1. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Терезенің көзі.
B) Жуан ауыл.
C) Істің төркіні.
D) Адамның басы.
E) Жұмсақ мінез.
|
2. Дауыссыздар салдыр мен ‰нніњ қатысына қарай қанша т‰рге бµлінетінін белгілеңіз.
A) 2.
B) 4.
C) 1.
D) 3.
E) 6.
|
3. Туынды сын есімді табыңыз.
A) Ақ.
B) Аспалы.
C) Абырой.
D) Нашар.
E) Аласа.
|
4. Болжалдық сан есімніњ ж±рнаѓын табыњыз.
A) -ау, -еу.
B) -ыншы, -інші.
C) -дай, -дей.
D) -лар , -лер.
E) -дан, -ден.
|
5. Өздік есімдігі қатысқан тіркесті табыңыз.
A) Өз үйі.
B) Тұсаулы ат.
C) Аспалы шам.
D) Тастақ жер.
E) Кешкі мезгіл.
|
6. Бірыңғай еріндік дауысты қатысқан сөз қайсы, табыңыз.
A) Барымталасу.
B) Болжалдық.
C) Бадыраю.
D) Бұқтыр.
E) Бұлбұл.
|
7. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
A) Қазақстанның.
B) Астанадан.
C) Асанды.
D) Қасымның.
E) Балгер.
|
8. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
A) Адамға табыну.
B) Ертеңгілік болды.
C) Болашақ жастардікі.
D) Балалар бақшасы.
E) Ән, жыр асқақтады.
|
9. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
A) Тіс жармады.
B) Сары уайымға салынды.
C) Жүріп келе жатыр еді.
D) Қабырғаңмен кеңес.
E) Таза киім.
|
10. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған үстеуді белгілеңіз.
A) Шынымен-ақ.
B) Бүгін- ертең.
C) Тезірек.
D) Жылдам.
E) Ала жаздай.
|
11. Сөздердің қатаң орын тәртібі арқылы байланысқан қабысу түрін табыңыз.
A) Шалқар көл.
B) Көшеге дейін бару.
C) Түннен бері мазасыздану.
D) Отанды сүю.
E) Халықтың еңбегі.
|
12. Іс-оқиғаны баяндамай, тек зат-құбылыстың, мезгіл, мекеннің атауын ғана білдіретін сөйлем түрін белгілеңіз.
A) Толымды сөйлем.
B) Жайылма сөйлем.
C) Атаулы сөйлем.
D) Толымсыз сөйлем.
E) Жалаң сөйлем.
|
13. Төл сөзге лайық тыныс белгісі қойылған сөйлем қайсысы, белгілеңіз.
A) “Мен бір ақыл таптым” деді, қуанып Абзал.
B) “Мен бір ақыл таптым”! деді Абзал.
C) “Мен бір, ақыл таптым”- деді қуанып Абзал.
D) “Мен бір ақыл таптым,” - деді Абзал.
E) “Мен бір ақыл таптым” деді Абзал.
|
14. Мекемелерде жүргізілетін жазу үлгісіне тән стиль түрін анықтаңыз.
A) Ауызекі сөйлеу.
B) Ғылыми.
C) Көркем әдебиет.
D) Публицистика.
E) Іс-қағаздар.
|
15. Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.
A) Жабаевта.
B) Жабаевтің.
C) Жабаевте.
D) Жабаевті.
E) Жабаевіңіз.
|
16. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
Ол мазалаған сұрақты сұрағысы келді.
A) Сұрақты.
B) Ол.
C) Келді.
D) Сұрағысы.
E) Мазалаған.
|
17. Біріккен сөздердің қалай жазылатынын белгілеңіз.
A) Дефис арқылы
B) Бірге
C) Бөлек
D) Сызықша арқылы
E) Үтір арқылы
|
18. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
A) От(пен) ойнама!
B) Машина(мен) келген еді.
C) Марат (пен) Қанат келді.
D) Марат(пенен) сөйлесті.
E) Марат(пен) барып кел.
|
19. Бастауыш қай сөз табынан, белгілеңіз.
Сәуле, мына матаның қайсысы дұрыс?
A) Есімше.
B) Есім.
C) Зат есім.
D) Белгісіздік есімдік.
E) Есімдік.
|
20. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.
A) Көрмес - түйені де - көрмес.
B) Көрмес түйені де - көрмес.
C) Көрмес түйені - де көрмес.
D) Көрмес түйені - де - көрмес.
E) Көрмес - түйені де көрмес.
|
21. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
B) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.
C) Еңбек баланы мықты етеді.
D) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.
E) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.
|
22. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.
B) Ауылда жаңа мектеп салынды.
C) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.
D) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.
E) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған жоқ.
|
23. Қыстырма сөзді табыңыз.
A) Мә-ә-ә, онысы не?
B) Тоқтай тұр, бәлем!
C) Несін айтасың, біздің бақытымызға орай берілген жан ғой.
D) Күнім-ау, жұлдызың жанайын деп тұр-ау.
E) Оһ, дүние жалған-ай!
|
24. Одағайды табыңыз.
A) Бай-бай, Нұржан-ай, тілің қандай ащы!
B) Ол әуелі сылқ-сылқ күлді.
C) Мағаш, Кәкітай асығыс аттанды.
D) Дұрыс, ұмытпаған екенсің.
E) Қайдан шықтың сен?
|
25. Диалект сөзді табыңыз.
A) Алтын.
B) Опан.
C) Арық.
D) Қарық.
E) Атыз.
|
26. Көнерген сөзді табыңыз.
A) Мен Біржан күннен-күнге айқындалған,
Көкшетау дуанына даңқым барған.
B) Жер-жерге үндеухат жазылды.
C) Үйге кеше ағайым келді.
D) Басқарма мүшелерінің жиналысы болды.
E) Қарлығаштар әдемі ұя сала бастады.
|
27. Қайталама қос сөздердің жасалу жолын белгілеңіз.
A) 5
B) 6
C) 2
D) 3
E) 4
|
28. Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс, табыңыз.
A) Сөйледі Жамбыл, бәріңе: жасың менен кәріңе.
B) Сөйледі Жамбыл бәріңе, жасың менен кәріңе.
C) Сөйледі, Жамбыл бәріңе; жасың менен кәріңе.
D) Сөйледі, Жамбыл, бәріңе: жасың менен кәріңе.
E) Сөйледі Жамбыл бәріңе: жасың менен кәріңе.
|
29. Сызықшаның қойылу себебін белгілеңіз.
Жастар - біздің болашағымыз.
A) Бастауыш та, баяндауыш та - сан есім.
B) Бастауыш - есім, баяндауыш - есімдік.
C) Бастауыш, баяндауыш - сын есім.
D) Бастауыш та, баяндауыш та - зат есім.
E) Бастауыш -есімдік, баяндауыш - сын есім.
|
30. Қандай тыныс белгісі қойылмағанын көрсетіңіз.
Тұрайын деп еді тұра алмады.
A) Үтір, көп нүкте.
B) Үтір, сызықша.
C) Нүктелі үтір.
D) Көп нүкте, үтір.
E) Сызықша, қос нүкте.
|
|