1 «Қиын» балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде



бет10/26
Дата09.09.2024
өлшемі0.96 Mb.
#503497
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
киын бала - дипл

Қоғамда өтіп жатқан үрдістер:

    • Заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;

    • Жұмыссыздық (нақты және жасырын);

    • Экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;

    • Сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі;

    • Темекіге, ішімдікке, нашақорлыққа жолдың ашықтығы;

  1. Отбасының жағдайы және оның түрлері.

  • Толық емес отбасы;

  • Отбасының материалдық жағдайы (кедейлік, байлық);

  • Ата-аналардың төмен әлеуметтік мәдени деңгейі;

  • Балалардың қажеттіліктерінің жеткіліксіз немесе асыра қанағаттандырылуы;

  • Ата-аналардың ішімдікті, нашақорлық заттарды теріс пайдалануы;

3. Мектепішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуы:

  • Мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы; мектепте балалар ұйымдарының болмауы.

  • Мұғалімдердің білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі; оқушылардың білімін бағалауда объективтіліктің болмауы.

  • Мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің төмендігі.

Сондай-ақ балаларға бұдан басқа да педагог-психологтар білуге тиісті ішкі тәуекел факторлары да әсер етеді. Оларға мыналарды жатқызуымызға болады: өзінің қажетсіздігін және өзіндік орны жоқтығын сезіну; өзіндік бағасының төмендігі; өзіне-өзі сенімсіздік, өз-өзіне және басқаларға өзінің сезімдері мен реакцияларын көрсете алмауы [12].
Л.Н. Анасимова пікірінше, кез-келген қоғамда әлеуметтенудің жетілмеуінен, ішкі келіспеушіліктерден нормаға сай еместілікке орын беріледі деген [11].
А.И. Захаровтың пікірінше, белгілі девиантты мінез-құлықты әлеуметтік жүйедегі мәдениет типі ретінде анықтама береді. Егер құндылықтар мен нормалар өзгерсе, онда девиацияның өзі – құрастырылған әлеуметтік ақиқат болып табылады. Ол қауіпті процестердің қарапайым нәтижесі болады, бірақ әлеуметтік өзгерістердің потенциалды факторы болып табылады [12]. Автор девиация феноменін 3 бағытта қарастырды:
1. Девиация дезадаптация ретінде ( екі аспектісі бар: әлеуметтік психикалық иммуниция мен девиантты тұлғаны шететту);
2. Девиантты тұлғаның орны
3. Ауытқушылық
Девиациялық теориялық бағыттарын талдай отырып, А.И. Захаров [12]. негізгі үш түрін анықтаған:
1. әлеуметтену көзқарасы бойынша;
2. әлеуметтік- психологиялық реакция позиция тұрғысынан;
3. әлеуметтік бақылау позициясынан;
Г.Г. Аракелов девиацияның үш компонентін анықтады:
1. белгілі мінез- құлқы тән адам;
2. девиантты мінез- құлық бағалау болып табылатын норма;
3. мінез- құлыққа көңіл аударатын өзге адам, топ [13].
Девиацияны әлеуметтің күтуіне сәйкес немесе сәйкес емес құлықтарымен анықталады. «Қалыпты және идеал» арасындағы соқтығыстар девиантты мінез-құлықты туғызуы мүмкін.
Қазіргі заман талабына сай жеткіншектер шектен тыс шығуда. Мұндағы мақсат ата-аналардың өз балаларының мінез-құлқын, тәртібін қадағалап отырудың қажет екендігіне көз жеткізу. Мектеппен, мектептен тыс тәрбие мекемелерінен тығыз байланыс жасау арқылы олар балаларының санасы мен психологиялық ерекшеліктеріне алдын - алуына болады.
А.Т. Акажанова [9] мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтау, қиындықтар не себептен пайда болатынын теориялық тұрғыда негіздеген ғалымдар көзқарастарына талдау жасай келе, оны кесте түрінде берген (кесте 1).
Кесте 1

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анытаудан туындаған қиындықтар түрлері







Мінез құлқындағы қиындықтардың түрлері

Зерттеген психологтар

Мінез құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері

1

Эмоциялық өріс (сезім әрекетіне бой алдырғыш): ашуланшақ, долы, өкпелегіш, өзіне өзінің көңілі толмаушылық, жылауық т.б.

Е.Е.Кравцова,
А.А.Нурахунова,
В.В.Степанова

Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты:толық емес отбасы, жағдайы жоқ отбасы т.б.

2

Еріктік өріс: ашуланшақ, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық өтірік айту, өзімшілдік т.б.

А.В.Запорожец,
Л.С.Выготский
т.б.

Жеке тұлғаның дамуында психологиялық бірізді жүйенің болмауынан.

3

Танымдық өрісінің бұзылуы. Бала дамуындағы өнімсіз әрекеттер, дұрыс ойлай алмауы, т.б.

Л.С.Выготский,
Л.В.Занков,
А.Н.Леонтьев,
Л.А.Венгер

Психологиялық заңдылықтарға сәйкес тұлғаның бойындағы қабілеттіліктерді байқап, дамыта алмаушылық.

Психологияда қазіргі жасөспірімдік хронологиясы жайында көптеген пікір таластар, бар екені белгілі. Көптеген қөзқарастар бар, соларға тоқталып кетейік. Атап айтқанда, А.С Выготский [14] пубертатты жастарда (14 – 18) құлдырау кезеңін бөліп көрсетеді (13 пен 17 жас аралығы), Э. Эриксон [15] бойынша жасөспірімдік кезең (адам 15 - 20 жас аралығы) идентикалық жас аралығынан өтеді. И.К. Амнова «қазіргі кезеңдегі жасөспірімдер 11 жас пен 20 жас аралықтарында 10 жылдай кезеңді қамтып кетеді» ,- деп қарастырған [18, 56б.].
А.М. Прихожан [16] 10 - 11 жастан бастап жасөспірімдік 16 - 17 жасқа дейінгі аралыққа созылады, осы кезеңдегі рессейдің V-XI сыныптар аралығындағы оқушылармен сәйкес келеді деп көрсетеді.
Э. Ливнех, Дж. Эванс көзқарасы өте қызық: «пубертаттылыққа жеткен жетістіктер биологиялық дамуды анықтайтын жан - жақты қөзқарастарды анықтайды...» [17, 145б.]. Бірақта биологиялық крийтерилерді қолданғанда, бірқатар қиындықтар туындайды:

  1. Хранологиялық жас ерекшелігі биологиялық жас ерекшелігінің индикаторы болып табылады;

  2. Қызбалалар үшін алғашқы етек кір келуі, биологиялық дамудың білдірсе, ал ер балалардың жыныстық жетілуі деңгейін білу қиынға соғады.

Э. Ливнехтің пікірі бойынша негізгі мәселелер жас ерекшешелік кезеңнің соңында анықталады:
Девианттылықтың пайда болуы туралы танымал теориялардың бірі Я.И. Гелинскийдің девиантты мінез-құлық теориясы. Бұл теория нашақорлықты , деликвентті мінез-құлықты, өзге де психикалық бұзылыстарды лангитюдті әдіспен зерттеу арқылы дәлелдеген.
В.Г. Баженов, В.П. Баженованың еңбектінде, ең алдымен девиантты мінез-құлық және өзін сыйлаудың төмендеуі жағымсыз жағдай болып есептеледі де, өзін қабылдау жарақаттаушы қайғырулардан арылумен байланыстырылады. Осының нәтижесінде адам өзін жоюдың субъективті мүмкіндігін төмендетіп, өзін қабылдаудың субъективті мүмкіндігін жоғарлатуға алып келеді. Өзін жоюдан өзгелерге қарағанда қатты қайғыратын адамдар өз мінез-құлқы арқылы осы жағдайды өзгерткісі келмейді. Сондықтан өздерін жоғары қабылдаған адамдар өздерін кері итеруші адамдарға қарағанда өздерін жоюға бейім келеді [19].
Өзін сыйлаудың төмендеуі статистикалық тұрғыдан қарағанда жасөспірімдегі девиантты мінез-құлықтың кез келген түрімен байланысты. Олар: әлсіздік, бұзақылар тобына тәуелділік, заң бұзушылық, наша қолдану, маскүнемдік, агрессивтілік, суицидті мінез-құлық және түрлі психикалық бұзылыстар.
С. И. Кон өзін жою сезімі, яғни талапқа сай болмау субъект алдына таңдау мәселесін қояды. Ол талапқа бағынып, өзін жоюға қатты қайғыру жалғаса береді немесе сыйлауды жоғарлатып осы талаптарға қарсы әрекеттенеді. Әрине, екінші таңдау қолайлы болғандықтан, ұжымның қоғамның тілегіне сәйкестілік жойылып, олардан қашу тілегі артады. Нәтижесінде, ұстанымдар да, референтті топта, жасөспірім мінезі де антинормаға айналып, девиацияға бағытталады [20]. Кей жағдайда өзін сыйлау мақсатына қол жеткізіледі.
И.К. Аманованың еңбегінде, «маскүнем өзіне зиян келіп жатқанын түсінбей, өзі үшін мақтанады. Бұзақы топ арасында әлеуметтік қысым көрген индивид өзін сыйлаудың жаңа критерийларымен тәсілердеріне қол жеткізеді, енді ол жағында әлеуметтік есебінен емес әлеуметке жағымсыз әрекеттен өзін пайдалы сезінеді. Жаңа әлеуметтік бірлік бұрынғы өзін бағалау критерийларын жойып, бұрынғы минустар плюстарға айналады» [2, 42б.]. Әрине, девиация өзін жою сезіменен құтылудың бір ғана тәсілі емес.
Л.Н. Анасимованың көзқарасы бойынша, нашақорлық пен маскүнемдікті уақытқа созылған ерекше ұзақ уақыттық стресс деп қарастырған. Бұзақының өзін сыйлауының жоғары болуы проблемалы жағдай. Ол өзін көрсетуге тырысқанмен шындығында ол өзін жалпы әлеуметтік тұрғыдан бағалауы мүмкін емес, ерте не кеш бұл көрініс береді. Бірақ өзін сыйлауды жоғарлату және психологиялық қорғаныс құралы ретінде девиациялық мінез-құлық өте тиімді деп қарастырады [11].
А.Т. Акажанованың зерттеулерінде, девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс - әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез - құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді деп қарастыраған [9].
Девиантты мінез - құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды. Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Л.В. Атраментованың мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді [33]. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

  • қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);

  • тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);

  • микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.

  • Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады [33].
Я.И. Гелинскийдің пікірінше, делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

  1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

  2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

  3. Наша сату және тарату.

И.А. Невскийдің еңбегінде, криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады. Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді [26].
Е.В. Змановская еңбегінде, девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:

  • жанұяда берекенің болмауы;

  • ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

  • тәрбие берудегі кемшіліктер;

  • өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

  • өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

  • сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

  • психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

  • агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

  • мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

  • балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары

Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ: 1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

  • ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.

  • психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;

  • физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер [44].

2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді.
Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар.
Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:

  • оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;

  • мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;

  • әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;

  • криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды [44].

Б.Г. Баженов., В.П. Баженованың [19] еңбектерінде, баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:

  • дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;

  • тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;

  • асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.

Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет [44]. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

  • балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

  • оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

  • оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

  • оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

  • девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

Девиантты мінез-құлық бастамасы туралы әлеуметтену теориясы толық мәлімет береді. Жасөспірімдердің әлеуметтену ерекшеліктерін ескере отырып, бұл құбылыстың барлығына ортақ бағытын іздеуміз керек.Әлеуметтену дегеніміз адамның әлеуметтік қатынастар жүйесінің бір компонетіне айналу процесі, яғни адамның қандай да бір қоғамның,ұйымның мүшесіне айналуы.Осы процес барысында ол мәдениет,әлеуметтік қалып, және құндылықтар элементін игеріп,осы негізінде тұлға ретінде қалыптасады.
Индивидумның бірлестік ортасындағы өмірлік құрлымын инициация арқылы қалыптастыру.Филогенез кезеңіндегі бірлестік ортасында өмір сүру құрылымында міндетті түрде инициация немесе дәстүрге өту мәселесі кездеседі. Инициация феномені ежелгі дәстүрден бастап, қазіргінің ажырамас бөлігі бола отырып психоәлеуметтік тапсырмаларды шешетін болғандықтан,оған психотерапиялық жоспарда да көңіл бөлінуі керек.Оған қарсыласу қоғамдағы жағымсыз құбылыстардың дамуына себеп болады.Олар:соқыр импульсивті бұзылыстар(агрессивтілік),өзін бұзу (суицидтілік), қоршаған ақиқатты қабылдамау- белсенді түрде (қазіргі мифологаммаларға кету, деликвентті мінез-құлық, психикалық бұзылыстар) және енжер түрде (депрессивті- жүйкелік жағдай, нашақорлық, маскүнемдік).
Инициация процесін қарастыра отырып, мына сұрақтарға тоқталмау мүмкін емес: егер бұл дәстүр ежелгі адам өмірінде де, тіпті қазір де кездесетін болса, онда адамның басты қажеттілігі өзін өзіне және әлемге көрсету ме?
Адам баласы ерте заманнан бастап өзін қинайтын сұрақтарға жауап іздеп, саналы түрде тұрмыстың құрылымы мен мазмұнын түсінгісі келеді. кез келген адамға оның тәртіп үшін күресі мен хаосы, ой мен ақылсыздығы, маңызы мен маңызсыздығы тек тұрмыс үшін жасалғандығын, ал қабылданған тәртіп пен үйлесімділіктің, әдеміліктің тек сыртқы келбет екендігін түсіну қиынға соғады. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда инициация тұрмыстық негіздің тек верификаты рөлін атқарып, индивидке өзінің тұлғалық жағдайын, «Менін» түсінуге көмектеседі.
Адам табиғаттан тек өз мәдениеті арқылы ғана айрықшаланады.Бұл бағыттар адамның биологиялық сферасынан өзге қозғалыс мақсатын,тіршілік ету мақсатын көрсетеді.Алға қойған мақсатқа жету деген ұмтылыс,оны өмірдің маңызды сапасы деп есептеу негізгі қажеттілік деп саналып,күнделікті өмір логикасын айқындайды.Инициация дәстүрін санадағы кедергілерді жеңетін имперингті механизм ретінде қарастырып,тұлғаның минималды жағдайға ауысуы,яғни қоршаған ортамен қайта құрастырылып,қатынасын өзгерту деуге болады.
Элиаденнің көзқарасы бойынша «адамның барлық өмір сүруі барысында болатын өту дәстүрінің екі себебі бар: бір жағынан адамның жалған өмірі терең дағдарыстардан,мазасызданудан,өзін жоғалту қайта табудан,өліммен тірілуден болса,екінші жағынан тіпті толымды өмірдің өзі бақытсыз болғандай көрінеді.Бұнда өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алмағандай көрініп,олар енді құтылудың жалғыз жолын жаңа өмір бастау деп түсінеді.Осындай тотальды дағдарыс кезінде олар барлығын өзгертіп ,олар өмірдің өзгергенін армандайды.Инициацияның тағы бір жағы бар.Ол- күнадан артылу,жан тазарту.
Осылайша инициация қайғыру мен әрекеттің арасында болып,қоғамдық қатынастар арасында өзін жүзеге асырады.
Ю.Б. Гиппенрейтердің айтуынша қоғамдық қатынастар жүйесі арқылы өнерді, мәдениетті игеру- бұл адамзат онтогенезінің басты жолы. Бұл жол оның әлеуметтік психикасын анықтайды [22].
Осы онтогенетикалық жолының дамуында қателіктер болған кезде дивиантты мінез-құлық мәселесі көріне бастайды:
1 .Индивид психикасындағы генетикалық дамудың бұзылыстары (алғашқы даму кезіндегі дегрегация нәтежесі, жыныстық хромосомалар аномалиясы,дене құрылымының морфологиялық ерекшеліктері);
2. Дизонтогенез (дамудың бұзылуы,дұрыс дамымаудан пайда болған ақыл-ой кемшілігі,психопатия);
3. Генетикалық берілген процестерді жүзеге асырудың бұзылуы (мысалы, сенсорлы-моторлы немесе эмоционалды депривация);
4. Тұйықтық,адамзаттың мәдени-тарихи тәжірбиеге қол жеткізе алмауы (мәдениет нормалары арасындағы келіспеушіліктер);
5.Адамзат тәжірбиесін игеру процесінің бұзылуы (жасөспірім кезеңдегі есейю қиындығы);
6.Ересектегі адекватты емес мінез-құлқы [22].
Адамзат өзінің қалыптасуында енжар рөлді ойнамайды.Оған тұқымқуалау арқылы берілген белгілер тән,оның өз индивидуалдығы қалыптасып,ол әлеуметтік тәжірбиені игергенде өзінше белсенді болады.Сондықтан әр адам бір уақытта әлеуметтік тәжірбиені өзінше игереді деп айтуға болады.
Дүниеге келген бала әр тұлға бір емес бірнеше рөлді ойнайтын адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеміне енеді.Бұл көмекші, саясаткер,ауыл немесе қала тұрғыны т.б рөлдер болуы мүмкін.Осы рөлдерді игере отырып адам әлеуметтеніп,тұлғаға айналады.Адам үшін оны қоршаған адамдармен қарым-қатынасына байланысты.Тек әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне белсенді ат салыса отырып,өзі ойнайтын рөлдерді игеріп, дамыта отырып қана адам әлеуметтік феномен ретінде көрінеді.
Адамның әлеуметтенуіне оның мінезі мен белсенділігін талап ететін бірнеше факторлар әсер етеді.Жасөспірімнің әлеуметтік дамуына оның материалдық, рухани және моралдық тәртіп құндылықтарына ішкі қатынасын көрсететін құндылықтар бағдары көп әсер етеді.Құндылықтар бағдары идеялары,сенімдері мен қызығушылықтары ,т.б тұлғалық көріністерінен байқалады.
Құндылықты нормалық бағдар жасөспірімнің мінезін реттейді.Адамның әрекет түрлерін талдап,реттейтін,ішкі психологиялық қозулардың бірліктері болып құндылықтар,ұстанымдар мен нормалар саналады.
Құндылықтар мен нормалар жасөспірім мен қоғамдағы әлеуметтік бірліктерді реттейтін жалғыз жүйе. Құндылықты- нормативті әрекет тәсілдерін таңдауға бағдар,идеалды тексеріп,таңдау мақсат қою және осы мақсатқа жету тәсілдерін қарастыруға мүмкіндік береді. Құндылықтар мен нормалар жеке адамның жіне қоғам санасының бөлігі болып табылады. Психологтардың зерттеу қортындысы бойынша жасөспірімдегі негізгі құндылық оларды қорғайтын күш.
Тұлға қалыптасуына әсер ететін негңзгі үш фактор бар.Олар іс-әрекет,қарым-қатынас және өзін тану.Біз әлеуметтенудің тек үшінші сферасын қарастырайық.Бұл адамның тұлғалық өзін тануы оның «менінің» қалыптасуы. «Мен» бейнесі адамның бүкіл өмір бойына әлеуметтік әсерлер арқылы қалыптасып оырады. «Менінің» өзіндік тануының кең тараған үш компоненті белгілі: а)танымдық (өзін білу) б)эмоционалды (өзін бағалау) в) мінез құлық (өзіне деген қатынас).Әлеуметтену осы үш сфераның бірігуінен тұрады.
Жастар мәселесі ерте заманнан келе жатқан мәселе.Ал соңғы жылдары тіптен маңызды болып отыр. Біздің қоғамымыздың білімі мен материалдық жағдайынының артуы біздің өсіп келе жатырған ұрпағымыздың рухани және материалды қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі мен мүмкіндіктерін де арттырады,бірақ дұрыс тілектермен ұмтылыстардың қалыптасуын күрделендіре түсті.
К.С. Бютнер ойынша, қарым-қатынастың қоғамдық құралдары арқылы (радио, теледидар,түрлі басылымдар) әлемді қабылдау мен тану аймағы кеңейе түсті. Қазіргі ақпараттар арқылы жастардың қандай да бір нәрсені талдап,терең түсінуі қиындай түсті,сондықтан олар қызық қуып,интеллектіні қажет етпейтіндігі қабылдайтын болды. Ондай жастар күні бойы теледидар қарап, жағымсыз әндер тыңдап, керексіз дерективтерді оқиды. Бұл уақыт өткізу тәсілдерін өзін ұйымдастыру мен басқару қабілеттері оқудағы қиын тапсырмаларды шешу мүмкіндіктеріене айырады. Бұндай жастар қарсылығы аз жолмен жүріп аз уақыттық сезімдерден қанағат алып, болашағын ойламайды [37].
Адамның өмірлік әрекеті табиғат әлемімен бір мезгілдегі өзіндік даму механизмдері және функциясы бар қоғамдық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Қоғамдық ақпарат құралдарының негізгі ерекшелігі адамзат өркениетінің үнемі өз қолдарымен оның аймағын кеңітуге деген ұмтылысы болып табылады (жеке тұлға,топ,ұйым,әлеуметтік институттар, т.б). Қоғамдық ақпарат құралдарының соңғы кезде тез қарқынымен дамып келе жатқандығы байқалып тұр.
Қоғамдық ақпарат құралдары түрлі бағытталған интеграцияланған ақпараттардан басқа, деформацияланған,ескірген ақпараттарды да таратады. Бұл таным процесінің күрделілігі мен әлем туралы біздің біліміздің аздығына,оларды тудырған адамдардың субьективтілігіне байланысты.Және біз осы ақпарт арқылы өзгелерге зиянымызды тигіземіз.Жаңадан қалыптасып келе жатқан жасөспірім тұлғалар үшін ақпарат құралдарын дұрыс пайдаланбау бала жанына ауыртпалық түсіру деген сөз.
Жасөспірім кезеңі - бұл балалық шақтың, жастың ішіндегі ең қиын, ең күрделі, жеке бастың калыптасу кезеңі: Сонымен қатар, өте жауапты кезең, өйткені, Бұл кезеңде баланың адамгершілік негіздері, әлеуметтік ұстанымы, өзіне, адамдарға және қогамға деген қарым-қатынасы қалыптасады. Осы жаста адамның мінез-құлық белгілері және жеке бастар арасындағы мінез- құлықтардың негізгі формаларн тұрақталады.
Бұл жас кезеңіндегі басты мотивациялық белгілер - жеке бастың өзін-өзі жетілдіруіне, өзін-өзі тануына, өзін-өзі танытуына деген ұмтылыс болып табылады. Өзіңді тану үрдісі, ең алдымен, өзін-өзі бағалау сияқты оның маңызды құрамымен жасөспірімтердің түрлі психологиялық жай-күйімен, жекелей алғанда, алаңдаушылық, қорқыныш, өз-өзіне сенбеушілік т.б. тығыз байланысты. Яғни, дамудың эмоционалдық өзгеше индикаторы - өзін-өзі бағалау және өзін-өзі тану.
А. И. Захаровтың [12] айтуынша, жасөспірімтердің қорқыныштары елеулі түрде осы жастың негізгі қайшылықтарымен байланысты:
Жсаөспірімнің өзін-өзі болуға ұмтылысы мен өзінің жеке индивидуалдығын сақтау, сонымен бірге, өзінің құндылықтары мен нормаларына сәйкес топпен бірге болу. Бұл мәселені шешу үшін Жсаөспірімнің алдында екі жол бар: жолдастарынан арылып өз-өзімен қалу, не өзінің бостандығынан, дербестігінен бас тартып, топқа толығымен тәуелді болу. Басқаша айтқанда, жасөспірімке өзімшіл мен конформизмнің бірін таңдауға тура келеді. Мұндай қайшылықты жағдай оның айқын әлеуметтік жағдаймен байланысты қорқыныштарының негізгі себептердін бірі болып табылады.
Жасөспірімтерге өзінің физикалық және психикалық жақтан сиықсыз болуынан қатты қорқады және адамдардың осындай кемшіліктеріне төзбеушілікпен қарайды немесе өз денесінің сиықсыздығы туралы ойларға беріледі.
Жасөспірімтерге тән корқыныштар - басқыншылық, өрт, ауыру көбінесе ер балаларға тән болса, қыздарға стихиялық құбылыстар, кеңістік тылсымы үрей әкелетін көрінеді. Бұлардың бәрі, айналып келгенде, өлім қаупімен ұштасады.
Бұл жаста жеке жасөспірімтердің арасындағы қарым-қатынастармен байланысты бұрынғы жастарда байқалмаған қорқыныштардың саны өседі. Мұндай белгілердің бірі - ата-аналармен жылы эмоционалдық қарым- қатынастың болмауы болып табылады. Бұл жасөспірім үшін қарым- қатынастың құны қымбат болғандықтан, жасөспірім өзінің жалғыз қарым- қатынас құралын жоғалтудан қорқады.
Қорқыныштың салдары көп қырлы, бірақ олардың бастысы - Бұл өзіне де, өзгеге де сенбеушіліктің ұлғаюы. Алғашқысы - сақтыққа негіз болса, кейінгісі күдікке итермелейді. Соның нәтижесінде, адамдарға алдына-ала ойластырылған дайын көзқараспен қарау, қақтығысқа бейімділік және «Мен» деп оқшаулану орын алады. Мұның бәрін Р.И.Захаров қалмайтын қорқыныш - үрейге және алаңдаушылыққа балайды. Таңылған, қалмайтын қорқынышты (үрейді) жасөспірім жат, еріксіз, басқыншы сияқты түрде қабылдайды. Олармен дербес куресу үрейдің күшеюіне және өсуіне жол ашады.
13-14 жастағы балалардың үрейлену сезімі 15-16 жастағылардың жоғары екені анықталды. Бұл ретте оның алғашқысында іс жүзінде өзгермесе, екіншісінде 15 жаста ол елеулі түрде азаяды да, 16 жаста ол қайтадан күрт көтеріледі.
Егер 13-14 жаста (7-8 сыныптар) қыздар мен балалардың үрей сезімдерінде айырма болмаса, 16 жаста (10 сынып) қыздардың үрей сезімі ұлдардікінен көбірек болады. Осылайша 13-14 жастағылардың бойындағы үрей, Бұл дамудың дара ерекшеліктерін бүркемелейтін жастық сипаттама болып табылады және мұны жасөспірімнің психикалық дамуында ескеру қажет.
Үрей динамикасын өзін-өзі бағалау динамикасымен салыстыра отырып, олардың өзара тығыз байланыстылығын, әсіресе жоғары сыныптарда оңай анықтауға болады. Өзін-өзі бағалау неғұрлым және парапар болған сайын, соғұрлым өзіне-өзінің және өз мүмкіндіктері деген сенімділігі соғұрлым аз болады.
Жасөспірімнің психикалық дамуының ережесі пубертаттың тұрғысынан түсіндірілуі мүмкін. Пубертат - Бұл баланың дене және жыныстық жақтан жетілуінің күрт жеделдеу мерзімі және ол жасөспірімдік жастың тек ішкі бөлігін ғана құрайды. Дене пубертатымен қатар Ш.Бюлер психикалық пубертаттықты бөліп алды, мұның өзі іштей дамудың үш фазасын қамтиды.
Олардың біріншісі Ш.Бюлердің сөзімен айтқанда, психикалық пубертаттың мерзімінің нышаны болып табылады оның жеке белгілері жасөспірімнің төбелесуге бейім болатын, балалық ойындарды қызықсыз санайтын, бірақ ересектеу жасөспірімдердің ойындарын әлі түсінбейтін 11-12 жастағы балалардың бойынан білінеді. «Прелюдия» келесі жағымсыз фазаға, яғни үзақтығы қыздарда 11 жастан 13 жасқа дейін және балаларда 14 жастан 16 жасқа дейін созылатын кезеңмен ауысады. Бұл кезеңнің неғізгі белгілері: «жоғары сезімталдық, мазасыз және жеңіл қозатын жай-күй», «дене және жан-дүние дімкәстіғі», өзіне-өзі, қоршаған ортаға риза болмаушылық.
Н.В. Макшанцеваның пікірінше, жасөспірімнің бойынан өзіне, қоршаған ортаға жек көрушілікпен қатар, өзін-өзі жалғыз, айналадағы адамдарды жат, түсініксіз сезінуді жиі кездестіруге болады [24]. Бұл сатыдағы баланың жағымсыз, қайшылықты жайттарға неғұрлым сезімтал болып келуі оны өзін-өзі агрессиялы түрде қорғауға немесе енжар меланхолияға түсуге шақырады. Мұның аяғы баланың жүмыс қабілетінің төмендеуіне, оқшаулануына немесе айналадағы ортаға жаулық қарым-қатынаспен қарауына алып келеді деп қарастырған.
Қазіргі заманда жеткіншектерге олардың өмір сүретін микроортасы да әсер етеді. Оның өз ауласында, мектепке бара жолда, қоғамдық орындарда, мектепте тіпті үйінде де тәрбиеге жат жағымсыз қылықтармен бетпе-бет келетін тұстары да болады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеуде кәсіби іс-әрекет түрлері мен психологтың атқаратын істерін диагностика, коррекция, психологиялық қолдау сияқты мәселелер; девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеуде кәсіби іс-әрекеттің құрылымын (типтік кәсіби міндеттер, кәсіби ситуациялар мен кәсіби міндеттерді шешудің стратегиясы мен тактикасы және оларды жүзеге асырудың технологиялық әдістерін көрсетеміз); маманның жеке тұлғалық кәсіби қасиеттері-оның дүниетанымы мен мотивациялық-мақсатты бағытымен танымдық қабілеттері, комуникативтік, ұйымдастырушылық біліктілігі сияқты қасиеттерімен өзара ұштасты түрде қарастырылуы; девиантты мінез-құлықты жеткіншектермен тәрбие жұмысында кездесіп отыратын қиындықтар мен ойлау, мінез-құлқындағы қателіктер мен олқылықтар; тәрбиелеу жұмыстары және жұмыс орындарындағы мекеме типтері қамтылуы тиіс.
Балалардың және жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы және тәрбиесіндегі ауытқулардың алдын алу жұмыстары төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылса тиімді болар еді: оқу іс-әрекетінің сәттілігі; қарым-қатынас жүйесінің (құрдастарымен, ата-аналармен) жеткіншектерді қанағаттандыратын эмоционалдық жағымдылығы; психологиялық жағынан қорғалғандығы. Осы бағытта қиын жеткіншектермен жұмыс істейтін психолог мамандардың да жүйелі құрылған психологиялық қызметтің тұрғысы болуы маңызды. Осы орайда біз жалпы білім беретін мектептерде жұмыс жасайтын психолог маманның үлгісін ұсынып отырмыз (кесте 2). Маман – психологтың кәсіптік деңгейін қалыптастыру жолдарын анықтауды оның моделін жасау қажеттілігі арқылы қарастырамыз. Маманның моделі:1) маманның кәсіби іс-әрекетінің моделі, 2) маманның іс-әрекетінің моделі, 3) маманның жеке тұлғасын қалыптастыру моделдерінен тұрады. Психолог маманның моделін айқын түсінгенде ғана мектеп психологтары кәсіби міндеттерді орындау кезінде қажет болатын білімдерді анықтауға мүмкіндік алады. Маман психологтың моделіне мынандай ерекшеліктер жатады деп пайымдаймыз.

Кесте 2 Девиантты мінез-құлықты жеткіншектерді қайта қалпына келтірудегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың құрылымдық жүйесі


Бүгінгі таңда жалпыға бірдей құқықтық бірдей тәрбие беру мәселес жақсы жолға қойылып келеді. Әсіресе, мектепте оқушыларға құқықтық білім берудің жаңа мазмұны демократиялық дамудың жолына түскен, елімізде болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты. Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінің алғашқы буыны отбасы болып табылады. Бұл болашақ жеке тұлғаның тәрбиесін жанұяның негізгі міндеті етіп көрсететін қазақтың дәстурлерінен бастау алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет