1. Интерерді көркем безендіруге қойылатын шарттар мен талаптар


Көркем безендірудегі (эстетикалық) талаптар



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі450 Kb.
#124522
1   2   3   4

1.2 Көркем безендірудегі (эстетикалық) талаптар.
Бұл талаптарды олардың жалпы түрі ретінде мынандай тәртіппен көзге келтіруге болады:

а) имараттар географиялық және климаттық факторлар, сондай-ақ, өткеннің мұрасынан сол қалпында алынбаған, қазіргі талаптар негізінде техникалық және эстетикалық тұрғыда шығармашылықпен өнделген ұлттық сәулеттік пішіндер мен дәстүрлер бейнелеліп, орындалуы керек;

ә) имараттың өзі орналасқан орнымен, табиғат жағдайларымен және көрші құрылыстармен органикалық байланысы , яғни тиісті ансамбльдік үйлесімдік бірлікті қамтамасыз ету;

б) имараттың жалпы сәулеттік пішіндерінің оның құрылымдарымен, имараттың сәулетқисындығының дұрыстығы деп аталатын, бірлігі мен сәйкестігін қамтамасыз ету.

Ғимараттардың жайғасымдық сұлбалары және бөлмелерді топтастыру.

Ғимараттың жобалауы өз қызметіне неғұрлым толық сәйкес келуі үшін оның өзара ажырамастай байланысқан композициялық, құрылымдық, инженерлік-коммуникациялық, көркемдік-эстетикалық қызметтері ескеріліп жүргізіледі. Оның кез келген бірін өзгелерінен бөліп шешу ғимараттың жалпы сәулеттік құндылығына да, сондай-ақ оның экономикалық орындылығына да зиян келтірілген болып табылады.

Үйлесімнің (композицияның) ядросы симметрия осінде орналасқан жағдайда, ал қосалқы бөлмелер оның төңірегінде топтастырылса, симметриялық сұлба қалыптастырылады.

Үйлесімнің ядросы центрден тыс орналасқан жағдайда, ал тәуелді элементтер оған қатысты алғанда еркін топтастырылса, ассимметриялық сұлба құрылады.

Азаматтық ғимараттардың жайғасымдау шешімдері аса алуан түрлі, өйткені белгілі бір жағдайларда өтетін әр түрлі қызметтік процестерді бейнелейді.

Ғимарат іші кеңістіктерінің белгілі болуы мүмкін үйлесулері: дәліздік (коридорлық), анфиладалық, центрлік, залдық, бөліктік (секциялық)және олардың үйлесімі секілді бес негізгі сұлбаға жинақталады.

Жайғасымның дәліздік сұлбасы бөлмелердің екі жақтан орналасуларымен (жатақханалар, мейманханалар, интернаттар, әкімшілік, оқу, емдеу-профилактикалық және басқа мекемелер) сипатталады.

Бөлмелердің бір жақты орналасуы кезінде жайғасымдау галереялық деп аталады.

Анфиладалық сұлба бірінен кейін бірі орналасқан, өзара өтпелі өткелмен біріктірілген бірқатар бөлмелер (мұражайлар, көрмелер, сауда ғимараттары және тұрмыс қызметі кәсіпорындары) түрінде болып келеді.

Центрлік деп бір, анық бас үлкен жай (бөлме) бөлініп көрсетілетін, оның төңірегіне қосалқы жайлар (бөлмелер) (театрлар, кинотеатрлар, цирктер, концерт залдары) топтастырылатын жайғастырушылық сұлбасы аталады.

Залдық жайғасымдау сұлбасы қабатында бір бөлмеден тұратын ғимараттарға – базарларға, көрмелік павильондарға, спорттық және т.с.с. сипаты болып келеді.

Бөліктік, яғни, секциялық (ұяшықтық ) сұлбаға қайталанатын және бір-бірінен оқшауланатын бөліктердің қатары кіреді. Бөлмелер бөліктер шеңберінде әр түрлі жайғасымдаушылық сұлбалармен орналасуы мүмкін. Бұл сұлба жиі түрде пәтерлік тұрғын үйлерде қолданылады.

Ғимараттар ішінің кеңістігін топтастырудың жоғарыда саналған сұлбалары тұрғын және азаматтық ғимараттардың әр түрлі үйлесімдік (композициялық) сұлбаларын қалыптастыру және қала құрылыстық түйіндерін және келесідегідей кешендерін: жиынтықтыны, созылғандықты және мүшеленгендікті қалыптастыру кезінде негіз болып табылады.

Ірі қоғамдық ғимараттарды, қоғамдық-сұлба орталықтан жобалау кезінде қызметтік аудандастыру , яғни, бір текті бөлмелерден тұратын, олардың қызметтік мақсатынан және ішкі өзара байланыстардан шыға отырап, аймақтарға бөлу жүргізіледі.

Қызметтік аудандастыруды мынандай екі түрге бөледі: горизонтальді және вертикальді. Бірінші жағдайда барлық ішкі кеңістіктер, ереже бойынша, горизонталь жазықтықта орналастырылады және негізінен горизонтальді коммуникациялармен (дәліздермен, галереялармен, жүргіншілер платформаларымен және т.с.с.) біріктіріледі. Екінші жағдайда – ішкі кеңістіктер деңгейлер (ярустар) бойынша орналастырылады мұнда негізгілер болып табылатын верткальді коммуникациялармен (баспалдақтар, лифтілер, эскалаторлар және басқалар) байланыстырылады.

Ғимараттың құрылымдық түйіндері келесідегідей топтастырылады:

кіреберіс топтары (тамбурлар, вестибюльдер, киімілгіштер);

негізгі бөлімдер топтары;

көмекші және қосалқы бөлмелер топтары, санитарлық тораптар;

горизонтальді коммуникациялар (дәліздер, фойелер, галереялар, холлдар);

вертикальді коммуникациялар (баспалдақтар, лифтілер, эскалаторлар).

Ғимараттың бөлмелері қызметтік белгілері бойынша келесідегідей топтарға бөлінеді:



негізілер - басты қызметтерге сәйкес келеді (тұрғын үйлердің тұрғын бөлмелері, оқу орындарының дәрісханалары (сыныптары), ауруханалардың науқастар жататын палаталары және т.с.с.);

қосалқылар –ғимараттың басты қызметтерін қамтамасыз етуге арналған (үлкен кешенге арналған мәжіліс залдары, фойелер және театрлардың кулуарлары, мұражайлардың және дүкен дердің және басқалардың көмекші бөлмелері);

қызмет көрсетілетін – жайлылықты және санитарлық-гигиеналық жағдайларды арттыратындар (вестибюльдер, холлдар, санитарлық тораптар, қоғамдық тамақтану дәмханалары);

техникалықтар (кейде тұтас қабаттар) – инженерлік-техникалық жабдықтарды орналастыруға арналғандар (лифтілердің машиналық бөлімшелері, қоқыс-жинағыш, желдету және ауа бастау қораптары).
Интерерді көркем безендірудегі ізденістер мен заңдылықтар.

Көркем безендіру мынандай басты проблемалар саласында дамиды:



  • «Қызмет» («функция», пайдалану) - өнеркәсіптік, көліктік имараттардың, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттарының әр түрлі типтеріне қойылатын талаптардың кешенін анықтау, адамның, ғимараттардың және имараттардың әр түрлі динамикалық қызметтік процестер жағдайындағы өзара әрекетінің технологиялық, физиологиялық және психологиялық параметрлерін анықтау;

  • «Құрылым» («конструкция», материяландыру) – ғимараттардың және имараттардың қызметтерінің уақыт бойынша және пайдалану процесіндегі өзгерістеріне сәйкес құрылымдық жүйесін әзірлеу, алдын ала берілген қасиеттермен қазіргі жоғары тиіді құрылыс мариалдарын жасау, жобалау және құрылыс жүйелерінің автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу;

  • «Үйлесім» («композиция») – қазіргі архитектуралық үйлесімнің және оның принциптерінің табиғатын анықтау, архитектураның эстетикасын қабылдау психологиясының ең жаңа деректерін пайдалану арқылы әзірлеу, құрылыстық техниканың қоғамдық мүдделерін және техникалық мүмкіндіктерін дамыту.


Дизайнға байланысты түсініктер.

«Нәрселік (заттық) орта»-материалдық заттар мен адамдар, оларды пайдаланушылар арасындағы сәйкестік заңдарында белгіленген «заттық ортаның» (инженерлік құрал-жабдықтар, станоктар, машиналар, құралдар, тұрмыстық бұйымдар және т.б.) оңтайлы жүйесін құру, бұл заңдардың мәні мен сипаты, олардың көріну түрлері, техникалық, экономикалық, биологиялық және басқа факторлардың өзара байланыстылығы;



  • «Заттар» - дизайнның әр түрлі бұйымдарына, олардың мақсатына және пайдалануына байланысты, қойылатын талаптардың кешенін анықтау;

  • «Құрылымдау» -жаппай өндірілетін бұйымдарды көркем құрылымдау мәселелерін әзірлеу.


Стильдік бірлік жөніндегі түсініктер.

Стиль. Гетенің пікірінше, стиль- әр түрліліктегі бірлік.

Сәулетші Х.П. Берлаге кез келген стильдің негізінде жатқан принцип ол тәртіп деп, ал сәулеткер Ф.Л. Райт стиль мінездің нәтижесі деп сендіреді.

Өнердегі стильді белгілі бір дүниені тану жөніндегі түсінікпен ішкі ойды білдірген құралдар мен тәсілдердің тарихи қалыптасқан бейнелік жүйесінің салыстырмалы түрдегі тұрақты ортақтастығы деп түсіну қабылданған.

Әрбір әлеуметтік дәуірдің жалпы эстетикалық концепциясы, сондай-ақ, түртудырушылықтың құралдары мен тәсілдерінің салыстырмалы түрдегі орнықты ортақтастығын, сипатты тектониканы, масштабтылықты, ырғақты, пропорцияны және т.с.с. анықтайды.

Қоғамның үстемдік етуші идеологиясымен байланысты көркем мәнерліліктің пішіндік құралдарының бұл орнықты сипатын дәуірдің стилі деп атауға болады.

Стильдік бірлікпен тек өнер ғана емес, сондай-ақ шығармашылық қызметтің басқа салалары да –еңбек, тұрмыс заттары және басқалар және осыған ұқсастар.

Стиль – белгілі бір уақыттың және белгілі халықтың сәулет өнерінің, оның қызметтік, құрылымдық және көркем жақтарының ерекшеліктерінде көрініс тапқан негізгі ерекшеліктері мен белгілерінің жиынтығы. ХІХ ғасырдың екінші жартысында стиль туралы кез келген қайсы бір дәуірлер үшін типті , қасбеттерді, ішкі бөлмелерді – ғимараттардың интерьерлерін немесе олармен байланысты жиһаздық мүліктерін безендіру үшін қолданылған сәндік – ою-өрнек құралдары жиынтығы деген теріс ұғым тұды. Іс жүзінде стиль ұғымы барынша өрісті және кең, оған берілген уақытқа сипатты ғимараттың жайғасымдарын және көлемдік үйлесімдерін (композицияларын) құру құралдары, пайдаланылатын құрылыс материалдары мен құрылымдары, сондай-ақ көркем өрлеудің типтік пішіндері мен айшықтары кіреді.

Стильді тудырудың негізгі шарты - дүниені тану жөніндегі түсінік пен оны бейнелеу құралының бірлігі. Жаңа стильдің «дирижері» заттардың қайсы бір сәулеттік кеңістіктегі орналасқан пішімдерінің көркем бірлігін талап ететін архитектура болды.

Сәулеткерлердің ғимараттың архитектурасының, жиһаздардың, ыдыстардың және т.б. стильдік бірлігіне ұмтылысы Ежелгі Египеттен (Мысырдан) бастау алып, бүгінгі күнге дейінжалғасып келеді.

Мәселен, жоғарыда аталған архитектор Ю.Г. Ратушныйдың нобайы бойынша Алматы қаласындағы «Достық» мейрамхана үшін әр түрлі шет елдік және кеңестік фирмаларға кереуеттер, үстелдер, орындықтар, ыдыстар және өзге де тұрмыстық және қызмет қөрсетуші жабдықтарға тапсырып берілді.

«Қазақстан» және «Достық» мейрамханаларының авторы архитектуралық пішіндердің , заттар әлемінің және техникалық құрал-жабдықтың (жиһаздар, телевизорлар және т.б.) көркем келісімділігіне қол жеткізді. Интерьердің әрбір жеке құрауышының эстетикалық бітімі мұнда барша ансамбльдің заттардың адаммен оңтайлы өзара байланысын қарастыратын біртұтас шығармашылық түпкі ойға тәуелділігімен үндеседі.

Бұл мейрамханалардың неғұрлым мәнерлі бөліктері – вестибюльдер. Олар стилі жағынан әр түрлі, бірақ олардың әрбірінің интерьерлерінің құрауыштары эстетикалық жағынан бітімді және біртұтас үйлесімдік түпкі ойға тәуелді. Олардың ішкі ортасы адам және оны қоршаған ортамен: дүңгіршектермен, үстелдермен, жұмсақ орындықтармен, құлпырмалармен (люстралармен) және т.б. үндесе байланысқан ансамбль құрайды. «Достық» мейрамханасындағы шығыстың ою-өрнектермен салынған ганч бойынша оймалар жасау қызықтырады.

Архитектуралық және заттық ортаның барлық пішіндері республикамыздың оңтүстік астанасына келген қонақтарды жылы жүзбен және жылы ниетпен қабылдауды сезінумен жарқырап, жайнап үндесіп жатыр. Әйтсе де екі мейрамханада да пайдалану кезінде бірқатар заттар мен құрал-жабдықтар тозып қалды және кейбірі жоғалды, бұл бастапқы үйлесімдік және стильдік бүтіндікті едәуір бұзады.

Өткен дәуірлердің әрбірінің стилі – қайталанбас өмір салтынан алынған объективті көшірме бедер іспетті. Сондықтан жаңа жағдайларда ертеректе болған тарихи стильдерді қайта жаңғыртудың барлық әрекеттері стильшілділікке , эклектикаға (бір ғимаратта немесе олардың кешенінде әр түрлі архитектіралық стильдердің басын біріктіру), формализмге әкелді.

Дегенмен жалпы ұлттық мәдениеттің қойнауында алдыңғы озық ойлы реалистік ағымдармен ерекшеленетін халықтық мәдениет дамиды. Белгілі бір дәуірдің, қоғамның және құрылыстық өкілі, заттарды тікелей жасаушы - адамзаттық ортаға өзінің дүниеге деген түсінігін, өзінің мұраттарын, өзінің пішін түсініктерін енгізді және міне, осылай стильді жасаудың белсенді қатысушысы болып отыр.

Стильдегі маңызды бетбұрыс өндірістердің барлық саласына (сонын ішінде құрылыс және тұрмыс бұйымдары шығару салаларына) өнеркәсіптік революцияның енуіне байланысты болды.

ХХ ғасырдың 50-ші және 70-ші жылдарында архитектурадағы қалыпты стильдің негізгі пішіні қораптар болды. Бұл жағдайларда ықшамдылықты панельдердің «бұрыннан келе жатқан» пластикасының жалпы пішіні есебінен алуға тырысты.

Өткеннің стильдері дамуы ағымын зерттеу қазіргі стильдің қалыптасу процесі дұрыс бағалау үшін қажет.

1.3 Көркем безендірудегі ою-өрнектер.
Көркем безендіру өнеріндегі ою-өрнек көркем мәнерліліктің элементі және безендіру құралы ретінде қызмет атқарады.

Ою ғимараттарда және тұрмыс заттарында қолданылды және шығу тегі жағынан бұлар да (ордерлік жүйе секілді) өсімдік немесе «аңдық» сипатта болды. Ежелгі Шығыстың, антикалық Грекияның және ежелгі Римнің ордерлік жүйесі, солай бола тұрса да, сәулеттік дамудың кез келген дәуірі секілді ою-өрнектерді әр түрлі мөлшерде қолданумен қоса тұрғызылды. Көп жағдайларда әшекейбедерлер (фриздер), ернеулер (карниздер) әр түрлі стильдерде ою-өрнектермен көркемдеусіз қалдырылған жоқ .

Қазақстандағы алғашқы ою-өрнектердің элементтері және олардың дамуын б.з.д. ІІ-І мыңжылдықтарға жатқызуға болады, олар тастардағы жартастық суреттер және жеке діни имараттар түрінде кездеседі.

Скифтер «жануарлар» стиліне, әсіресе, тұрмыс заттарын көркем безендіруде жиі оралып соғып отырды, олардың арасында «қошқармүйіз» оюы жиі кездеседі. Қазақтар бұл элементті киіз үйлерді, керуен – сарайларды, қыстауларды, діни имараттарды: мешіттерді, мазарларды және т.б. безендіруде қолданды, текеметті, кілемдерді, киімдерді, ыдыстарды дайындауда пайдаланды.

Қазіргі архитектурадағы қазақтың ұлттық ою-өрнегінің тарихы, теориясы және іс жүзінде қолданылуы мәселелерін бірінші рет ҚСРО Құрылыс және сәулет өнері Академиясының мүше-корреспонденті Т.Қ. Бәсенов талдап берді.

Т.Қ. Бәсенов «Қазақстанның архитектурадағы ою-өрнектері» атты белгілі монографиясында арнайы экспедициялардың Қазақстанның архитектура және мәдениет ескерткіштерін республика аумағындағы соңғы жүзжылдықтағы ғимараттар мен имараттар салуды археологиялық және архитектуралық тексеру жөніндегі материалдарды бір қатар мамандар мен зерттеушілердің «қазақтың халықтың қолөнері жойылуға душар болды» (С.М. Дудин, «Қырғыз ою-өрнегі») деген қате пікірлерін үзілді –кесілді түрде теріске шығарды.

Халықтық ою-өрнек ғимараттарды сәулеттік-көркем безендіру үшін жалпы келмейді деген пікір де орын алды. Бұл пікір әлі жаны сірі боп сақталып келе жатқаны көрінеді, сондықтан «архитектура» тақырыбына арналғандарда ою-өнек көркем құрал ретінде жалпы көрінбейді.

Үщіншілер қазақ оюы қазақ халқының өнері боп табылмайды тек иран мәдениетінің бір бұтағын білдіреді деген тұжырымға келді және соңғыны зерттеуге назар аударуды ұсынды (Б.Р. Шрейдер, «Қазақтың ою-өрнектеу өнері»).

Төртіншілер жеткілікті толық зерттеулер жүргізбей, тек зерттелмеген мәселелердің өте үлкен мөлшері туралы мәлімдеумен шектелді (А. Фельчерзем, «Орта Азияның көне кілемдері»).

Т.Қ. Бәсенов Қазақстан аумағын мекендеген халықтар мен тайпалардың (сақтар, массагеттер, иссендондар, аримаспалар, агрепейлер, үйсіндер, қаңлылар, қимақтар, қыпшақтар және қазақ халқының басқа да шыққан түп ататектерінің ) тарихи дамуының аясында архитектура ескерткіштерін және олардың әшекейлерін зерттей отырып және Қазақстанның қазіргі құрылыстағы ою-өрнегін (театрлық, ойын-сауықтық кәсіпорындардың, көрмелік ғимараттардың, монументтердің, тұрмыстық имараттардың және тұрғын үйлердің ) талдай келіп, архитектуралық әшекейдегі халықтың ою-өрнектің рөлінің төлтума анықтамасын берді. Қазақ оюының халық өнері ретінде өмір сүріп келгенін және өмір сүре беретінін дәлелдеді және терең зерттеулер негізінде осы мәселе бойынша шұғылданатын зерттеушілер үшін, әрі Қазақстанға арналған жобалау саласында жұмыс істейтін сәулетшілер тікелей басшылыққа алуға арналған әдістемелік құралды жасады.

Ою-өрнектің архитектуралық имаратта үйлесім элементі және көркем мәнерлілік құралы ретінде қандай маңызды мәнге ие болатынын Н.Н.Соболевтің («Орыстын ою-өрнегі». М. 1978ж.), С.А.Алексеевтің («Сәулеттік ою-өрнек». М.1954ж.), Б.П. Даникенің («Орта Азияның сәулеттік ою-өрнектері». М.Л. 1939ж.) еңбектерінен және басқалардан табуға болады.

Н.Н.Соболеөзінің жұмыстарында «...Бұл өрнектерде , біз, өкінішке орай, әлі аз білетін және күрделі молдығы кездесетін аса бай көркем -әшекейлік мұра бар », -деп атап көрсетеді.

Халықтың ою-өрнектің әр алуан пішіндері біздің көпұлтты өнеріміздегі толы сарқылмайтын қиялдар туралы ұғымды білдіреді.

Орыс классицизмі шеберлерінің туындыларында ою-өрнек имаратпен, оның мазмұнын ашуға қ және атыса отырып, бүлінгіссіз бір болды. Ежелгі орыс ою-өрнегі бізге дейін 1158 және 1234 жылдары Владимир –Суздаль княздігінде тұрғызылған храмдардың, өсімдік сарындар белдеу-түрлік өрімдермен және аңдардың, құстардың және тамырын ежелгі-славяндық өнерден табуға болатын қиялғажайып жануарлардың көптеген бейнелерімен кезектесіп келетін қабырғаларында жетті.

Мәскеулік сәулетшілер (XIV-XV ғ.ғ.) оюдың «андық» элементін алып тастап, белдеутүрлік үзбелер және тоқымаларды сақтап қалды.

Ою-өрнектердің белдеулік сарындарының орыстың ұлттық үлгілерімен XVI ғасыр бойында өлшеусіз бай ою-өрнектік сәндемені жасады. Храмдардың тас бетіне босағаларында орындалатын негізгі сәндік пішіндер онан әрі Мәскеу Кремлінің сарайлық имараттарында және неғұрлым кейінгі кезеңдердегі өзге ғимараттарда бұрынғыдан да барынша молая түсті.

Сәулетші А.В. Щусев көнеорыстық өнер мұраларын, оның тамаша дәстүрлерін Мәскеудегі Қазан вокзалының имараттарында және мәскеу метрополитені станцияларында дамыта отырып, пайдаланды. Сәулеткер қазіргі талапқа сай, жаңа дәуірге үндес туындылар жасады.

Қазіргі сәулетші де бідің бүгінгі өміріміздің ырғағы мен құрылысына жауап беретін қазіргі имараттарға арналған көптеген жаңа пішіндер құруға оны шабыттандыратын аз емес ою үлгіліерін таба алады.

Біз бәріміз таяу болашақта көптеген маңдайалды сәулеттік имараттарда ою-өрнек , имараттың көркем мазмұнын құруға қатысатын белсенді органикалық элементі рөлінде қызмет ететініне куәгер боламыз.

2 Безендірудегі түстік үйлесімдер (полихромия) және оптикалық түзетпелер.
Полихромия (көптүстілік, түстік үйлесім) әр түрлі түстердің көлемдік-кеңістік пішіндегі үндесуі ретінде белгілі дербестік иелене алады, бұл принциптік жаңа көлемдік-кеңістіктік пішіндерді сезінуді тудыра отырып, түртудырушылықтың көрушілік күшті әсеріне әсер етеді. Архитектуралық шығармашалық процесінде көлемдік-кеңістіктік пішіннің кез келген геометриялық түрін онда әр түрлі түстік үндестіктерді дамыту жолымен көрушілік сезінуді сналы түрде басқаруға мүмкіндік тууы мүмкін.

Бірер зерттеушілер түс материалдық әлемнің сипатты белгісі; басқалары – дененің, олардың шағылтатын немесе сәулелендіретін жарығының спектрлі құрамына сәйкес қандай бір көрушілік сезінуді тудыратын қасиеті; үшіншілері - үйлесім құралы деп санайды.

Әлемдегі түстердің барлық әр түрлілігі спектрдің жеті негізі түсінің аралысымын және үндестігін тудырады. Спектрдің шеткі түстерін – қызыл мен күлгінді қосу қара қошқыл (қан қызыл) түсті турады. Спектрдің барлық түсін спектрде жоқ ахроматикалыққа (қара, ақ, сұр)салыстырып қарағанда, хроматикалық деп атайды.

Әр түрлі хроматикалық түстерді әр түрлі түстердің жарығы ағымдарын қоспа түспен араластырумен алуға болады. Қызыл, жасыл және күлгін түстерді негізгілер; ақ түсті құрайтын түстерді - өзара толықтырушылар деп атайды.

Түс үйлесімнің архитектуралық объектінің иілімділі мәнерлілігін және тектоникалылығын күшейтуге қабілетті құралы болып табылады.

«Көлеңкелі» (күңгірт, суық) және «көзге тартарлық» (жарық , жылы) түстердің көмегімен ғимараттың , имараттық және құрылымның өлшемін көзкөрімдікпен өзгертуге болады. Сонымен полихромия архитектурадағы түртудырушылықтың қуатты құралдарының бірі болып табылады. Маммандар түстеркеңістіктік ортаны жасай отырып, белгіленген нормаларға және шығарылған әдістемеге сүйенеді, енді бірде ашық сәулеттік кеңістікті қалыптастыра отырып, олар көбіне тәжірибені және түйсікті басшылыққа ала отырып әрекет етеді.

Интерьердің полихромиясын бөлмелердің жекеленген бөліктеріндегі жарықтандырудың әр түрлі деңгейлері көмегімен, сыртқы сәулеттік кеңістіктің колористикасы көбіне табиғи жарықтық өзгеруіне байланысты болса да, реттеуге болады. Күндізгі жарықтық едәуір шектерде ауытқитын сәулеленуінің қарқындылығы мен спектрлі құрамы түстерді, сонымен бірге имараттың пішінін де әр түрлі айқындайды. Архитектуралық кешеннің түстік ортасын қалыптастырудың маңызды факторы, сондай-ақ ладшафттық түстілігінің маусымдық ауысымы да болып табылады. Табиғи төңіректің басым түстерге қарай өтуі кеңістіктің, ансамбльдің түстік ортасының маңызды элементі болып табылатын табиғи түстік динамиканы жасайды.

Сәулет өнерінің төлтума туындысы кеңістікті мезгілде өзінің пластикасымен және полихромиясымен мүсінділікпен ұйымдастырады. Архитектураның гүлдену дәуірінде полихромия тұрақты түрде негізгі түртудырушы құралдардың бірі болып табылды, өйткені әр түрі тарихи кезендерде түске деген өз талаптары ұсынылды. Бұл архитектурада оны пайдаланудың әр түрлі принциптерін дамытуға алып келді.

Ежелгі халықтардың сәулет өнерінде түс көбіне нышандық (символикалық) мәнге ие болды. Бұл жайлы бізді Вавилон зиккураттары (жайтөбе-ғибадатханалары), Қытай сарайлары, Үндістан мен Жапония , Мысыр (Египет) мен Грекия храмдары сендіреді. Азиялық елдердің сәулет өнерінде түс нышандылығы (символизмі) басым болды. Вавилондық типтік мұнаралардың бірі – Барсинадағы Навуходоноссор храмы өзінде – реңктің төменнен жоғары қарай: қара, алқызыл, қызыл, сары, жасыл, көгілдір, ақ жеті планетасын бейнелеген жарқын нышандық түсті иеленді.

XII-XVI ғ.ғ.-лардағы Орта Азия және Қазақстан жағдайларында қалалық мекендердің басым келген сарықошқыл түсті аясында көк-жасыл күнбездер мен минареттер қалалардың кеңістіктерін үйымдастырушы белсенді назарлар (акценттер) рөлін орындады. Зертасталынған кірпіш пен зертасталынған кесілген терракота тұтастай полихромиялық қасбеттер құрды.

Екі толықтырушы түсті: ашық – сарықошқыл және көк-жасыл түстерді қарама – қарсылықты салыстырудың кең таралған тәсілі тудырылады. Имараттың жер беделінен бой көтерген негізгі массасы оған түсі жағынан жатады және сондықтан онымен бірігеді; зертасталынған тескестемен қапталынған көгілдір ақық күмбездер имарат массасына соншалықты келмейді, бұл түс көктен алынғандықтан, бейнебір онымен қосылып кеткенде әсер қалдырады.

Бұл кезеңнің сәулеттік мұрасы өзге де сәулеттік-көркем құралдарды қолданумен қатар архитектор В.Т. Хванмен Алматы қаласындағы монша-сауықтыру кешенің қазіргі жағдайларда жобалау кезінде таланттылықпен қайта жаңғыртылды.

Барокко дәуірінде архитектуралық полихромия қалалық ансамбльдерді қалыптастырудың белсенді элементіне айналады.

Түстілік орыс сәулеткерлігіне ежелден тән. Оның тарихының XVI-XVIII ғ.ғ. – ларында полихромиянық ерекше гүлденгенін атап өтуіміз керек. Әлемдік мәдениет тарихында көнеорыстық храмдардың қабырғаға салынған суреттері – көнеорыстық фрескалар айырықша орын алады.

Интерьердің колористикалық тақырыбы мен сыртқы кескіннің өзара байланысты орыс сәулет өнерінің ұлы ескерткіші – Мәскеудегі Никита қақпасының жанындағы Троица шіркеуне (1634ж.) тән. Қасбеттерде екі басым түс – қызыл және жасыл қөршілес түскен, оларға сұрғылт реңктері (кесілген тас пен төбенің түсі), сондай-ақ өзге түстердің шағын көріністері (сырлы тақталар, крестердің алтыны және басқалар) бағындырылған.

ХІХ ғ. басындағы классицизм белсенді түстік үндесулерден бас тартты, ол қасбеттердің бейнелі өрнектілігін жоққа шығарды. Бұл кезеңнің архитектуралық полихромиясы үшін ұстамды түстік беріліс сипатты.

Архитектурадағы түстің жаңа концепцияларын әзірлеуге құрамында И.А. Ладовский, К.С. Мельников, Л.М. Лисицкий , В.Ф. Кринский және басқалар бар бір топ кеңістік сәулетшілер -өнертапқыштар айтарлықтай үлес қосты.

«Де Стиль» тобындағы (1917-1931 ж.ж.) голландтық сәулетшілер мен сәулетшілердің , Баухауз экспериментшілерінің (1919-1933ж.ж.) теориялық ізденістері де архитектуралық полихромияның қазіргі принциптерінің қалыптасуына күшті әсер етті.

Түспен шамадан тыс әуестену кейде теріс нәтижелерге алып келді. Мәселен, Магдебург қаласының жекеленген бөліктері көзбен көрерлікте шатыстырылды және қала үлкен театрлық сәндемені еске түсірді.

Шектеусіз ала-құла түрлі түстік , әрине, көп ұзамай кері реакция туғыза бастады. Тойтарылмас полихромия тойтарылмас түссіздікке айнала бастады. Германияда «ала-құла түрлі түстік жойылсын» деген ұран астында көптеген ғимараттар сыртынан да және ішінен де ақ түспен сырланды. Мұның нәтижесінде табиғи түстердің және жаңа өрлеу материалдарының бояу тақтайларын пайдалануға деген ұмтылыс пайда болғаны ақиқат.

Көз ақ бір түстіліктен туатын қайта жарықтануды түрде шыдап, көтере алмайтыны белгілі болғаннан кейін, эксперименттік зерттеулер ескеріліп, адамның түстегі жүйкелік-физиологиялық қажеттілігін қанағаттандыру үшін түстер санын белгілеу әрекеттері жасалынды.

1957 жылы түстер жөніндегі кеңесшілер ассоциациясы, ал бес жылдан кейін Францияда – Көзкөрімдік ортаны зеріттеу Орталығы пайда болды. «Ассоциация» мен «орталықтың» негізін салушылардың бірі Бернар Лассюс соңғы жылдары түс ортаны кешенді жобалаудың тек бір элементі болып табылады және қалалық ортада жалғыз әсемділік басым жақ бола алмайды деген тұжырымға келді. «Мен тұстің жаулап алуына қарсымын, оны абсалюттендіруге қарсымын, - деп мәлімдеді ол,- өйткені адамның қабылдауы түстің көптігінің әсер етуі тоқтайтын белгілі бөгеуді иеленді. Түс ол қанша ашық болғанымен, ал жаппай полихромия нәтижесінде оның жоқ боған кезіндегі секілді сұрғылттққа және түссіздікке әкеледі». Лассюсте түспен қатар жарықтың және «жасыл» архитектура, әртүрлі әсемдік өнер түрлері ортаны көркем қалыптастыру құралдарына айналады.

Жапонияда ұлттық түстік жүйенің және оның негізінде түсті стандарттаудың енгізілуі, бояаулардың кең түржиынының және құрлыс матиралдарының үлкен бояу тақтасының дайындалуы түстің сәулет өнеріне тез енуіне мүмкіндік жасады.

Жапонияның қазіргі сәулет өнерінде орта ғасырлардағы секілді, полихромияның пайдаланудың екі қарама- қарсы ағымын табуға болады. Кендзо Танге Олимпиадалық кешеннің архитектурасында матиралдардың – табиғи тастың, бетонның , алюминийдің және ағаштың тістерінің жұмсақ үйлесімді гаммасын қолданды. Кешеннің барлық кеңістігінің реңктік полихромиясы төңіректік қалалық кеңістіктің қайнаған түстік ортасындағы өзіндік тыныстық мекен болып табылады.

Мұнда қарама-қарсылықты түстерді өте жиі кездестіруге болады. Токиода Шинджинудің ойын-сауық кварталында бір-бірінен 50 м жерде «БЭН-КЕН»-нің (сәулетшісі М.Такаяма) екі ғимараты орналасқан. Оның біріншісі түнгі клубтардың «мұнарасы» -ақ және қара, күндіз және түнде төңірекке әр түрлі жарқырап көрінеді. Күндіз – бұл алып кескіндемелік баспалдақ, оның негізі, неғұрлым төменгі бөлігі айналы әйнектелген және төңіректегі пейзажды шағылдырып көрсетеді. Түнде – бұл ғимарат жаңаша құбылады, оның айналым бөлігі жарқырауыққа айналады. «БЭН-КЕН-2» ғимараты да барлар мен клубтарға арналған , ол ішкі құрлымына байланыссыз көптүстілігімен ерекшеленеді. 2санының бейнеленуі, түстік жолақтардың әдейі жасалған геометризмі оның қасбеттік беттерін дербестендірудің әрекеттері болып табылады.

Еуропаның, Азияның және Американың әр түрлі елдерінде туған архитектуралық полихромияның идеяларын енгізу мысалдары жалпыға бірдей сипатты бола бермейді. Архитектуралық орталар мен шағын қалалардың кескінсіздігімен және бір қалыптылығымен күрес олардың тұрғындарын «түссіз өмір сүруге» түйсіктік қарсылыққа алып келеді. Оллар тұрғын аудан мен қаладағы түсті теориялық салдарлары, рөлі туралы ойлануға ниеттенбей – ақ, өз үйлерінің қабырғаларын қолтума суреттік кескіндермен әшекейленеді. Бұл жерде архитектуралық ортаны шырайландыру (колористикалау) проблемаларының әлеуметтік тамырлары айқын аңғарылады. Полихромиялық төңіңрекке табиғи ұмтылыс қызметті және көп қабатты ғимараттардың қасбеттері мен шетжақтарын түстік геометриялық үйлесімдермен және бейнелеу сипатындағы суреттермен әшекейлендіретін кәсіби суретшілерді шабыттандырылады. Мұндай көптеген әрекеттерді АҚШ, Италия, бұрынғы Германия Федеративтік Республикасы және басқа елдердің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның да қалаларынан да табуға болады.

Бүгінгі өнеркәсіптік объектілердің полихромиясы бойынша туған жобалау – эксперементтік ұсыныстар, ірі қалалардың қоғамдық аймақтарының түстік шешімі, жаппай құрлыстық тұрғын аудандардың үйлесімінде (композициясында) полихромияны енгізу туралы ұсыныстар – бұл- архитектуралық ортаны шырайландыру проблемаларын шешудің өзектілігі өмірдің өзімен ұсынылып отырған тек жекелеген әрекеттер.

Пішіннің оптикалық түзетпелері. Ғимараттың және имараттың әсер ететін әр түрлі факторлардың арасында физалогиялық оптика, жекелей авлғанда, сызықтар мен көлемдік пішіндерді көрушілік қабылдау ерекше орын алады. Адамның көзінің көруіне оптикалық алдауларға берілуі тән болып табылады. Мұнда түр тудырушы элементердің ұзындығы, алаңы, көлбеулік бұрышы және қисықтығы туралы сөз болып отыр. Біздің көрушілік оптикалық аппаратымыздың және объектілерді психологиялық қабылдауымыздың жетімсіздігі кейде оптикалық елестер деп аталатын жалған елестік бейнелік өлшемдер мен пішіндемелердің себепшісі болып табылады.

Тарих есте жоқ ескі замандардағы оптикалық елестерді пайдалану мен зерттеудің едеуір мысалдарын сақтап келеді.

Сәулетшілер мен суретшілер пішіндердің оптикалық түзетпелер жүйесін құрды. Архитекторлар мен дизайнерлер заттардың дұрыс геометриялық пішініне жасаған шамалы өзгерістерін оларға көркем мәнерлілік, үйлесімдік (Композициялық) бітімділік, сұлулық беру үшін енгізеді.

Оптикалық түзетпелер оптикалық – геометриялық елестердің, пропорциялардың және пішінді ракурстар қабылдаудың дәлсіздігінің теріс әсерлерін жояды. Бұл жағдайда көрушіден алшақтылығын заттардың көз көрімдік әсерлерінің, сондай – ақ әуе ортасы ерекшеліктері, жарықтану шарттары және т.с.с. ескеріледі. Көз өлшемдеріді биіктікке және тереңдікке қарағанда, дәл бағалайды. Сондықтан тік ұзын бойлық әр түрлі зор көлденеңдіден ұзынырақ көрінеді ал тегіс, бірақ әр түрлі мүшеленген жазықтықтар бірдей емес әсер қалдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет