1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Қозудың қозу миелинсіз талшықтар бойынша таралу ерекшеліктері



бет43/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Қозудың қозу миелинсіз талшықтар бойынша таралу ерекшеліктері: 1. Қозу үздіксіз таралады және барлық талшық бірден қозумен қамтылады. 2. Қозу аз жылдамдықпен таралады. 3. Қозу декриментпен таралады(жүйке талшығының соңына ток күшінің азаюы). Миелинсіз талшықтар бойынша қозу жүйке орталықтарынан ішкі органдарға жүргізіледі.
Миелинсіз талшықтарда қозған және қозбаған үлескілер арасында пайда болатын бір орындағы (жергілікті) қозудың көмегімен іске асады. Қозған үлескіде пайда болған ӘП мембрананың тыныштық күйдегі бөлімі үшін тітіркендіргіш болып, ол жерде деполяризация жүреді.Ол өзінің айнымалы шамасына тез жетіп, ол жерде туған әрекет потенциалы одан әрі келесі тыныштық күйдегі бөлімді тітіркендіріп, деполяризациялайды.Қозу толқыны осылай эстафета жеткізген тәрізді ұлпаны бойлап тарайды.
39.Қанның құрамы, қасиеттері, маңызы. Гомеостаз, оның организм үшін маңызы.
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %.
Қанның қызметі: 1. Тасымалдау (клеткаларға аса кажетті қоректік заттар мен оттегін тасымалдайды және организмдегі зат алмасудан пайда болатын кажетсіз улы заттардың шығуына қатысады);
2. Дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады;
3. Организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді;
4. Мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.
Қанның құрамы. Қан пішінді элементтер, яғни қан жасушаларынан (эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер) және сүйық плазмадан тұрады. Қан жасушалары күллі қанның 55-60%-ын, ал плазма 40-45%-ын кұрайды. Қан плазмасының кұрамы күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар.
Қанның физикалық және химиялық қасиеттері:
1. Плазманың осмостық қысымы деп оның кұрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал затгарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады. Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардьщ тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының тұрақтылығының маңызы зор.
2. Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің көрсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі күллі ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды, Қалыпты жағдайда қанның рН ~ 7,36 тен, бұл әлсіз сілтінің реакциясы.
Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның буферлік жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындылар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған кышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер.
3. Қанның т ұ т қ ы р л ы ғ ы. Қанның тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады.
Қан плазмасының тұтқырлығы оның жалпы тұтқырлығына қарағанда аз, не бары 1,88.
Сонымен, қанның құрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері шамамен алғанда тұрақты болуы тиіс. Бұл тұрақтылықты жүйке жүйесі мен гуморальдық жүйелер реттейді.
Адамның қанының температурасы тұрақты болады. Бір тәуліктің ішінде баланың денесінің температурасы 36,6-37°С шамасында ғана өзгереді. Температураның аз мөлшерде көбейгені - денедегі аурудың белгісі. Ал температура төмендесе адамның "әлі құриды", яғни әлсіздік байқалады. Қан бауырда және бұлшық еттерде жылытылып, теріде салқындатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет