1 инвестицияның методологиялық мазмұны 6 1 Инвестиция және инвестициялық іс-әрекеттің мәні 6



бет3/5
Дата07.03.2016
өлшемі0.94 Mb.
#45987
1   2   3   4   5

Кестеде тікелей шетел инвестицияларының үлестері елдер бойынша көрсетілген.

Шетел компаниялары үшін ең көп қызықтыратын салалар: шикізатқа бағытталған және салалардағы тез сатып алынатын жобалар, халықтардың сұранысына ие болатын өнімдер.
Кесте 2 - Қазақстанға салалар бойынша келген тікелей шетел инвестицияларының үлесі ( 1994-2005 ж.ж.).


Салалар атауы

Инвестиция көлемі (млн. тенге)

Үлесі, %

Барлығы

29750

100

Ауыл шаруашылығы,аң аулау, орман және балық аулау

16

0,1

Тау-кен өнеркәсібі

17144,1

57,6

Өңдеуші өнеркәсібі

4561,4

15,3

Электроэнергия,газ және су өндірісі мен бөлу

563,8

1,9

Құрылыс

236,1

0,8

Көлік пен тұрмыстық өнімдерді жөндеу және сату

647,6

2,1

Мейманханалар мен мейрамханалар

107,8

0,4

Көлік және байланыс

557,8

1,9

Қаржылық қызмет

379,3

1,3

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, кәсіпорындарға жалға беру және өызмет көрсету

4971,2

16,7

Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

204,5

0,7

Аталған қызмет түрлеріне жатпайтын қызмет түрлері

360,8

1,2

Сурет 5-Тікелей шетел инвестицияларының салалар бойынша үлесі (1994-2005 жж)


Бұл суретте көріп отырғанымыздай шетел инвестицияларының ең көп салымы кен өндіру өнеркәсібінде, өңдеу өнеркәсібінде және жылжымайтын мүлікпен байланысты операциялар, кәсіпорындарға жалға беру және қызмет көрсету.

Жалпы алғанда, 1994-2005 жж. кен өндіру өнеркәсібіне 17 млрд. долл. салынған. Тікелей шетел инвестицияларының жалпы көлеміне шаққанда 57,6 пайызын құрады. Негізігі бөлігі (89,8 пайыз) өңделмеген мұнай мен табиғи газды өңдеуге салынған.

Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларына тікелей шетел инвестицияларының салымы 1998 жылдан бастап (металл рудаларын өндіруге осы жылы 286 млн. АҚШ долл. тартылды) жүзеге асырылды. 1999 жылы тікелей шетел инвестицияларының көлемі 471,8 млн. АҚШ долл. көбейді. 2000 жылы осы екі салаға 1,3 млрд. АҚШ долл. тартылса, 2001 жылы ТШИ көлемінің күрт төмендеуі байқалды. Мұнай мен газ өндіруде айтарлықтай төмендемесе, металл рудаларын өндіруде ТШИ 20 есе азайды (32 млн. долл.) және қазіргі күнге дейін солай сақталуда.

1999 жылдан бастап аздаған сомада шетелдік инвестициялар көмір өнеркәсібіне құйыла бастады, ең жоғарғы шегі 2001 жылға келеді және 15,7 млн. долл. 2005 жылдың 9 айында 7,5 млн. долл. құрады.

2002 жылдан бері ТШИ келе бастаған саланың бірі урандық руда өндіру. Мұнда да көлемі өте жоғары емес-жылына шамамен 1,5-10 млн. долл. 2005 ж. 15,9 млн. долл. құрады және 2004 ж. сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп (10,4 млн. долл.).

Қазақстанның өңдеу сферасына капитал салымының басымды объектілері болып ең алдымен металлургиялық өнеркәсіп, әсіресе түсті металлургия (2379,3 млн. долл. немесе жалпы соманың 52,1%), ТШИ тарту көлемі бойынша кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдарды өндіру мен өңдеу (468,4 млн. долл. немесе 10,3%) табылады.



Сурет 6 - Тау-кен өнеркәсібінің негізгі салаларына 1994-2005 жж. аралығында тартылған ТШИ ( млн. АҚШ долл.).


Ең жоғарғы ағымы 2004 ж. келеді, ол 2 млрд. долл. Капитал салудың басқа сфералары -телекоммуникация, электрлік және электронды жабдықтар өндіру, тұрғын үй құрылысы, яғни Қазақстан экономикасының сол салаларында жоғары пайда табуды көздейді.

Сурет 7 - Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларына 1994-2005 жж. аралығында тартылған ТШИ ( млн. АҚШ долл.).


Қызмет көрсету саласына тартылған ТШИ көп үлесі геологиялық зерттеу және барлауға келеді. Егер 1994 ж. қызметтің осы түріне 55 млн. долл. тартылса, 2004 ж. осы көрсеткіш 963,9 млн. долл. ұлғайды, ал 2005 ж. 1197,2 млн. долл. құрады. Қызметтің барлық түріне ТШИ тартылған.

Алайда мына фактіні атап көрсеткен жөн, білімге, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласына ТШИ аз түсті. 1994-2004 жж. Салымдар 1 млн. долл–дан 13 млн. долл. аралығында тербелді, тек 1998 ж. 107,8 млн. долл. құрады. Соңғы 7 жылда ТШИ ағымы осы салаға 2005 ж. 62,8 млн. долл. көбейді, бұл үрдіс ҚР Үкіметі өзінің әлеуметтік бағытына көп көңіл бөле бастағандығына байланысты.

1998-2005 ж. 25 наурыз аралығында келісімшарт саны 495, жалпы сомасы 3,7 млрд. долл. (506,2 млрд. долл.) болды.

Қазіргі уақытта қарекет етуші келісімшарт саны 270, жалпы сомасы - 3 млрд. АҚШ долл. (401,4 млрд. теңге), 138 келісімшарттың салықтық жеңілдіктері мен преференциялары тоқтатылды. Инвесторлардың өз міндеттемелерін орындамау себебінен 87 келісімшарттың күші жойылған.

ҚР «Инвестиция туралы» заңына сәйкес 2003 ж. 8 мамырынан 2005 ж. 25 наурызы аралығында индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын орындау мақсатында 152 келісімшарт жасалды.

Кесте 3 - Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын орындау мақсатында жасалған келісімшарттар тізімі.



Қызмет түрі

Келісімшарт саны

1

2

1.Өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде:

  • азық-түлік өнімдерінің өндірісі

  • тоқыма өнеркәсібі




5

4




3 кестенің жалғасы



1

2

  • ағаш өңдеу

  • целлюлозды-қағаз өнеркәсібі

  • химия өнеркәсібі

  • пластмасса және резеңке бұйымдарының өндірісі

  • металл емес минералды өнімдер өндіру

  • металл өнеркәсібі және дайын металл

бұйымдарының өндірісі

2. Ауыл шаруашылығы

3. Электроэнергия және ыстық су өндіру және тарату

4. Құрылыс

5. Туристік қызмет

6. Транспорт

7. Әлеуметтік қызмет көрсету



3

12

6



12

20

9


6

4

4



14

15

13



1

11

4



Барлығы

152

Өңдеу өнеркәсібі саласында жасалған келісімшарттар ішінде металл емес өнім өндірісі (кірпіш, гипс, бетон, қаптау материалдары, шыны), азық-түлік өнімдерінің (сусынды қоса), пластмассалық бұйымдар және целлюлозды-қағаз өнеркәсібі бойынша жобалар саны өсуде. Электро-энергия, газ, су өндіру және тарату, ауылшаруашылық, құрылыс саласында жобалардың көбеюі байқалады, негізінен кәсіпорындардың негізгі қорын кеңейтуге бағытталған.


Кесте 4 - Экономика секторлары бойынша құрылған инвестиция келісімшарттары (саны, көлемі).




Экономика секторы

Келісімшарт саны

Инвестиция саны

млн. теңге

млн. АҚШ

долл.


1. Өңдеу өнеркәсібі

94

54190,4

396,903

2. Ауылшаруашылығы

14

12578,9

92,131

3. Электроэнергия және

ыстық су өндіру және

тарату


15

29604,3

216,829

4. Құрылыс

13

9383,4

68,726

5. Туристік қызмет

1

1234

9,038

6. Транспорт

11

56210,5

411,699

7. Әлеуметтік қызмет

көрсету


4

506,4

3,709

Барлығы

152

163707,8

1199,035

Инвестицияның негізгі ағымы экономиканың өңдеу секторының материалды-техникалық базасын жақсартуға бағытталған (396,9 млн. долл. (54,1 млрд. теңге) немесе барлық келісімшарттың жалпы сомасының 33,1%). Транспорт саласындағы инвестицияның қомақты көлемі байқалады-411,6 млн. АҚШ долл. (56,2 млрд. теңге), ол мұнай мен газды тасымалдау сферасындағы жобаларды орындаумен байланысты.


Кесте 5 - Инвестициялар мен инвестициялық преференциялардың жасалған келісімшарттар бойынша құрылымы




Жаңа өндірістерді ашу

Өндірісті кеңейту және жаңарту

Кедендік алымдар

Мемлекеттік натурлық гранттар

Келісімшарттар саны

91

61

18

20

Сомасы, млн. АҚШ долл.

835

363,9

26,7

26,4

Аймақтық разрезде келісімшарт саны (ең көбі Алматы қ. бойынша – 47 келісімшарт) мен ивестицияның жалпы көлемін ( 272 млн. АҚШ долл. – Қарағанды обл.) салыстырғанда диспропорция байқалады. Аймақтық диспропорцияның себебі әр аймақтың жергілікті инфрақұрылымының даму деңгейлерінің айырмашылығына байланысты.



Кесте 6 - Аймақтар бойынша жасалған келісімшарттар (саны, көлемі).




Аймақтар

Келісімшарттар саны

Инвестиция көлемі

млн. тенге

млн. АҚШ долл.

1

Алматы

47

19070,0

139,673

2

Астана

14

10642,6

77,949

3

Алматы облысы

20

8374,9

61,34

4

Ақмола облысы

9

2765,6

20,256

5

Ақтөбе облысы

10

6126,1

44,869

6

Атырау облысы

4

18435,9

135,029

7

Шығыс Қазақстан облысы

5

1614,8

11,827

6-шы кестенің жалғасы
















8

Жамбыл облысы

2

272,7

1,997

9

Қарағанды облысы

6

37137,9

272,007

10

Қостанай облысы

8

12328,1

90,294

11

Қызылорда облысы

1

446,1

3,267

12

Павлодар облысы

6

3550,3

26,003

13

Солтүстік Қазақстан облысы

9

18798,8

137,687

14

Батыс Қазақстан облысы

1

12994,4

95,174

15

Маңғыстау облысы

2

1434,3

10,505

16

Оңтүстік Қазақстан облысы

8

9715,4

71,158




Барлығы

152

163707,8

1199,035

Территориялық бөліністе ТШИ ағымының теңсіздігі байқалады. Инвесторлар өзінің капиталын дамыған қаржылық инфрақұрылымы бар, жоғары төлем қабілетті сұранысы бар, халқы көп және бай шикізатты орталықтарға салады. Капитал ұзақ мерзімге ақысыз жер немесе ұзақ мерзімге арендаға жер беретін болса, инвесторлар толық және нақты ақпаратпен қамтитын аймақтарды ұнатады. Нәтижесінде Батыс облыстар экономикасына капитал салымының жалпы көлемінің 80% - ы шоғырланған.

Сөйтіп ТШИ аймақтық таралуының бірдей еместігін айтуға болады. Бұл келіссіздіктің бір себебі – шетел инвестицияларын таратудың аймақтық саясатының, ең алдымен сақтандыру, капитал мен инвестор қауіпсіздігі кепілдігі, инвестициялық жобалар туралы соңғы ақпараттармен қамтамасыз ету салаларындағы аймақтық саясатының әлсіздігі. Шетел капиталын бірінші кезекте депрессивті аудандарға бағыттау қажет.

Жасалған келісімшарттардың он төрті Астана қаласының құрылысы және дамуымен байланысты жобалар, жалпы сомасы - 77,9 млн. АҚШ долл.. Олар келесілерге бағытталған:



  • “Деловой центр “Сити-Палас”” қоғамдық кешенінің құрылысы мен эксплутациясы;

  • ЖАҚ “Ақмола электробайланыс компаниясы” электр кешенін оптимизациялау;

  • Құрылыс металл бұйымдарын өндіру;

  • Қазіргі кездегі құрылыс компанияларының активтерін құру және құрылыс күштерін кеңейту;

  • Бетон өндіру;

  • Бетоннан жасалатын бұйымдарды өндіру;

  • Құрылыс материалдарын шығару бойынша өнеркәсіп базаларын құру.

Жасалған келісімшарттардың ішіндегі ең ірілері:

  • “Кенкияк-Атырау” мұнай құбырының құрылысы мен эксплуатациясы (“СЗТК Мұнай тас” ЖАҚ , инвестиция сомасы - 128,7 млн. АҚШ долл.);

  • “Атасу-Алашанькоу” мұнай құбырының құрылысы мен эксплуатациясы (“Қазақстан-Қытай” ЖШС), инвестиция сомасы - 108 млн. АҚШ долл.);

  • “Ауыр жүктерді ұйымдастыру үшін темір жол транспортына иемдену” (“Евразия Транзит групп” ЖШС, инвестиция сомасы - 465 млн. АҚШ долл.);

  • “Шыны жасау зауыты Лисаковск қ. Қостанай облысы”, (“Лисаковск шыны зауыты” АҚ, инвестиция сомасы - 35,3 млн. АҚШ долл.).

  • “Бидай өңдеу және кілегей, ашытқы, этанол, көмірқышқыл газын өндіруші Биохим өндірістік кешені” (“Биохим компаниясы” АҚ, бекітілген активтерге инвестициялар сомасы – 71,4 млн. АҚШ долл.);

  • “Көпсалалы ауылшаруашылық кешенін құру” (“КазАгроРесурс компаниясы” ЖШС – 27,9 млн. АҚШ долл.);

  • “Электр желілері мен жабдықтарын қайта қалпына келтіру, реконструкция және модернизациялау” (“Қарағанды Жарық” ЖШС – 26,9 млн. АҚШ долл.);

  • “Ұялы бетоннан өнім шығаратын зауыттың құрылысы мен эксплуатациясы” (“Экатон +” ААҚ – 17,5 млн. АҚШ долл.);

  • “Петропавл қаласында астық өндіру” (“Сұлтан - ЭММК” АҚ – 11,6 млн. АҚШ долл.);

  • “Мақта талшықтарын терең өңдеу әдісі бойынша жұмыс істейтін біріккен қазақстан-қытай кәсіпорынының ұйымдастырылуы” (“INADA TEXTILE” ЖШС – 11,4 млн. АҚШ долл.);

  • “Өндірістік қуаттарды кеңейту” (“KUAT корпорациясы” ААҚ – 11,0 млн. АҚШ долл.);

  • “Жартылай өңделген еттер” (“ЛИТ - Азия” ЖШС – 10,8 млн. АҚШ долл.);

Келісімшарт жасаған 152 кәсіпорынның 36-сы шетел қатысуымен. Олардың жобалар сомасы 428 млн. АҚШ долл. тең.

Кесте 7 – Шетел инвесторларымен салалар бойынша жасалған келісімшарттар саны



Қызмет түрі

Келісімшарт саны

1.Өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде:

  • азық-түлік өнімдерінің өндірісі

  • текстиль өнеркәсібі

  • целлюлозды-қағаз өнеркәсібі

  • химия өнеркәсібі

  • пластмасса және резеңке бұйымдарының өндірісі

  • металл емес минералды өнімдерін өндіру

  • металл өнеркәсібі және дайын металл

бұйымдарының өндірісі

машина және жабдық өндірісі


2

1



3

2

2



5
4

3


7-ші кестенің жалғасы

- электржабдықтар өндірісі

2. Ауылшаруашылығы

3. Электроэнергия және ыстық су өндіру және тарату

4. Құрылыс

5. Транспорт


1

1

7



3

2


Барлығы

36

Экономиканың басымды салаларында қызметін жүзеге асырушы кәсіпорындарға жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы мемлекеттік қолдау инвестициялық қарекетті тек ынталандырып қоймай, сонымен қатар отандық өндірістің дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді.

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің инвестиция жөніндегі комитеті инвестиция сұрақтары бойынша құзіретті орган болып табылады. 1998-2005 жылдары 25 наурыз аралығында ҚР басымды салаларға қызмет етуші инвесторларға салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беруді көздеген. Келісімшарт саны 495, жалпы сомасы - 3,7 млрд. АҚШ долл. (506,2 млрд. теңге). Қазіргі уақытта қарекет етуші келсімшарттар саны 270, жалпы сомасы – 3 млрд. АҚШ долл. (401,4 млрд. теңге), 138 келсімшарттың салықтық жеңілдіктері мен преференциялары тоқтатылған. Инвесторлардың өз міндеттемелерін орындамау себебінен 87 келсімшарттың күші жойылған. 1998 жылы 9 келісімшарт жасалған, оның: 5- өңдеу өнеркәсібіне, 3- өндірістік инфрақұрылымға және 1-тұрғын үй мен әлеуметтік салаға 1999 жылы 74 келсімшарт жасалды, оның 9-тұрғын үй мен әлеуметтік салаға, 5-өңдеу өнеркәсібіне, 8-өндірістік инфрақұрылымға және 1- ауылшаруашылығына салынды. 2000 жылы олардың саны 66 болды: 47- өңдеу өнеркәсібінде, 7-өндірістік инфрақұрылымында, 3- ауылшаруашылығында, 9-тұрғын үй мен әлеуметтік салада. 2001 жылы 77, оның 5-ауылшаруашылығы, 7-тұрғын үй мен әлеуметтік сала, 5-өндірістік инфрақұрылым және 60- өңдеу өнеркәсібі, 2002 жылы 115-ке дейін өсті, оның ішінде 84-өңдеу өнеркәсібіне, 17-тұрғын үй мен әлеуметтік салаға, 9- өндірістік инфрақұрылымға, 5- ауылшаруашылығына салынды. 2002 жылы келісімшарттың өсуі соңғы кезде қалыптасқан жағымды экономикалық жағдайға байланысты, сонымен қатар Комитеттің аймақтарда потенциялды инвесторларды еліміздің инвестициялық заңымен таныстыру мақсатымен жарнамалық-презентациялық шараларын өткізу белсенділігіне байланысты. 2003 жылы қаңтарында жаңа Салықтық кодекс енгізілуімен байланысты заңдағы қайшылықтар әсерінен тек 2 келісімшарт жасалды.

2004 жылы 64 келісімшарт жасалды, олар экономиканың басымды салаларында қызмет етеді. Бекітілген активтерге салынған инвестициялардың жалпы сомасы 338 млн. АҚШ долл. құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде шетелдік инвесторлардың үлесі жыл сайын артуда және Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялық қозғаласын нығайтып жатырғанын айтқан жөн. Мысалы, 2002 жылы шетел инвесторлары қатысуымен 817 млн. АҚШ долл. 2001 жылғы көрсеткіштен 7,6 есе және 2000 жылғы көрсеткіштен 1,4 есе көп. Қазақстан экономикасының басымды салаларына түскен шетел инвестициясының келісімшарт бойынша үлесі 31%.

Мәселен, инвестициялық жобалардағы шетел капиталының қатысуы туралы кейбір жобаларға түрік капиталының үлесі туралы қанағаттанарлықпен айтуға болады. Бұл кәсіпорындарға Инвестиция жөнінде Комитет келісімшарт негізінде инвестициялық преференциялар ұсынды. Олардың қатарында тамақ өнеркәсібінде жемісті жұмыс істеуші “Сұлтан” ААҚ, “Хамле компани” ЖШС, жер асты жезді кабель өндіруші “Ватан Асия Кабле Груп Компани” ЖШС, Қазақстанда GSM стандарты бойынша цифрлы ұялы байланыс пен ауылдық жерде сымсыз спутниктік байланысты ұйымдастырушы ретінде танымал “GSM Қазақстан “Қазақтелеком ААҚ”” ЖШС. Түрік капиталының қатысуымен басымды салалардағы тікелей инвестицияның жалпы көлемі 366538,9 мың АҚШ долл., оның 357163,5 мың АҚШ долл., яғни көп бөлігі негізгі капиталға бағытталған. 2521 жұмыс орны қалыптасты. Астанамыздағы обьектілер құрылысында түрік құрылыс компаниялары қарқынды қызмет етуде. Астананы көркейткен түрік архитекторларының кейбір шығармалары – “Окан Интерконтиненталь” қонақ үйі, Ұлттық мұражай, “Астана Тауэр”, дипломатиялық қалашық.

2004 жылы Инвестицияларды таратуды талдау мынадай мәлімет береді: келісімшарттың көп бөлігі көлік және байланысқа келеді – 44,6%; жылжымайтын мүлікпен операциялар – 11,2 % ; электро-энергия, газ және су өндіру мен бөлу - 10,4%; метал өнеркәсібі – 7,8%; металл емес өнімдерді өндіру – 6,9 %.

2004 жылы аймақтар бойынша инвестициялардың бөлінуін талдау келісімшарттың көбі облыстар мен қалаларды дамыту үшін жасалғанын көрсетеді: Атырау облысы – 39,2%; Алматы қаласы – 20,4%; Астана қаласы – 11,0%; Ақтөбе облысы – 7,7%; СҚО – 6,0% [9].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет