1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин



бет55/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

Нейрогипофизде вазопрессин мен окситоцин деп аталатын нейросекреттер белсенді қалыпқа келтіріледі. Нейрогипофиз бұл гормондарды қор етіп етіп сақтайтын орын. Бұл жерде олар белсенді қалыпқа келіп, қанға құйылады және қан арқылы бүкіл денеге тасылады. Вазопрессинді антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта сіңуіне әсер етеді. Нейрогипофиздегі Бұл гормонның гиперсекрециясында қантсыз диабет ауруы пайда болып, тәулігіне бірнеше литр несеп бөлінеді. Оның ықпалынан тегіс мускулатураның және ішектің артерияларының қызметі күшейеді, қанның артериялық қысымы артады.
Окситоцин жатырдың жиырылуын қамтамасыз етіп, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа шығуына көмектеседі. Сонымен қатар, окситоцин сүт бездерінің альвеолаларының эпителий клеткаларын жиырып, сүттің сүт жолына, одан баланы емізгенде емшектен сүттің шығуын реттейді.


48.Сыртқа шығару жүйесінің мүшелері, олардың маңызы. Сыртқа шығарудың реттелуі.
Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауда сыртқа шығару мүшелері маңызды рөл атқарады. Сыртқа шығару мүшелері арқылы қажет емес сулар, тұздар, улы заттар ағзадан шығарылады. Бұл заттар ағзадан өкпе, ішек, бүйрек, тері арқылы шығарылады. Тіршілік үшін, денсаулық үшін сыртқа шығару мүшелерінің қызметі зор.
Бүйректің құрылысы және қызметі. Бүйрек жұп мүше, бел омыртқаларының екі бүйірінде орналасқан. Оң жақтағы бүйрек сол жақ бүйректен сәл жоғары орналасқан. Әр бүйректің массасы 120-150 г. Бүйрек екі қабаттан тұрады: сыртқы қызғылт қоңыр түсті қыртысты және ішкі ақшыл милы қабат. Бүйректің сырты дөңес, ішкі жиегі ойыстау болады. Осы ойыс жиегінен бүйрекке қантамырлары, нервтері және несепағар кіреді. Бүйректің ойыс жағында бүйрек түбегі болады, ол бүйрек тостағаншаларына жалғасады. Бүйректің тостағаншаға жалғасқан ұшында бүртіктері болады.
Бүйректің қыртысты қабаты нефрондардан, яғни бүйрек денешіктерінен тұрады. Бір бүйректегі нефрон саны 1-1,2 млн. Олардың әрқайсысының сырты Боумен капсуласымен қоршалған. Нефронның ішінде Мальпиги шумақтары (қантамырлар шумағы) бар. Капсуланың өзі екі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты Мальпиги шумағын қоршап жатады, ал сыртқы қабаты капсула өзегіне айналады. Қыртыс қабатының бойындағы өзектер алғашқы иірім каналына айналады. Олар бүйректің милы қабатына еніп, иірімдері жазылып Генле иініне айналады да, қайтадан қыртыс қабатына өтіп, екінші деңгейлі иірім каналға айналып несеп жинағыш түтікке жалғасады. Екінші деңгейдегі нефрон иірімдері артерия тамырлар шумағымен жанасып, екеуі құрамындағы заттармен алмасады. Мұны юкстагломерулалық комплекс деп атайды.
Бүйрек ұлпасында ренин және эритропоэтин ферменттері өндіріледі. Ренин артерия қан қысымын және қантамырлардағы қанның мөлшерін реттеуге қатысады. Ал эритропоэтин эритроцитердің өндірілуіне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет