1 «Қиын» балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде



бет23/26
Дата09.09.2024
өлшемі0.96 Mb.
#503497
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
киын бала - дипл

ҚОРЫТЫНДЫ

Егеменді Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде, яғни нарықтық экономиканың қарқынды дамып,қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің артуы жағдайында әлі де болса адамгершіліктің құлдырау салдары сезіледі және ол өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге күшті әсерін тигізуде. Қоғам дамуындағы кейбір жағымсыз факторлар асоциалдық мінез-құлықтың әртүрлі формаларының пайда болуына ықпал етуімен қауіпті болып отыр.


Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі жалпыадамзаттық құндылықтардың тұтас жүйесінің ыдырауымен тікелей байланысты. Соның салдарынан жастардың арасында темекі, есірткі, ішімдікті пайдалану күн санап өсуде. Қолайсыз отбасылық қатынастар нәтижесінде ата-ана мен социумнан алшақтау, өздері сияқты әлеуметтенуге жат, қоғамнан алшақтаған топтардың ортасына түсу, оқудағы үлгермеушілік біртіндеп жатысынушылық өмір салтының қалыптасуына алып келеді. Ол өз кезегінде эмоционалдық бөлектенуден, аморальдық мінез-құлықпен, қоғамдық құндылықтарды қабылдамаушылықпен сипатталады. Бұл әртүрлі азаматтық және басқа да міндеттерді орындауға біртіндеп қабілеті төмендеген тұлғаның әлеуметсізденуіне алып келеді.
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қиыншылығы әр түрлі бағыттардың сәйкессіздігінен деген қорытынды жасалынды. Олардың қалыпты мінез-құлықтарын қалыптастырудың негізгі «көздері» анықталды. Ауытқушылығы бар балаларға психологиялық көмек көрсетуде кейбір жағдайлардың тез шешілуі және кейбірінің ұзақ уақытты шыдамдылықты талап ететінін де іс жүзінде дәлелдеп, оларға жалпы сипаттама берілді.
Жасөспірімдік кезеңдегі ауытқымалы мінез-құлқының алдын алудың жалпы жүйесінің ішіндегі негізгісі отбасы болып табылады.
Ата-аналардың басым бөлігі отбасының экономикалық жағдайын жақсарту тірлігіне ден қойып, баланың тұлғалық дамуы мен тәрбие мәселесінен өз-өздерін әлеуметтік алшақтату тенденциясы күшеюде. Бала дамуының жеке ерекшеліктері туралы жеткілікті білімдері жоқ ата-аналар тәрбие жұмысын көбіне өз сезімдерінің жетегімен, тіпті көзсіз түрде жүргізеді. Бұның бәрі әдетте позитивті нәтиже бермейтіндігі заңды. Бұндай отбасыларда ата-аналар мен балалардың арасындағы тұлғаралық байланыс әлсірейді, нәтижесінде сыртқы жағымсыз орта «беделге» ие болады да баланың ата-ананың «уысынан» шығып кетуіне әкеліп соқтырады.
Қалыптасқан жағдай, басқа да объективтік және субъективтік себептерге байланысты балалар, жасөспірімдер және жастар ортасындағы бақылаусыздық, қылмыс, нашақорлық және басқа да жағымсыз құбылыстардың өсуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, барлық білім мекемелері бірдей дерлік бала тәрбиесі үрдісін жетілдіруге, отбасымен, басқа да әлеуметтік институттармен байланысты қажетті деңгейге көтеруге өз дәрежесінде көңіл бөлмейді. Бұның салдарын отбасының - білім мекемесін, педагогтың - отбасын, отбасының - бала тұлғасының шығармашыл және еркін дамуына мүдделілікті жатсынуынан көруге болады.
Білім мекемесі тәрбие үрдісін, сонымен қатар баланың, ата-ананың және социумның шынайы байланысын қамтамасыз етуші бірден-бір әлеуметтік институт болып келді және солай болып қалады да. Ата-аналар мен педагогтардың балалардың мүддесі жолындағы қызметі олар одақтастарға айналған жағдайда ғана табысты болуы мүмкін, бұл оларға баланы жақынырақ білуге, жан-жақты зерттеуге, осылайша олардың жеке ерекшеліктерін білуге, олардың қабілеттерін дамытуға, құндылықты өмірлік дағдыларын қалыптастыруға, мінездеріндегі жағымсыз құбылыстар мен іс-әрекеттерді жоюға көмектеседі.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, кейбір ата-аналардың тәрбие саласындағы арнаулы білімдері болмағандықтан, балалармен қарым-қатынас орнатуда белгілі бір қиыншылықтарды бастан кешеді. Олармен ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, тәрбиелік әлеуеттерін белсендіру, өздеріне әлеуметтік серіктестерге айналдыру үшін сынып жетекшілері өздерінің бар мүмкіншіліктері мен шығармашылық қабілеттерін арнаулары тиіс.
Мінез-құлық ауытқушылығына біз арнайы зерттеу жүргізе отырып, олардың әлеуметтік және тұқым қуалаушылық себептері барын айқындадық.
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің қиыншылығы әр түрлі бағыттардың сәйкессіздігінен деген қорытынды жасалып, олардың қалыпты мінез-құлықтарын қалыптастырудың негізгі «көздері» анықталды.
Сонымен қатар ауытқушылығы бар балаларға психологиялық көмек берудің де негізгі ерекшеліктері аталып, олардың жүзеге асырылу формалары көрсетілді. Ауытқушылығы бар балаларға психологиялық көмек көрсетуде кейбір жағдайлардың тез шешілуі және кейбірінің ұзақ уақытты шыдамдылықты талап ететінін де іс жүзінде дәлелдеп, оларға жалпы сипаттама берілді. Бұл зерттеу жұмысы мінез-құлық ауытқушылығының тұқым қуалаушылық негізін анықтау болғандықтан, ата-аналарына да дәрістер оқылды. Сонымен қатар жасөспірімдердің өз-өздерін әлеуметтік тұрғыдан қорғауға дайындау үшін де көптеген жұмыс түрлері алға қойылды. Бұл үшін арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шараларға маман педагогтар мен психологтардың өткізу даярлығын жоғарлату мәселелері қарастырылды. Ата-аналар, тәрбиешілер үшін жасөспірімдер арасындағы қолайсыз әрекеттердің қайталануын ескерту басты мәселе болып табылатындығына да аса мән берілді.
Біздің психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстарын өз уақытында өткізіп тұру керектігі және тұлғаның өзінің қоршаған ортада қалыптасуына негіз болды. Мұнда әртүрлі дүниетанымдық көзқарастары мен ұйымдастырушылық принциптері, қызығушылықтары мен құныдылықтары, мақсаткерлігі де ескертіледі. Жасөспірімдердегі психологиялық аутқушылықң басты себептеріне қоршаған орта мен генетикалық фактордың әсері деп қарастырамыз. Көп жағдайда генетикалық факторды анықтау қиынға түсіп жатады. Генетикалық фактордың әсерін ғалымдар 50 % деп түсіндіреді. Ал қалғанын қоршаған орта құрайды. Генетикалық анықтау бойынша қоршаған ортаға – жалпы отбасылық, жеке және өзге де факторлар енеді.
Қорыта келгенде, тәжірибелік эксперименттік жұмыстардың нәтижесінде келесі тұжырымдарға тоқталуға тура келді, жалпы мінез-құлық ауытқушылық деңгейінің анықтау және өз уақытында психологиялық көмек көрсету жолдары басты мәселе екендігін ұмытпағанымыз жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет