1. Физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы. Физикалық шамалардың ӛлшемділігі және ӛлшеу бірліктері



Pdf көрінісі
бет1/59
Дата25.04.2024
өлшемі2.69 Mb.
#499822
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Механика



№ 1 лекция 
Кіріспе. 
1.Физика пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы. Физикалық 
шамалардың ӛлшемділігі және ӛлшеу бірліктері. 
2. Механиканың мазмұны. Механикадағы моделдер. Кеңістік пен 
уақыттың қасиеттері.
Материялық нүктенің кинематикасы. 
1. Санақ жүйесі, қозғалыс заңдылығы, траектория, жол, орын ауыстыру. 
2. Жылдамдық және үдеу веторлары. 
3. Бірқалыпты және бірқалыпты айнымалы түзу сызықты қозғалыстар. 
4. Қисық сызықты қозғалыс. Тангенциал және нормаль үдеулер
5. Материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы. Бұрыштық 
жылдамдық пен бұрыштық үдеу векторлары.
6. Сызықтық және бұрыштық кинематикалық шамалар арасындағы 
байланыс 
1.1 Кіріспе. Механика және оның құрылымы жӛнінде түсінік.
Механикалық қозғалыс заңдары физиканың бірінші бӛлімі – механикада 
қарастырылады.
Механика – материя қозғалысының ең қарапайым формасын, яғни 
денелердің немесе олардың жеке бӛліктерінің бір-бірімен салыстырғанда 
орын ауыстыруын зерттейтін ғылым. Бұл қозғалыс механикалық қозғалыс 
деп аталады.
Галилей-Ньютонның механикасы классикалық механика деп аталады 
және жылдамдығы жарық жылдамдығымен салыстырғанда ӛте аз болатын 
макроскопиялық денелердің қозғалыс заңдарын оқытады. А.Энштейннің 
тұжырымдауы 
бойынша 
макроскопиялық 
денелердің 
жарық 
жылдамдығымен салыстырмалы жылдамдығының қозғалыс заңдары - 
салыстырмалық теориясы кӛмегімен қарастырылады. Макроскопиялық 
денелер (жеке атомдар және элементар бӛлшектер) қозғалысын сипаттау 
үшін классикалық механика заңдары қолданылмайды - оларды кванттық 
механика оқытады. 
 Кинематика – денелер қозғалысын, осы қозғалысты тудыру себептерін 
қарастырмай оқытатын бӛлім. 
 Динамикаденелер қозғалысының заңдарын, осы қозғалысты 
тудыратын және ӛзгертетін себептерді қарастыра отырып оқытатын бӛлім
Статика – денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдарын қарастырады. Егер 
денелер қозғалысының заңдары белгілі болса, онда олардың кӛмегімен тепе- 
теңдік заңдарын тұжырымдауға болады. Сондықтан физикада статика 
заңдарын динамика заңдарынан бӛліп-жарып қарастырмайды.
Механикалық қозғалыстардың ішіндегі ең қарапайымы болып 
материялық нүкте қозғалысы табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет