2.2 Қазақстанда инвестициялық іс - әрекетті мемлекеттік қолдау жүйесі
Экономиканың басымды салаларында қызметін жүзеге асырушы кәсіпорындарға жеңілдіктер мен преференциялар беру туралы мемлекеттік қолдау инвестициялық қарекетті тек ынталандырып қоймай, сонымен қатар отандық өндірістің дамуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді.
Республикада инвесторлармен жұмыстың құқықтық базасы белсенді дамуда. ҚР мынадай заң мен кодекс қабылданды:
“Инвестициялар туралы” (08.01.03 ж.)
“Банкроттық туралы” (21.01.97 ж. және 03.06.03 ж. өзгерістерімен)
“ҚР Ұлттық банкі туралы” (30.03.95 ж. 10.07.03 ж. өзгерістерімен)
“Бағалы қағаз нарығы туралы” (02.07.03 ж.)
“Бюджетке салық және басқа да міндетті түсімдер туралы” (12.06.01 ж.)
Инвестициялық жеңілдіктер беру 2003 жылдың 8 қаңтарында қабылданған “Инвестиция туралы” Заңмен реттеледі. Бұл заң инвестицияның құқықтық және экономикалық негіздерін ынталандырып, Қазақстан Республикасында инвесторлардың инвестиция салудағы құқықтарын қорғап, инвестицияны мемлекеттік қорғау шараларын анықтап, инвесторлардың қатысуымен келіспеушілікті шешу тәртіптерін айқындайды.
Инвестицияны мемлекеттік қолдау шараларының жаңа механизмдері біршама жаңа артықшылықтарға мүмкіндік береді.
Алдымен, Заңда отандық та, шетелдік инвесторларды да бірдей дәрежеде ынталандыру қарастырылған. Инвестициялық жеңілдіктер беру туралы өтініштерді қарау мерзімі қысқартылып (отыз жұмыс күніне дейін уақыт ішінде), оларға мүмкіндік беру тәртіптері оңайлатылды. Сондай-ақ қазіргі заң инвестиция көлемінің минималь шегін қоймайды. Бұл оның, қызметтің басым түрлерінде инвестиция салатын шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қоса есептегендігі, қолданылу аясын кеңейтеді.
Шетелдік және отандық инвесторлардың теңдігі мемлекеттік ұйымдардың тексерулерін жүргізгенде, инвестициялық таластарды шешуде, табыстарды есептеп, бөлуде, сондай–ақ Мемлекеттік ұйымдар мен лауазымдық тұлғалардың әрекетімен келген зияндарды қайтаруда әділетті болады.
Заңға сәйкес өкілетті органмен контракт жасауға төмендегідей инвестициялық преференциялар беріледі:
1. инвестициялық салықтық преференциялар;
2. кедендік баж салығынан босату;
3. мемлекеттік натурлық гранттар.
Инвестициялық салықтық преференциялар белгіленген активтегі инвестиция көлеміне тәуелді анықталатын мерзімге беріледі, бірақ та он жылдан артық емес.
Заңға сәйкес төмендегідей салықтық преференциялар беріледі:
- Корпоративтік табыс салығына преференциялар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеуден босатуға немесе жылдық жиынтық табыстан, преференцияның күші болатын мерзімге тәуелді, белгіленген активті пайдалануды енгізу бағасын бірдей үлеспен шегеруге мүмкіндік береді.
Қолданылатын заңнамаға сәйкес салық төлеушінің (заңды тұлға), зиян шегу мөлшерін кеміткендігі түзетулері есептелініп, салынатын табыс салығы (корпоративті табыс салығы) 30% мөлшерлемемен есептелінеді.
- Мүлікке салық преференциялары бойынша инвестициялық жоба шеңберіндегі белгіленген активті жаңадан пайдалануды енгізгенде салық төлеушіге мүлікке салық төлеуден босату құқығын береді.
Салық салынатын обьектінің салықтық базасы болып, бухгалтерлік есептің мәліметі бойынша анықталатын, салық салынушы обьектінің орташа жылдық қалдық құны есептеледі. Заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлер мүлікке салықты салық салынушы обьектінің орташа жылдық құнының 1%-ын есептейді.
- Жерге салық преференциялары бойынша салық төлеушіге инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін алынған және қолданылатын жер учаскелеріне жер салығын төлеуден босату құқығын береді.
Қолданылатын заңнамаға сәйкес жердің белгілі-бір категориялары салық төлеуге жатады. Бұл жағдайда, әрбір жеке категориялар үшін базалық салық ставкасы, белгілі-бір критерийлер негізінде анықталады:
- Ауылшаруашылық қызметтерге арналған жерлер үшін базалық ставкалары 1 гектарға есептелген және топырақтың құнарлылық сапасы мен бонитет балына сараланған. Базалық ставка мөлшері бонитет балы 1 болғанда, 0,48 теңгеден, 100 балл болғанда 202,65 теңгеге дейін ауытқиды.
- Елді мекендердің жерлері үшін (тұрғын үй фондылары мен құрылыс жерлерін қоса есептелгенде) – базалық ставкалар орналасқан жеріне байланысты 1 шаршы метр ауданға есептегенде ауылдық жерлердегі тұрғын үй фондыларында 0,09 теңгеден Алматыдағы жерлерде 28,95 теңгеге дейін ауытқиды.
- Өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және басқа да ауылшаруашылық қызметтерге арналмаған жерлер үшін – елді мекендерде орналасқан өнеркәсіп жерлері үшін базалық ставкасымен анықталады. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлері үшін базалық ставка 1 гектар жерге есептегенде бонитет балына пропорционал және бонитет балы 0 жер үшін 48,25 теңгеден бонитет балы 100-ден жоғары жер үшін 5790 теңгеге дейін ауытқиды.
Инвестициялық салық преференцияларының қолданыла басталу мерзімі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес келісімшартпен белгіленеді.
Арнайы салық режимі қолданылатын заңды тұлға қызметі үшін, сондай-ақ келісімшартпен жер қойнауын пайдаланушылар үшін инвестициялық салықтық преференциялар берілмейді.
Мемлекеттік натурлық грант берілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына белгіленген активке байланысты инвестициялық салықтық преференциялар берілмейді.
Кедендік баж салығынан босату инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін керекті құралдар мен оларға қажетті қосымша бөлшектерді импорттау кезінде болады. Мәселен:
- Қазақстан Республикасы аумағындағы балама құрал-жабдықтар мен оған керекті қосымша бөлшектерді шығармайтын болғанда;
- Инвестициялық жобаны жүзеге асыруға байланысты құрал-жабдықтар мен оған қажетті қосымша бөлшектерді Қазақстан Республикасы аумағында жеткілікті мөлшерде шығармайтын болғанда;
- Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын құрал-жабдықтар мен оған қажетті қосымша бөлшектердің белгіленген жоба шеңберінде қойылатын талаптарға сәйкеспейтін болғанда.
Кедендік баж салығынан босату мүмкін болатын ұзартуларымен бір жылдық мерзімге, бірақ та контракт тіркелгеннен бастап бес жылдан артық емес уақытқа беріледі.
Кедендік баж салығынан босату және оның мерзімін ұзарту туралы шешімді инвестиция туралы құзіреті бар ұйым шығарады.
Қолданылатын заңнамаға сәйкес кедендік баж салығының ставкасы жалпы кедендік–тарифтік саясат шеңберінде белгіленеді және СЭҚ КС кодтауға сәйкес бекітіледі. Қазіргі кезде 11 мыңға тарта тауарлық ұстаным бар.
Экспорттық баж салығы ІМҚ терісін және металл сынақтарын шығарғанда ғана салынады.
Қазіргі кезде импорттық баж салығы бойынша кедендік қорғау (импорттық баж салығының орташа ставкасы) 7,9% құрайды.
Мемлекеттік натурлық гранттар Заңда бекітілгендей Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе мемлекеттік мүлікті және жер ресурстарын жекеге немесе қолдануға беруді басқару аясындағы сәйкес мемлекеттік органдардың келісімімен құзыретті органдармен беріледі.
Мемлекеттік натурлық грант есебінде жер учаскелері, ғимараттар, машиналар және құрал-жабдықтар, есептеу техникалары, өлшегіш және реттегіш құралдар мен қондырғылар, транспорт құралдары (жеңіл автомобильден басқалары), өнеркәсіптік және шаруашылық мүліктері беріледі.
Мемлекеттік натурлық гранттарды бағалау Қазақстан Республикасындағы бекітілген заңнамаларға сәйкес нарықтық құнымен белгіленеді.
Мемлекеттік натурлық гранттың максимальді мөлшері Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның белгіленген активтегі инвестиция көлемінің (инвестициялық жобаның мөлшері) 30 пайызынан аспау керек.
Егер сұралған мемлекеттік натурлық гранттың бағаланған құны көрсетілген максимал мөлшерден артық болса, Қазақстан Республикасының жеке тұлғасы сұралған мүлікті оның бағаланған құнымен мемлекеттік натурлық гранттың арасындағы айырманы төлеу арқылы алуына құқығы бар.
Жоғарыда айтылғандардан, Қазақстанда жеке инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздері мейлінше тиімді екенін көрсетеді және іскерлік ынтымақтастықтарға үлкен жол ашады.
Инвестициялық климаттың жақсаруы Үкіметтің қызметіндегі артықшылықты істердің бірі болуы, халықаралық эксперттердің бағалауынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында реформаны жүзеге асыруда көшбасшы деп танылды.
Қазақстан нарықтық экономикалы ел ретінде Европамен де, АҚШ-пен де мойындалды.
Қазақстанға екінші жыл Шығыс Европа деңгейіне сәйкес келетін инвестициялық рейтинг берілді.
2002 жылдың қыркүйегінде жетекші халықаралық “Mood’s” рейтингтік агенттігі Қазақстанға инвестициялық категорияға жататын жаңа несиетік рейтинг берді.
2003 жылдың мамырында “Standart and Poors” агенттігі Қазақстанның шетелдік ұзақ мерзімді “ББ”-дан “ББ қосуға” дейін валюталық міндеттемесі бойынша несиетік рейтингісін және ұлттық валюта бойынша несиетік рейтингісін өсірді.
Рейтингтік агенттіктің есебінше, рейтингтің өсуі республиканың тұрақты экономикалық өсу тенденциясын, сондай-ақ мемлекеттік бюджет дифициті мен сыртқы бережақты төмен деңгейде ұстау бағытындағы мемлекет жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін көрсетеді.
Мемлекеттің фискалдық тұрақтылығы Ұлттық қорға мұнай мен салықтық түсімдердің өсуі мен нығая түседі, мұның өзі мүмкін болатын мұнай бағасының өсуінен туындайтын қиындықтарды үйлестіруге мүмкіндік береді. Ойластырылған қаржылық саясатын жүргізу бюджет дифициті мен инфляцияны шектеуге бағытталған. Рейтингтік агенттіктің бағалауынша, 2004 жылы мемлекеттік бережақты ЖІӨ-нің 14,2 пайыз деңгейіне дейін төмендету көзделген және келесі бірнеше жылдарға дейін тұрақты болмақ.
Макроэкономикалық тұрақтылық инфляция 6,4 пайыз деңгейінде және экономикалық өсу 8,6 пайыз деңгейінде сақтау көзделген.
Мемлекеттің нарықтық реформаларға ерекше көңіл бөлуі банк секторына деген сеніммен қатар жүруі қаржы секторын күшейтеді.
Сонымен қатар, экономика мен бюджеттің теріс, қолайсыз жағдайларға тәуелділігі бірте-бірте төмендеуде деп көрсетеді рейтингтік агенттік.
Инвестициялардың өсуінің жалғасуына байланысты, мұнай-газ секторындағы өндіріс пен экспорт өсуі, мұнай бағасының түсіп кетуі жағдайында да Қазақстан жоғары экономикалық өсуді күтеді.
2004 жылдың қарашасында экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның несиетік рейтингін алтыншы деңгейден бесіншіге көтеруге шешім қабылдады. Құрамына дүние жүзінің 25 дамыған индустриалы елдері кіретін бұл халықаралық ұйымның көзқарасы, іскер топтардың басқа елдерге капитал салудағы бағалауында шешуші рөл атқарады.
Қазақстанның несиетік рейтингісін көтеру туралы шешім біздің елімізге АҚШ-тағы Эксимбанктің төрағасы Филипп Мерильдің сапарынан кейін болды, өйткені ол Қазақстанның инвестициялық климатқа қолайлы жағдайлар жасаудағы жетістіктеріне жоғары баға берген еді [10].
Инвестициялық іс-әрекеттің негізгі қиыншылықтары
Қазіргі кездегі тура халықаралық инвестицияларды тарту саясатының негізгі мақсаты модернизация мен құрылымды қайта құруға, халықтың жоғары сапалы өмір сүруіне шетел капиталын қолдану арқылы қол жеткізу.
Алайда ТШИ тартуды қолдануда республикада бірнеше мәселелер бар:
1. ТШИ құрылымы қазіргі таңда шикізаттық бағытта және кәсіпкерлерді тек жоғарырентабельді жобалар қызықтырады. Бірде-бір кәсіпорын мұнайды максимальды өндіру технологияларын қолдану, кен орындарын тиянақты зерттеу жұмыстарын жүргізбейді. Бүгінгі таңда Қазақстанға деген қызығушылықты шикізат байлығына ғана танытуда.
2. Аймақтық талдау аймақтардың инвестициялық рейтингі жергілікті билік күшімен әлсіз анықталады. Бұл дегеніміз, яғни ынталандыру тетігі әлі күнге дейін орталықта. Аймақтар экономикалық шешім қабылдауда өз алдыңа тәуелсіз емес.
3. Шетел инвестициялардың шикізаттық бағыты республика экономикасының құрылымындағы диспропорцияны онсыз да ұлғайтуда, елдің қауіпсіздігін бұзуда. Пайданың көп бөлігі шетелде қалуда (оның ішінде дайын күйде: мұнай өнімдері, металл өнеркәсібі, түсті металл және с.с Қазақстан экспортының негізгі салалары). ТШИ бұл жағдайда елдің сыртқы борышында көріне бастады және экономикалық өсуге түрткі болмайды.
4. ТШИ “Капитал ағымына” трансформациялануы. Тәжірибеде, талдау көрсеткендей шетел және БК шетел капиталының үлкен ағымына әкелмейді. Жергілікті ресурстарды қолданғаннан кейін түскен пайда басқы компанияларға жіберіледі. Мұндай қызмет ТШИ мақсатына қайшы келеді, шын мәнінде, ешқандай пайда әкелмейді, керісінше “капитал ағымы” орын алады.
5. Кәсіпкерлік шетел капиталы құрылымында заемға алынған құралдардың меншікті құралдан артық болуы. Қазақстандағы қолайсыз инвестициялық жағдай кәсіпорында нарыққа өз капиталымен емес заемдық капиталмен (фирмалық несие түрінде, сирек жағдайда - банктік) келуіне әкеледі.
Сөйтіп, ТШИ “әдемі статистикасы” бұрмаланған, ал ТШИ көбіне жаңа технологиялардың, жұмыс орындарының және тәжірибенің ағымын емес, сауда-коммерциялық шағын кәсіпорындардың келіссіз формасын білдіреді. Шикізаттық салаға ірі компаниялардың келуі елге валюталық түсімдердің азаюынан сыртқы қарызының өсуіне әкеледі. Егер де, сыртқы қарыздануда айтарлықтай мәселелер жоқ және оның шектеушісі болып мемлекет бола алады, тәуелсіз кәсепкерлік инвестицияларда жағдай неғұрлым күрделі. Шетел инвестициясының ағымына негізгі ынталандыру болып тек қолайлы инвестициялық климат бола алады. Әйтпесе, ағым өзінің шекті шамасына жеткен соң сапалық срезде өзінің шекті мәніне жетеді (шикізаттық кәсіпорын санымен және шикізаттық қор өлшемімен байланысты) [11].
Әрбір дамушы елдің экономикалық дамуының болмысы сыртқы қаржыландырудың көзі ретінде ТШИ басымдылығымен анықталады.
ТШИ тартудың мүмкін жағымсыз жақтарын обьективтік бағалаудың маңыздылығы – бұл үрдістің барлық мүлігін толығымен пайдалануға мүмкін болады. ТШИ тартудың жетілдіру үрдісінің практикалық және теориялық мәселелерінің кейбіріне тоқталайық.
Кейбір экономистердің пікірінше, жақын арада шетел инвесторларының дивиденд республика экспортының маңызды бөлігін құрайды, яғни сыртқа шығарылатын өнім көлемінің номиналды өсімі экспорттық валюталық табысты теңбе-тең өсімімен ере жүрмейді, ол төлем балансының ағымдық шотында теріс әсер етеді.
Өлшеулі ағымның себебін талдай келе бірінші кезекте инвесторлардың түсініктемелеріне қарау керек.
Отандық және шетелдік мамандардың бағасы бойынша инвесторларды бәрінен бұрын мына факторлар тоқтатады:
- елдегі еркін экономикалық аймақтардың жеткіліксіздігі;
- тұрақтық құбылмалы және тиянақсыз заңдар, заңдық базаның тұтастай алғанда тұрақсыздығы;
- экологиялық норманы ескеруде кәсіпорын жауапкершілігі мәселесінде саясаттың жоқтығы;
- транспорттық инфрақұрылымның дамымағандығы, Қазақстан мен сыртқы әлем арасында әуе жолдарының жеткіліксіздігі;
- Қазақстаннан сыртқы нарыққа құрлықпен тауар тасымалы үшін жер үсті тасымалы жүйесінің (мұнай құбыры мен газ қүбырын қоса алғанда) барабар еместігі.
Осы қорытындыларды растайтын басқа да зерттеу нәтижелерін келтірейік.
Шетел инвестициялары бойынша Кеңестік қызметтің тексеру мәліметіне сәйкес кейбір инвесторларда ел туралы жағымсыз түсінік қалыптасқан. Осы зерттеулер бойынша теріс факторлар келтіріледі:
1. Инвестициялық жобаларды іріктеудің жетілмеген, тәртіпсіз, шиеленіскен жүйесі әлеуетті инвесторларды болашақта инвестиция салудан бас тартуға мәжбүр етеді.
2. Шетел инвесторларына ықыластың кәсіпкерге емес, қаржылық құралдардың, салықтық түсімдердің көзіне деген қарым-қатынас.
3. Шиеленіскендік, қайшылық, заңды аумалы-төкпелі қолдану және толығымен елемеу.
4. Заңды сақтау мен келісімшарттық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін сенімді механизмдерінің жоқтығы.
5. Инфрақұрылымның шетел фирмаларының қажеттілігіне сәйкес келмеуі.
6. Корпорациялар үшін тұрақсыз, әрдайым өзгеретін салық режимі.
Салық және инвестициялар бойынша Халықаралық орталықтың батыстың ірі инвесторлары арасында жүргізген әлеуметтік сұрау нәтижелері газет бетіне жарияланып, Қазақстанның іскерлік қызығушылық білдіретін келесі бес себебін анықтады:
- ірі нарықтық әлеует;
- табиғи ресурстардың молдығы;
- стратегиялық іскерлік орналасуы;
- аймақтағы басқа бәсекелестердің алдына шығу тілегі;
- инвестициядан түсетін әлеуетті пайда көлемі.
Сұраудың нәтижесі бойынша неғұрлым тартымдылау болып төмендегілер табылады:
- мұнай мен газ қоры;
- өндіріс;
- қызмет саласы (бухгалтерлік есеп және заңды қызметті қоса);
- тұтынушылық кооперация.
Сонымен қатар, шетел инвесторларын іскерлік мәселені шешудің бюрократиялық әдісі, қаржылық тәуекелділік, тарифтік барьерлер, шаруашылық қатынастарға қатысты заңдық актінің жиі өзгерісі мен әлсіз инфрақұрылым тежейді, кей кезде үркітеді.
ТШИ теориялық пайдасының практикаға сәйкес келмеуі және бұрмалануы келесі мысалдан көрінеді, инвестор жергілікті жұмыс күшін қолданбайды, өз елінен импорттайды. Мысалы, қонақ үй және туристік кешендердің құрылысын инвестициялаушы жақ жұмыс күшін өз елінен әкеледі. Елге жаңа технологиялар аз тартылады. Тіпті акцияның бақылау пакеті мен кәсіпорынды сатып алуда инвесторлар өндірістік аппаратты жаңартуға асықпайды. Көне жабдықтан бәрін күтеді және сығып алады. “Ноу-хау” – технология деңгейінде салмақты капитал салымының жоқтығы инвестицияның қысқа мерзімді екенін, инвесторлар мүддесінің уақытша екенін білдіреді [12].
Нәтижесінде қазіргі уақытта бірде бір біріккен немесе шетел кәсіпорындары мұнай өндірудің максимальді коэффициенті мен өндірілген өнімнің толық қолданылуын қамтамасыз ететін кен орындарын толық зерттеу, технологиялық сұлба өңдеу жұмыстарын орындамайды.
Жер қойнауы байлығын қолдану барысында біріккен кәсіпорын құру барысында қазақстан қатысушылары БК қызметін қиындататын, кей кезде құлдырауына әкелетін әртүрлі қателіктер жіберілді және жіберілуде. Іс жүзінде тіркеу мәселелерінің келісімшарттық мәселелерімен араласып кеткені байқалады. Нәтижесінде, көптеген жарғылық құжаттардың көбінде салық салу мәселелері және құрылтайшылар компитенциясына енбейтін экономикалық көрсеткіштер бар.
Сөйтіп, ТШИ тартуда көңіл көншітерлік жағдай, кейде статистикаға қарамастан әлі де мардымсыз.
Екінші жағынан, бұл жағдайды түзетуде ешқандай шаралар қолға алынбауда деп айтуға болмайды.
Шетел инвестицияларын тартуда ең басты бағыт ақырғы өңдеу салалары. Қазіргі таңда Қазақстанда рудалардың, минералды шикізаттың, жанармай – энергетикалық ресурстары сирек кездесетін асыл металдың қоры, пайдалы қазбаны өңдіру мен алғашқы өңдеудің қуатты индустриясы бола тұрып, машина жасау базасы, жоғары тауарлық дайын өнім өндіру өндірісі жоқ. Республикада білім сыйымдылықты техникалық күрделі өнім өндіретін сала жоқ, халық тұтынатын тауар индустриясы әлсіз дамыған, химия өнеркәсібінің ауылшаруашылық өнімін өңдеу әлеуеті жеткілікті пайдаланылмайды. Өнеркәсіптің алдыңғы салаларында – қара және түсті металлургия, химия кешенінде энергияны көп қажет ететін, экологиялық лас технологияларды, моральды және физикалық тозған жабдықтарды қолдану үлесі жоғары [13].
Осы мәселелерді шешу үшін және экономикалық дамуға жету үшін, сонымен бірге экономиканы шикізаттық бағыттан ауытқу үшін ҚР–ң 2003-2015 жылдардағы индустриалды–инновациялық даму Стратегиясы жасалды. Индустриалды–инновациялық дамуға қатысты мемлекеттік инвестициялық саясаттың мақсаты мемлекеттің қолдауынсыз жеке сектордың әлі жетпейтін салаларға инвестиция тарту мен қолданудың сәйкес механизмдері мен қаржыландыру көзін анықтау Стратегияда көрсетілген.
Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізу шикізаттық емес өндірісті дамыту мақсатында мемлекеттік инвестицияны жүзеге асыру және жеке инвестицияларды ынталандыру шараларының кешенін қарастырады.
Перспективті жобаларды табу бойынша потенциалды инвесторларға да, кәсіпорындарға инвестициялық жобаларды дайындауға көмек көрсететін аймақтарда тікелей ақпараттық-консультативтік орталықтарды құру үшін жұмыстар жүргізіледі.
Ақпараттық-презентациялық шараларды өткізуден басқа, инвесторлармен, әсіресе, индустриалды-инновациялық дамудың ірі инвестициялық жобаларын бірігіп іске асыратын трансұлттық компаниялармен тығыз қарым-қатынасқа көшу қажет.
Инвестициялық қарекет үшін жағымды ортаның қалыптасуына әсер етуші болып ең алдымен, экономикалық және саяси тұрақтылық, жеке секторды қолдау, инфрақұрылым мен банк жүйесінің дамығандығы, сонымен қатар шетел инвесторларына қатысты заңнаманың нақтылығы мен тұрақтылығы табылады.
Біріккен кәсіпорын құруда жаңа әдістер, олардың қызметінде радикалды өзгерістер қажет. Біздің ойымызша ішкі және сыртқы нарықтарға бәсекеқабілетті дайын өнім өндіруші біріккен кәсіпорындарға белгілі дәрежеде мемлекеттік көмек көрсетілуі тиіс.
Тіпті ең дамыған елдерде де біріккен кәсіпорындарға қолдау көрсету сыртқы экономикалық саясатта лайықты орынға ие. БК-ға тегін немесе мардымсыз арендалық ақыға бос жерлер мен ғимараттар беріледі. Энергия, су және жылу тарифтерін төмендету.
Осындай протекционистік саясатты барлық деңгейдегі әкімшілік басшыларының ұстанғаны дұрыс. Бұл жаңа жұмыс орнының пайда болуына, бюджетке түсімдердің ұлғаюына әкеледі.
Батыс прессаларының хабарламаларының негізінде қалыптасқан пікірге байланысты, қазақстанда шынымен жағымды инвестициялық климатты қамтамасыз ету үшін әлі де жұмыстану қажет екеніне қарамастан, тікелей шетел инвестицияларытартымды болып табылады.
Мәселелердің айтарлықтай кең шеңбері бар, алайда неғұрлым маңыздылары мүмкіндігінше жедел шешімін табу қажет. Абсолютті приоритетті міндет- салық заңнамасын тәртіпке келтіру. Инвестицияны қай жерде жүзеге асыру туралы шешім қабылдау кезінде инвесторларды салықтық жеңілдіктер қызықтырмайды, ашық және ақылға сыятын салықтық жүйе қажет [14].
Қорытындылай келгенде, басты мәселелердің бірі кеден органдарының жұмыстарын ретке келтіру болып табылады, өйткені инвесторлардың айтуынша бұнда сыбайластық пен немқұрайдылық қалыптасқан.
Сонымен, тура инвестициялардың көп бөлігі өндірістік салада шоғырланғанына қарамастан, олардың салалық құрылымы отын-энергетикалдық кешенінің гипертрофиялық жағына бағытталғаны байқалады.
Осы құрылымдық бұрмалаушылықтың өзгермеуінің басты себептерінің бірі-қазақстандық экономиканың даму приоритетін анықтаушы және шетел инвесторларын тартуда сараптаушы әдісті жүзеге асырушы экономикалық саясаттың нақты шараларының жоқтығы.
3 БАСЫМДЫ САЛАЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 ҚР инвестициялық іс-әрекетін шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру
Шетел капиталының ағымы және оны тиімді мемлеткеттік реттеу экономикаға оң әсер етеді. Инвестициялар экономикасы орташа және төменгі даму деңгейі дамушы елдердегі, оның құрамына Қазақстан да енеді, жеке кәсіпкерлікті нығайтуға мүмкіндік береді. Қаржы құралдарын мобилизациялау мемлекеттің экономикалық дамуы мен отандық тауар өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына, өндірістің түрлі саласына жаңа технологиялар тартуға мүмкіндік тудырады. Алайда республика экономикасына шетел капиталының ассимиляциясы жолында кедергі келтіретін жағдайлар бар: экономикалық және шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығы, құқықтық базаның және нарықтық жағдайдың жетілмегендігі.
Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді. Соңында, шетел инвестицияларының өсуі Қазақстанның әлемдік нарыққа енуінің және жергілікті өндірушілерге “арзан” капиталға жолды оңайлату индикаторы [15].
Қазақстанда және басқа ТМД елдеріндегі тура шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесі мен практикасын зерттеу, инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді екенін көрсетті, маңыздылары келесілер табылады:
- саяси тұрақтылық;
- елде жүргізілетін экономикалық реформалардың нарықтық объективтілігі;
- қолайлы инвестициялық климат;
- басқа елде ұқсас инвестициялық шешімдердің өміршеңдігі мен мүмкін табыс көлемі;
- құқықтық қорғалуы, ашықтығы және тұрақтылығы;
- жарамды, қолайлы өндірістік және нарықтық инфрақұрылым;
- табиғи ресурстардың баршылығы мен құны;
- валютаның еркін конверттелуі мен пайданы репатриациялау мүмкіндігі.
Теріс тенденциядан құтылып және тура шетел инвестицияларының өсуіне қол жеткізу үшін шетел инвестицияларын ынталандыру бойынша кешенді мемлекеттік бағдарлама дайындалды. Шетел тәжірибесін есепке ала отырып осы бағыттағы Қазақстан үшін енуі қажет шаралар:
- қызмет етуші шетел инвесторлары үшін жеңілдіктер мен преференциялар жүйесін жеке салалар мен аймақтарда құру (жеке жағдайда өнім бөлу механизмін шыңдау және нақты жұмыс істеуші еркін экономикалық аймақтар құру);
- жергілікті билік пен шаруашылық субъектілер арасында меншікті нақты айқын бөлу;
- тұрақты экономикалық және сыртқы сауда заңнамасын құру, концессия және өнімді бөлу бойынша нормативті базаны қоса алғанда;
- салық ауыртпалығын төмендету мен салық құрылымын оңайлату;
- жерге жекеменшік енгізу;
- шетел инвестицияларын сақтандыру механизмдерін құру;
Инвестициялау процесінің негізін салымның басымды бағытын анықтау мен сәйкес қаржыландыру көзін табу құрайды.
Приоритетті бағытты және бағдарламалық шараларды таңдау барысында мыналарды есте ұстаған жөн:
- бұрын құрылған материалды-техникалық базаны, өндірістік қуатты және жабдықты тиім қолдану мүмкіндігі;
- қызмет етуші жұмыс орындарымен толықтыру және жаңа орындар құру;
- экспортты-жарамды өнім үлесін ұлғайту;
- инвестиция қайтарымдылығы және ең алдымен, жоғары қор қайтарымдылық есебінен капитал салымының мерзімін қысқарту;
- әртүрлі көздерден инвестиция тарту мүмкіндігі.
Бюджеттен тыс инвестициялар үшін мемлекеттік приоритеттер мен сәйкес жеңілдіктер жүйесі мемлекеттік қаржыландыру орнын басуы керек. Аталған мәселе бойынша макро деңгейде бірнеше аспектілерді бөлуге болады: мынадай жағдай қалыптасқан, инвестициялық іс-әрекетте приоритеттер мен жеңілдіктер жүйесі жаңа құрылып жатырғанда, мемлекеттік қаржыландыру интенсивті төмендеуде.
Инвестиция салу туралы шешім қабылдауны негізгі шарт инвестициялық жобаның тиімділігін шынайы бағалау. Бұл секілді мәселелер өзінің инвестициялық саясатын өзін-өзі қаржыландыру мен өзін-өзі қайтару принципі негізінде құрайтын кәсіпорындар деңгейінде де, жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлуші инвестициялық институттар деңгейінде де, сонымен қатар ғылыми және өндірістік бағдарламаны қаржыландыру мен қолдауға бюджеттік ассигнация бөлуші органдар масштабында пайда болады.
Инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін келесі шарттар бекітілген:
- республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу жолымен, өндірістік қорларды мақсатты инвестициялауға амортизациялық шегерімдерді қолдану процесіне қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
- халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру;
- инвестициялық климатты жақсарту және шетел инвесторларының ағымын ынталандыру мақсатында жергілікті сот органдарының шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету, келісімшарт міндеттемелерін сақтау, отандық және шетел инвесторларына тең жағдай жасау;
- үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау және кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция міндеттемелерін бақылау шараларын заңды түрде бекіту;
- әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет;
- инвестициялық белсенділікті арттыру үшін қор нарығының дамуын жүзеге асыру;
- есептеу тәсілінің қарапайымдылығы мен ашықтығын және аймақтың өмірін қамтамасыз етуші факторларды алушы рейтингтік бағаның ортақ жүйесін әзірлеу;
- аймақтың инвестициялық әлеуетін жетілдіру, яғни әлеуетті инвестициялық ресурстар жиынтығын жетілдіру.
Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік ынталандыру: АҚШ және Оңтүстік Шығыс Азия тәжірибесі.
Елдің өнеркәсіптік құрылымын модернизациялау аясындағы макроэкономикалық саясаттың негізгі мақсаты – қарқынды инвестициялық үрдіс үшін жағдай жасау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің өнеркәсіптік құрылымын аз уақыт ішінде модернизациялаған елдер (Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, кейбір Батыс Европа елдері) жалпы ұлттық өнім құрамындағы инвестицияның жоғары үлесімен ерекшеленді. Өнеркәсіп құрылымын модернизациялау мақсатында инвестицияны ынталандыру АҚШ-та 60 жылдардың басында да, 80 жылдарда да жүргізілді.
Оңтүстік Шығыс Азия елдері мемлекеттің инвестициялық үрдіс қарқынына әсер етудің келесі тетіктерін белсенді пайдаланды: мемлекеттік инвестициялар, тек инфрақұрылымға ғана емес, сонымен қатар басқа да салаларға; инвестициялардың салықтық ынталандырушылары; құрал-жабдықтың импортына кедендік баж жеңілдіктері арқылы бағаны түсіру; пайыздық мөлшерлемеге әсер ету және оларды нарықтық деңгейден төмен ұстау.
Мемлекеттік несие және бағаларды бақылау.
Фирмалардың инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыруда маңызды рөлді банктік несие ойынады. Мемлекет несие құны мен оның ағымының бағытына белсенді әсер етті.
АҚШ тәжірибесі қызықты, өйткені 80 жылдардың басында инфляция мен өндіріс құлдырауы қатар келген жағдай, белгілі бір деңгейде 90 жылдардың алғашқы жартысында Қазақстандағы жағдайға ұқсастығына байланысты.
Әр елдің корпорация қызметін қаржыландырудағы айырмашылықтарына қарамастан, басты рөлді ішкі көздер (бөлінбеген пайда мен амортизациялық аударымдар) және банктік несиелер ойнайды. Сонымен бірге акционерлік капиталдың рөлі әлсіз болды (Тайваньді есептемегенде). Әлемдік Банк мамандарының айтуынша: “Тек экономиканың жетілуіне байланысты акция және облигация нарықтарын құру мен тиімділігін арттыруға күш салынды. Бұл нарықтардың маңызы өссе де, осы елдердің қарқынды даму кезеңінде инвестициялық ресурстарды мобилизациялаудың басты факторы болмады”.
Дамушы елдердің инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыруда мемлекеттік қаржылық институттар маңызды рөл ойнады. Мәселен, Оңтүстік Кореяның несие-қаржылық аясында мемлекеттік институттар басым болды, себебі жеке банктік несиелік институттар 80 жылдардың бірінші жартысында пайда болды және 90 жылдардың басында рудименттік күйде болды.
Мемлекеттік несие-қаржылық институттар Жапонияның өнеркәсіптік құрылымын модернизациялауда маңызды орын алды, әсіресе алғашқы сатысында. 1955 жылы мемлекеттік қаржылық институттар займы арқылы жапон фирмаларындағы жаңа өнеркәсіптік жабдық сатып алуға 32%-ы қаржыландырылды, 1965 ж. – 16%, 1980 ж. – 17,6% және 1990 ж. – 8,1%.
Жапония өнеркәсібінің дамуына үлкен әсер еткен үш мемлекеттік қаржылық институт болды. Олар – Даму Банкі, Экспорттық-импорттық Банк және шағын бизнесті қаржыландыру жөніндегі Корпорация. 80 жылдардың басында жапон фирмаларына ұсынылған займдар үлесі: металл бұйымдарының өндірісінде – 15,7%, қара металлургияда – 12,4%, құрылыс материалдары өндірісінде – 12,9%, жалпы машина жасауда – 8,4%, түсті металлургияда – 7,7%, химия өнеркәсібінде – 6,3%, электротехникалық машина жасауда – 5,7%.
Мемлекеттік Даму Банкі берген займдар маңызды функция атқарды. Жоғары дәрежеде осы займ есебінде электроэнергетика, газ және сумен қамту қаржыландырылды (аталған сала компанияларының алған зайымдарының жартысынан көбі). Сонымен қоса мемлекет тұрғысынан басымды саналатын қызмет аясында жеке қаржылық ұйымдардың зайымдарының катализатор рөлін атқарды.
Даму банкінің займдары әдетте инвестициялық жоба құнының 30-50%-ын жауып отырды және 5 жылдан 15 жылға дейін, сонымен бірге жеке банк несиелерінен гөрі төмен пайызға берілді. Осындай займ алатын фирмаларға банкте соманың 10%-ын құратын депозит ашу керек болмады.
Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде инвестициялық үрдісті мемлекеттік ынталандырудың маңызды бағыты – пайыздық мөлшерлеме деңгейін реттеу.
Американдық экономист А. Амсден айтуынша, “Оңтүстік Кореялық 25 жылдық экономикалық дамуының көп бөлігінде ұзақ мерзімді несие таңдаулы фирмаларға белгілі салалалдың дамуын ынталандыру мақсатында теріс нақты пайыздық мөлшерлеме бойынша үкіметпен бөлінді”.
Әлемдік Банк мамандары аталған елдерде салықтық, тарифтік және валюталық саясат инвестор-фирмалардың инвестициялық тәуекелділігінің бір бөлігін азайтты және қалыпта масштабта пайыздық мөлшерлемені түсіріп қоймай, капитал импортын бақылады және инвестициялық тауарларға төменгі баға ұстағанын айтады.
А. Амсден есептеуінше, “Оңтүстік Корея тәжірибесі экономикалық даму инвестициялау бағытында экономикалық белсенділікті ынталандырушы бағалық диспропорцияны мемлекеттің жасау қабілетіне тәуелді”. 1986 жылы Оңтүстік Кореяда мемлекет 110 тауарға, оған қоса газ, болат, дәрі-дәрмектер, автомобиль, қағаз, теледидар бағаларын бақылады. Осыған байланысты тек дифференциаланған өнім өндіруші фирмалардың баға бәсекелестігін жасау мүмкіндігі болды.
Тайваньда мемлекет жергілікті фирмаларды шығынды азайтуға ынталандыру үшін импорт алмастыратын өнім бағасын реттеді. 1960 ж. жергілікті импорт алмастырушы өнімді орташа әлемдік бағадан 25% жоғары сатуға рұқсат етілді, 1964 ж. – тек 15%, 1968 ж. – тек 10%, 1973 ж. - 5%.
Мемлекеттің баға пропорциясына әсер ету масштабы туралы Малайзия мысалын келтіруге болады, 1987 ж. ішкі бағамен есептелген таза өнім құны әлемдік баға құнынан артық болды: қара металлургияда - 284%, пластмасса өндірісінде - 163%, ағаш өңдеу өнеркәсібінде - 82%, көлік-машина жасауда - 65%, целлюлозды-қағаз өнеркәсібінде - 29%, жалпы машина жасауда - 19%, электротехникалық машина жасауда - 12%.
АҚШ-та бағаны мемлекеттік реттеудің әртүрлі формаларына тоқталды. 1960жж. Дж. Кеннеди әкімшілігі металлургия фирмаларының өніміне бағаның өсуін тоқтату мақсатында қысым көрсетті. Р. Никсон әкімшілігі де 1970 жж. бірінші жартысында бағаны бақылауда кең қанат жайды (қысқа мерзімге). Ұзақ уақыт табиғи газ бірнеше жылдар мұнай өнімдері бағасына мемлекеттік бақылау жүргізілді.
1970 жж. екінші жартысында Канада үкіметі 3 жыл бағаны бақылады (жалақыны қоса). Сонымен қатар инвестициялық үрдіс пен елдің экономикалық өсуін ынталандыру мақсатында мемлекеттік реттеу тудыратын бағалық диспропорцияны қолдану мүмкіндігі оның әлем шаруашылығына ену көлеміне байланысты азаюда.
Инвестициялық үрдістің ынталандырушысы ретінде салық жүйесі.
Өнеркәсіп дамуына әсер етуші мемлекеттік салық саясатының 2 маңызды бағытын бөлуге болады. Біріншіден, салық арқылы халықтың жинағына, фирмалардың амортизациялық қоры мен бөлінбеген пайдасына әсер ету арқылы, яғни фирмалардың инвестициялық бағдарламаларының әлеуетті қаржыландырушы көздерінің көлеміне, мемлекет ұлттық табыстың жинақ арасында бөлінуі сияқты негізгі макроэкономикалық пропорцияға әсер етеді. Екіншіден, мақсатты бағытталған салықтық жеңілдіктерді, заңнаманы қолдана отырып, мемлекет фирма инвестициялары негізгі қорының актив және пассив бөлуіне, елдің өнеркәсібіндегі негізгі капиталды қайта құрылу жылдамдығына әсер етеді, мемлекет тұрғысынан басымды саналатын салаларға өнеркәсіптік фирмалар инвестицияларын ынталандырады.
1970 жж. энергетикалық дағдарыстан кейін жалғасқан өнеркәсіптің құрылымдық қайта құрылу кезеңінде көптеген елдерде салық саясатының мәселеріне көп көңіл бөлінді. Р. Рейганның экономикалық кансультанттар кеңесінің төрағасы М. Фелдстайнның айтуынша, “біздің экономикамыздың өмір сүруі салық жүйесіне байланысты”.
Инвестициялық бағдарламаларды қаржыландырудың қосымша көздерін қалыптастыруда амортизациялық заңнама өзгерістері мен компания пайдасына салынатын салықтың төмендеуі маңызды рөл ойнады. АҚШ-та 1980 жж. салық реформалары барысында негізгі қорлардың қызмет ету уақыты қысқартылды, қызмет ету уақыты әртүрлі негізгі қорлар кластар азайды, нәтижесінде амортизация есептеуді жеңілдетті.
1986 ж. салық реформасы негізгі қорлар құнын амортизация уақыты бойынша келесі кластарды бекітті: 3 жыл, 5 жыл (бұл класқа жабдықтардың негізгі бөліктері енеді) 7, 10, 15, 20, 27,5 және 31,5 жыл. Негізгі капитал құнын жедел есептеп шығару амортизациялық қордың өсуіне (1979 ж. – 341,5 млрд. долл-дан, 1985 ж. – 426,7 млрд. долл. өсті) және машина мен жабдыққа инвестицияның (259 млрд-тан 304 млрд. долл. сәйкесінше) өсуіне әкелді.
Көптеген жылдар инвестициялық үрдістің салықтық стимуляторларының кең тараған түрлерінің бірі пайдаға салынатын салыққа жеңілдік жасау, ол құрал-жабдық пен өндірістік құрылысқа фирмалардың каптал салымының белгілі пайыз мөлшерінде болады. АҚШ- та 1962 ж. мен 1986 ж. аралығында фирмалар жаңа жабдыққа пайда салығынан 10% шығынын шығарып тастауға құқылы болды. Сонымен бірге жеңілдік мөлшері құралдардың амортизациялық мерзімімен байланыстырылды.
Ұлғайтылған мөлшерде инвестициялық салықтық жеңілдік АҚШ-та және басқа да дамыған нарықтарда энергетикалық дағдарыс кезінде мұнай мен газ орнына қолданылатын энергия тасушы энергетикалық жабдықты, энергия жинақтаушы жабды, қоршаған ортаның ластануын азайтатын жабдықтарға фирмалардың капитал салымын қолдау үшін қолданылды. Аталған жабдықты инвестициялаушы фирмаларға капиталсалымының 20% пайдаға салықтан алып тастауға рұқсат етілді. Инвестициялық салықтық жеңілдік аймақтық саясат тетігі ретінде қолданылды. Мысалы, Канада да фирмаларға жаңа жабдық пен өндірістік құрылыс шығынының 7%-ын пайдаға салынатын салықтан шегеріп тастауға құқық берді. Табиғи-климаттық жағдайы күрделі аудандарды инвестициялаушы фирмаларға 20-50%-ға дейін сәйкесінше мөлшері ұлғайды, ал экономикалық даму темпі төмен аудандарды инвестициялаушыларға - 10%-ға дейін.
АҚШ-та фирмалардың университеттермен қарым-қатынасын нығайту үшін арнайы салықтық ынталандырушы ретінде қолданылады. Американдық фирмалар университеттердегі фундаментальді-ғылыми зерттеулерді қаржыландыру шығындарының 20%-ын пайдаға салынатын салықтан шығарып тастауға құқығы бар. Одан басқа университеттерге, коммерциялық емес ғылыми-зерттеу ұйымдарына қайтарымсыз берілген ғылыми аппаратура мен құрал-жабдықтардың құнын жиынтық табысқа салынатын салықтан алып тастауға фирмаларға рұқсат етіледі. Осы жеңілдіктер университет ғылымы мен өндірістік фирмалар арасындағы байланысты орнатып, университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының дамуына мүмкіндік берді [16].
3.2 2003-2015 жылдарда республикада индустриалды инновациялық даму стратегиясындағы инвестицияны пайдаланудың негізгі бағыттары
|
2003
|
2004
|
2005
|
Өнеркәсіп, барлығы
|
630418
|
687775
|
838278
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
Тау кен өндірісі
|
470972
|
459565
|
540152
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
Энергетика үшін материал өндіру
|
447816
|
432910
|
492973
|
Табиғи газ бен мұнай өндіру;
Осы салада қызмет көрсету
|
439649
|
423617
|
475512
|
Урандық және торилық руда өндіру
|
3702
|
4706
|
10093
|
металдық руда өндіру
|
19691
|
24042
|
40841
|
Тау кен өндірісінің басқа салалары
|
3465
|
2613
|
6338
|
Өндеу өнеркәсібі
|
131012
|
200368
|
263078
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
Тамақ өнімдері мен сусындарды өндіру
|
23004
|
26339
|
32721
|
Шылым өнімдерін өндіру
|
6751
|
2221
|
1839
|
Тоқыма өнеркәсібі
|
994
|
7200
|
7360
|
Киім өнеркәсібі;
Теріні бояу мен өндеу
|
242
|
298
|
166
|
Тері өндіру, тері бұйымдарын өндіру және аяқкиім өндіру
|
102
|
169
|
742
|
Ағашты өндеу және ағаштан бұйымдар өндіру, жиһаздан басқа
|
575
|
552
|
766
|
Қағаз, картон және қағаз өнімдерін өндіру
|
1011
|
3050
|
5862
|
Баспа және полиграфия қызметі, жазылған ақпарат тасушылардың таратылымы
|
3427
|
4619
|
4404
|
Кокс, мұнай өнімдері және ядролық материалдарды өндіру
|
11893
|
30797
|
41865
|
Химиялық өнеркәсіп
|
2563
|
3389
|
20607
|
Резенке және пластмастық заттарды өндіру
|
2100
|
5500
|
13333
|
Басқа металдық емес минералды заттарды өндіру
|
10158
|
13368
|
15469
|
Металлургиялық өнеркәсіп
|
46280
|
82022
|
100701
|
Дайын металдық заттарды өндіру
|
1874
|
2731
|
2735
|
Машина мен жабдықтарды өндіру
|
7541
|
7105
|
5942
|
Су, газ және электроэнергияны бөлу және өндіру
|
28434
|
27842
|
34048
|
Оның ішінде:
|
|
|
|
Электроэнергияны бөлу және өндіру
|
22249
|
17926
|
27661
|
Газ тәрізді отынды бөлу және өндіру
|
838
|
1568
|
1792
|
Ыстық су және бумен жабдықтау
|
3386
|
5979
|
3093
|
Суды бөлу, тазалау және жинау
|
1961
|
2369
|
2502
|
Қазіргі кезде мемлекет тарапынан инвестицияны ынталандыру шараларында кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін экономиканың шикізаттық емес секторында кешенді түрде қолдауға көңіл бөлінуде.
Инвестицияны мемлекеттік қолдаудың бірыңғай жүйесі шеңберінде, мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру мен тиімділігін арттыратын, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіптің дамуын, сыртқы және ішкі инвестицияларды елімізге тартуды ойластыратын даму институттары жұмыс істеуде.
Қазақстанның Даму Банкі ұзақ мерзімді және орташа мерзімді төмен пайыздық несиелер беру, соның ішінде экспорттық, сондай-ақ басқа да несиелік институттар ұсынатын зайымдар мен несиелерге гарантиялық міндеттемелер алу сияқты, жеке сектор мен мемлекеттің инициативасын қаржылық қолдауды жүзеге асырады.
Қазақстанның Даму Банкінің жұмыс істеу себебі, қаржылық жүйе едәуір дәрежеде тәуекелділік пен банк жүйесінде пайыздық мөлшерлемені төмендету қажеттілігінен экономикаға ұзақ мерзімді және төмен пайзды несиемен қамтамасыз ете алмайтындықтан болып отыр. Сондай-ақ ҚДБ өз қызметін кең түрде инфрақұрылым, әлеуметтік және аймақтық жобаларды орындауға шоғырландырады және де Банк ұсынатын инвестициялық жобаға несиенің минимальді көлемі 5 млн. АҚШ долларына барабар.
Қазақстанның Инвестициялық Қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстандық болсын, шетелдік болсын кәсіпорынның жарғылық капиталына бөлшектік және бақылаусыз қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес жеке секторының инициативасына қаржылық қолдау көрсету.
Жеке секторда қажетті қаражаттың жетіспеуі жағдайында, жобаны қаржыландыруды жеңілдету үшін ҚИҚ жарғылық капиталға қатысу арқылы (акция сатып алу) бірге қаржыландыра алады, бірақ та бақылау пакетіне ие болмайды.
Оның өзі ҚИҚ-ң жаңа өндірістің тууына ықпал етіп қоймай, соның ішіне жоғары технологиялы бағалы қағаздар нарығының дамуына да мүмкіндік береді.
Инновациялық қор нарықтық экономиканың венчурлық қызметін ынталандыруға бағыталған, ал бұл керек десеңіз кейбір дамыған елдерде толық дәрежеде жоқ екен. Бұл қызмет әсіресе ақпараттық сектор, электроника, биотехнология және т.б. сияқты экономиканың жоғары технологиялы салаларын құру мен дамытуға керек. Қор қызметінің басты мақсаты инновациялық белсенділікті арттыру, Қазақстан Республикасының жоғары технологиялы және ғылымды көп керек ететін өндірісті дамыту.
Қордың негізгі міндеттері:
- инновациялық инфрақұрылым элементтерін жасауға қатысу (технополистер және технопарктер, ақпараттық-талдау орталықтары т.б.);
- отандық және дүниежүзілік деңгейдегі ірі венчурлық инвесторлармен бірге венчурлық қорлар құру;
- жоғары технологиялық және ғылымды көп қажет ететін өнімді өндіру, жаңа технологияны дайындау мақсатында құрылатын және қызмет етіп жүрген кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу;
- грант ұсыну арқылы, экономикалық-технологиялық дамуы және коммерциялық тиімділігі тұрғысынан әлеуетті-перспективалы саналатын, қызмет көрсету, тауарлар, жаңа технологиялар жасауға бағытталған жекелеген ғылыми зерттеулер мен тәжірибе конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.
Экспортты сақтандыру корпорациясының негізгі міндеттері саяси және реттеуші тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен қазақстандық өндірушілердің тауарларымен қызмет көрсетулерін экспорттауға тікелей ықпал ету.
Экспортты сақтандыру корпорациясы қазақстандық өнімдердің экспортының дамуы үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп, потенциалды өткізу нарығы туралы ақпараттарды анықтайды және таратады. Бұл қаржылық және әкімшілік көзқарастар тұрғысынан экспорттық транзакцияны жеңілдету бағытында бүкіл дүние жүзі мойындаған құрал болып табылады.
Мемлекеттік органдар мен жоғарыда айтылған Қазақстандық дамыту институттарының өзара байланысының көрсеткіші деп инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды мемлекеттік қолдаудың нақты шараларын алуды айтуға болады. Тура инвестицияның қатысуымен инвестициялық жобаларды бірігіп қаржыландыруға артықшылықтар беріледі.
Жалпы алғанда тұрақты қызмет етуі орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестік принциптеріне негізделген даму институттары біртұтас жүйені құрайды.
Одан басқа, сервистік даму институттары маркетингтік және аналитикалық зерттеу Орталығы мен инжиниринг және трансферттік технология Орталығы құрылып, олар мемлекет жүргізетін индустриалды-инновациялық саясатты экспертті-аналитикалық және техникалық қолдауды іске асыруы тиіс.
Маркетингтік-аналитикалық зерттеу Орталығының міндеті – бәсекеге қабілетті салалар мен жаңа өндіріріс үшін нарық пен орындарды анықтау.
Инжиниринг және трансферттік технология Орталығының негізгі міндеті – технологияны трансферттеу жолымен Қазақстан экономикасының нақты секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инновациялық дамудың инфрақұрылымын жасау.
Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып экономикалық дамуды басқарудың принципті жаңа жүйесі – Ұлттық Инновациялық Жүйені (ҰИЖ) құра бастады.
ҰИЖ негізгі төрт элементтен тұрады. Бұл ғылыми потенциал, инновациялық кәсіпорын, қаржылық және инновациялық инфрақұрылым.
Бұл жүйеде технопарктер маңызды орындардың бірін иемденеді, өйткені олар тиімді ортаны жасауға бағытталған, яғни, ірі кәсіпорын болсын немесе жекеленген ғалым болсын қазіргі заманғы ғылыми талдауларды жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болады. Бұл – салықтық преференциялар, өндірістік және офистік алаңдарды жеңілдікпен арендалау, алдыңғы қатарлы зертханалық қондырғылар, маркетинг бойынша кәсіби кеңестер алу, патент алу, т.б.
Қазақстандағы технопарктер жүйесін дамыту Концепциясына сәйкес олар екі деңгейде қалыптастырылмақ: ұлттық және аймақтық деңгейдегі парктер.
Қазіргі кезде үш арнайы экономикалық аймақ (АЭА) бар, олар салықтық және кедендік преференциялды режимінде қызмет етеді. Мәселен каспий аймағында орналасқан “Ақтау теңіз порты” АЭА шеңберінде теңізбен тасымал базасы, теңіз инфрақұрылымын дамыту үшін құрылыс объектілері мен өндірісін жасау жобасын жүзеге асыруда. “Астана – жаңа қала” АЭА шеңберінде Астананың сол жақ жағалауында тұрғын және өндірістік объектілер құрылысының жобалары жүзеге асырылуда. Алматы түбіндегі Алатау ауылында ұлттық деңгейдегі парк – ақпараттық технология Паркі жұмыс істей бастады.
Үш аймақтық технопарктер: Оралда “Алгоритм”, Қарағанды және Алматыдағы аймақтық технопарктер қалыптаса бастады.
Шетелдік инвесторлар мен даму институтының қатысуымен жаңа жоғары технологиялы өндірістерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Дамыған шетелдер мен көрші Ресей аймақтарындағы алдыңғы қатарлы өндірістік компаниялармен келісімдер жүргізілуде.
Кәсіпорындарды ынталандыру бағытында салықтық заңнамаларға өзгерістер мен қосымшалар жасау ойластырылуда.
Инвестициялық климаттың тартымдылығын арттыру үшін инвестициялық жобаны іске қосқан күннен бастап он жылға дейінгі мерзімде корпоративтік салықтан босату нормасы енгізілуде.
Тозған негізгі қорларды жаңартуға ынталандыру үшін амортизациялық есептеулердің жаңа әдістеріне көшу жоспарлануда.
Бұл әдіс белгілі уақыт өткеннен кейін белгіленген активтердің құнын толықтай есептеп шығаруға мүмкіндік береді және негізгі қордың белсенді бөлігінің амортизациясының максималь мерзімі 4 пен 15 жыл аралығы болмақ. Жаңа амортизациялық саясат негізгі капиталды жаңартудың басты ынталандырушы факторы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |