1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі, анықтама. Ген


Хромосоманың құрылысы және химиялық құрамы



бет3/14
Дата09.12.2023
өлшемі0.63 Mb.
#486062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
2-РК МБ

5. Хромосоманың құрылысы және химиялық құрамы.
Хромосома - хроматиннің нуклеопротеиндік кешені - ДНҚ мен нәруыздардан тұрады,
-хромосомада РНҚ, липидтер, полисахаридтер, металл иондары кездеседі.
Адам ағзасының сомалық жасушаларында 46 хромосома (диплоидты жиынтық) болады, олардың барлығының ДНҚ-да бір генетикалық ақпарат болады. Адамның жыныс жасушаларында - 23 хромосома (гаплоидты жиынтық).
-Хромосома - гендер кешені ретінде сол түрдің барлық түрлеріне тән эволюциялық түзілген құрылым болып табылады. Геннің қандай да болмасын хромосомада орналасуы тұқым қуалау типін анықтайды.
-Гомологты хромосома-гендер реттілігі бірдей болады, құрылысы бірдей
-Гомологты емес хромосома-гендік жиынтық әртүрлі, құрылысы да әртүрлі
6. Хромосомалардың морфологиялық жіктелуі. Идиограмма.
Морфологиялык жіктелуі
метацентрлік – тең иінді хромосома.
• субметацентрлік – тең иінді емес , иіндерінің ұзындықтары әртүрлі
• акроцентрлік – бір иіні қысқа, центромерасы хромосоманың бір жақ шетіне жақын орналасқан
• телоцентрлік – бір иінді хромосома
Идиограмма – бұл хромосомалардың көлемдерінің кішіреюі бойынша орналасатын жүйеленген кариотип. Хромосомалардың кейбір жұптарының көлемдері бір-біріне жақын болғандықтан, оларды көлемі бойынша дәл орналастыру барлық жағдайда мүмкін емес.
7. Хроматиннің ұйымдасу деңгейлері. Эухроматин. Гетерохроматин.
1-ші ДНҚ ширатпа -Диаметрі 2 нм
2-ші Нуклеосомалық жіпше -Нуклеосомалық гистондардың 4 түрі. Н2А, Н2В, Н3, Н4 2 молекуладан шайба немесе қатпар құрайды. Мұндай нәруыздық қатпардан ДНҚ ширатпа тәрізді айналады. 10 нм.
3-ші Хроматиндік фибрилла -Әрі қарай, ДНҚ молекуласының оралуын Н1 гистоны қамтамасыз етеді, оларды бір-біріне жақындатып, нәтижесінде диаметрі 20–30 нм тең болатын жаңа құрылым түзіледі
4-ші Интерфазалық хромонема -Диаметрі 100-200 нм болады. Құрылымдық ұйымдасуы хроматинді фибриллалардың ілмектерге байланысуымен негізделеді. Олардың түзілуіне гистондық емес нәруыздар қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет