2.3 Психологиялық түзету жұмыстарының әдіс-тәсілдері және тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының қорытындысы
Мінез-құлықты түзету ауытқушылығы бар тұлғаларға психологиялық тұрғыдан әсер етудің ең тиімді әдістерінің бірі. Оның өзіндік жақтары да бар. Ол нақты әрі, әдістері де қарапайым. Оның негізгі мақсаты мінез-құлықты өзгерту және тәжірибеде қолдану.
Психологиялық білім интеграциясы «мінез-құлық» ұғымының тереңдеуіне алып келді. Қазіргі таңда мінез-құлық құрылымында бірнеше өзара байланыс деңгейлері анықталған: мінез-құлық себеп-түрткі, мінез-құлықпен қатар жүретін эмоционалды процестер, мінез-құлықты реттеу, ақпаратты когнитивті өңдеу және сырттай бақыланатын құбылыстар мен әрекеттер.
Осы жүйедегі бұзылыстар тұлғаның мінез-құлық ауытқушылығына себеп болады және психологиялық әсер ету бағытын анықтайды.
Девиантты мінез-құлықтың қарастырылған себептері мінез-құлық ауытқушылығы бар тұлғаларға берілетін психологиялық көмектің стратегиялық мақсаттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді:
конструктивті түрткінің қалыптасуы (позитивті құндылықтар, әлеуметтік талаптары орындауға бағытталу мен өзін сақтау);
жеке тәжірибе интеграциясы;
өзін-өзі ретеуді жетілдіру;
стресске қарсы тұруды күшейту және жеке қорларын көбейту;
өмірлік маңызды біліктерді қалыптастыру;
бейімделмейтін мінез-құлықтың көрінуін ығыстыру немесе азайту;
әлеуметтік байланыстар мен тұлғаның жағымды жаңа тәжірибесін кеңейту;
әлеуметтік бейімделу деңгейін күшейту;
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар тұлғаларға әсер ететін жеке және нақты тапсырмалар төмендегідей:
мінез-құлық кемшіліктерін жою;
бейімделгіш мінез-құлықты күшейту;
адекватты емес мінез-құлықты ығыстыру немесе әлсірету.
мазасыздану реакцияларын жою.
демалу қабілетін дамыту;
өзіне сенімділік қабілетін дамыту.
күшті әлеуметтік дағдыларды дамыту.
өзін реттеу қабілетін дамыту.
Психологиялық интервенция кеңес беру, педагогикалық түзету, тренинг, психотерапия арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар оның жекелей, жанұялық және топтық жұмыс түрлері бар. Қазіргі таңда мінез-құлық психологиясындағы әдістерді мынадай негізгі топтара жіктеуге болады:
1. мінез-құлықты өзгерту түрткісін стимулдау;
2. эмоционалды құбылыстарды түзету;
3. өзін реттеу әдістері;
4. когнитивті қайта қалыптастыру әдістері;
5. мінез-құлық ауытқушылықтарын ұсыну әдістері;
6. жағымды мінез-құлық қалыптастыру әдістері;
Мінез-құлық ауытқушылығы саналы және санасыз түрткілер механизмдері жұмыс істегендіктен өзіндік орны бар. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар адамда девиацияны сақтауға деген тұрақты түрткі бар. Өкінішке орай, қандай қиындық болса да, тұлға мінезін жақсы жағынан өзгертуге қарсылық білдіреді. Мінез-құлық өзгерту түрткісін стимулдау тұлғаға психо-әлеуметтік әсер етудің ең басты және ең қиын жұмысы деп атауға болады.
Мінез- құлық ауытқушылығы көптеген жағымсыз эмоциялармен, әсіресе, мазасыздану, қорқыныш, агрессиямен байланысты. Эмоциональды жағдайды түзетудің екі әдісі бар. Олардың күшін азайту және альтернативті реакцияларды өңдеу. Мысалы, тренинг – релаксация.
Адамның бейімделе алмаушылық мінезі көбіне мазасыздануға байланысты. Егер зерттеу барысында арнайы мазасыздану екені анықталса арнайы әдістемелерді қолдануға болады.
Эмоциональды жағдайды түзету әдістерін ойын терапиясымен, шығармашылықпен (сурет салу, сахналық қойылымдар), денелік терапиямен, гештальтерапиямен, психоаналитикалық терапиямен қатар пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |