1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Қозғыштықтың кезеңдері мен өлшемдері



бет4/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

5.Қозғыштықтың кезеңдері мен өлшемдері
Кезеңдері
1 Қозғыштық – қозу қабілеті.
Тітіркендіру табалдырығы, реобаза,хронаксия, абсолюттік рефрактерлік кезеңнің ұзақтығы.
2 Өткізгіштік – ӘП, қозуды өткізу қабілеті.ӘП өту жылдамдығы. Мысалы:жүйкеде 120 м/сек (шамамен 600км/сағ).
3 Жиырылу – қозу кезінде кернеу мен күштің өсуі.Күштің максималды көрсеткіші(кернеу) қозу кезіндегі.
4 Лабилдік (немесе ырғақтық белсенділік қабілеті).Уақыт бірлігіндегі қозудың
максималды шамасы. Мысалы жүйкеге 1000 ӘП генерациясы тән.
5 Сөл бөлу қабілеті (секреторлық белсенділік), медиаторлар
Кванттық көлемнің шығуы, сөл көлемі.
Өлшемдері
1. Қозу табалдырығы – қозу үрдісін (яғни минималды жауап реакциясын)
тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз мөлшерін айтады.
2. Реобаза – қозу тудыратын токтың минималды күші (Вольт).
3. Пайдалы уақыт – ең аз уақыт, яғни осы уақыт аралығындағы табалдырық
күшінің тітіркендіргіш стимул әсерінің бір реобазасы.
4. Хронаксия – тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыты.
5. Аккомодация – қозғыш тіннің ток күші үдеуіне бейімделуі.
6. Лабилдік – тітіркендіру жиілігіне сәйкес бір секунд ішінде пайда болатын
қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады.
- жүйке тіні: - 500-1000 имп/сек;
- абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 1-2 мсек.
- бұлшықет: - 250-330 имп/сек;
- абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 4-5 мсек
- синапс: - 100-125 имп/сек;
- абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 8-10 мсек.
6.Биоэлектрлік құбылыстар
Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыстар
Қозу жасушалар мен ұлпалардың электрлік,химиялық, функциялық және
структуралық өзгерістері жиынтығымен сипатталады.
Қозу кезіндегі ыдырау процесі нәтижесінде химиялық энергияның 0,00001 бөлігі электр
энергиясына ауысады.
Бұл энергия тіркеледі. ЭЭГ,ЭКГ, ЭМГ.
Биоэлектрлік құбылыс немесе Биопотенциал, Биоток — тірі жасушалардың барлығының биоэлектрлік белсенділігі, яғни тірі жасушалардың сыртқы жарғақшасында электр заряды бар. Бұл цитоплазмадағы және қоршаған ортадағы оң және теріс иондардың біркелкі таралмауынан іске асады.Соның нәтижесінде кез келген тірі жасуша тыныштық жағдайда сырттай-оң, ішкі жағында (цитоплазмада) теріс зарядталады. Бұл заряд тыныштық әлеуеті немесе жарғақшалық әлеует деп аталады және 60-70 милливольт (мВ) шамада болады.
Қозғыштық дегеніміз - бұл тірі жүенің тітіркендіргіш әрекеті қабылдап, оған қозу (өз жағдайын өзгерту) жасауы - тыныштық жағдайдан іс-әрекет жағдайына өтуі. Ағзамыздағы жасушалардың барлығы бірдей өз жарғақшаларындағы зарядтардың өзгеруіне еткен әсерге жауап қайтара бермейді. Жарғақшаларында заряд өзгерісі пайда болған жасушалар қозғыш жасушалар деп аталады.
Жүйке, бұлшықет және безді эпителий қозғыш ұлпаларға жатады. Бұл жасушаларда қоздырғыш әсер еткен кезде жарғақша заряды өзгереді. Оның үстіңгі бетінде 90-120 мВ электр тоғы пайда болады. Ол әрекет әлеуеті деп аталады.Бұлшықеттердегі және эпителий жасушаларындағы "қозу толқыны" таралып,көршілес үлескілердегі жарғақшаларға беріледі. Жүйке жасушалары қозуды бір жасушадан екіншісіне тоғысу (синапс) арқылы бере алады.
Қазір бұл үдерістер тірі жасушалардағы мәні мүлде болымсыз электр тогын өлшей алатын аспаптардың жәрдемімен жақсы зерттелді. Мәселен, жүйке қозу толқынының таралу жылдамдығы жуйке талшықтарының туріне байланысты 2-ден 120 м/сек шамасында бола алады. Биоэлектрлік құбылыстар дәл осы электрокардиография, электроэнцефалография және т.б. әдістерге негізделген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет