7. Тісті және тегіс тетанус жиырылу тіркеу әдісі.
Тетанус – бұлшық етті жиі-жиі тітіркендіргенде, көптеген тітіркендіргіштер бірден әсер етіп, бұошық еттің сіресіп қалуы. Оның 2 түрі бар – тегіс және тісті. Тегіс тетанус кезінде тітіркендіру жиілігі секундіна 20рет, тісті тетануста 15-20 аралығында болады.
Практикалық жұмыстың зерттеу объектісі: бақаның балтыр еті.
Қажетті құрал-жабдықтар: көлденең миограф, кимограф, стимулятор, әмбебап штатив, пипетка, Рингер ертіндісі, мақта мен бөлшектеуге арналған приборлар.
Жұмыстың жүргізілу барысы: препаратты миографқа бекітіп, оны Рингер сұйықтығының ертіндісімен сулаймыз. Стимуляторды өшіріп, бұлшықетті 0,5ГЦ жиілікпен бір рет әсер етіп, тітіркендіреміз. Дәл осы жиілікпен 15-20 реттей бұлшық етке әсер еткенде, ол сіресіп, тісті тетанус тіркеледі. Жиілікті арттырып, әсер еткенде тегіс тетанус тіркеледі. Осыдан кейінде тітіркендіргіштермен әсер еткенде оптимум, кейін пессимум тіркеледі.
Қорытынды ретінде, тіркелген қисықтарды алып, тәжірибе хаттамасына жапыстырамыз. Әрбір хаттамаға тітіркену жиілігін, амплитудасын, ұзақтығын жазамыз.
8. Тікелей және тікелей емес тітіркендіргенде қозу табалдырығын анықтау.
Жүйке және нерв тіндері әртүрлі қозғыштыққа ие. Қозғыштықтың өлшемі – қозу тудыра алатын тітіркендіргіштің минимальды шегімен өлшенеді және ол қозу табалдырығы деп аталады. Бұлшық еттің жиырылуы – қозудың орын алғанын көрсетсе, нерв тіндерінде оны анықтау үшін электродтар қолданылады. Минималды жиырылуды тудыратын электр тогының мөлшері нерв тінің қозғыштығын көрсетеді. Жанама және тікелей тітіркену кезінде шекті мәндерді салыстыра отырып, жүйке мен бұлшықеттің қозғыштығының айырмашылығын бағалауға болады. Өлшеулер жанама тітіркенудің шегі түзу сызықтан аз екенін көрсетеді, сондықтан жүйке қозғыштығы бұлшықеттің қозғыштығынан жоғары.
Жұмысты жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтар: кимограф, көлденең миограф пен штатив, тітіркендіргіш электродтар, электр стимулятор, препараттарды бөлуге арналған прибор, қағаз, су, Рингер сұйықтығының ертіндісі.
Жұмысты жүргізуге арналған объект: бақаның жүйкелік - бұлшық ет препараты.
Жұмыс барысы: Жүйке – бұлшық ет препаратын дайындап, оның шонданай нервіне электродатрды орналастырамыз. Жүйке бөлігін Рингер ертіндісімен сулап, ол тұсқа жұқа мақта қабатын төсейміз. Ахилл сіңірін жіп көмегімен кимографқа бекітеміз. Стимуляторды қосып, оның қажетті параметрлерін қосып, дайындаймыз: жиілігі – секундына 1импульс, амплитуда – 0, ұзақтығы – 1мс етіп параметрлерін орнатып, бұлшық еттің жиырылуы үшін қажетті ең минималды ток күшін анықтаймыз.
Тікелей емес тітіркенуді тіркеу үшін – бұлшық еттің жиырылғанын кимографқа жазамыз.
Тікелей тітіркенуді тіркеу үшін – бұлшық еттің нервсіз жеріне сымдарды электрод ретінде пайдаланып, қозу табалдырығын тудыратын электр тогының күшін таңдап, әсер етеміз. Бұлшық ет жиырылған сәтте кимографқа тіркейміз.
Қорытындылау үшін хаттаманы тіркеп, тәжірибе сызбасын салып, қозу табалдырығының мәнін жазамыз. Ол тыныштық қалпынан 20-25мВ жоғары болады.
9. Қозуды жүйке бойымен екі жақты өткізу.
Қозу үрдіcінің жүйке бойымен таралу ерекшеліктерін козуды өткізу зандары деп атауға да болады.
Қозуды екі жақты өткізу заны. Жүйкенің орындайтын қызмет түріне мысалы сезгіш немесе қозғалтқышына қарамастан, оның қай-қайсысы болсада тітіркендірілген жерден бастап қозу үрдіcін екі жаққа яғни орталыққа, шетке қарай өткізеді. Оны баканың шонданай жүйкесіне жасаған тәжірибеден көруге болады. Денеден бөлініп алынған жүйкенің екі жактағы ұшына әрекет потенциалын тіркейтін аспапты бекітіп, как ортасынан тітіркендіріп қоздырса, жүйкенің екі ұшындағы екі аспап та сол жерге әрекет потенциалының жеткенін көрсетеді. Мұны қозу урдісінін екі жақты өтуімен ғана түсіндіруге болады. Орталық жүйке жүйесімен байланысы узілмеген жүйкелерден қозудың белгілі бір бағытта өтуі орталықтағы нейрондар арасындағы түйіспелердің қасиетіне байланысты. Түйіспеге дейін қай жүйке болса да, қозуды екі жакка карай өткізеді.
10. Жүйке-бұлшықет препаратындағы шаршауды оқшаулау.
Тәжірибелік жағдайлардабұлшықеттің жиырылуы өзін тікелей тітіркендіргенде және нақты бұлшықеттің жиырылуын өзін тікелей тітіркендіргенде тудуруға болады.Қоздырғыштық өлшемі қозу тудыра алатын қозу күшінің минималді мәні қозу табалдырығы болып келеді.Бұлшықеттегі қозу оның жиырылуы,егер қозғыштық бұлшықетке әсер етсе оның минималды күші бұлшықетке әсер етсе қозуды білдіреді,минималды жиырылуға алып келетін электр тогы жүйкенің қозуы болып келеді.Жүйке бұлшықеттік препаратты табан сіңірі арқылы томен,тізе буыны арқылы жоғары етіп тік бағытта орнатамыз.Рингер ерітіндісі батырылған дымқыл мақтаны қойып стимуляторды қосамыз.Ток күшін реттеуші тетікті 0 ге ауыстыру жиылыгын 1ге қоямыз.Кілтті жүйке қалпына қойып ток күшін реттеуші тетікті қозғай отырып бұлшықеттің минималды жиырылуы күшін анықтаймыз.Кимограф таспасына толтырылған сия толтырылған қаламды жақындатып бұлшықет жиырылуын тікелей емес тітіркендіру кезіндегі мәнін жазамыз.Кілтті бұлшықет қалпына келтіріп тікелей тітіркендіру кезіндегі қозу табалдырығын қараймыз.Каждый стимуляциядан кеин тетікті қолмен айналдырып жазбаны тоқтатылған кимограф таспасында көрсетеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |