20.Ішкі секреция бездері, маңызы, зерттеу әдістері Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері (лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — гормондарын организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) бөлетін бездер. Орталық эндокринді бездерге:гипоталамус, гипофиз және эпифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады.
Гипофиз — негізгі ішкі секреция безі Пішіні үрмебұршақ тәрізді. Бұл без 25 түрлі гормон бөледі. Алдыңғы бөлігі - Соматотропин немесе өсу гормоны
(СТГ); (лютейіндеуші, лютеотроптық, фоликулстимулдеуші горомондар); Тиреотропин (ТТГ); Адренокортикотропин (АКТГ); Гонадотропиндер гормондарды бөледі.
Ортаңғы бөлігі - Меланотропин (МТГ) гормонын бөледі.
Артқы бөлігі – Вазопрессин, Окситоцин гормонын бөледі.
Маңызы: Гипофиздің соматотропин (өсу) гормоны барлық ұлпа мен ағзаға әсер етеді. Өсу гормоны қаңқа мен бұлшық еттің өсуіне әсер ете отырып, ағзаны дамытады. Пигменттер мен май алмасуын реттеу.
Эпифиз - пішіні домалақ. Ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Маңызы: Са алмасуын реттеу. Эпифизде 3 гормон өндіріледі:
1. Меланин – теріні түссіздендіреді;
2. Контргиопоталамус-гипофиз гормоны гипофиздің қызметін тежейді;
3. Гломерулокортикотропин – бүйрек үсті безінің қызметін тежейді.
Қалқанша без шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. 3 гормон түзеді: тироксин, трийодтиронин, кальцитонин.
Қызметі: 1.тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады; 2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді; 3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.
Қалқанша маңы безі - Қалқанша маңындағы безде екі пептидтік гормон – паратгормон(паратирин) және кальцитонин түзіледі.
Екі гормон да Ca2+ мен Р алмасуына әсер етеді.
Бүйрек үсті безінің милы қабаты екі гормон бөледі: адреналин және норадреналин. Маңызы: көмірсу мен липид алмасуын реттеу.