1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы


Терідегі сезім мүшелері.Температураны және жанасуды қабылдайтын рецепторлары



бет53/94
Дата28.09.2024
өлшемі0.99 Mb.
#504088
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   94
АЖЖФ сессияя (1) (копия)

46.Терідегі сезім мүшелері.Температураны және жанасуды қабылдайтын рецепторлары.

Дене сезімі бірнеше сезімнің жиынтығы, оның ішкі жене сыртқы мүшелері қабылдаған мәліметтер әртүрлі сезім тудырады, бірақ дененің қалыпты жағдайын немесе оның өзгерісін білдіретін тікелей мәліметтер әуелі терідегі рецепторлар арқылы қабылданады. Бұлар сыртқы ортаның денеге тікелей әсерін білдіреді. Тері рецепторларының жалпы аумағы өте үлкен: 1,5-2 м2. Мұнда жанасу, қысым, ыстық-суықты сезу жене ауырсыну рецепторлары бар. Олар терінің әртүрлі қабатында және әр жерінде орналасқан. Көбі саусақтың ұшында, алақанда, табанда, ерінде, бетте, қол-аяқтарда, жыныс мүшелерінің терісінде болады.


Құрамы жағынан рецепторлар әртүрлі: үлкенді-кішілі, жалпақ, сауытша терізді, жіпше, түкті болып келеді. Негізгі түрлері – ұсақ жіңішке жүйке талшықтарының жалаңқай ұшы.Бұл нерв ұштары тері түктерінің әсерімен жанасуы сәтінде қозады да, мәліметті қабылдап, орталық жүйке жүйесіне жіберіп тұрады.


Тері рецепторларының сан мөлшері де әртурлі: жанасу рецепторлары 500000, жылуды сезу рецепторлары 30000, суықты сезу — 250 000 шамасында, ауырсыну (ауру сезу) бәрінен де көп және дененің барлық жерінде болатын әртүрлі рецепторларца тітіркендіргіштің күшті әсерінен ауырсыну сезімі туа береді.




47.Гипофиз, оның алдыңғы және артқы бөлімдері гормондарының маңызы.
Гипофиз немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің «түрік ері» деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол ортаңғы мимен көрші орналасады және онымен екі жақты көптеген байланысы бар. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша гипофиз бен аралық мидың гипоталамус бөлігінің арасында 100 мыңға дейін байланыс жүйке талшықтары бар. Құрылысы жагынан гипофиз 3 бөліктен тұрады : алдыңгы, ортаңгы және артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гипофиздің бар салмағының 75% алдыңғы, 1-2 % ортаңғы, 18-23 % артқы бөлікке жатады.. Жалпы алғанда гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған және оның қызметі әлі күнге дейін толық айқындалған жоқ деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет