1 «Қиын» балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде


Зерттеу әдістері мен әдістемелеріне сипаттама және оның нәтижелерін сандық және сапалық талдау



бет13/26
Дата09.09.2024
өлшемі0.96 Mb.
#503497
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
киын бала - дипл

2.2 Зерттеу әдістері мен әдістемелеріне сипаттама және оның нәтижелерін сандық және сапалық талдау
1- әдістеме; «Шмишектің мінез акцентуациясы сұрақнамасы».
Эксперименттің барысы: Бұл әдісті Т. Шмишек 1970 жылы К. Леонгардтың акцентуацияланған тұлға концепциясының негізінде құрған.
Бұл сұрақ-жауап мінездің акцентуациясын шығаруға арналған, нақты айтқанда мінездің бағытын анықтау. Бұл сұрақ-жауаптың ішінде мінездің анықталған акцентуациясына қатысты 97 сұрақ кіреді.
Нұсқау. Сіздерге сіздің мінезіңізге тиісті сұрақтар ұсынылады. Егер сіз сол сұрақтарға келіссеңіз, сол сұрақтардың жанына «+» (иә) белгісін қойыңыз, ал егер келіспесеңіз онда «-» (жоқ) белгісін қойыңыз. Сұраққа көп ойланбаңыз, дұрыс және бұрыс сұрақтар жоқ.
«Шмишектің мінез акцентуациясы сұрақнамасы» бойынша анықтау экспериментінде жүргізілген эмперикалық мәліметтердің сандық және сапалық көрсеткіштері төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 4

«Шмишектің мінез акцентуациялық сұрақнамасы» әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесі





Мінез акцентуациясы

Эксперименттік топ

Бақылау тобы

1

Гипертимді

40 %

55%

2

Экзальтивті

10%

10%

3

Демонстративті

4%

5%

4

Циклотимді

9%

20%

5

Педантты

4%

5%

6

Эмоциялы

4%

5%

7

Дистимді

4%

-

8

Қозғыш

25%

-

9

Үрейленгіш

4%

-

10

Тұрақсыз

-

-

Кестеде көріп тұрғандай эксперименттік топта да бақылау тобында да гипертимді типтің басым екендігін байқаймыз. Эксперименттік топта қозғыш тип 25 % құрайды. Сонымен қатар бақылау тобында көптеген мінез акцентуациясы байқалмайды.


«Шмишектің мінез акцентуациялық сұрақнамасы» бойынша алынған нәтижелердің өңделуі
Алынған зерттеу жұмысынан келесі нәтижелерді аламыз. 40 адамның ішінен гипертимді тип эксперимент тобында 40 пайызын құраса, бақылау тобында – 55 пайызын құрады. Бұл деген берілген зерттеушілерге көңіл-күйдің көтеріңкі жағы, ұқыптылық, тазалыққа деген бейімділіктері тән.
Эксперимент тобында дистимдік 4%, ал бақылау тобында байқалмады, эксперимент тобында демонстративті 4%, ал бақылау тобында 5 % пайызын құрады. Эксперимент тобында қозғыш типтері 20 адамның ішінен 25 % ғана құраса, ал бақылау тобында байқалмады. Бұл деген, эгоцентризмге, эпилептоидты психопатияға, көңіл-күйдің бұзылуын білдіреді.
Эксперимент тобында педанттық тип 4%, адамның ішінен 2-еуі регидтілік, агрессияға тән, ал бақылау тобында байқалмады. Экзальтивті тип- 10% екі топта да бірдей көрскішті көрсетті. Бұл зерттеушілердің мінезіне экзальттық реакциялардың тән екендігін білдіреді.
Бақылау тобында циклотимді типтен 20 пайызын көрсетсе, ал эксперимент тобынан 9 % пайызын ғана көрініс тапты. Бақылау тобында эмоционалды типтен 5 % пайызын көрсетсе, ал эксперимент тобынан эмоционалды типі бойынша 4 % пайызын ғана көрінді. тежелу және уайымшылдық типтері мүлдем айқындалған жоқ. Бұл берілген зерттелінушілердің ішінде сезімталдықтың, мейрімділіктің, жақсы көңіл-күйдің, топтың психологиялық ахуалның жалпы төмен екендігін байқаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет