза шаруашылық субъекті-лерінен əкеледі. Барлық жаңадан əкөлінген малдарды профилактикалық карантинде 30 күн ұстайды. Бөлме-жайларға, аулаларға, учаскелік жерлерге жəне мал тұратын орындарға дезакаризация жүргізіледі. Малдарға, жайылымдарда биотоптардағы кенелерге қарсы жүйелі түрде күрес жүргізіледі. Импорттан алынған малдарға карантиннен өткізу жəне анаплазмозға зерттеу жүргізіледі. Хирургиялық операцияларды, малдарға жалпылама ветеринариялық өңдеулерді жүргізу кезінде асептика жəне антисептика ережелері қатаң сақталынады. Шаруашылық субъектісінде анаплазмозбен ауырған малдар анықталған кезде тез арада ветеринариялық маман бұл жөнінде əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлайды. Əкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы малдардың анаплазмоз ауруына күдік пайда болғаны туралы хабар алғаннан кейін диагноз анықтау үшін, эпизоотологиялық зерттеу жүргізу үшін, эпизоотиялық ошақтың шекараларын анықтау үшін ауру шыққан жерге келеді. Ауру малдардан патологиялық материалдар алып жəне оларды ветеринариялық зертханаға жолдап жібереді. Анаплазмозға диагноз қойылған жағдайда, ауру малдар бөлініп алынады жəне емдеу жұмыстары жүргізіледі. Малдарды апта сайын акарицидті препараттармен өңдейді. Аурудан таза емес пункттерден тасымалданатын асыл тұқымды малдарды тетрациклин қатарының антибиотиктерімен өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |