Сурет 1- Қаржыландырудың құрамды өзара байланыс бөлігі
Мемлекеттік бюджет қаржы ресурстарының орталықтанған қорын жинақтау формасы болып табылады және мемлекеттік билік органдарының қызмет етуін, елдің қорғанысы, халықшаруашылығының негізгі бағыттарын қаржыландыруға, әлеуметтік мәдени шараларын қаматамасыз етуге арналған. Оның көмегімен қоғамдық өндірістің және тұтастай елдің даму қарқынына әсер ету мақсатында ұлттық табыстың бөлінуі жүзеге асады.
Бюджеттен тыс қорлар үкімет пен жергілікті басқару органдарының қаржы ресурстарын білдіреді, олар мемлекеттік бюджетке енбейтін қаржы ресурстары. Бюджеттен тыс қорлардың негізгілері: зейнетақы қоры, сақтандыру қорлары.
Мемлекеттік несие жүйесі шаруашылық етуші субъектілердің, қайтарылуы есептелген, уақытша бос қаржы ресурстарын мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мақсатында мобилизациялауға мүмкіндік береді. Сақтандыру жүйесі табиғи апат зардаптары нәтижесінде пайда болған шығындарды жабуды қаматамасыз етуге арналған. Әрбір шаруашылық етуші субъектіні қаржыландыру жүйесі басқа да шаруашылық етуші субъектілермен және қаржылық құрылымдармен инвестициялық қызметті қаржыландыру бойынша ақша қатынастарын қамтамасыз ету керек. Нарықтық экономика жағдайында қаржыландыру жүйесі бөлу және бақылау функцияларын атқарады.
Бөлуші қызмет нақты бір шаруашылық етуші субъектіні қажетті қаржы ресурстарымен қаматамасыз етуге арналған.
Бақылау функциясы қаржы ағымы мен олардың көлемдік шығындарын талдауға әкеледі. Бұл функциялардың орындалуы нақты шаруашылық субъектілері қаржы ресурстарын қаншалықты тиімді пайдаланғаны туралы тұжырым жасауға мумкіндік береді. Бақылау функциясы жүзеге асырылуының құралы ретінде қаржы ақпараты бар. Бұндай ақпаратты шаруашылық етуші субъекттің бухгалтерлік, басқару, статистикалық және оперативті есептілігінде болады.
Ұйымның инвестициялық қызметтегі қаржыландыру жүйесі бірнеше мәселелері шешімімен байланысты. Бұл мәселелердің шешімі дегеніміз ұйымның инвестициялық қызметін негізгі және айналым құралдарымен мүліктік құқықпен, материалдық емес активтермен, несиелермен, жер пайдалану құқығымен қаматамасыз ету. Ұйымды инвестициямен қамтамасыз етуде қаржыландыру келесі кезеңнен өтуі қажет:
- ұйымның инвестициялық қызметін қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын алдын ала іздестіру;
- қаржылық стратегияны әзірлеу;
- жедел қаржы жоспарын әзірлеу;
- әлеуетті инвесторлармен келісімшартқа отыру.
Инвестициялық қызметті қаржыландырудың рационалды жүйесі қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталуы керек. Инвестиция салу нәтижесінде шаруашылық етуші субъектінің қызметінің тиімділігінің артуы қаржы саясатының әрекеттілігімен қатар, нақты практикалық жұмысының нәтижесін көрсетеді.
Ұйымның инвестициялық қызметінің қаржыландыру жүйесі келесі принциптерге сүйенуі керек:
-
қаржыландыру жүйесінің максимальді нәтижеге мақсатты бағытталуы;
-
инвестициялық қызметтің заңды қорғалуы және қаржылық негізділігі;
-
қаржыландыру көздерінің неғұрлым көп болуының жеткіліктілігі;
-
қаржыландыру жүйесінің нақты жағдайда икемділігі мен бейімділігі.
Инвестициялық қызметті жақсы ұйымдастырылған қаржыландыру
жүйесінің болуы ұйымның қызметінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде бұл жүйе стратегиялық мақсатқа, сонымен бірге тактикалық мақсатқа жетуге әсер етеді.
Қаржыландырудың негізгі көздері. Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері көп көлемділігімен және көп түрлілігімен ерекшеленеді. Жалпы түрде меншікке қатысына байланысты қаржыландыру көздері үш түрге бөлінеді (2 сурет).
Қ
Меншікті
Тартылған
Қарызға алынған
аржы көздерінің түрлері
Сурет 2- Қаржыландыру көздерінің түрлері
Ұйымның жеке қаржы ресурстары жарғы капиталы, пайда, амортизациялық аударымдар, жеке және заңды тұлғалардың жинақтары ретінде болады. Одан басқа жеке қаржы ресурстарына табиғат апатынан, авария, айыппұл, пеня шығындарын төлейтін сақтандыру органдарының құралдары да жатқызылады.
Тартылған қаржы ресурстары акция, еңбек колективі жеке және заңды тұлғалардың мүшелерінің, пайлық және басқа салымдарынан түседі. Қарызға алынған құралдар облигациялық займдар, банктік және бюджеттік несие есебінен тартылады. Заемға алынған қаржы құралдарына шетел инвестицияларын жатқызуға болады. Шетел инвестициялауында шетел мемлекеттері, халықаралық қаржы және инвестициялық институтар, жеке дара ұйымдар, институционалды инвесторлар, банктер, несие мекемелері қатысады (3 сурет).
Қаржыландыру көздерінің құрамы
Мемлекет
Ұйымдар
Меншікті
Меншікті
Республикалық бюджет
Пайда
Амортизациялық аударымдар
Бюджеттен тыс қорлар
Жеке тұлғалар және ұйымдар жинақтары
Тартылған
Тартылған
Мемлекеттің несие жүйесі
Акция эмиссиясы, салымдар
Инвестициялық компаниялардың қаржылық ресурстары
Мемлекеттің сақтандыру жүйесі
Займдар
Сақтандыру компаниялардың мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қаржылық ресурстары
Мемлекеттік займдар
Қарызға алынған
Сырттан қарыз алу
Банктердің несиелері, бюджеттік және мақсатты несиелер
Халыхаралық қорлар, банктер және ұйымдар несиелері
Шетел инвесторларының нақты және қаржы ресурстары
Сурет 3- Инвестициялық қызметтің негізгі қржыландыру көздері
Нақты инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін мемлекет деңгейінде де, ұйым деңгейінде де қаржыландыру көздерінің құрамы пайдаланады.
Инвестициялық шешім қабылданған және шығындар мен салынатын құралдар мерзімі белгілі болғаннан кейін жобаны қаржыландыру шараларына көшу керек. Жабдықтаушылар несиелерін, несие мекемелерінің қаржыландыруымен ұйымның меншікті құралдарын есепке ала отырып тартылған және меншікті құралдар арасындағы рациональді экономикалық теңдікке ұмтылу қажет [3].
Тәжірибе көрсеткендей, жобаны қаржыландыру мәселелері толық шешімін таппайынша жұмыстарды бастау ұтымдыы емес. Инвестициялық зерттеу жүргізу кезеңінде жобаны іске асыруға байланысты шығындарды дұрыс анықтау өте маңызды. Объективті есептелген шығындар негізінде қаржыландыру түрі және одан шығатын өндірістік шығынның бөлігін құрайтын қаржы шығыстарын анықтауға болады. Болашақ жобаны рационалды құрылған қаржыландыру жүйесіне инвестициялау тиімділігі мен несие берушіге қайтару мерзімі тәуелді.
Бұл жағдайда потенциалды инвесторлармен алынатын несиенің пайыздық мөлшерлемесі туралы келісім маңызды рөл ойнайды.
Инвестициялық қызметті қаржыландырудың маңызды көздерінің бірі болып мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың құралдары табылады. Мемлекеттік бюджет құралдары мемлекеттік мақсатты баңдарламаларды және басқа да мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталады және ҚР-ң заңымен анықталады.
Келесі басты механизм ол – ақша-несиелік құралдар. Ақша құралдары арқылы мемлекеттік реттеудің мәні – бос ақша ұсынысының көлемімен «несие бағасын» өзгерту. Ақша – несиелік құралды қолдануға бағытталған МЭС, монетарлық саясат деп аталады.
Монетарлық саясат жетілген нарықтық экономика саясатын, институционалды және заңды инфрақұрылымды, түбірлі кәсіпкерлік психологияны, инфляцияның болжанған және көрсеткіштерін немесе оның болмауын қарастырады.
Инвестициялық іс-әрекеттің толық қанды жұмыс істеуі үшін төмендегідей бағыттағы мәселелер жүзеге асырылуы керек:
- инвестициялық қызметтің ақпараттық қамтамасыз етілуі.
- потенциалды инвесторларды елдегі жүргізіліп жатырған реформалар, демократиялық қайта құрулар мен елдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы уақытында және нақты ақпараттармен қамтамасыз ету;
- әртүрлі халықаралық жиындарда елдің инвестициялық мүмкіндігін көрсететін хабарламалар;
- елдегі экономикалық жағдай мен оның даму перспективалары туралы периодты түрде елдегі және халықаралық іскерлік басылымдарда жариялап отыру;
- мемлекеттік органдар мен инвесторлардың өзара байланысында транспаренттілікті қамтамасыз ету;
- дипломатиялық келіссөздердің шеберлігі;
- елдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру.
- инвестициялық қызметтің заңнамалық қамтамасыз етілуі.
Басты мақсаты салымның өсімі мен пайдасы, оның сенімділігі мен өтімділігі болғандықтан, инвестициялауға байланысты құқықтық қатынастардың басты шарты, инвесторлардың басты талабы, бұл қызметке байланысты тәуекелден максималь түрде қорғалуы екені түсінікті. Бұл дегеніңіз, инвестор үшін маңызды нәрсе инвестициялық заңдылықтардың жай күйі: инвестицияның құқықтық режимі, ақпаратқа қол жеткізу, инвесторларға берілетін кепілдіктер, салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар.
Инвестициялық инфрақұрылымның дамуы.
Инвестициялық инфрақұрылым, елдің инвестициялық климатының құраушы элементтерінің бірі ретінде тұрақты дамуды қажет етеді.
- инвестордың өз қызметінде пайдаланатын территориясының инфрақұрылымдық жағдайы (автомобиль және темір жолдар, аэропорттар, теңіз және өзен порттары, сумен, электр энергиясымен қамтамсыз етілуі, байланыс пен телекоммуникациясы);
- дүниежүзінің дамыған елдеріндегі тікелей инвестиция тарту тәжірибесін пайдалануы;
- инвесторларға маман жұмысшы кадрларын іздеу мен дайындауға көмектің болуы, тауарлар мен оған қызмет етілудің жағдайы;
- инвесторларға тығыз ынтымақтастық орната алатын екінші деңгейдегі банктердің болуы.
Инвестиция тартуда мемлекеттік қолдаудың жетілдірлуі.
- экономика салаларына тікелей инвестиция тартуда мемлекеттік қолдаудың икемділігі мен адекваттылығы;
- елдегі саяси тұрақтылықтың болуы.
Қазақстан Республикасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет.
-
Тұрақтылық және болжау мүмкіндігі. Елдің инвестициялық климатының сапасы берілетін жеңілдіктер мен преференциялар мөлшері және түрімен емес, әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен анықталады. Тұрақтылық, алдын-ала болжау және мемлекеттік саясаттың инвестициялық жобаны жүйелі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызады. Әлемдік тәжірибе тікелей инвестициялардың ағымы тұрақтылық, сенімділіктің өсуіне байланысты ұлғаятынын көрсетті.
-
Инвестициялық қызметті реттеуші, әлемдік стандарттарға сай ашық және бір мағыналы құқықтық нормалар. Инвестициялық “ойын ережелері” анық және түсінікті болуы керек. Олар бюрократия мен сыбайластықты есептен шығаруы қажет. Инвестицияның, өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіретін барьерлердің алдын алуы инвестициялық саясаттың құрамды бөлігі болып табылады.
-
Инвестициялардың заңды құқықтарын қорғау. Биліктің барлық деңгейінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
-
Отандық және шетел инвесторларының қызметі үшін тең шарттар. Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, бірақ бұл принципті орталық және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибе барысында ұстануы қажет.
-
Келісімшарттар мен халықаралық келісімдердің шарттарын сақтау Қазақстанға деген сенім деңгейін жоғарылатып, тікелей инвестициялардың ағымының өсуіне әкеледі. Әрбір келісімшарттың негізсіз біржақты бұзылуы инвестор тарапынан негативті реакция тудыруы мүмкін.
-
Тікелей инвестициялардың пайдалылығы мен нәтижелілігі. Инвестор пайда алуға құқығы бар және оны Қазақстан экономикасына дамуы үшін еркін репатриациялау немесе реинветициялауға мүмкіндігі болуы тиіс.
-
Экономиканың басымды салаларына тура инвестицияларды ынталандыру. Жеңілдіктер мен преференциялар ең алдымен ұлттық экономиканың модернизациясы тәуелді салалары мен аймақтарға салынатын инвестицияларды қолдауға бағытталған.
-
Әр инвесторлар тобына қызметі үшін ішкі қор нарығының ақпараттық анықтығы мен тең жағдайды қамтамасыз ету.
-
Қоршаған ортаны қорғау. Жер қойнауын пайдалану мен тауар және қызмет көрету өндірісін дамытуға салынатын тікелей инвестициялар елдің экономикалық жүйесінің бұзылуына әкелмеу керек. Қазақстанның экологиялық “лас” салалар мен өндірістерде орналастыруға қойылғаны маңызды орын алады.
1.3 Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
Нарықтық экономикаға ауысу, өндірісті технологиялық модернизациялау қарқыны Қазақстан Републикасының халық шаруашылығына капитал салу масштабы мен тиімділігіне тікелей байланысты. Өкінішке орай, еліміздің экономикасын бұлай тірілендіру сыздықтап қана жүруде. Оған себептер көп-ақ. Ең бастыларының бірі – салымға капиталдың қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі, салық пен кедендік тарифтің жоғарылығы болды.
Дегенмен, қазіргі кезде жағдай жақсарып келеді. Республика Парламенті елдегі инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған бірнеше заңдар қабылдады.
Елімізде инвестициялық климатты жақсарту – бұл әртүрлі тұтас кешенді шаралар алу: салық, кедендік тарифтер бойынша жеңілдіктер беру мен ынталандырудың заңдық негізін жетілдіруден бастап, мемлекеттік органдарда басқару шешімдерін қабылдағанға дейінгі шаралар. Бұған экономиканы жандандыру дәрежесі, нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейі, валюта нарығының күйі, банк жүйесінің тұрақтылығы және басқа да көптеген факторлар кіреді. Сонымен қатар, шетел капиталын тікелей салу үшін сол елдің қызықтыратын басты сипаттамаларының бірі елдің заңнамасында экономикалық ынталандыру мен жеңілдіктер жүйесінің болуы. Барлық жағдайлары бірдей болғанда салық салу жүйесінде жеңілдіктер беретін мемлекетке таңдау жасалынады.
Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу екі деңгейде жүзеге асады: ұлттық-құқықтық және халықаралық-құқықтық. Ұлттық-құқықтық және халықаралық-құқықтық реттеу бірін-бірі толықтырады және өзара тығыз байланысты [4].
Шетелдік инвестицияны халықаралық-құқықтық реттеу екі жақты және көпжақты халықаралық келісімшарттардан тұрады. Шетелдік инвестицияның халықаралық-құқықтық реттеудің басты құраушы бөлігін инвестицияның ынталандыру мен өзара қорғаудың екі жақты келісімі құрайды. Инвестицияны ынталандыру мен қорғаудың Қазақстан Республикасында жасалған екі жақты келісімінде келісуші жақтар қатысушы-мемлекеттер инвесторларына ортақ негізде екі режим ұсынады: ең қолайлы жағдайлы режим немесе ұлттық режим. Ең қолайлы жағдай принципі деп, әрбір келісуші мемлекеттер басқа келісуші мемлекетке, басқа үшінші мемлекетке берген немесе болашақта беретін артықшылықтарын, жеңілдіктерін, беретіндігіне міндеттелетіндігі айтылады. Ұлттық режим принципі деп, шетелдік адамдар, шетелдік компаниялар және шетелдік тауарлар осы елдің адамдарының құқықтарымен, ұлттық компаниялар мен ұлттық өнімдермен теңестірілуді айтады.
Екі жақты келісімдер кепілдіктерінің бірі – шетелдік инвесторға оның мүддесіне қысым жасалған жағдайда, осы мемлекеттің сотына шағымдануға ғана емес, халықаралық сотқа да шағымдануға мүмкіндік беріледі. Жалпы екі жақты келісім таластың екі түрін шешудің тәртібін қарастырады: инвестор мен инвестиция алушы мемлекеттің арасындағы талас және мемлекеттер арасындағы талас. Егер талас консультациялар немесе басқа да дипломатиялық каналдар жолымен шешілмесе, ол мемлекетаралық үшінші немесе арбитраждық сотқа беріледі. Бұл жағдайда, яғни инвестициялық таласты халықаралық сотпен шешкенде Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджіне үлкен нұқсан келеді, өйткені мұндай процестер шетелдік БАҚ-ында беріліп, инвесторлар алдында жағымсыз көзқарастар қалыптасады.
Тіпті, сот процесі арқылы жеңіп алғандағы материалдық пайда, елдің имиджіне түсетін дақтан келетін шығынмен салыстыруға болмас еді.
Екі жақты келісімге сәйкес шетелдік инвестиция үшін тағы да бір ерекше кепілдік бар. Оның мәні, екі жақты келісіммен қарастырылған құқықтық кепілдіктер, келісім уақыты біткеннен кейін аталған келісімнің қызметі аяқталуы мерзіміне дейінгі инвестицияларға қатысты 10-15 жыл ағымында сақталады. Мұндай кепілдік шетелдік инвестициялар үшін кеңейтуге ұмтылушылықты дәлелдейді.
Сонымен, шетелдік инвестицияны ынталандыру мен қорғау туралы екі жақты келісімдер шетелдік инвесторлар үшін үлкен маңызға ие. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын көпжақты халықаралық келісімшарттар екі жақты келісімдер сияқты көп емес. Көпжақты келісімшарттардың бірі 1997 жылы 28 наурызда жасалған “Инвестордың құқығын қорғау туралы Конвенция”, ТМД шеңберінде 1993 жылы 24 желтоқсанда қабылданған “Инвестициялық қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім”. Бұл келісімнің ерекшеліктерінің бірі, қатысушы-мемлекеттер инвестициялық қызметтер сұрақтары бойынша өз заңнамаларын жақындастыру мақсатында шаралар алып, соның ішінде қатысушы-мемлекет инвестицияларымен кәсіпорындар құру және оның ұйымдастыру-құқықтық түрлерінің тәртіптері бойынша, инвестиция салу, экология және санитарлық-гигиеналық сараптау, олардың есебі және есеп беру қызметі туралы ойластырылған. Инвестиция бойыша көпжақты халықаралық келісімдердің қатысушысы ретінде Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі және шетел инвестициясын салуға қолайлы мемлекет ретінде өзінің имиджін күшейтеді. Көпжақты халықаралық келісімшарттар жасау республикаға шетел капиталын тартуда үлкен рөл атқарады. Қазақстанға тікелей шетел инвестициясын тартуда дипломатиялық өкілдіктер жұмысының тиімділігін арттыру қажет. Инвестицияны ұлттық-құқықтық реттеу Қазақстан Республикасында инвестициялық климатты жақсартуға бағытталған мемлекеттік нормативті-құқықтық базаға сәйкес негізделген. Бұл сұрақтарды қамтитын қазіргі кезде республикада көптеген нормативті-құқықтық актілер қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Парламенті “Тікелей инвестицияны мемлекеттік реттеу туралы” Заң және Қазақстан Республикасы Президентінің, шұғыл қажет болуына байланысты, заңдық күші бар “Бюджетке салық төлеу және басқа да міндетті төлемдер туралы” жарлығына қосымшалар мен өзгерістер туралы заң қабылдады.
2003 жылдың 8 қаңтарында “Инвестиция туралы” Заңның қабылдануы Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат құру және сыртқы ресурстарды тартудың мемлекеттік саясатының бағыттылығын дәлелдейді. “Инвестиция туралы” Заң негізінен екі бөлімнен тұрады. Біріншісі - инвестициялардың құқықтық режимін бекітеді, екіншісінің құрамына инвестицияларды мемлекеттік қолдау бойынша қатынастарды реттеуші ережелері енеді.
Қабылданған заңдар республиканың инвестициялық климатын отандық және шетел инвесторлары үшін неғұрлым қолайлы режим құруға түпкілікті өзгерістерге бағытталған. Бұл нормативті актілерде Халықаралық орталықтың салық және инвестиция бойынша ескертулері мен ұсыныстары есепке алынды. Комитеттер мен палата отырыстарында парламент депутаттары жобаны қарау барысында айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
“Тікелей инвестицияларды қолдау туралы” Заңы инвесторлардың құқықтарының ерекшелік деңгейін арттыратын жаңа заңгерлік ережелері бар, ол Қазақстан инвестициялық аймағының бәсекеге қабілеттілігін арттырады [7].
Бірінші кезекте басымды салаларға тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдаудың міндеті мен мақсаты бөлек баппен жазылған, оның тізімін ел Президенті бекітеді. Бұл өндірістің күрделі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Бұл ең алдымен машина жасау, шикізатты өңдеу және ақырғы өнімді өңдеуге бағытталған, мәрелік қайта балқыту, өндіріс инфрақұрылымы және технологиялық процесті жетілдіру.
Бекітілген инвестордың мүддесін қорғау бойынша Қазақстан Республикасымен ұсынылған кепілдікке Заңда бөлек бап арналған. Инвесторларға мемлекетпен берілетін кепілдік олардың Қазақстан экономикасына капитал салу ынтасын арттыруы қажет. Олар инвесторларды еркін бәсекемен қамтамасыз етеді, яғни бәсекелеріне қатысты құқық; кәсіпкерлік іс-әрекет мүмкіндігі, яғни мемлекетке қатысты құқық. Неғұрлым маңызды кепілдіктер:
-
инвестордың өзін жарғылық қорда немесе шаруашылық серіктестік акцияларындағы үлесін басқару құқығын шектемеу, сонымен бірге салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу жағдайында жарғылық немесе акцияға үлестік қатысын сату нәтижесінде түскен пайда немесе кірісті шектемеу;
-
бекітілген инвестор өндіретін тауарларды сату мен өткізуді бақылайтын мемлекеттік монополияларды құрмау;
-
шикізат өткізу немесе тауар сату барысында бағаны реттеу және бақылау шараларын жасамау;
-
инвесторларға заң бойынша тиісті мүлікті басқаруда мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар кедергі бола алмайды;
-
Қазақстан Республикасы Заңымен инвестициялар, кіріс, дивиденд, инвесторлардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау.
Бұл заң арқылы инвесторлар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ынталандыру шаралар жүйесін қолдануға еркін құқық алады. Біріншіден жеңілдіктер мен преференциялар жүйесі нақты және біржақты анықталған. Олардың мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, экономиа секторының басымдылығына тәуелді. Бұл дегеніңіз, кәсіпкерлердің, инвестициялау мүмкіндігін кеңейтеді. Екіншіден, мемлекет натурлық гранттар ұсынады.
Жобаны жүзеге асыруға қажетті жабдықтар, шикізат пен материалдар импортының кедендік баж салығын салудан толық және жартылай босату инвесторларға үлкен пайда әкеледі.
Заң инвесторды бекіту процедурасын экспертизаға қажетті мерзімді анықтап, оларды бюрократиялық кедергілерден қорғайды және инвестициялық жобаға қатысты іс-әрекеттің жариялылығы мен заң бұзбау атмосферасын тудырады.
Жеңілдіктер берілуі мен қатар инвесторлардың жауапкершілігіне қатаң талаптар да қою қарастырылды. Инвестор мен Қазақстан Республикасының инвестиция жөніндегі Комитетінің, салықтық жеңілдіктер беру жөніндегі келісім бойынша, келісімшарттарының талаптары бұзылған жағдайда, барлық салықтар “қайтарылуы” тиіс және салықтық заңнамаға сәйкес айыппұл салына алады.
Республикада инвестициялық клиамтқа жағымды жағдай жасау және бұл процестің динамикасы мен ауқымдылығына кең өріс ашу мақсатында Парламент депутаттары Заң жобасын талқылау мен тиянақтауға үлкен белсенділік пен конструктивтілік танытты. Жобаның бірнеше баптары өңделіп және толықтырылып, жекелеген парагарафтарына редакциялық түзетулер жасалды. Заң жобасының әртүрлі баптарына отыздан астам түзетулер мен толықтырулар жасалды.
Тағы да бір маңызды нәрсе, инвестициялық жобаны жүзеге асыруға байланысты қызметтің ашық болуының күшейтілуі. Бұл заң бойынша Комитет бекітілген жобаның жүзеге асырылуы туралы барлық нормативті-құқықтық актілерді БАҚ-да жариялап отыруға тиіс.
Жаңа заң, инвестициямен жұмыс кезінде туындайтын барлық заңдық, экономикалық және әкімшіліктік қатынастар құрылымын қамтиды.
Бұлардың бәрі таяу уақытта шетел капиталы үшін Қазақстанның тартымдылығын арттырып, экономиканың басымды секторының ресурстары үшін бәсекелестікте отандық позицияны нығайтуды және мақсаткерлік пен жүйелі түрде жүргізілетін экономикалық реформаларға байланысты халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы инвесторлардың қызметін көрсететін кең ақпараттық қызмет көрсету жүйесі болуы тиіс, республиканың региондарында инвестициялау жағдайлары мен нормативті-құқықтық мүмкіндіктері туралы хабардар болып отыруы керек.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУ МЕН ҚОЛДАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындада тікелей шетел инвестицияларын тарту мен қолданудың қазіргі жағдайы мен мәселелері
Әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесі тікелей шетел инвестицияларын (әрі қарай ТШИ) тартудың дұрыстығын көрсетеді. Қазақстан экономикасында инвестиция және қолайлы инвестициялық климат құру ең ауыр және өткір мәселеге айналды. Экономиканың көптеген саласы шетел ресурстарын мол көлемде қажет етеді.
Шетел ресурстары экономикалық белсенділікті жандандыру мен экономикалық өсудің тұрақты жолына шығу үшін ғана емес, сонымен қатар экономиканың басты салаларының моральдік және физикалық тозған негізгі қорын ауыстыру үшін қажет.
Өтпелі экономикасы бар елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ТШИ көлемі мардымды емес. Алайда ТМД елдері ішінде бұл көрсеткіш жан басына шаққанда алдыңғы орынды алады. 1994-2000 жж. Қазақстан экономикасына келген жылдық ТШИ 80 АҚШ долл. құрады, Венгриямен салыстырғанда жан басына келетін ТШИ жылына 220 долл. және Чех Республикасында бұл көрсеткіш 134 долл. құрады. Шетел инвестициясын бұл елдерге тартуда мынадай факторлардың әсет еткені туралы айтқан жөн, Венгрия мен Чехияның Батыс Европаға географиялық жақындығы мен Европалық одаққа қосылу перспективасы, ТШИ ауқымы жоғары.
Компаниялардың өз қызметін осы және басқа елдерде жасау туралы шешім қабылдаудағы мотивтері көптүрлілікпен ерекшеленеді. Шартты түрде оларды екі ірі топқа бөлуге болады. Бір жағдайда фирмалар басқа елде өндірілетін тауар сату және қызмет көрсетумен айналысады, екіншіде – жергілікті нарықта сату немесе басқа елге экспорттау мақсатында, аталған елде өндірістік қуаттарды қалыптастыру құралдарын инвестициялайды. Сөйтіп, компанияларға осы және басқа стратегияны таңдау мотивін айқындауға тура келеді, сонымен қатар өз қарекетін іске асыруда мәселелердің ұқсастығымен айырмашылығының деңгейін анықтау керек. Өнімдерін шетелге өткізуде компаниялар аталған елде кәсіпорын құруға міндетті емес, өйткені олар өз тауары мен қызметін өндіру үшін лицензиясын сату мүмкіндігі бар және лицензиялық төлемнен табыс ала алады.
Қазақстан және басқа да бұрынғы социалистік елдер үшін бұл үрдісті іске асыру жолында кедергілер бар. ТМД елдеріне (әсіресе Ресей мен Қазақстан) өз қаржыларын салушы шетел инвесторларының пікірінше ең басты мәселе – қылмыс пен сыбайластық қана емес, қайта-қайта ауысатын салық заңы. Маңыздылығына байланысты келесі мәселелер аталады: несие беруші мен иегердің құқығын қамтамасыз етуге қатысты кедендік реттеу, макроэкономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, дамымаған банктік сектор, бухгалтерлік есеп жүйесі, содан кейін ғана сыбайластық.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мәліметі бойынша Қазақстанға 1993-2006 жылдар аралығында келген ТШИ көлемі 29,9 млрд. АҚШ долл. тұрады. Қазақстанға әр жылдары келген шетел инвестициясының көлемі 1 млрд. АҚШ долларынан кем болмаған.
Ел экономикасына шетел инвестициялар ағымына тән басты ерекшелік - олардың 90-шы жылдар ортасында қарқынды өсімі. Сөйтіп ,бес жылдың ішінде (1995-1996 жж.) тура капитал салымының ағымы 2,9 млрд. АҚШ долл. құрады. 1998 жылдан бастап шетел инвестицияларының ағымы жылына 1 млрд. АҚШ долл. төмен болған жоқ. 1999 жылы елімізге 2 млрд. АҚШ долл. келсе, бірақ Азия елдеріндегі дағдарысқа байланысты тікелей шетел инвестицияларының ағымы қысқарып, 1,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Ол 1999 жылмен салыстырғанда 41,5 пайызға кем. Дағдарысқа қарамастан, тікелей шетел инвестициялар ағымының қарқыны 1 млрд. АҚШ долл. төмендеген. 2000 жылы Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының жалпы көлемі 1,85 млрд. АҚШ долл. құрап, 1999 жылғы көрсеткіштен (1,23 млрд. АҚШ долл.) 1,5 есе көп. 2002-2004 жж.өткен жылдармен салыстырғанда 1,5 есе өскен және сәйкесінше 2,8-4,5 млрд. АҚШ долл. құрады.
Тікелей шетел инвестицияларының ең көп ағымы 2006 жылы 4607,6 млн. АҚШ долл. болды. Ол 2004 жылғы көрсеткіштен 51 млн. АҚШ долл. өскен.
Сурет 4- Қазақстан Республикасы экономикасына тура шетел инвестицияларының ағымы (1996-2007 ж.ж.)*
*Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мәліметі.
Қазақстан экономикасына тура инвестициялардың өсуі – жағымды жәйт. Жедел қайтарымды және ақылы ақша құралдары болып табылатын портфельді және басқа инвестициялардан ерекшелігі экономиканың нақты секторы дамыту мен, алдыңғы технологиялармен және менеджмент пен маркетингтің жаңа әдістерін қолданумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, тура инвестициялар Қазақстанның сыртқы қарыздарының пайда болуына әкелмейді.
Әлемнің 40 елі Қазақстанда тура инвестицияларды жүзеге асыруда. Бұл тізімде АҚШ, Ұлыбритания және Италия бар. Қазақстан экономикасына инвестиция салушылар тек дамыған елдер емес, сонымен қатар, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия сияқты “Жаңа индустриялды елдер”, дамушы елдер – Чехия, Венгрия және т.б.
Қазақстанға 90-шы жылдар басында жеке инвестициялардың экспорты бойынша шетел мемлекеттері ішінде АҚШ бірінші орынға ие болды. Американдық тура шетел инвестицияларының жалпы көлемі 1994-2005 жж. 8,9 млрд. (29,9 пайыз) құрады. Егер 1994жылы Қазақстан экономикасына АҚШ-тан келген инвестициялар көлемі 966,9 млн. долл. құраса, ал 1995 жылы олардың көлемі екі есеге – 412 млн. АҚШ долл. қысқарған. Соңғы төрт жылда олардың көлемі 150-400 млн. долл. өзгерген. 2000 жылдан бастап тікелей шетел инвестицияларының деңгейі өсе бастады және 2003 жылы оның деңгейі 1 млрд. АҚШ долл. жетті.
АҚШ компаниялары, әсіресе, мұнай-газ өнеркәсібінде, электроэнергия өндірісінде, өңдеу өнеркәсібінде, тамақ және темекі салаларында белсенділік танытты.
Келесі ірі инвестор – Ұлыбритания. Қазақстанға ағылшын компаниялары 1994-2005 жж. салған салымдары 4046,3 млн. АҚШ долл. (келген ТШИ-ның 13,6 пайызын) құрады. Бірақ олардың көлемі 1997 жылы 25,7 млн. АҚШ долл., 2005 жылы 622,7 млн. АҚШ долл. өзгерген. 2005 жылдың ішінде капитал салымдарының ағымы 528,5 млн. АҚШ долл. болды. Ол 2004 жылмен салыстырғанда 101,2 млн. АҚШ долл. көп.
Жаңа индустриалды елдердің ішіндегі ең ірісі – Оңтүстік Корея. Қазақстан экономикасына 1803,5 млн. АҚШ долл. салған. Тікелей шетел инвестицияларының көп ағымы 2000 жылы 720 млн. АҚШ долл., ал соңғы жылдары инвестиция салымы 90 млн. АҚШ долл. аспаған.
Азия елдерінің ішінде Қытай (1235,6 млн.АҚШ долл.) және Жапония (620,6 млн. долл.) салымшылар болып табылады.
Тікелей шетел инвестицияларының ірі салымшылары Италия (2136,9 млн. АҚШ долл.), Швейцария (1862,3 млн. АҚШ долл.), Нидерланды (2193,6 млн. АҚШ долл.), Канада (1089,9 млн. АҚШ долл.) мемлекеттері 1994-2005 жж. 7 млрд. АҚШ долл. салған. ТМД елдері де Қазақстан инвесторлары болып табылады. Олардың салған салымдары 1 млрд. АҚШ долл. құраған.
Кесте 1-Елдер бойынша келген тікелей шетел инвестицияларының үлесі
(1994-2005 жж.)
Мемлекет атауы
|
ТШИ салымы, млн. АҚШ долл.
|
Үлесі, %
|
Австрия
|
34,6
|
0,1
|
Белиз
|
18,4
|
0,06
|
Бермуд құрлығы
|
75,4
|
0,3
|
Ұлыбритания
|
4046,3
|
13,6
|
Венгрия
|
22,6
|
0,08
|
Виргиндік құрлығы
|
577,8
|
2
|
Германия
|
460,7
|
1,5
|
Гэрнси құрлығы
|
1,8
|
0,05
|
Израиль
|
16,1
|
0,05
|
Индонезия
|
294,3
|
1
|
Иран
|
17,6
|
0,06
|
Ирландия
|
46,9
|
0,15
|
Исландия
|
154,4
|
0,5
|
Испания
|
15,3
|
0,05
|
Италия
|
2076,8
|
7
|
Кайман құрлығы
|
108
|
0,36
|
Канада
|
1089,9
|
3,7
|
Кипр
|
91,3
|
0,3
|
Қытай
|
1235,7
|
4,6
|
Либерия
|
200,3
|
0,67
|
Ливан
|
10,2
|
0,03
|
Лихтенштейн
|
59,8
|
0,2
|
1-ші кестенің жалғасы
|
Нидерланды
|
2193,6
|
7,4
|
Норвегия
|
77,3
|
0,26
|
ОАЭ
|
16,1
|
0,05
|
Оңтүстік Корея Республикасы
|
1803,7
|
6
|
Молдова Республикасы
|
34,7
|
0,1
|
Ресей Федерациясы
|
930,4
|
3
|
Румыния
|
46,9
|
0,15
|
Сингапур
|
19,7
|
0,07
|
Словакия
|
20,8
|
0,07
|
АҚШ
|
8895,2
|
29,9
|
Турция
|
8031
|
2,7
|
Франция
|
688,3
|
2,3
|
Чехия
|
57,7
|
0,19
|
Швеция
|
23,2
|
0,08
| Швейцария |
1862,3
|
6,3
|
Япония
|
618,6
|
2
|
Басқа мемлекеттер
|
771,8
|
2,6
|
Халықаралық ұйымдар
|
40,3
|
0,14
|
Барлығы
|
29750
|
100
|
Сонымен бірге ТМД елдері
|
1068,1
|
3,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |